Кењес љкіметініњ орнауы



жүктеу 304,5 Kb.
бет34/43
Дата01.02.2022
өлшемі304,5 Kb.
#37313
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Кенес окимети

Партияның ұлттық саясаты

 

Қарастырылып отырылған кезеңде интернационализм догмалық, идеологиялық бейнеде тұйықталды. Интернационалистік тәрбие беру арқылы ғана ұлттық мәселелерді шешуге болады деп болжанылды. Бұл бағыт бойынша тәрбие беру шынайы өмірден басқаша жүргізілді, интернационалистік идеяны насихаттаумен шектелді. Интернационалистік тәрбие ұлттық саясаттың орнын алмастырды.



Мәдени дамудағы жетістіктерге қарамастан рухани өрлеу мәселесі көлеңкеде қалып қойды. Халықтарға ұлттық мәдениет, білім және тәрбие беру шын мәнінде сөз жүзінде ғана болды. 70-80 жылдары ұлттық емес, кеңестік дәстүр көбірек айтылды. Ұлттық республикаларда, соның ішінде Қазақстанда да қоғамдық-саяси өмірде европацентризм үстемдік етті. КСРО халықтарының мәдени дамуында орыс мәдениетінің ролін абсолюттендіруі социалистік республикалардың ұлттық мемлекеттілігіне, мемлекеттік тәуелсіздігіне және территориялық тұтастығына нұқсан келтіріп отырды. Біздің тарихымыздың ажырамас бөлігі болып саналатын көшпенділік өркениеті мен шығыс мәдениеті төмендетіліп көрсетілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмыттыртуға мәжбүрлеу тарихты санадан өшіру процессіне әкелді. Керісінше, кеңістік кезеңдегі тарих мадақталынумен болды. Ресми органдар мен насихат барлығына қазақ және басқа да Кеңес Одағындағы халықтардың нағыз тарихы 1917 жылы ғана басталды деп сендіртуге тырысты.

Ұлттық мүдделермен есептеспей, интернационализациялау, бюрократиялық және репрессиялық тәсілдермен біртұтас кеңіс халқын қалыптастыруға тырысу ұлттық саясат жүргізуде үлкен қателіктерге ұрындырды. Ал ұлтшылдық болса, өзінен-өзі емес, ұлттық мүдделерді аяқ асты етуден пайда болды.

Интернационализациялау нәтижесінде Қазақстанда халықаралық қатынас тілі ретінде ұлттық емес, орыс тілі орын алды. Республикада орыс тілін қазақ халқының 60%-і білсе, қазақ тілін білетін орыстардың үлесі 1% болды. Қазақ тілінің толыққанды өмір сүруі үшін қажет 50 әлеуметтік функцияның 10-ы ғана жұмыс істеді. Қазақ тілі іс жүргізу (делопроизводство), мемлекеттік, дипломатиялық, әскери және т.б. салаларда қолданылмады. Тек шаруашылық өмірде қолданылумен шектелінді. Кітаптардың 95%-і орыс тілінде шықса, телебағдарламалардың 70%-і де осы тілде шықты. Сонымен қатар қала, колхоз, совхоз, өзен, көлге де орыс атаулары берілді. КСРО-дағы империялық тіл саясаты орыс тілін білмейтіндер үшін олардың қоғамдағы мүмкіндіктерін шектеп отырды.

Ұлттық саясаттағы деформация биліктің еркін ойлауға деген жек көрініші, әсіресе, интеллигенция тарапынан қарсылыққа ұшырады. Ол әр түрлі көрінді. Студенттер, жалпы интеллигенция арасында республикадағы русификация саясаты сынға алынып, қазақ тілінің жағдайына, республиканың тәуелсіздік құқының жоқтығына алаңдаушылықтар байқалынды.

1963ж. Москвада “Жас тұлпар” ансамблінің негізінде Мәскеу университеттерінде оқитын қазақ жастары арасында ең алғашқылардың бірі болып ресми емес ұйым құрылды. Бастапқыда ол өз құрамына 800 студенттерді біріктірсе, кейіннен біршама толыға түсті . Ұйымдастырушылары мен белсенді мүшелерінің қатарында М.Әуезов, Б.Тайжанов, А.Қадыржанов, С.Ақатаев, К.Тілеуханов, М.Тәтімов, М.Балтабаев, С.Байкенов, М.Сембин, М.Айтқожин және т.б. болды. Осыған ұқсас ұйымдар кейіннен Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және т.б. қалаларда пайда болды. Қарағандыда ол “Жас қазақ”, Семейде “Тайшұбар” деп аталды. Жастар лекция, концерт, Жамбыл, Қарағанды, Омбы, Орал, Қызылорда, Шымкент, Алматы, Ақмола облыстарына экспедициялар ұйымдастырылды. Сонымен бірге жастар жоғарғы инстанцияларға радикальды ұсыныстармен де шығып тұрды.

Үкімет негізінен бұл қозғалысқа қарсы болды және оның іс-әрекеті КГБ-ның бақылауынан шықпады. “Жас тұлпардың” басшылары құғындалып, оларды ұлтшылдар деп атады. 1966 жылдың аяғында “Жас тұлпардың” қызметі бәсеңдегенмен, 60 жылдардың аяғына дейін өмір сүруін, тоқтатпады. Өз кезінде “Жас тұлпар” қазақ жастарына жан-жақты әсер етті. Бұл ұйымның ықпалымен “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Айгүл” ансамблдері құрылды. Ал “Жас тұлпар” лидерлері кейінгі жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі ықпалы бар республиканың атақты адамдарына айналды. “Жас тұлпар” мен басқа да ұйымдардың қызметтерінің тоқтатылуы бұл жүйенің жойылғандығының дәлелі болып табылады. Осыған қарамастан, қазақ халқының ұлттық өрлеуінің проблемасы 70 жылдардың аяғында өзекті болып кетті. 1974-1977 жж. аралығында Х.Қожахметов қазақ жастары арасында “Жас қазақ” ұйымын құру әрекетін ұйымдастырды. Ол болашақ бұл ұйымның мүшелері үшін ұйымның жоспары мен антын жазған болатын.

70-80 жылдардың басында партиялық-мемлекеттік қызметтегі негізгі бағыттардың бірі бұрынғыдай ұлтшылдықпен күрес болып қалды. Әдеби және өнер шығармаларында, бейнеленген интеллигенция өкілдерінің көзқарастары сынға алынып, оларды сол үшін құғындаумен болды.


жүктеу 304,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау