Kazenergy #39 re re indd Сауат Мыңбаев



жүктеу 13,46 Mb.
Pdf просмотр
бет5/38
Дата23.01.2020
өлшемі13,46 Mb.
#27182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

бүгінде қазтрансойл 

қызметінің ауқымын көз 

алдыңа елестету үшін 

бірнеше фактілер келтіру 

жеткілікті: бұл – адам аз 

қоныстанған шөлейттер 

арқылы өтетін және 

еліміздің барлық мұнай 

кен орындарын ұтымды 

қамтитын, қазақстанның 

батыс бөлігін шығысымен, 

солтүстігін – оңтүстігімен 

байланыстыратын 

магистралдық мұнай 

құбырларының тұйық 

жүйесі. Және бұл ретте 

ол бір орталықтан – 

нақты уақыт режимінде 

басқарылатын бас 

диспетчерлік басқару 

орталығынан басқарылады. 

ең соңғы үлгідігі техникамен 

жарақтанған осынау 

ауқымды жүйені өз ісін 

бүгешігесіне дейін жақсы 

білетін өте білікті мамандар 

басқарады. 

М

агистралдық  мұнай  құбырларын, 



өндірістік  объектілерді  салу  мен 

дамыту  жөніндегі  аса  ірі  жобаларды  және 

тұтастай  алғанда  –  компанияның  стратеги-

ясын  әзірлеушілер  мен  алға  жылжытушы-

лар  нақ  солар  болды.  Қазақстанның  құбыр 

салудағы  аңызға  айналған  қайраткерлері 

туралы, 

ҚазТрансОйл 

компаниясының 

көрсетілетін  қызметтің  сапасы,  еңбекті 

қорғау,  қоршаған  ортаны  қорғау  саласын-

да  халықаралық  жоғары  стандарттарға  қол 

жеткізу  жолдары  туралы  «ҚазТрансОйл»  АҚ 

бас  директорының  орынбасары  Талғат  Тау-

балдиев әңгімелейді.

-  Талғат  Сатыбайұлы,  мұнайгаз 

саласындағы  30  жылдық  кезеңнен 

астам  қызметіңізде  Сіз  нағыз 

мұнайшының  үлкен  жолынан  – 

бұрғылаушының 

көмекшісінен 

өндірістегі  жауапты  басқарушы 

лауазымына  дейінгі  үлкен  еңбек 

жолынан өттіңіз. Сіздің еңбектегі 

бүкіл  өмірбаяныңыз  құбыр  салу 

жұмысымен  тікелей  байланы-

сты.  Мұнай  тасымалдаудың  осы 

заманғы  процесінің  отыз  жыл 

бұрынғыдан қаншалықты айырма-

сы бар екенін әңгімелеп берсеңіз?

-  Орасан  зор  айырмашылық  бар  екенін 

бірден  атап  өтейін.  Бұл  арада  Қазақстан 

тәуелсіздік  алғанға  дейін  елімізде  өз 

жүйеміздің  және  құбырмен  тасымалдауды 

басқару құрылымының болмағанын түсінуіміз 

керек.  Бұрын  басқару  бір  орталықтан  – 

Мәскеуден,  Басмұнайтасымалдан  жүзеге 

асырылды,  ал  1990-жылдары  мұнай 

құбырларын  басқарудың  бірыңғай  жүйесі 

жаңа мемлекеттердің дербес кәсіпорындары 

болып бөлініп кетті. Ал бұл, өзіңіз білетіндей, 

мұнай  құбырлары  жүйесін  басқарудың  жаңа 

технологиялық  жүйесін  ғана  емес,  соны-

мен  бірге  ТМД  елдерінің  мұнай  құбырлары 

кәсіпорындарының 

арасындағы 

өзара 


қатынас  жүйесін  жаңадан  құруды  да  қажет 

етті.  ҚазТрансОйл  компаниясы  1997  жылы 

нақ  осы  үшін  құрылған  болатын,  ол  6,5 

мың  км.  жуық  мұнай  құбырларын  және  2 

мың  км.  астам  су  ағарларды  мұраға  алды. 

Сол  кезде  компанияның  алдына  көптеген 

міндеттер  қойылды,  оларды  шешу  бізге 

мұнай  құбырларының  бүкіл  магистралдық 

жүйесінің  жұмыс  қабілеті  мен  сенімділігін 

сақтап қалуға мүмкіндік туғызды. 20 ғасырдың 

техникалық  прогресінің  озық  шешімдерін 

енгізу 


есебінен 

жүйенің 


сенімділігін 

қамтамасыз  етуге  қол  жеткіздік.  Бұл  бізге 

бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін қажет бол-

ды. Біз басқа елдердің тәжірибесін зерттедік, 

ең  жақсы  шешімдерді  енгіздік.  Қайсыбір 

жағдайда  біздің  жолымыз  болды.  Осы  кез-

де басқарудың автоматтандырылған жүйесін 

(БАЖ)  техникалық  және  бағдарламалық 

қамтамасыз  ету  зор  қарқынмен  дамы-

ды,  диагностиканың  жаңа,  жоғары  дәлдік 

құралдары,  осы  заманғы,  эргономикалық 

жабдықтар  жасалды...  2001-2009  жылдар 

аралығында жүргізілген мұнай құбырларының 

технологиялық объектілеріне БАЖ енгізу мен 

жаңғырту тұтастай бір дәуір болды. Осындай 

жұмыстың  арқасында  мұнай  құбырларының 

бүкіл  магистралдық  жүйесі  бойынша  мұнай 

айдаудың  технологиялық  режиміне  бақылау 

жасау  бір  орталықтан  –  Астана  қаласында 

орналасқан  Бас  диспетчерлік  басқару 

орталығынан жүргізіледі.

Жалпы  алғанда  объектілерді  бақылау  және 

ақпаратты  жедел  түрде  беру  мәселесі  ең 

маңыздылардың  бірінен  саналады.  Кім 

ақпаратқа  ие  болса,  соның  бес  қаруы  сай 

дейді ғой. Сондықтан біз кезінде осы бағытта 

орасан зор жұмыстар жүргіздік. Осы заманғы 

автоматтандырылған  жүйелердің  тиімді 

жұмысы  көбіне  талшықты-оптикалық  байла-

ныс  желілері  (ТОБЖ)  арқылы  қамтамасыз 

етіледі.  8  жыл  ішінде  біз  өзіміздің  өндірістік 

объектілеріміздің  қапталынан  3  810  км 

ТОБЖ  жүргіздік.  Осылайша,  ҚазТрансОйл 

Қазақстанда 

аса 

ірі 


ведомстволық 

телекоммуникациялық 

жобаны 

жүзеге 


асырды.  Қазіргі  кезде  ТОБЖ  бен  цифрлық 

радиорелейлік жоғары технологиялық байла-

ныс  желілері  10  мұнай  құбырын  басқаруды, 

42  мұнай  айдау  станцияларын  (СПН-ді  қоса 

алғанда),  200-ден  астам  желілік  пункттерді 

өзара  біріктіреді.  Бұл  біздің  мұнай  құбыры 

қапталында  кез  келген  ақпаратты  беру 

мүмкіндігімізді  кеңейтті,  объектілерді  осы 

заманғы  технологияларды  пайдалана  оты-

рып басқарға мүмкіндік туғызды.



-  Тәжірибелі  өндірісші  ретінде 

Сіз  мұнай  тасымалдау  процесінің 

барлық 

күрделіліктері 

мен 

иірімдерін  іс  жүзінде  жақсы 

білесіз.  Өндірістік  компанияның 

даму  деңгейі  туралы  бірінші  ке-

зекте  оның  қызметкерлерінің 

өнеркәсіп  жарақатынан  қорғалу 

және  қоршаған  ортаға  әсерді 

барынша 

азайту 

дәрежесіне 

қарай 

бағаланатыны 

белгілі. 

Өз  қызметкерлерінің  өндірісте 

денсаулығын  қорғау  саласын-

 

 117



KAZENERGY


жүктеу 13,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау