«Кәсіптік орыс тілі» пәнінен арналған практикалық жұмыстарға Әдістемелік нұСҚАУ



жүктеу 1,67 Mb.
бет1/5
Дата29.01.2018
өлшемі1,67 Mb.
#8019
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

«Тамақ өнімдерінніңжәне жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының

5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдар технологиясы және құрастыру»


мамандығына

«Кәсіптік орыс тілі»

пәнінен арналған практикалық жұмыстарға


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Семей-2015



Алғысөз
1. ӘЗІРЛЕНДІ

Әзірлеуші Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өнімдері және жеңіл өнеркәсіп бұйымдары технологиясы» кафедрасының оқытушысы Муслимова Н.Р.

_________«____» ________2015 ж.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өнімдері және жеңіл өнеркәсіп бұйымдары технологиясы» кафедрасының мәжілісінде

Хаттама «––––» ––––––– 2015ж., № ––––
Кафедра менгерушісі ___________Б. Қ. Әсенова

КІРІСПЕ
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы»курсы материалтану цикилдың нақты тәртібіне сәйкес болып табылады. «Тігу техникалық бұйымы», «Тігу констукциясының бұйымы», «Костюмнің суреттік үлгісі». Бұл тәртіп 4семестрде оқытылады. Бүтіндей бұл сабаққа 68 сағат бөлінген. Оның 32 сағаты дәрістік, 36 сағат өздік жұмыстар (іштей оқу бөліміне); оның 14сағаты дәрістік, 54 сағат өздік жұмыстар (сырттай оқу бөліміне).

Бұл курстың нақты мақсаты, шығыс және өтпелі текстильді материалдардың құрамы мен құрылысы: жіп және талшық, негізгі тігетін, трикотажды, жіпсіз бұлдар, жеке өнімдерді және де әртүрлі ерекше текстильді материалдардың құрылысы: материал, трикотаж, жіпсіз тоқымалы бұйымдар. Тоқымалы талшықтың және материалдың топтастырылуы қарастырылады, талшықтың өзгешелігі құрамының полимерлі және оларға молекулярлы және молекулааралық құрамының әсер етуінде, құрылымы және негізгі натуралды талшықтардың өзгешелігі: мақта, зығыр, жүндер, табиғи жібек.

Жаңа материалдармен танысуға, талшықтардың құрылысы мен құрамының өзара байланысына және дайын текстильді өнімге ерекше көңіл бөлінеді.

1-ші практикалықжұмыс

Тоқыма материалдарының құрылысы.

Мата өндірісінің негізгі процесстері
Мата - тоқыма станогында перпендикуляр орналасқан негіз және арқау жіптердің өзара айқасуымен алынған тоқыма бұйым.

Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз жіптері дейді. Матаға көлденеңінен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау жіптері дейді.

Негіз және арқау жіптің тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.

Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады: үзу ашылуы, арқау жіпті салу, арқау жіпті матаның жиегіне қағу, негіз жіптің бойлықпен жылжуы, матаның тауар білігіне оралуы.

Тоқу станогының технологиялық сұлбасы 3.1.-суретте көрсетілген.

Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады.

Тізбе орағыштан негіз жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6) өткізіледі.

Әрбір негіз жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен негіз жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) са- лынады.


Сурет 3.1. Тоқу станогының технологиялық сұлбасы

Бердо (6) батан механизімінің (8) тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынған мата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12) оралынады.

Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптас- тырғанда қайталанады.

Мата өндірілгенде және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш айналып, негіз жіптер бойлығымен жылжиды.

Мата өнеркәсібіне әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады:

- матаны қалыптастыру принципі бойынша 2 түрі болады;

- матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру ста- ноктары, матаны толассыз және көп аймақтық үрдіспен қалыптастыру станоктары. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша қайықты тоқу станокта- ры қайықсыз станоктары;

- жекеленген механизмінің түріне қарай эксцентриктік, кареткалық және жаккардтық станоктар, жұмыс ені бойынша енсіз (100 см) және енді (120-175-250 см) станоктар, соғу механизімінің жүйесі бойынша- орташа, төмен және жоғары соғу станоктары.


2-ші практикалықжұмыс

Матаның құрылымымен танысу

Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті.

Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылы- ғына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді. Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.

Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады.

Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды.

Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді.




3-ші практикалықжұмыс

Қарапайым (тегіс) айқаспалар

Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.

Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойын- ша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең.

Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді. 3.3. суретте жаймалық айқаспа көрсетілген.



Жаймалық айқаспалармен шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя мақта маталары тоқылады.

Сурет 3.3 - Жаймалық айқаспа

Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы жоғары болса, мата қатты болады.

Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотланд- ка). Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді.

Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз - 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне - арқаулық жапқыш саны а қойылады (3.4-сурет).



Саржаның негіз бойынша раппорты арқаулық раппортына тең және алым мен бөліміндегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет жағында негіз жіптер басым болса саржалық айқаспа негіз деп аталы- нады (2/1, 3/1, 4/1), ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, сар- жа - арқаулық деп аталынады (1/2, 1/3). 3.4. суретте саржалық айқаспа көрсетілген.


Сурет 3.4 - Саржалық айқаспа

Саржа айқаспасындағы сызықтардың қисаю бұрышы әртүрлі бо- лады. Тығыздығы бірқалыпты, негіз және арқау жіптерінің жуандығы бірдей болғандықтан саржа сызығының қисаю бұрышы 45о-қа тең. Саржалық айқаспа матаға иілгіштік, жұмсақтық береді, бірақ жаймалықтыққа қарағанда мықтылығы нашар, себебі саржалық айқаспаның жапқышы жаймалық айқаспаға қарағанда сопақтау, ұзындау келеді. Матаның тығыздығы төмен болғандықтан олар диа- гоналы бойынша қатты созылады.

Сәтенді және атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы болады, сондықтан да олардың оң беті тегіс және жыл- тыр. Сәтеннің оң бетінде арқау жіптері, ал атласта негіз жіптері басым болады. Сәтендік және атластық айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болуға тиіс.

Бес жіпті сәтенде раппорттағы әр негіз жіп н бетке тек бір-ақ рет шығады, төрт арқау жіптің а астынан өтеді. Сондықтан, айқаспалық суретін салғанда әр көлденең қатарда бір көзді бояп, төрт көзді ашық қалдыру керек.


Сурет 3.5 - Сәтендік айқаспа

Сәтендік айқаспаларда арқаулық жапқыштардың ұзын болуына байланысты өте тығыз мата алуға мүмкіндігі бар.

Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негіз жіп н төрт арқау жіпті а жабады да бір арқау жіптің астына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы негіз жіптерден тұрады. Бұл әдіспен: мақта түрлерінен - сәтен-дубль және сәтен-ластик; зығырдан - костюмдік - коломенок; жібектен - креп-сәтен, корсет маталар, іш-киімдік штапель маталар, жібек және жартылай жібек астарлық маталар тоқылады. Сәтендік және атластық айқаспа матаның үйкеліске төзімділігін арттыра- ды. Мұндай маталардың кемшілігі - сусып, ыдырағыш, төсегенде, тіккенде сырғымалы болады.

3.5. суретте сәтендік айқаспа көрсетілген.


жүктеу 1,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау