Kazenergy #39 re re indd Сауат Мыңбаев



жүктеу 13,46 Mb.
Pdf просмотр
бет33/38
Дата23.01.2020
өлшемі13,46 Mb.
#27182
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

қарапайыМ бақыт

геннадий иВаноВиЧ крикоВпен кездесуге 

дайындалғаныМда қолыМда кейіпкеріМнің өМірбаяны 

Жазылған бірнеше Жолдық дерек қана бар еді. соның 

өзі қызғылықты өМірбаяны бар адаММен кездесуге 

Жеткілікті болып, асықтыра берді.

Тарих иелері

174  № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК




Е

сігін қағып тұрмын. Геннадий Ивановичтің жұбайы қарсы алды. 

Қонақжай пейілмен жымиған күйі төрге шақырды. Үйдің ішінде 

ерекше тыныштық тұнған. Оның себебін кейінірек түсіндім, жағымды 

аура үй иелерінен тарайды екен.

–  Геннадий  Иванович  қазір  келеді,  –  деді  әйелі.  Шынында  да  үй 

иесі көп күттірмеді. Әдеміше, бойшаң, 63 жастағы ер адамның даусы 

әскери тәртіптен ширағандай.

Өзімді таныстырған соң, кездесуіміздің себебін түсіндірдім.

–  Мен  не  айта  алады  дейсіз?!  Ерекше  қасиетімде  жоқ.  Көппен 

бірдей  өмір  сүріп,  жұмыс  істеймін,  –  дейді  кейіпкерім  қарапайым 

тілмен.


Геннадий Ивановичтің өміржолы әркезде де тұрақты бірқалыппен 

өтіпті.  Шынында  бүгінгі  күні  мұндай  тағдырды  сирек  кездестіресіз. 

Алайда,  Индерлік  жігіттің  өнегелі  өмірінің  құпиясы  жас  күнінде 

жолығып,  ғашық  болған  сүйіктісіне  үйленуінде  және  бір  өнеркәсіпте 

табан аудармай 40 жыл еңбектенуінде жатқан секілді.

Бұрынғы Гурьев облысы (қазіргі Атырау), Индер ауданы Горы ауы-

лында дүниеге келген Геннадий Иванович орта мектептің сегізінші сы-

ныбын  бітірген  соң  Гурьев  қаласындағы  №13-ші  кәсіптік-техникалық 

училищеге КИПиА слесарі мамандығы бойынша оқуға түседі. Оқуды 

1965 жылы бітірген он сегіз жасар жас жігіт өзінің еңбек жолын химия 

зауытында  бастайды.  Өзі  де  тыңғылықты 

жас  маман  кез-келген  тапсырманы  асқан 

жауапкершілікпен  орындайтын.  Өз  ісіне 

жаны  ашитын  жас  жігіттің  алғырлығын 

байқаған  өндіріс  басшылығы  іс-тәжірибесі 

аз болса да оны кезекшілікке бірден ауысты-

рады.  Іске  қосылғанына  көп  болмаған  зау-

ыт  еңбегіне  осылай  араласқан  жас  маман 

жаңа өндірістің аяғынан тік тұруына аянбай 

еңбек  етті.  Сол  жылдары  Геннадий  Ивано-

вичке  училищенің  тапсырмасымен  Шешен-

стан  астанасы  Грозныйдағы  мұнай  өңдеу 

зауытында алған алты айлық іс-тәжірибенің 

де көп көмегі тиіпті. Бірақ, жас жігіт өндіріске 

қажетті тәжірибені толықтай алуға мүмкіндігі 

болмай, азаматтық борышын орындауға ат-

танды. Сөйтіп жас Криков Кеңес әскерінің қатарына шақырылады. Екі 

жылдан соң ол көңіліне ыстық химия зауытына қайта оралды.

Жылдар  өтіп  жатты,  отбасылы  болды.  Жұбайы  Тамарамен  Ген-

надий әскерге дейін-ақ танысқан. Тағдырдың жазуы шығар, олардың 

алғашқы  кездесуі  ғұмырлық  сыйластыққа  ұласты.  Жалын  атқан  жас 

шақта тұтанған ыстық сезім оларға әлі де жылу береді. Өйткені, 39 

жылдық отбасылық өмірде Геннадий Иванович пен Тамара Петровна 

бірде-бір шәй деспеген. Осыған қарап «отбасы болған соң ыдыс-аяқ 

сылдырламай тұрмайды» деген сөз бекер ме дерсіз?! Шынында со-

лай. Олар тұлымшақтай сүйкімді екі қыз өсіріп, тәрбиелеп отырған от-

басы. Үлкені Ирина, медициналық институтты тәмамдап, өз арманы 

бойынша дәрігер болып қызмет етуде. Жыл сайын оның қызы Елиза-

вета атасы мен апасына жазғы демалысқа келеді. Ал, кіші қыздары 

Наталья, әкесі Геннадий Ивановичтің жолымен жүріп, мұнайтасымал 

басқармасында, салық бойынша жетекші маман қызметін атқаруда.

Геннадий  Криков  Атырау  мұнайтасымал  басқармасына  жұмысқа 

кездейсоқ тұрды деуге болады. 1971 жылдың күзгі күндерінің бірінде 

оған  жақын  досы  Вячеслав  Хван  келе  қалады.  Ол  өз  әңгімесінде 

Балықшы аудандық мұнайтасымал басқармасы жайлы (қазір – Аты-

рау мұнайтасымал басқармасы) айтады. Сөз арасында досына бірге 

қызмет  етуді  ұсынады.  Геннадий  Иванович  негізі  мұндай  ұсынысты 

күтпеген  еді.  Бірақ  жанашыр  досының  сөзіне  ойлануға  мәжбүр  бо-

лады.  Ақыры  өз  шешімін  айтты.  Сөйтіп,  жаңа  жұмыс  орны  оның 

тәжірибесін молайтуға, кәсіби біліктілігін нығайтуға мүмкіндікті молы-

нан  берді.  Содан  бері  38  жыл  өтіпті.  Осынша  жыл  ішінде  Геннадий 

Иванович өз ісінің білгірі бола түсті.

Жылжып  жатқан  жылдар  өнеркәсіпке  де  оң  әсерін  тигізбей 

қоймады. Бүгінгі күнге лайық көпсалалы өндірісте жетік технологиялар 

қолданылады және ең жаңа технологиямен жабдықталған.

  –  Мен  мұнда  жұмысқа  келгенде  бір  ғана  мұнай  сору  стансасы 

тұратын,  Индер  зауыты  кейіннен  іске  қосылды.  Сонда  жұмыс  істеу 

қиын  болатын,  бәрін  қолмен  істейтінбіз,  көзге  анық  көрініп  тұратын. 

74  жылы  америкалық  автоматты  құрылғыны  іске  қосқаннан  кейін 

аздап  жеңілдеді,  ал  қазір,  еңбек  үдерісі  толықтай  компьютермен 

басқарылады, – дейді менің кейіпкерім.

Шынында  да,  бүгінгі  күні  Атырау  мұнайтасымалы  басқармасына 

қарасты  «Атырау»  МӨБ-де  «ҚазТрансОйл»  АҚ-ның  барлық 

бөлімшелері  секілді  технологияларды  автоматты  басқару  жүйесі 

«SCADA-мен»  жабдықталған.  Бұл  операторларға  құбыр  арқылы 

мұнай  сору  үдерісін  монитордан  бақылауға  мүмкіндік  береді.  Осы 

жүйені іске қосу жұмысына біздің кейіпкеріміздің сіңірген еңбегі мол. 

Геннадий Ивановичтің қатысуымен «Атырау» МӨБ-індегі 1-ші құю-төгу 

эстакадасы ашылған болатын. Бұған «Атырау» МӨБ-і арқылы мұнай 

мөлшерін  есептеудің  автоматты  желісі  жалғанған.  Мұнай  саласына 

таптырмас маман бүгінгі күні несімен мақтанады? Жұмыстағы табысы 

мен өз жетістігіне ме? Жоқ! Геннадий Иванович өзінің шәкірттерімен 

мақтанады. Ол білгір және ұлағатты ұстаз ретінде өз саласында тап-

тырмас маман атанған және белгілі бір деңгейге көтерілген көптеген 

шәкірт тәрбиеледі.

–  Біздің  Геннадий  Иванович  секілді  адамдарды  бүгінгі  күні  шам-

мен  іздеп  таппайсың.  Осы  кісілердей  адамдар  өмірде  көп  болса 

тіршілік  басқаша  болар  еді.  Мен  оның  шәкірті  болғаныма  қуанам,  – 

дейді  «ҚазТрансОйл»  АҚ-ның  Батыс  бөлімшесіне  қарасты  Атырау 

мұнайтасымалы басқармасының «Атырау» МӨБ-нің АСУ инженері Ан-

дрей Найденышев. – 90-шы жылдардың ба-

сында, былай айтқанда, бозбала шағымда, 

теміржол  техникумын  бітірген  соң  мен 

осы  басқармаға  слесар  болып  жұмыс 

істеуге  келдім.  Мені  Геннадий  Ивановичтің 

қарауына  берді.  Сөйтіп,  менің  кәсіби 

қадамдарымды  қадағалаған  осы  кісі  бол-

ды. Геннадий Иванович маған тапсырылған 

аумаққа  асқан  жауапкершілікпен  қарауды 

тәптіштеп үйретті. Мен бүгінгі күннің өзінде 

оның  көмегін,  оның  жолдастық  демеуін 

сезінемін.  Тіпті,  көптеген  сауалдардың  жа-

уабын  ұстазымнан  сұраймын.  Сондықтан 

Геннадий  Ивановичтің  кез-келген  нәрсені 

лайықты деңгейде орындайтынына сенемін, 

білемін,  оған  сенімдімін.  Иә,  оның  әкелік 

көзқарасы әлі күнге сезіледі...

Мұндай мойындаудың құны қымбат. Себебі, өзінің тәрбиесін көрген 

адамнан  артық  ешкім  де  ұстазын  тани  алмайды,  біле  бермейді. 

Мұндай  сөздерді  Криковтің  тек  шәкірттері  ғана  емес,  үлкен  еңбек 

ұжымында қатар еңбек етіп, бір отбасындай болып кеткен әріптестері 

де,  замандастары  да  растайды,  қайталайды,  айта  түседі.  Қысқасы, 

еліміздің мұнайгаз саласының нық тұруы мен дамуына сіңірген еңбегін 

мемлекеттік наградалары айқындай түседі. Өз еңбек жолында мұнай 

өндірісінің  үздігі  Геннадий  Иванович  «Магистральды  құбыржелі 

траспортының  құрметті  қызметкері»  төсбелгісімен  және  «Қазақстан 

құбыр көлігіне 70 жыл» мерейтойлық естелік белгісімен марапатталған. 

Ал, еңбек кітапшасында, жалғыз ғана, «КИПиА-ға слесарлық қызметке 

алынды» деген жазу бар. Қалғандары – құрметтік, құрметтік, құрметтік 

жазулар...

«...Өмір  адамға  бір  рет  қана  беріледі,  сондықтан  мақсатсыз 

жұмсаған  жылдарға  өкінбейтіндей  өмір  сүру  керек.»  Островскийдің 

осы  бір  сөздері  Геннадий  Ивановичке  арналғандай.  Өйткені,  оның 

өмірі  ашық  тұрған  кітап  секілді.  Кітаптың  әрбір  беті  қарапайым 

жұмыскер жанның ғұмырын паш ете түседі. Оның өмірі бай, жарық, 

ұғынықты, лайықты рахатқа толы. Алға қойған мақсат айқын, күш-қуат 

жеткілікті...

еңБек кітапшасында, 

жалғыз ғана, «кипиа-

ға слесарлыҚ 

Қызметке алынды» 

деген жазу Бар. 

Қалғандары – 

Құрметтік, Құрметтік, 

Құрметтік жазулар...

 

 175



KAZENERGY


жүктеу 13,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау