Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: қағаз түрінде кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі мен жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
3) жұмыс дипломының көшірмесі;
4) кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
Құжаттарды тапсыру кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
1) өтініштің нөмірі және қабылдау күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
3) қоса берілген құжаттардың атаулары және саны;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы емтихан өткізу мерзімдері туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде жеке өзі келген кезде, қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхатты (көрсетілетін қызметті алушының өкіліне) ұсынуы бойынша жүзеге асырады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почта мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, (8-7172) 24-13-12 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына не Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Министрлік интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» бетіне) беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Жеке тұлғаның шағымында – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушілердің үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.
_____________________
«Кемелердің командалық құрамының
адамдарын аттестаттау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, болса әкесінің аты не көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларының 22-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң __________ облысы (қаласы) бойынша аумақтық органы «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ....
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Т.А.Ә. (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә.
Телефон.
Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__жылғы «__» _________
_____________________
Достарыңызбен бөлісу: |