11-ші практикалықжұмыс
Ілмек құрау принциптері
Ілмек құрау үдерісі іліп тоқитын ине, жіпжүргізгіш, платина және престер жұмыс органдары көмегімен орындалады.
Іліп тоқитын инелердің түрлері ілгекті, тілшікті, құбырлы және қуыс болады.
Жіпжүргізгіш — болаттан жасалған жайпақ өзек, оның тесігі арқылы жіпті өткізіп, инеге салады.
Сурет 3.15 - Инелердің түрі. А - ілгекті:
1- ілгек, 2-өкше, 3-өзек, 4-ойыс;
Б - тілшікті: 1- ілгек, 2-тілшік, 3-өзек, 4-өкше.
Платиналар - болаттан жасалған түрлі фигуралы жіңішке тілімше, инелердің арасында орналасады, қызметі - жіпті ілмекке иілдіру, иненің өзегі бойымен жылжыту және жаңа ілмекті түсіру мен тарту операцияларына қатысу. 3.15. суретте инелердің түрі көрсетілген.
Пресс (ілгекті инелі машинада) иненің ілгегін жабады. Формасы әр түрлі, мысалы доңғалақша, білеуше, етікше тәрізді және иненің үстінде немесе алдында орналасады.
Ілмек құрау үдерісі екі тәсілмен орындалады: трикотажды тәсілі және іліп тоқу тәсілі (тоқу).
Трикотаж тәсілін ілгекті инелі шеңберлі трикотаж машинасында қолданады, мұнда жіптің иілуі (иілдіруі) бірден жіп инеге салынғаннан кейін орындалады, тоқу тәсілінде жіптің иілуі бұрынғы ілмекті түсіру және жаңа ілмекті қалыптастыру кезінде орындалады.
3.3.3. Көлденең тоқылған трикотаж өрімдері
Басты иілдіру өрімдері. Бұл топқа біртегіс, ластик, екі терістемелі өрімдер жатады.
Біртегіс - біржақты иілмелі өрім, оң және теріс жағы өзгеше бо- лады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс, жылтыр бола- ды. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұдырлы болады. 3.16. суретте біртегістің құрылысы көрсетілген.
Сурет 3.16 - Біртегістің құрылысы. 1-өңі, 2- терістемесі.
Ластик - оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім. Ластик оң және терістеме ілмек бағаншалар кезегімен құралады. Созылмаған жайманың бетінде тек ілмек таяқшалары көрінеді (біртегістің оң бетіне ұқсас), сондықтан кейде осы трикотажды екі бетті деп атайды.
3.17. суретте ластик құрылысы көрсетілген.
Сурет 3.17 - Ластик құрылысы (1) және оның графикалық жазбасы (2)
Ластик өрімін ластикті, фангілі және котонды машинада өндіреді. Екітерістемелі (айналмалы) трикотаж - қосарлы өрім, екі жағының құрылымы бірдей, біртегістің теріс жағына ұқсас (ілмек доғалары ба- сым болады). 3.18. суретте екітерістемелі өрім көрсетілген.
Сурет 3.18 - Екітерістемелі (айналмалы) өрім
Бұл өрім ілмек таяқшалары және ілмек доғаларының алмасуынан алынады, яғни оң ілмек қатары теріс қатарымен алмасады.
Интерлок (қосластик) - қосарлы өрім, екі айқасқан ластиктің үйлесуінен тұрады, бір - біріне теріс жағымен қосылған. Жайманың оң мен теріс жағы бірдей және оң ілмек бағаншалардан тұрады. Интерлок өрім ластикпен салыстырғанда серпімділігі мен тығыздығы жоғары, созылымдылығы мен тарқатылуы төмен болады. 3.19 - суретте интер- лок өрімі көрсетілген.
Сурет 3.19 - Интерлок өрімнің құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |