Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Адамның әлеуметтік күйін (әр түрлі жағдайын) білдіретін сөздер



жүктеу 2,58 Mb.
бет41/61
Дата12.04.2023
өлшемі2,58 Mb.
#42126
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61
10.06.20 Шалғын А.Ж. диссертация

Адамның әлеуметтік күйін (әр түрлі жағдайын) білдіретін сөздер:
Ахұн (Түрікм.: Ашх., Красн., Таш.; Гур., Маң.) – мешіт ұстайтын, медреседе бала оқытатын молда. Қарақалпақ, түрікпен тілдері мен татар тілінің кей диалектілерінде де бұл сөз осы мағынада ұшырайды. Біз не білеміз, Ақұнға оқымаған адамбыз.
Уәли (Түрікм., Гур.,Маң.) – білімді, жан-жақты хабары бар адам. Бұл қазақтың ішінен Шешендер өтті толғаған, Уәлилер өтті зайырлы Болашақ алдын болжаған. (Қашаған). Уәли – араб сөзі, қазақтың қазіргі жалпыхалықтық тілінде ол тек кісі аттарында ғана кездеседі. Ұйғыр тілінде уали киши деп құрмет тұтатын адамды айтады.
Қимыр (Гур., Маңғ.) – жеңіл жүрісті әйел. «Мың бір түнде» қимыр әйелдің неше атасы бар.
Беден (Түрікм.: Красн., Ашх., Таш., Мары.; Ақт., Ырғ.) – мүсін, тұлға, бейне. Балқасым бедені келіскен адам еді.Түрікменше беден дене, организм , қарақалпақша бадан деген мағынаны береді [43, 101-б.].
Беденді (Ақт., Ойыл.; Гур., Маңғ..) – әдемі , ажарлы, келбетті. Әлгі сен ұнатып жүрген ат өте беденді екен.
Сағира (Гур., Маң.) – сәби, жас, жетім бала.Ол жастайынан сағира қалса да, өмірдің қиындықтарына төтеп берді.
Керім 1. (Орал., Жән.;Гур., Есб.,Инд.; Көкш.,Щуч.) – жақсы, тамаша, әдемі. Ол өлеңді керім айтады. 2. (Гур., Маңғ.; Ақт., Қараб.) – таңырқарлық, ғажап. Ол: - Тіпті бар ғой,керім! – деп тамсанады [44, 322-б.].
Азар
1. (Ақт., Ырғ.,Қост., Жанг.) – жәбір, қорлық. Ақбаланың азары батып барады.
2.( Қост., Жанг.) – реніш. Сен оны азар қылма.
3. (Қост., Жанг.) – тынышсыз. Балам, азар болма.
Сардар. (Гур., Маңғ.) – ерте-кездегі алым-салық жинайтын адам. Иса болыс, өткен ғасырдың 70жылдарына дейін сардар болып келді. Парсыша сардар қолбасшы, әскер басы; командир. Сөз түбірі парсының «сәр» сөзі, негізгі мағынасы – бас , сар басты, сардар бас қолбасшы.
Сағыр (Гур., Маң.) – балиғатқа толмаған жас бала. Құдайберген балдарының бәрі сағыр.Түрікше сығар кішкентай , парсыша жас сұлтан, арабша жас бала болу деген мағынаны береді.

жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау