ақ Және кең Жолға
деген ұМтылыс
Мәселе тарихы: қазақстанның құбыр көлігі саласының 75-жылдық жемісті тарихы бар.
оның ішінде, 1997 жылдан бастап қытайдың ұлттық мұнай корпорациясы(құМк) құбыр
саласында «қазМұнайгаз» ұк ақ (қМг) және «қазтрансойл» (қто) секілді қазақстандық
мемлекеттік кәсіпорындарымен жұмыс істей бастады. өткен кезеңді талдап қарасақ, екі
мемлекеттің кәсіпорындарының арасында бір-біріне деген сенімділіктің әрдайым артып
отырғандығын, мұнай құбырының тұрақты түрде ұзарып отырғандығын және мұнай құбыры
арқылы тасымалданатын мұнай көлемінің тұрақты өскенін байқаймыз. қазақстан мен
қытайдың ең алғашқы бірлескен жобасы кеңқияқ-атырау құбырынана бастап, атасу-
алашанькоу және кеңқияқ-құмкөл телімдерін қосқанда, барлық жобалардың жалпы
ұзындығы 2207 шақырымға жетеді. тасымалданатын шикі мұнайдың мөлшері 61 млн.
тоннаны құрады.
Сенімді әріпТеСТер
148 № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК
О
сыдан екі мың жылдан астам
заманның
өзінде-ақ
халықтар
арасындағы мәдени және тауарлық алмасу-
ды жүзеге асырған адамдардан құралған ке-
руендер аталмыш «Жібек Жолын» шарлап
жүрген болатын. бүгін энергетикалық ресур-
старды тасымалдау үшін салынған бұл құбыр
азиядан еуропаға дейнгі кеңістікті кесіп
өткен ежелгі жолға дем беріп, бірте-бірте
энергетикалық жолға айналуда. қазақстан-
қытай құбыры алғашқы мемлекетаралық
жоба ретінде 2003 жылы екі мемлекеттің
басшыларының
қатысуымен
ашылды.
еліміздің батысында атырау қаласынан ба-
стау алатын бұл құбыр бүкіл елімізді кесіп
өтіп, қазақстан-қытай шекарасындағы ала-
шанькоу қаласында дейін жетеді. осы-
лайша, бұл мұнай құбыры қазақстандық
энергетиканың маңызды телімі болып табы-
лады.
I. Өзара тиімділік пен тарихи
мүмкіншілік үшін бірлесіп жау-
ап беру
қазақстан – қытай құбыры екі ел
басшылығының
бақылауындағы,
екі
халықтың арасындағы достықтың да-
муы мен экономикалық өсуге әкелетін
жоба болып табылады. құбырдың қысқа
мерзімде салынуы екі елдің энергетикалық
кешендері кәсіпорындарының арасындағы
ынтымақтастықтың терең екендігін ғана
емес, сонымен қатар, екі ел арасындағы
мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықтың
күшейгендігін көрсетті. сондықтан да,
«қазақстан-қытай құбыры» Жшс үлкен
жауапкершілікке де, тарихи мүмкіншілікке
да тап болды. қытай жайлы әңгімелесек,
әсіресе, бұл құбырдың азияның құрлықтық
бөлігімен өтетінін ескере отырсақ, бұл
құбырдың энергетикалық ресурстардың
тұрақты
және
сенімді
жеткізушісі
екендігін, қытайдың батыс аймақтарының
экономикасының дамуының қозғаушы күші
болатындығын атап өтпеуге болмайды. ка-
спий теңізінің қазақстандық жағалауы
мен оның құрлықтық суалқабы белгілі
көмірсутек қорлары жөнінен әлем бойынша
үшінші орынға ие. алайда, таза құрлықтық
ел болып табылатын, яғни, теңізге шығар
жолы жоқ қазақстан көмірсутекті сыртқа
шығару мәселесін шешу үшін қазақстан-
қытай құбырын салды. бұл қадам елдің
экспорттық
мүмкіншіліктерін
артуына
жағымды әсер етумен қатар, қазақстанның
басқа да салаларының дамуының қозғаушы
күшіне айналды және мұнай құбыры өтетін
аймақтардың экономикалараның дамуына
алып келді. Мысалы, құбыр қазақстанның
батысындағы халқы сирек аймақтарды кесіп
өтеді. құрылыс барысында жолдар мен
сыртқы электр желілерінің салынуы елдің ба-
тысы мен шығысы арасындағы экономикалық
байланыстың жақсаруына әсер етті. Эколо-
гия саласында «қазақстан-қытай құбыры»
Жшс қоршаған ортаға зардап келтірмеу,
ластануға орын бермеу, қазақстан-қытай
құбырын «жасыл мұнай құбырына» айнал-
дыру қағидаларын ұстанады.
II. Шынайы ынтымақтастық же-
дел дамуға мүмкіншілік жасай-
ды.
Мұнай құбырының құрылысы мен қолда-
нысына шолу жасай отыра шартты түрде
төрт кезеңді бөліп қарауға болады:
бірінші кезең:
алдын ала тексеру кезеңі.
бұл кезең кеңқияқ-атырау телімін қамтиды.
«қазақстандағы құМк (халықаралық)» пен
«қазМұнайгаз» ұк ақ арасындағы ұзақ
келіссөздердің нәтижесінде 2001 жылы жал-
ҚазаҚстан-
Қытай ҚұБыры
алғашҚы
мемлекетаралыҚ
жОБа ретінде
2003 жылы екі
мемлекеттің
Басшыларының
Қатысуымен
ашылды.
149
KAZENERGY
пы ұзындығы 448,5 шақырым, жобалық
қуаттылығы 6 млн. тонна құрайтын кеңқияқ
– атырау мұнай құбырының салынуы тура-
лы келісімге қол қойылды. тараптардың
қатысуы келесідей болып бөлінді: қытайлық
тарап кәсіпорын акцияларының 49%-ына ие
болса, қазақстан тарапы акциялардың 51%-
н иеленді.
29.03.2003 ж. күні кеңқияқ-атырау телімі
ресми түрде қолданысқа берілді. ашылу
салтанатына қазақстан республикасының
премьер-министрі
мен
құМк
бас
директорының орынбасары у яовэнь мыр-
за қатысты. аталған мұнай құбыры бұрын
шикі мұнайды тек теміржол көлігі арқылы та-
сымалдап жүрген кеңқияқ және Жаңажол
кен орындарының экспорттық мәселелерін
шешіп беріп, мұнайдың халықаралық
нарықтарына жол ашты және қазақстан
мен қытай арасындағы құбыр саласындағы
ынтымақтастықтың негізін қалап берді.
екінші кезең:
даму кезеңі. бұл кезең атасу-
алашанькоу телімін қамтиды. 03.06.2003 қхр
төрағасы ху Цзиньтао мен қр президенті
н.ә. назарбаев «қытай халық республикасы
мен қазақстан республикасының бірлескен
мәлімдемесіне» қол қойды, ал 2004 жылы
назарбаев мырзаның қхр-ға сапары бары-
сында «атасу, қазақстан республикасын
– алашанькоу, қытай халық республикасы
мұнай құбырынн салудың басты қағидалары
туралы қытайдың ұлттық Мұнай корпораци-
ясы мен «қазМұнайгаз»ұк ақ арасындағы
қазақстан – қытай құбырының салынуы ту-
ралы келісімге» қол қойылды. осы құжатқа
қол қойылуын екі елдің мұнай кәсіпорындары
арасындағы ынтымақтастықтың басталуы
деп санауға болады. бұл ынтымақтастықтың
дамуын жеделдету үшін қто мен CNODC
компанияларының тең қатысуымен (50:50)
«қазақстан-қытай құбыры» Жшс ашыл-
ды. атасу – алашанькоу телімінің құрылысы
28.09.2004 басталып, 15.12.2005 аяқталды.
атасу – алашанькоу телімінің өнімділігі жылы-
на 10 млн. тоннаны құрайды. оның құрылысы
мен іске асырылуы қазақстанның шикі мұнай
экспортының диверсификациялануына алып
келеді.
үшінші кезең:
қалыптасу кезеңі. бұл кезең
кеңқияқ-құмкөл телімін қамтиды. 20.12.2006
«қазақстан – қытай мұнай құбырының екінші
кезегін салудың басты қағидалары тура-
лы қытайдың ұлттық Мұнай корпорациясы
мен «қазМұнайгаз» арасындағы келісімге»
қол қойылды. ал 18.08.2007 аталған
келісімге қоса №1 қосымша келісім бекітілді.
«қазақстан-қытай құбыры» Жшс құбыр иесі
ретінде 17 айдың ішінде кеңқияқ-құмкөл
телімін салып бітірді. 18.12.2007 басталған
құрылыс жұмыстары 16.07.2009 аяқталды.
осы телімнің пайдалануға берілуі қазақстан
мен қытай арасындағы ынтымақтастақтың
аса тиімді екендігін көрсетіп қана қоймай,
қазақстанның шығысы мен батысындағы
құбыр жүйелерін біріктіру процесін сәтті
аяқтап берді.
төртінші кезең:
қарқындау кезеңі. қазір осы
кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде. яғни,
бүгіннен бастап 2012 жылдың соңына дейін
қазақстан – қытай құбырының құрылысы
құрылыс қарқынын жан-жақты жеделде-
ту кезеңіне өтуде. Жоба операторы 2011
жылдың шілдесіне қарай кеңқияқ-құмкөл,
құмкөл-атасу
және
атасу-алашанькоу
телімдерінің өткізу қабілетін арттыру үшін
жаңарту жұмыстарын өткізуі тиіс.
III. Жан-жақты байланыс - екі ел
арасындағы ынтымақтастықтың
дамуының негізі
қазақстан – қытай құбырының құрылысы екі
елдегі мұнай кәсіпорындарының арасындағы
мазмұнды ынтымақтастықтың ғана емес, со-
нымен қатар, қазақстандық және қытайлық
тараптардың барлық деңгейлерде белсенді
араласуының да нәтижесі. қазақстан –
қытай құбырының құрылысы барысында
орын алған қиыншылықтар түрлі ұйымдар
мен мекемелердің белсенді қатысуымен
шешілді: түрлі сәйкес салық органдары,
кеден органдары, Экология министрлігі,
Жер ресурстарының мемлекеттік ғылыми-
өнеркәсіптік орталығы, төтенше жағдайлар
министрлігі, Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі, еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі, Мәдениет
министрлігі, қМг мен құМк акционер-
ҚазаҚстан-Қытай
ҚұБыры екі ел
Басшылығының
БаҚылауындағы,
екі халыҚтың
арасындағы
дОстыҚтың
дамуы мен
экОнОмикалыҚ
Өсуге әкелетін
жОБа БОлып таБы-
лады.
Сенімді әріпТеСТер
150 № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК