Kazenergy #39 re re indd Сауат Мыңбаев



жүктеу 13,46 Mb.
Pdf просмотр
бет32/38
Дата23.01.2020
өлшемі13,46 Mb.
#27182
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38

ел кәдесіне 

Жара еңбек

 «әйел барлығын істей алады, қалғанын еркек істеуі 

тиіс» - елена елекринЦеВаМен танысқаннан кейін ең 

алғашқы болып франЦуз Жазушысы анри реньенің 

бұл сөздері есіМе түсті. 

зінің  еңбек  мансабын  1987 

жылы 20 жасында бастаған еле-

на 23 жыл бойы «қазтрансойл» 

ақ-ң 


батыс 

филиалының 

«қаражамбас»  Маңғыстау  мұнай  құбыры 

басқармасының    өндіріс-диспетчерлік  стан-

циясында тауарлық оператор болып қызмет 

етеді. осы уақыт ішінде елена өз ісіне деген 

адалдығын  ғана  емес,  сонымен  қатар,  кез 

келген жұмыста аса қажет өз кәсібіне деген 

сүйіспеншілігін де дәлелдеп берді.   

- Біздің жұмысымыздағы ең маңыздысы 

–  тұрақтылық.  Тұрақтылық  болса 

басқасы да ойдағыдай болады. Құралдар 

мен  жабдықтар  әрдайым  өз  ретінде 

болып, 

тұрақты 

көрсеткіштерді 

қамтамасыз  ету  керек,  –  дейді  елена  өз 

жұмысының  маңыздылығы  туралы  баяндау 

барысында.   

оның жұмыс күні алты компьютері бар дис-

петчер  орнында  өтеді.  олардың  көмегімен 

мұнайды 


тасымалдау 

процессі 

әрі 

бақыланады,  әрі  басқарылады.  еленаның 



міндеті  –  мұнайдың  ақырғы  орынға  қажетті 

деңгейде  жеткізілуін  бақылау  болып  табы-

лады. ол үлкен жауапкершілікті талап етеді. 

оған қоса, тауарлық оператор қара алтынның 

сапалық  көрсеткіштерінің  сақталуы  үшін  де 

жауап  береді.  ол  зертханаға  анализ  үшін 

үлгілерді  үнемі  жіберіп  отырады.  елена 

мұнайды  сипап  көрген  сирек  адамдардың 

қатарына жатады. 

-

  «Қаламқастағы»  мұнай  ауыр.  Қара 



түсті.  Оның  өзіндік  ерекшелігі  бар. 

Ө

Тарих иелері



172  № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК


Қолығыңызға  алғаннан  кейін  бірден 

сезесіз.  Бұны  сөзбен  айтып  жеткізуге 

болмайды, - деп күлімдеді Лена. Химиялық 

құрамына  қарағанда  адам  үшін  қауіпті 

шикі  мұнаймен  жұмыс  істейтіні  оны 

мүлдем  толғандырмайды.  Керісінше,  ол 

мұнай  тұралы  мақтан  етіп  сөйлейді. 

Оны  жасырмайды  да.  Оның  айтуы  бой-

ынша, Елена өз жұмысын сүйеді. 

елена 


елекринцеваның 

бастығы 


к. 

Меңдіғалиев  те  бұны  растады.  ол  бізге 

еленаның өз ісінің шебері екендігі, жұмысын 

адал атқаратындығы және ұжымы оған сеніп, 

құрметпен  қарайтындығы  жайлы  әңгімелеп 

берді. елена әрдайым жаңадан білім іздеуде 

және бар білімі мен тәжірибесімен қуана от-

ырып әріптестерімен бөліседі. 

елена  елекринцева  өзінің  шеберлігі  мен 

өз  ісіне  адалдығын  бірнеше  рет  дәлелдеді. 

ол – ішкі және халықаралық деңгейдегі «өз 

кәсібінің  үздігі»  кәсіби  шеберлік  сайысының  

бір  емес,  бірнеше  дүркін  жеңімпазы.  2002 

жылы 


«қазтрансойл» 

компаниясының 

қызметкерлері 

арасындағы 

сайыста 

жеңіске  жетсе,  2004  жылы  қазақстан  мен 

ресейдің  ең  ірі  мұнай  тасымалдаушылары 

«қазтрансойл» мен «транснефть» компани-

ялары  қызметкерлерінің  арасында  топ  жар-

ды. 2007 жылы ол қазақстан, ресей, украина 

және  беларусь  елдерінің  өкілдері  қатысқан 

халықаралық  додада  да  бас  жүлдені  ұтып 

алды.  

ол  күндерді  елена  қуана  отырып  еске  ала-



ды: 

-  Бұл  сайыстар  менің  өмірімдегі  ең 

ұмытылмас  сәттері  деп  айта  аламын.

Өйткені,  олар  адамды  дамуға,  өзін  өзі 

жетілдіруге  итермелейді.  .  Бұл  бірінші. 

Екіншіден,  ол  үлкен  тәжірибе  алмасу. 

Олай  болса,ол  –  еңбек  өнімділігінің  ар-

туы.      Сайыстың  жабылуы,  әдетте, 

қатысушылар  үшін  үлкен  мереке-

ге  айналады.  Адамдар  қайда  бол-

са  да  жұмыстары  туралы  сөйлесе  ал-

майды.  Ісімді  өзіммен  бірдей  білетін 

әріптестеріммен  талқылап,  жаңадан 

ақпарат алуға мен әрдайым дайынмын.

кәсіби  мамандар  арасында  сайыс  өткізудің 

компанияның  дәстүріне,  барлық  ұжым  мен 

әрбір қызметкердің сәттілігінің кепіліне айна-

луы кездейсоқтық емес. 

«қазтрансойл»  ақ  мұнай  тасымалдаудың 

қауіпсіздігі мен сапасына ерекше көңіл бөледі. 

бұл  процесстер  қашықтықтан-ақ  жүргізіле 

береді.  қазіргі  заманғы  жетістіктердің 

арқасында  мұнайдың  магистральдардың 

бойымен кен орнынан ақырғы орынға дейінгі 

тасымалдануын  аймақтық  бөлімшелерден 

де,  астанада  орналасқан  бас  диспетчерлік 

бөлмеден  де  бақылауға  болады.  дегенмен, 

ең  негізгі  жауапкершілік  диспетчерлік  стан-

цияда орналасқан қызметкерлердің мойнын-

да. төтенше оқиға орын алған жағдайда олар 

ең бірінші болып апат орнына келіп, қажетті 

іс-шаралардың барлығын жасайды.  

біз  еленаның  компаниямен  бірге  ержетіп 

келе  жатқан  мамандардың  бірі  екендігін 

атап өттік. ғасырдың бір ширегі ішінде ол ескі 

әдістердің  орнына  жаңа  технологиялардың 

келіп жатқанына куә болды. Жұмыстың мәні 

өзгермегенімен, технология өзгерді.  осыдан 

он жыл бұрын жұмыстың басым бөлігі қолмен 

жасалса, қазір барлығы оңайланды. автома-

тика  өзгеріп,  енді  жұмыс  компьютерлердің 

көмегімен жасалады. бүгін тіпті қаламды да 

қолға  жиі  алмаймыз...барлық  мәліметтер 

электронды  түрде  жазылады,  сақталады, 

жіберіледі.  

тауарлық  оператордың  жұмысы  туралы 

әңгімелегенде  оның  жұмыс  тәртібін  атап 

өтпеуше  болмайды.  Вахталық  әдіс  кезінде 

жұмысшылар  жұмыста  айдың  бір  жарты-

сын өткізеді. елена 15 күнді шексіз ми дала-

да өткізсе, қалған 15 күнді үй шаруаларымен 

айналысады.  

-  Кейбір  адамдар  менің  жұмысым  рақат 

деп ойлайды. Шын мәнінде, 15 күндік ау-

ысым  –  оңай  шаруа  емес.  Бізді  күн  сай-

ын  ауысып  тұратын  ұшақ  экипажы-

мен  салыстыруға  болады.  Бір  апта 

біз  таңертеңнен  кешке  дейін,  екінші 

апта  кештен  таңертеңге  дейін  жұмыс 

істейміз.  Бірінші  апта  әдетте  оңайға 

түседі.  Әдеттегі  уақытта  оянып, 

уақытында  ұйқыға  батамыз.  Алайда, 

одан  кейінгі  аптада  қиындау.  Ең  қиын 

уақыт  –  таң  атар  алдындағы  мезгіл. 

Бізге біздің әріптестеріміздің қауіпсіздігі 

байланысты – ол айдың екінші аптасы.  

Ал ең қызығы – айдың екінші жартысы. 

Алыс,  шаң  даладан  біз  қуанышпен  үйге, 

қалаға ораламыз. (Күледі). Бұл 15 күнді біз 

мүлдем басқаша өткіземіз.  – дейді елена. 

– 

Бірақ, біз мұндай өмір салтына үйреніп-



те қалдық

әңгіменің  ең  басында  еленамен  таныс-

қаннан кейін есіме түскен ең алғашқы сөздер 

есіңізде ме? бұл – бірінші әсер. 

  неге  деп  сұрайсыз  ба?  өйткені,  мен  өз 

өмірінің  23  жылын  қиын  кәсіпке  арнаған 

әйелмен  кездесуім  тиіс  еді  және  бұл  жас, 

сүйкімді,  сымбатты  әйелдің  қазтрансойл» 

ақ-ң  батыс  филиалының  «қаражамбас» 

Маңғыстау  мұнай  құбыры  басқармасының  

өндіріс-диспетчерлік станциясында тауарлық 

оператор  болып  жұмыс  істейтініне  сене  ал-

мадым. бұл әйел не істесе де биік тұғырдан 

табылады.  «әйел  барлығын  істей  алады, 

қалғанын еркек істеуі тиіс»

Оның жұмыс күні 

алты кОмпЬЮтері 

Бар диспет-

Чер Орнында 

Өтеді. Олардың 

кӨмегімен 

мұнайды тасы-

малдау прОЦессі 

әрі БаҚыланады, 

әрі БасҚарылады. 

еленаның міндеті 

– мұнайдың 

аҚырғы Орынға 

Қажетті деңгейде 

жеткізілуін 

БаҚылау БОлып та-

Былады. Ол үлкен 

жауапкершілікті 

талап етеді.

 

 173


KAZENERGY


жүктеу 13,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау