Кењес љкіметініњ орнауы


-1985 жылдары Республика өндірістік көрсеткішінің нақты дамуы жүріп жатты



жүктеу 304,5 Kb.
бет33/43
Дата01.02.2022
өлшемі304,5 Kb.
#37313
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Кенес окимети

1970-1985 жылдары Республика өндірістік көрсеткішінің нақты дамуы жүріп жатты. Өндірістің дамуына 40,8млрд.сом жұмсалды, немесе шаруашылық қорының 32% кетті. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе өсті, сонымен бірге химиялық және мунайхимиялық 6,5 есе, машинажасау 4 есе, жылу өндірісі 3,8 есеге өсті. 15 жылдың ішінде өндірістік жалпы өнім 2 есеге өсті, ал машина жасау және химиялық өндіріс 3 еседен артық өсті. 1000-ға жуық жаңа өндіріс орындары мен цехтар іске қосылды. Оның ішінде Қазақстан газ өндіру зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдар зауыты, Павлодар және Шымкент мунай өңдеу зауыты, Қарағанда металлургиялық комбинатты, Екібастұз және Жамбыл фосфор зауыты, Жайрам таукен комбинаты т.б. Өндіріс өнімдерін өндіруден Қазақстан КСРО-да 3 орынды алды. (РСФСР мен Украинадан кейін). Аймақтық өнім өндіру кешені құрылды – Маңғышлақ, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз. Экономикалық потенциалдық өсуі халықшаруашылық айналымға шикізат және жылу-энергетикалық ресурстар енгізу есебінен болды.

Экономиканы қатаң бір орталықтан басқару кезінде өнеркәсіптің шикізатқа бағытталған саласы сақталды. Орталықпен келісе отырып, көбінесе барлық күшті қазба-байлық алуға жұмсады. Бұған барлық ірі қорлар құйылды, соның салдарынан ғылыми өнеркәсіптер мүлдем артта қалып қойды. Қазба жұмыстарының көлемі 80 жылдары республика өнеркәсібінде орта есеппен 1,7 есе артық болды. Кәсіпорындардың жартысына жуығы одақтың әкімшілікте болды. Республикадағы шикизат өнімдерін ірі көлемде қазып алуда үлкен пайда түскенімен, одақтық әкімшілік республикалық бюджетке, инфрақұрылымның дамуына мүлдем қаржы бөлмеді. Бір жылдағы жалпы пайда көлемі – 15 млрд. сом болса, осындай 30 млн. сом немесе 1% тей аз қаржы бөлініп отырды. Жалпы көрсеткішті көтеру жолында бәрін де құрбан еткен одақтық әкімшілік әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын сонымен қатар ұлттық жұмысшы топ дайындауды және қоршаған ортаны қорғауды мүлдем ұмыт қалдырды.

 Ауыл шаруашылығындағы дағдару құбылысы

 

КОКП ОК марттағы (1965) Пленумы жасаған аграралық реформа, ауыл шаруашылығын интенсивті даму жолына салу әрекеті еді. Онда, ұлттық табысты аграрлық сектор пайдасына дұрыс бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есебін енгізу, ауыл-шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасын көтеру шаралары көрсетілді. Бірақ халық шаруашылығының бұл саласының өндірістік қатынастары мен басқару жүйесі өзгеріссіз қала берді.



Республикалық ауыл шаруашылығы ірі инвистициялар алды. 1971-1989жж. оған 58,2 млрд.сом, сонымен қатар өндіріс объектілеріне 43 млрд. сом бөлінді. Негізгі ауылшаруашылық өндіру қорлары бір жұмысшыға алғанда 3 есе өсті. Нәтижеде 1985 ж. негізгі егіс жұмыстары: жырту, себу, дәнді-дақыларды жинау, толығымен малшаруашылығы негізгі жұмыстардың – 75-98% механикаландырылды. Алайда, барлық салаларды комплексті механикаландыру мүмкін болмады. Қол еңбегі, көкөністерді отырғызу мен жинауда, жеміс-жиден теруде, жөндеу жұмыстарында басым болды.

Ауыл шаруашылығының проблемаларын тек қаржы бөлу көлемін арттыру арқылы шешу әрекеті күткендегідей нәтиже бермеді. Топырақ құнарын арттыру, электрлендіру, өнімді сақтау орындарын салу және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуден гөрі қаржының көбісі, 55% дейін, қымбат, алып малшаруашылық комплекстерін салу, сушаруашылық құрылыстарына, ауылшаруашылық техникасын сатып алуға кетті. Артта қалу принципі ауыл мен селоның әлеуметтік салаларында да үстемдік етті. Адамдардың мұқтаждығын бұлай секермеудің кесірінен, 1987ж. ауыл-селолардың жарымынан көбісінде денсаулық сақтау мекемелері болмады, селолық емханалардың жарымына жуығы нашар жабдықталған орындарға орналасты, әрбір бесінші емхананың су құбыры, канализациясы, тамақтандыру блоктары болмады.

Мемлекетке сатылатын ауылдық өнімдердің бағасын көтеру есебінен өздерінің жағдайын жақсартпақшы болған колхоздар мен совхоздардың үміті ақталмады. Баға екі есе өскен еді, ал ауылшаруашылығына арналған өнеркәсіптік өнімдер 25 есе өсті. Өнеркәсіпорындарының өзіндік бағаны қоюға монопольды құқығы өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы арасында баға паритетінің орнауына әкелді. Кәсіпорындар колхоздар мен совхоздарды, оларға қажетсіз техниканы сатып алуға мәжбүрледі, ал олар көпұзамай жөндеуге жіберілетін. Ауыл мен деревьняны сельхозтехника, сельхозхимия, мелиоративтік немесе басқа да ұйымдардың кәсіпорындары, “тонап” жатты. Мұның барлығы ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құнының өсуіне, ауылшаруашылығының табыс көлемінің қысқаруына, ауыл еңбеккерлерінің материалдық ынталандыруының төмендеуіне әкелді.

60-70жж. шегінде, 1965ж. шаруашылық реформасының концепциясына қарамастан аграрлық сектор экономикасын басқарудың әкімшілік методы күшейді. Колхоздың өзіндік басқаруы демократиялану процессінен ауытқы бастады. Партия, басқарушы және әкімшілік органдар жағынан колхоз бен совхоздың қаржы-шаруашылық ісіне бақылау күшейді.

Сатып алу бағасы өнімнің өзіндік құнынынан аспады, сөйтіп күйзелген шаруашылықтар көбейді. Егер, 1970ж. совхоздардың күйзелген шаруашылығы 26%, ал колхоздардың 4% болса, 1985 ж. совхоздардың 53% және колхоздардың 49% күйзеліс жағдайында болды. Бұл кезеңде колхоздардың табысы 240,8 млн.-нан 83,4 млн.-ға, совхоздар 597,4 млн-нан 35,7 млн зиянға кеміді. Құс өсіруді есептемегенде, барлық мал өсіру өнімдерін өндіру шығынды болды.

Еңбектің өңдіруден және еңбек нәтижесінен қашау жағдайында, мемлекет қабылдаған экономикадан сырт мәжбүрлеу, тіпті бірінші кезеңінде пайдалы шаралар да, кері әрекетке әкелетін. Мысалы, 1965ж. июльде енгізілген, колхоздарда еңбекке ақшалай төлеу кепілі сондай жағдайға ұшырады. Алғашқыда бұл ауыл еңбеккерлерінің өз жұмыстарының нәтижесіне қызығушылық тудырды. Алайда, ары қарай ақшалай төлем еңбектің эквивалент сипатынан айырылды. Төлемде теңестіру тенденциясы үстем болды, соңғы нәтижеге қарамастан жеке операцияға төленді. Мемлекеттік тарифтер, коэффициенттер немесе нормативтерге негізделген ауыл еңбектерінің жалақысы, еңбек түрінің айырмашылығын нашар ескерді, адамдар көбінесе еңбек нәтижесі үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін ақша алды. Еңбекке төлеу оның өнімділігінен озып отырды. Бұл, колхоздарға еңбекке төлеу қорының табысынан жоғары болуына әкелді.

Ауыл шаруашылығының жағдайына қоғам селқос қарады деуге болмайды. Әр жерлерде өндірістің жетілген түрлері іздестірілді. Бірақ олар қолдау табудың орнына, көбіне жазаға ұшырайтын. Алматы облысы Күрті ауданының Ақши совхозының тәжірбие шаруашылығының басшысы И.Н.Худенконың экономикалық рычагтарға сүйене отырып басқару немесе өндірісте еңбекті ұйымдастыруға өзгерту әрекеті қайғылы аяқталды. Оның, 60ж. аяғы мен 70 жж. басында “Или” совхозы мен тәжірбие шаруашылығында жүргізген экспериментінің, әлеуметтік мазмұны мынандай болды. Өндіру мен басқару функцияларын қолына алған шаруа, еңбек нәтижесіне мүдделі болды. Эксперимент шарты одақтың немесе Республикалық органдармен келісілген болатын. Өндіріске басқару мен ұйымдастырудың жаңа формаларын ендіру негізінде тәжірбие шаруашылығында еңбек өнімділігі 6 есе, жалақы 3 есе жоғары болды. Еңбекақы еңбек нәтижесіне тәуелді болды. Шаруашылық инженерлік құрылғылардың толық жиынтығы бар поселок салды. Өндірістің өзіндік құны бірнеше есе азайды, жұмысшылар өз шаруашылықтарының толық қожайыны ретінде сезінді. Бірақ эксперименттік шаруашылықты қолдау мен дамытудың орнына Республиканың АуылШарМинистрлігі шешімімен шығынды деген сылтаумен жойды. Экспериментті ұйымдастырушыларға жазалау жүргізілді. Республиканың партия жетекшілігі АуылШарМинистрінің экспериметті жоюын қолдады. Оның нәтижелері басқалар үшін “жұқпалы” болып, орнап тұрған жүйені бұзған болар еді. Олар Республика шаруашылығының қиын жағдайын “көздерін шұқып” көрсетіп берді. Жүйе эксперимент жасаушыларды қатаң жазалады. И.Худенконы партиядан шығарып, мемлекет мүлкін талап-тараж жасады деп айыптап сотқа тартты, ол түрмеде өлді. Тек 80ж. аяғында Қазақстан Жоғарғы соты коллегиясының шешімімен И.Н.Худенконы өлгеннен соң ақтап, экспериментті құртқандардың аты-жөні аталды.


жүктеу 304,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау