Дублеттер, Варианттар, Синононимдер:
Екі сыңары да кірме сөздерден құралған дублеттік қатарлар: ашқыш// кілт; көзенек// көзелек, жорқан//жуырқан.
Үш сыңарлы қатарлар: абырой//әбүйір//әбиір; әтүшкір//әтішкір//шымшуыр;бақыр//бақыраш//қаңылтыр; ілмек//шөтке//ырғақ.
Төрт сыңарлы қатарлар: бәкі//бекі//муштар//шаппа; самар//құман//тегене//шылапшын//науа; салма//кеспе//қамыр//тамақ. Бір сыңары араб-парсы тілдерінен енген қатарлар: дәліз//ауыз үй, ныспы//есім, назар//бет, әми//надан, ділуар//жүйрік, үзір//қиын. Екінші топтағыларды да үшке бөліп қарастырдық:
1. Бір сыңары орыс тілінен, екінші сыңары араб-парсы тілдерінен енген сөздерден құралған қатарлар: шиша//бөтелке, пияла//пөзір, күкірт//спешке/сіріңке т.б.
2. Екі сыңары да орыс тілінен енген сөздерден құралған қатарлар: бөкебай//шарып/ ор. пуховый шарф, кәртөшке//пуражке/ор. картуз, фуражка т.б.
3. Екі сыңары да араб-парсы тілдерінен енген сөздерден құралған қатарлар: әтеш//қораз, шайыр//ақын, ақұн//молда, софи//сопы, рабат//сарай.
Қазақ говорларында лексикалық дублеттер мен варианттар көп кездеседі. Лексикалық дублеттерге сыңар сөздердің әрбір компоненті дыбысталу жағынан бір-біріне ұқсамайтын сөздер жатады: спешке//оттық// сіріңке//шырпы;шемекі//пісте//күнбағар//шекілдеуік; қақпыш/ төшелкі// төбелдірік;шар//қайрақ;соқа//қада//ағаш//қазық;жапатай//бөрік//құлақшын; дағара//шара//шылапшын//леген; селебе//қанжар//қылыш//пышақ т.б.
Ал фонетикалық варианттардың қатарына төмендегілерді атауға болады: әтүшкір//әтішкір;жорған//жуырқан;көзенек//көзелек;мызылу//сызылу//қылымсу; бәкіс//уәкіс//бөкес; кәртөшке//пуражке; аглоп//ағлоб//ағлоп; кезекей//кәзекей//кәжекей; зілмәңке//зілменке; кіләт//күліт; шемекі //шеменкі //семішке//чемішке; көпене// күпәнә; бөзір//пөзір; спеске// спешке; күпке//купке, кәнау//қанау; бәкөй// пәкөй; абырай//абырой; бәле//пәле; уайым//уәйім; жыназа// жаназа; хады// хәді; күре//куррә; жуалдыз// шуалдыз; зағипты//зағыпты; апу ету// ғафу ету. Дублеттік, варианттық қатарлар компоненттерінің саны жағынан төмендегіше топтарға бөлінеді:
1.Екі құрамды: әтүшкір//әтішкір,жорған//жуырқан, көзенек//көзелек, кәртөшке//пуражке,зілмәңке//зілменке,кіләт//күліт, күпке//купке, кәнау//қанау, бәкөй// пәкөй, абырай//абырой, бәле//пәле, уайым//уәйім, жыназа// жаназа, хады// хәді, күре//куррә, жуалдыз// шуалдыз, зағипты//зағыпты, апу ету// ғафу ету.
2.Үш құрамды: бәкіс//уәкіс//бөкес, аглоп//ағлоб//ағлоп, кезекей//кәзекей//кәжекей.
Архаизмдер:
Диалектологтар осы күні көнерген сөздерді сөз еткенде оларды екі топқа бөліп қарастырады. Біз де осы бөлісті ұстанып отырмыз. Бірінші, жалпы сипаттағы көнерген сөздер. Бұл топқа таралу шегі, изоглосы жоқ сөздерді жатқызамыз.Мысалы, шамшар (сауыт), ұран от (атой, от жағу арқылы берілетін белгі), алаша (кәде).
Ал екінші топқа диалектілік сипаттағы көнерген сөздер. Тарихи жағдайларға байланысты уақыт өткен сайын белгілі бір мағынаға ие болып келген сөздер, басқа сөздермен алмасып отырады, не болмаса өзінен-өзі сырылып, сыртқа шыға бастайды. Мысалы, кәженей – түтін салығы /ор. казенный/, ырадуан – сатылы үлкен арба /ор. рыдван/ т.б.
Омонимдер:
Қазақ говорларында кірме сөздердің де ішінен әдеби тілдегі сияқты бір-бірімен тұлғалас, бірақ мағына жағынан үйлеспейтін омоним сөздерде көп кездеседі. Зерттеуші ғалымдар омонимдерді үш топқа бөліп қарастырады.
1. Әдеби омонимдік қатарлар.
2. Диалектілік омонимдік қатарлар. Бұл топтың өзі: а/ диалектаралық омонимдер, яғни омонимдік қатардағы сөздер әр түрлі говорға тән болады. Мысалы :
Достарыңызбен бөлісу: |