Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



жүктеу 1,35 Mb.
бет14/15
Дата12.04.2023
өлшемі1,35 Mb.
#42119
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
22.06.20 Калыбаев А.Б. диссертация

Қорытынды

Магистрлік диссертацияның мақсаты мен міндеттерін жүзе асыру барысында 2018-2020 жылдар аралығында экологиялық апат аймағында орналасқан Қызылорда облысы, Арал қаласындағы Т.Г. Шевченко атындағы №13 мектебінде және БҚО Орал қаласы №31 ЖОББМ ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Арал қаласы Т.Г. Шевченко атындағы №13 орта мектепте ғылыми зерттеу жұмысына қатысуға ата-аналарының рұқсатымен 10, 11 сыныптарда оқитын 94 оқушы жұмылдырылып, зерттеу соңында 86 оқушы сауалнамаға жауап берді. Кластер рандомизацияланған, проспективті, ұзына бойы зерттеу әдістерін қолдана отырып, қатысушыларды Зерттеу Тобы (54 оқушы) және Бақылау Тобына (40 оқушы) бөліп зерттеу жүргізілді.


Алғашқы сауалнама жүргізілгеннен кейін, ЗТ биология және дене шынықтыру пәндеріне қосымша салауатты өмір салты (СӨС), құнарлы тамақтану, дене шынықтырудың денсаулыққа әсері, аурудың алдын алу, денсаулыққа байланысты ақпаратты саралау, денсаулық сақтау қызметін алу тақырыптарына арналған 15 сағат теориялық, 15 сағат тәжірибелік сабақтарға қатысты. Сауалнама жүргізу үшін Paakkari және әріптестерінің құрастырған «Мектеп оқушыларына арналған денсаулық сауаттылығы» сауалнамасы қолданылды. Сауалнама зерттеудің басында, 2018/2019 оқу жылының қыркүйек айында және зерттеуден кейін оқу жылдың аяғында мамыр айында жүргізілді. Зерттеу басталарда ЗТ-ның 41.2% құнарлы тамақтануға байланысты хабардар екендігін баяндап, бұл көрсеткіш элективті пәндер аяқталғаннан кейін 73.6% артқан. Жобаның нәтижесінде, ЗТ жұқпалы аурулар, психологиялық күйзелістің алдын алу туралы білімнің артқандығы туралы мәлімдейді. ЗТ СӨС насихаттау шараларының ұйымдастырылуы қарқындығының артқанын байқап, басқа зерттеу басталарға дейінгі және БТ-ның көрсеткіштерімен салыстарғанда статистикалық дәйектілігі анықталған (χ2= 5,844, p <0.05).
БҚО Орал қаласындағы №31 ЖОББМ жүргізілген зерттеуде ақпараттарды анықтау үшін біз оқушыларға, ата-аналарға және биология пәнінің мұғалімдеріне арналған «Денсаулыққа және салауатты өмір салтына деген өзін-өзі бағалау», «Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне ата-аналардың қатынасы», «оқушыларда биологияны оқыту процесінде салауатты өмір салты қалыптастыру » бойынша сауалнамалар құрастырдық. Зерттеу барысында сауалнамаларға талдау жасалды: 8 сыныптардағы 44 оқушы, 2 биология мұғалімі және 8 - сынып оқушыларының 23 ата-аналары қатысты. Оқушыларға араналған сауалнама 10 сұрақ және бірнеше жауаптан, биология пәні мұғалімдеріне арналған сауалнама 14 сұрақтан, ата-аналарға 12 сұрақтан тұрды.
Зерттеу тобы оқушыларының орташа балы 30,8 құрады, ал бақылау тобында - 24. Бақылау жұмысын орындау нәтижелерін статистикалық өңдеуді біз Стьюденттің t-критериі арқылы жүргіздік. Зерттеу және бақылау сыныптарынан біз кездейсоқ іріктеу әдісімен 15 адамнан іріктеуді құрдық.
Алынған өлшемдерді әртүрлі сенімді ықтималдықтар мен еркіндік дәрежелерінің саны үшін Стьюдент коэффициентінің сыни мәндерімен салыстыра отырып, біз зерттеу тобы мен бақылау тобы арасындағы айырмашылықтар қате деңгейі 5% - дан (Р < 0,05) аспайтын жағдайда статистикалық тұрғыдан маңызды деген қорытындыға келдік.
Оқушының үлгерімі ДС деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан, педагогикалық шеберлікпен оқушыға денсаулық тақырыбын кеңінен тануға көмектесу қажет.



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау