Химия және биология пәндерінен ауылдық жағдайда дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жетілдіру әдістері



жүктеу 51,69 Kb.
Дата10.02.2018
өлшемі51,69 Kb.
#9319

Химия және биология пәндерінен ауылдық жағдайда дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жетілдіру әдістері.

Мақсатым: Оқушыларға терең білім беріп, теориялық білімнің өмірмен, адамның шаруашылық іс-әрекетімен, қоршаған ортадағы табиғат құбылысымен байланыстыра отырып, сол арқылы оқушы санасына Адам-Табиғат-Қоғам туралы біртұтас ғылыми таным қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту.

Менің алдымдағы отырған оқушы бір түйір кристалл деп елестетіп, моделімнің тақырыбын “Мен мықты кристалмын” деп атадым. Кристалдар молекуладан тұрады. Молекула атомдардан тұратыны белгілі. Ол мықты, берік орнығуы үшін атомдар бірігуі керек. Сондықтан оқушылардың дарындылығының көзін ашып, бейімділігі мен икемділігіне бағыт беру үшін онымен жүргізілетін жұмыс түрлерінің сапалы жүргізілуі мен бірізділігінің маңызы өте зор.

Дарындылардың халқымызға қызмет ету әлеуметі мол. Халқының атын шығаратын солар.

Жалпы білім беретін мектептердің алдындағы басты міндет - әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай білім беру параметрлері, дарындылықтың категориялық көрсеткіштері, білім тексеру формалары арқылы дарындылығын айқындау.

6-сыныпқа келген оқушылардан және 8-сыныптан химия пәнінің басталуына байланысты оқушылардан қандай пәнге көңіл бөлетіндігін айқындау сауалнама және психо-педагогикалық диагностикалар жүргізіледі. Қазіргі кездегі білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа технологияны пайдалану жолдары түрлі ынталы бастамалар мен түрлендіруге кеңінен жол ашуда. Жаңа технологияларды пайдалану мақсаты-міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізу. Осыған байланысты профессор Ж.Қараевтың саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын, сын тұрғысынан ойлау технологиясын үнемі өз сабақтарымда қолданамын.

Мысалы: 8-сыныпты химиядан тақырыптар бойынша жеке тапсырмалар беріліп отырады. Онда белгіленген ұпай бойынша немесе ∆; ڤ; 0 белгілері бар тапсырманы оқушы өз еркімен таңдайды. Осы тапсырмаларды орындау барысында оқушы өз деңгейін іштей сезініп, өз бетімен ізденіп, алға ұмтылушылық пайда болады. Міне осыдан жоғарғы деңгейдегі оқушылар іріктеліп алынады.

2-ші слайд Білімнің қайнар көзі сабақ десек . Мысалы: Биылғы жылы өткізілген сабақтардан мысал келтірейін.

Мысалы: 8-сыныпта,, негіздер ,,тақырыбында .

1) Сабақта электрондық оқулықтарды пайдаланып өткізілді . Мұның ерекшелігі сабақты түрлендіріп, қызығушылықтарын арттырып қана қоймай,мектеп базасында құрал-жабдықтар жоқ кездерде сарамандық лабараториялық тәжірибелерді көрсетіп, орындай алады.Бұл экологиялық таза кейбір химиялық заттарды тек тартпа шкафта ғана жасау керек болғанда өте қажет. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануға байланысты “Қышқылдар” және “Оттекті алу” тақырыптары бойынша оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірдегі байқалған құбылыстармен салыстыра отыра қышқылдардың түрлері, қасиеті туралы, жасыл өсімдіктерде фотосинтез үрдісі нәтижесінде оттегі түзілетінін еске түсіру арқылы іс жүзінде бекітуді мақсат тұттым. Осыған байланысты оқушылар ЭССЕ жазып т.б., өз бетінше шығармашылық, ізденіс жұмыстарын орынды пайдаланды. Сол арқылы өз бетінше білім алу, бірін-бірі оқыту, бақылау әдістемесі мен пәнге деген қызығушылықтарын дамыту жүзеге асырылды.

Сабақ барысында іріктеліп алынған пәнге қабілетті оқушылармен маршруттық бағдарламасы құрылады.

Мақсаты: жеке оқушымен жұмыс әр тақырып сайын білімін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, іздену деңгейін жоғарылату.

Мысалы: 10-сыныптың биология пәнін алатын болсақ, оқушының аты-жөні, мақсаты жазылып, тақырыптары, жұмыстың түрі,уақыты, қосымша материал, тексеру әдісі бағандарына бөліп, тарау бойынша толтырылған. Мысалы: 1-ші “Цитология негіздері.Жасушаның химиялық құрамы” тарауы бойынша теория жүзінде осы тақырыпқа сай хрестоматиядан оқуға беру, сарамандық жаттығу орындау бағанында сабақ үстінде, қосымша сабақта, үйге тапсырма беру кезінде нақты тапсырмалары жазылған. Қосымша материалды осы тақырыпқа байланысты ғалымдардың өмір баяндарымен танысу, электрондық оқулықты , энциклопедияны пайдалану. Тексеру ауызша тест арқылы жүргізіледі. Осындай жоспар басқа сабақтарға да жасалған. Қосымша сабақтарда көбінесе олимпиадалық есептер шығарылады.

4-ші слайд.

Оқушы білімін тереңдету мақсатында бағдарлы, бағдар алды курстар жүргізіледі. Мысалы: 6-сынып оқушылары биология пәнімен алғаш танысқандықтан, өсімдік пен жануар тірі ағзалар екеніне көз жеткізу мақсатында “Тірі ағзаларға” тән ерекшеліктерді және көп түрлілігін оқулық мазмұнында берілген білімге қосымша қызықты деректер қолдана отырып тереңірек оқыту. Табиғаттың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігін, оны аялап сақтауға тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Күтілетін нәтиже:


  • тірі ағзаның қасиеттері туралы түсінік алады

  • ағза құрылысындағы ерекшеліктерді ажырата біледі

  • практикалық жұмыс жасауға дағдыланады

  • жергілікті жердің өсімдігі мен жануарларын еске сақтайды

курс бағдарламасына негізделіп оқушылармен жергілікті жерде кездесетін ерекше жануарлары, қызыл кітапқа енген өсімдіктері, жәндіктері, үй жануарлары өзен-суларымен бірге түскен фотосуреттерінен “Ойлау ғаламдық, іс-әрекет аймақтық болсын” деген стенд жасалған. Осы фотосуреттен материалдарды биологияның әр тақырыбында пайдалануға болады. Өздері қолмен ұстап, көзбен көрген нәрсесін оқушы ешқашан ұмытпайды. Мысалы: “Жапырақтар” тақырыбын өткенде оқушыларға мынадай ойландыратын сұрақ қоюға болады. Сен суретке түскен ағаштың жапырағы қандай пішінді, жүйкеленуі қандай, сабаққа орналасуы деген т.б. сұрақтар қоюға болады. Осыдан кейін бала үнемі көрген, кездескен өсімдігін сипаттауға ұмтылады, қызығушылық пайда болады.

5-ші слайд.

Оқушылардың кіші ғылыми конференцияларында мынадай тақырыптарда “Бал және оның құрамы”, “Азық-түлік өнімдерін зерттеу”, “Туберкулез-ауа арқылы таралатын ауру” аудандағы туберкулезбен ауырған балалардың әр жылы мониторингісін шығару арқылы нақты фактілермен тақырыбын аша біледі. Катонқарағай ұлттық саябағы ұйымдастырылған құстар күніне байланысты конференцияда “Алтай Бүркіті” тақырыбында жұмыс жазып 1 орынға иеленеді. Қазіргі уақытта “Үлкен Нарын ауылындағы сулардың құрамын анықтау” тақырыбында жұмыс жазуда.

6-ші слайд. Оқушылар пәндер бойынша алған білімдерін сыныптан тыс өткізген “ХХІ-ғасыр көшбасшысы”, “Миллионер атағы кімге бұйырады”, “Биологиялық казино”, “бақытты сәт”, т.б. интеллектуалдық ойындарын орынды көрсете білді. Бұл да соңғы нәтижеге жатады.

7-ші слайд.

Өзім көріп қолмен ұстаймын. (жазғы тапсырма). Алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуіне байланысты жазғы тапсырманың маңызы зор күтілетін нәтиже:

- оқыған білімін еске түсіреді

- ойлау қабілеті дамиды



  • зерттеуге, танып білуге ұмтылады

  • пәнге қызығушылық пайда болады

Нәтиже. 8-ші слайд.

Жүйелі түрде оқушылар мен жеке жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың үлгерімін қадағалау арқылы, әсіресе мектеп түлектерінің Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде білім көрсеткішінің жоғары болуына көп көңіл бөлемін. Оның дәлелі 2003-2004 о.ж. биология пәні бойынша орта балл-18, ал 2004-2005 о.ж. 24-балл, 2005-2006 о.ж. биология пәні бойынша 28 балл көрсетті. Ал 2007-2008 о.ж. Ж-да 23 балл көрсетті.



Химия пәні бойынша олимпиада жұмыстарынан Камзинова Арай, Қапашева Маржан облыста, Нұрчитова Мөлдір, Құмарбеков Абзал аудан бойынша жүлделі орынды иеленді. Сонымен қатар Какокова Айжан 10 сыныптан “Ақбота” интеллектуалдық сайысынан 2 орынды иеленді. Садықова Айша, Қапашева М, Нурчитова М. “Кенгуру”, “Дарын”, “Малахит” сайыстарына қатысып, сертификаттар алды. 2007-2008 о.ж.-да биология пәнінен болған аудандық олимпиадада, 2008 жылы облыста өткен оқушылардың Президенттік олимпиадасының мадақтау грамотасымен марапатталды.Қорытынды:-Егеменді еліміздің ертеңінің тізгінін ұстар азаматтардың толы дүниеде өмір сүруге икемді, тығырықтан тез шыға алатын, өз бетінше шешім қабылдауға бейім азамат етіп тәрбиелеу басты нысана болмақ.
жүктеу 51,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау