Kazenergy #39 re re indd Сауат Мыңбаев



жүктеу 13,46 Mb.
Pdf просмотр
бет35/38
Дата23.01.2020
өлшемі13,46 Mb.
#27182
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

тәңірдің берген кәсібі

Жедел сұхбат

– сүйікті асыңыз?

– әрине, бесбарМақ, Мәнті, 

беляши, кәуап Және тек ет 

(осының бәрін шынайы күлкіМен 

көМкереді)

– кітап оқығанды ұнатасыз ба?

– иә, әсіресе детектиВтерді.

– теледидардан нені көресіз?

– Жалпы әлеМде, қазақстанда 

Және шалғай облыстарда не 

болып Жатқанынан хабардар 

болу үшін қоғаМдық-саяси 

бағдарлаМаларды тапЖылМай 

көруге барМын.

Оның  еңбек  кітапшасына  жалғыз  ғана  –  «Павлодар»  мұнай  өндіруші  станса-

сының мөрі басылған. Юрий Николаевич Анушкинсіз бірде бір электроқұрылғы 

диагностикалық  тексеруден  өтпейді,  ол  мұнай  өндіруші  стансалардың  аса 

күрделі жүйелері мен кешендерінің жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына 

белсене қатысады.

Қонақта...

Менің кейіпкерімнің бос уақыты мүлде аз екен. Оны іздеп тауып, кездесу жай-

ында  келісу  үшін  біраз  еңбектенуге  тура  келді.  Тіпті,  оның  өмірі  әрбір  минут 

сайын  жоспарланып  тасталғандай  көрініп  те  кетті.  Және  сол  әсер  онымен 

сұхбаттасқан соң мүлде беки түсті. Өйткені, түнгі кезекшіліктен шыққан Юрий 

Николаевич  Анушкиннің  сүйікті  автокөлігі  тұратын  тұраққа  асығатыны  белгілі 

болды. Екеуара әңгіме кезінде ол өзі туралы, кешегі және бүгінгі күн жайлы еш 

мақтанышсыз сөйлеп отырды.

Юрий Анушкин 1982 жылдан бері «Павлодар» ММӨС-да электроқұрылғыларды 

қамтамасыз  етуші  маман  –  эллектромонтер  болып  жұмыс  істейді.  Жұмыс 

өте  жауапты,  себебі,  мұнайөндіруші  стансаның  электроқұрылғыларындағы 

кінәратты анықтау болуы мүмкін апаттың алдын алумен бірдей.

Бала  күнінде  ол  өзінің  армандарын  мұнай  саласымен  мүлде  елестетіп 

көрмепті.  Барлық  балалар  секілді  доп  теуіп,  ата-анасына  үй  ішінің  таусыл-

мас ұсақ-түйек шаруасын қамдауға көмектескен. Сол бала күнгі ойындарының 

арасынан біреуі ғана сүйікті ісіне айнала бастайды. Біздің кейіпкерді механи-

ка қатты қызықтырыпты. Мамандық таңдар кезінде қызығушылығы білім тара-

зысынан асып төгіле жаздайды, соның ақыры жас жігіттен қолы алтын элек-

тромонтер маманы сомдалады. Туыстары Юрий Николаевичтің кез-келген зат-

ты құрастыратынын айтады. Үйінде көбіне болмайтын ол көлік тұрағында ескі 

темір-терсектен және қолда бар қосалқы құралдардан түрлі құрылғыларды жо-

балап, құрастырады.

Қазақтың «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген сөзі Юрий Николаевичке 

арналғандай. Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Галкино ауылындағы орта 

мектепті бітірген соң, Анушкин 1978 жылы Шарбақтыдағы Ауыл шаруашылығын 

механизациялау және электрлендіру техникумына оқуға түседі. Оның айтуын-

ша, техникумда алған білімді бүгінгі күні кез-келген жоғарғы оқу орны бере ал-

майды.


1982 жыл біздің кейіпкер үшін өтпелі кезең болыпты. Юрий Николоаевич үшін 

жаңа  өмір  басталып,  болашақ  жары  Светланамен  танысады  және  жаңадан 

Тарих иелері

178  № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК




тәңірдің берген кәсібі

ашылған  мұнай  базасына  жұмысқа  орнала-

сады...  Ал,  жұмысты  жақсы  істеу  ауыл  жігіті 

үшін  үйреншікті  нәрсе  еді.  Жаңа  жұмыс  ор-

нында  Анушкиннің  өзін  үздік  маман  ретінде 

көрсетуінің  арқасында  жас  жұбайлар 

баспанаға қол жеткізеді.

Байыптап  сөйлеу,  шынайы  көзқарас... 

Әйелі  Светлана  Александровнаның  сөзіне 

қарағанда, күйеуі ешқашанда тек Юра болып 

қалмаған.  Жас  күнінен  бәрі  де  оны  әкесінің 

атымен, Юрий Николаевич деп атапты. Алай-

да,  Юрий  Николаевич  отбасы  үшін  ең  ал-

дымен  тек  еңбекқор  жан  ғана  емес,  қамқор 

ер,  тәрбиелі  әке  және  мейірімді  ата  бола 

білді.  Анушкиннің  мінезін  «екі  ауыз  сөзбен» 

сипаттағанда,  шамасы,  мінезіндегі  ерік  пен 

тұрақтылықты баса айту керек секілді. «Жас 

күнімде  көптеген  нәрселерге  баса  назар 

аудармағаныммен  қазір  соның  бәрі  маңыз 

ала  бастады»  дейді  Юрий  Николаевич. 

Мүмкін сондықтан да шығар, Анушкиндер от-

басында 30 жылдық ғұмыр жұмсалған жұмыс 

жайы соңғы кездері жиі сөз болады.



Бекетте

Мұнда бәрі әдемі әрі тыныш. Тек, түйе мой-

ын құбырлар ғана қайда жүргеніңді еске са-

латындай. «Павлодар» мұнай өндіруші стан-

сасында мұнайға арналған 8 құбыр, 180-нен 

астам 


электроқұрылғылары 

тынымсыз 

жұмыс  істеуде.  Стансаның  бар  қызметкері 

жоғарғы  қуаттың  астында  еңбек  етеді.  Біз 

Юрий Николаевичті жол бойында кезіктірдік. 

Ол құрылғыны тексеруге келе жатыр.

Юрий  Николаевичтің  бұрынғы  әріптесі, 

қазіргі  жетекшісі,  «Павлодар»  ММӨБ-нің 

энергетигі Владимир Сумоносовтың айтуын-

ша,  кезекші  электромонтердің  қолына  бүтін 

станса  қарайды  және  тауарлық  мұнайды 

соратын 


электроқозғалтқыштардың, 

құбыржелілік  жылжытқыштардың,  желдеткіш 

құрылғылардың  жай-күйі  соның  құзырында. 

«Егер  бір  құрылғы  дұрыс  жұмыс  істемей, 

уақытында ашылмаса мұнай өндіру ісі ақсап, 

тіпті  бүкіл  станса  жұмысы  тоқтап  қалуы 

әбден  мүмкін.  Бүгінгі  таңда  барлық  құрылғы 

электрлендірілген,  сондықтан  электромон-

тер мамандығы біз үшін алтынмен тең. Түрлі 

төтенше жағдайларға да тап болдық. Осыдан 

бірнеше  жыл  бұрын  найзағай  соғып,  мұнай 

өндіру бекеті тоқтап қалды. Әрине, қиындықты 

тез  арада  Юрий  Николоаевичтің  арқасында 

оңай  шештік.  Өйткені,  бүкіл  жүйені  қайта 

қалпына  келтіріп,  электроқұрылғыларды 

жұмыс  істету  керек  еді»,  –  дейді  Владимир 

Сумоносов.

«Юрий  Николаевич  бәрін  ұсақ-түйегіне 

дейін  жақсы  біледі,  сондықтан  ол  төтенше 

жағдайлардан  саспайды.  Ол  «Павло-

дар»  ММӨБ-і  құрылғалы  бері  жұмыс  істеп 

келе  жатқан  көнекөз  қызметкер»,  –  деп 

кезекшілікке бірге шығатын әріптестер, тауар 

операторы Раис Шарафиев пен ММӨБ опе-

раторы Виталий Пирогов бір-бірін толықтыра 

түседі.  Олардың  екеуіне  де  Юрий  Анушкин 

кез-келген сәтте кеңес алатын ұстаз санала-

ды.


Біздің  кейіпкеріміз  мамандық  таңдауына 

ешқашан  өкінбепті.  Отбасында  жалғыз  өзі 

жұмыс  істей  жүріп,  жұбайы  екеуі  екі  қыз 

тәрбиелеп,  өсірген  жандар.  Қазір  кішкентай 

жиен  немересін  бағып-қағып  отыр.  Кенже 

қыздары Новосибирск қаласында білім алып 

жатыр, шет тілдері факультетінде.

Екеуара  әңгіме  кезінде  Юрий  Николае-

вич  жұмыс  жайын  «ҚазТрансОйлдың» 

жұмыскерлеріне берілетін әлеуметтік көмектің 

молдығын  айтудан  бастады.  Бүгінгі  күннің 

өлшемімен  салыстырғанда  кәсіпорынның 

өз  қызметкерлерінің  жайын  ойлағаны, 

әлеуметтік  жауапкершілікпен  қарауы  ауыз 

толтырып  айтуға  тұрарлық  іс.  Бір  кездері  – 

жас  маман  саналған  олар  осы  кәсіпорынға 

жұмыс  істеуге  келіп,  мекемемен  бірге  қайта 

құруды,  меншік  иелерінің  ауысуын  бастан 

кешірді. Қазір қызметкерлердің тұрақтылықты 

сезініп,  өздерінің  қажет  екенін  ұғынуы 

маңызды. Юрий Николаевичтің есептеуінше, 

жақсы еңбек демалысын алып, жетілдірілген 

медициналық көмек көретін адам жақсы күйді 

ешқашан сырттан іздемейді.

«Павлодар» мұнайөндіруші бекетінің көнекөз 

қызметкерлерінің бірі Юрий Анушкин өз еңбек 

демалысын  отбасымен  бірге  өткізуді  жақсы 

көреді.  Демалыс  кезінде  балалық  шақтағы 

сүйікті істері алдынан шығады. Өйткені, Юрий 

Николаевичтің ауылы тұма табиғаттың орта-

сында орналасқан. Галкино ауылы иісі жұпар 

аңқыған жүз жылдық ағаштар қоршаған Шал-

дай белдеуіне жатады. Сондықтан да ол әрбір 

еңбек демалысын қаланың сұрқай көрінісінен 

сыртта  өткізуге  асығады.  Алыстағы  дема-

лыс орындары әзірге оны қызықтырар емес. 

Есесіне ол Шығыс Қазақстан облысына жақын 

жердегі дақпырты көп Байкал көлімен жақсы 

таныс. Юрий Николаевич Алтайға да барған, 

бурят  жеріндегі  Саян  тауларындағы  Телец 

көліне де жолы түсіпті. Ол: «Табиғат аясын-

да  болғанды  қатты  ұнатам,  сөйтіп  белсенді 

демалғанды жақсы көрем» дейді.

Сұхбатымыздың  соңында  Юрий  Никола-

евич  алда  келе  жатқан  Қазақстан  құбыр 

көлігінің  75  жылдық  мерейтойымен  барлық 

әріптестерін  құттықтады.  Сондай-ақ,  айту-

лы  мерейтой  қарсаңында  Юрий  Николае-

вич  «ҚазТрансОйл»  АҚ-ның  еңбек  ұжымына 

табысты  еңбек,  өндірістік  жетістік  тілейтінін 

жеткізіп,  жанына  жақын  өнеркәсібі  сенімді 

қолға өтуі үшін жас қызметкерлердің қызметтік 

лауазымы  өсе  беруіне  шын  тілектестігін 

білдірді.

 

 179


KAZENERGY


жүктеу 13,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау