Сауат Мыңбаев,
Қазақстан Республикасының мұнай
және газ министрі
104 № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
министрлігі еліміздің барша мұнайшыларын
Қазақстан мұнай тасымалының 75 жылдық мерей-
тойымен құттықтайды.
Бұл кезең отандық мұнай-газ кешенінің ортақ дамуының
маңызды саласы саналар Қазақстан мұнай тасымал
жүйесінің тұрақты және табысты кезеңі бол есептеледі.
Соңғы жылдардың ішінде жаңа өндіріс нарығына шығуға
мүмкіндік беретін бірнеше ірі-ірі құбыр бағдарламалары іске
қосылды.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның құбыр
желісі саласының біртіндеп нығаюына ерекше үлес қосып
келе жатқан «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жұмысына тоқтала
кетпекшімін.
Еліміздегі ірі құбыртасымалының операторы саналатын ком-
пания мұнай тасымалы транспортының дамуына қажетті
стратегияны халықаралық жоғарғы көрсеткіштер негізінде
іске асырып келеді.
Біздің ортақ еңбегіміздің арқасында өмірге өз үлесін қосатын
Қазақстан құбыртасымалы өндірісінің жарқын болашағы
барлығына сенемін.
Бәріңізге жаңа жетістіктер, кәсіби табыстар мен сәттілік
тілеймін!
М
105
KAZENERGY
Тимур Құлыбаев,
KAZENERGY қауымдастығының
төрағасы
106 № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК
Б
аршаларыңызды отандық құбырмен тасымалдау
саласының құрылғанына 75 жыл толу мерейтойымен
құттықтаймын.
Мемлекетіміз үшін мұндай келелі саланың қаншалықты қажет
екенін бәріміз терең сезінеміз. Отандық мұнай-газ кешенінің
тұрақты дамуына серпін беріп, еліміздің энергетикалық
қауіпсіздігі мен экспорттық мүмкіндігін ұлғайтуға зор ықпал етіп
отырғаны да күллі қауымға аян.
Мерейтойдың V-ші KAZENERGY Еуразиялық Форумы
қарсаңында атап өтілуінде де ерекше мән бар. Себебі, тран-
зит пен тасымалдау мәселелері мәртебелі бас қосуда кеңінен
талқыланады.
Қазақстан осы күні мұнай-газ шикізатын өндіру және оны экс-
порттау жағынан әлем бойынша озық елдердің қатарына кірді.
Әлбетте, мұның бәрі құбырмен тасымалдау желісінің дамуы-
на тікелей қатысты.
Ал, осы нәтижелі істің артында үлкен ұжымның қажырлы еңбегі
тұр. Саланы ғаламдық стандарттарға бейімдеп, оны одан әрі
дамытып, көркейтіп жатқан әрбір азаматқа, әрбір қызметкерге
риясыз алғысымды білдіремін. Зор шаруаның үлкен қарқын
алып кетуіне баянды тәуелсіздігіміз де арқау болды.
75 жылда көптеген ірі-ірі жобалар іске асырылды. Атырау-
Самара, КҚК, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырлары тартылып,
мамандар өлшеусіз тәжірибе жинап, тың идеяларға жол ашы-
лып отыр. Еліміз өз шикізатын Еуропа мен Қытай нарығына
шығарды.
Қазір отандық мұнай-газ кешенін дамытуға пайдасы тиер жаңа
жоба, амалдар пысықталып жатыр. Бара-бара құбыр желілерін
қайта модернизациялап, оның шикізат тасымалдау пәрменін
арттыруды ойластырмақ ойымыз бар.
Таяу мезгілде жаңа құбыр желілері тартылып, тың жобалар
іске асырылады. Оған үлкен сеніммен қараймын.
Орай келгенде, осы шаруаны үйлестіріп отырған
«ҚазТрансОйл» АҚ атқарып жатқан қызметін ерекше атап
өткен жөн.
«ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты дамып келе жатқан компания.
Кәсіпорын өзінің салалық қызметін жүргізу кезінде үлкен
табыстарға жетті. Оның сыртында әлеуметтік, қайырымдылық,
экологиялық бастамаларды ұдайы қолдап жүр. Көпшілікке үлгі
боларлық сауапты істер атқарып жатыр.
Айта кетерлік тағы бір жәйт, «ҚазТрансОйл» АҚ «KAZENERGY»
Қауымдастығының жұмысына өз үлесін қосып жүрген ұйымның
белсенді мүшесі. Мұнай-газ саласының дамуына мұрындық бо-
лар сан алуан тұшымды бастамаларды жиі көтеріп, ұсынады.
Отандық мұнай-газ саласы қызметкерлерінің адал еңбегінің
арқасында құбырмен тасымалдау жүйесі сәтімен дамып
келеді. Мамандықтың қадірін арттырып, ізін басар шәкірт
тәрбиелеген ардагерлерге үлкен құрметпен қараймыз. Сол ізгі
ойды мұрат тұтып, елдің қамын арқалаған бүгінгі мұнай-газ са-
ласы қызметкерлерінің ортасы әрқашан тола берсін!
Атаулы мерейтойға ортақ барлық азаматтар мен ардагерлерге
зор денсаулық, бақыт және қызметтеріне табыс тілеймін!
Құрметті
ҚазаҚстан
мұнай-газ
саласының
Қызметкерлері
мен ардагерлері!
107
KAZENERGY
Қ
азақстан Республикасының құбыр транспортының 75
жылдығына орай «ҚазМұнайГаз» ҰК атынан, осы ерек-
ше күнге байланысты құттықтауды қабыл алыңыздар.
Осы кезең ішінде еліміздің құбыр жүргізу жүйесінің қалыптасуы
мен дамуы бойынша энергетикалық шикізатты ішкі және сыртқы
рыноктарға шығару мәселелерінде мемлекетіміздің мүдделері
мен мақсаттарына сәйкес келетін ірі жұмыс атқарылды.
КҚК, Кеңқияқ – Атырау, Атасу – Алашанькоу, Кеңқияқ –
Құмкөл мұнай құбырлары салынып, іске қосылды, басқа
мемлекеттердің мұнай құбырлары жүйесінің операторлары-
мен ұзақ мерзімді келісімдерге қол қойылды.
Бүгінгі күнде қор мен экспорттық бағыттарды тиімді
пайдаланудың арқасында, құбыр жүргізу саласы Қазақстанның
энергетикалық секторының динамикалық әрі тұрақты
дамуының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еліміздің құбыр жүргізу жүйесінің тиімді
пайдалануы мен дамуы үрдісіне ерекше көңіл бөледі. Осыған
байланысты, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясының Ұзақ
мерзімді стратегиясы белгілеген мақсаттар мен міндеттерді
кезең-кезеңімен жүзеге асырып отырған «ҚазТрансОйл» АҚ
қазақстандық мұнайды тасымалдау және транзит саласын-
да Қазақстанның бірегей құбыр жүргізу операторы ролін сәтті
жүзеге асыруда.
Негізгі өндірістік және қаржы көрсеткіштерінің тұрақты
өсуі, ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы,
қызметкерлердің жоғары кәсіпқойлығы – Қазақстанның ең
ірі мұнай тасымалдау компаниясының қызмет кезеңіндегі
жұмысын осындай қасиеттер ерекшелендіреді.
Алда Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінің
прогрессі мен көлік инфрақұрылымының дамуына қажетті
жаңа міндеттер тұр.
Еліміздің мұнай-газ кешенінің барлық қызметкерлеріне,
құбыр жүргізу саласының мамандарына, біздің қымбатты
ардагерлерімізге сәттілік, зор денсаулық және еліміздің
игілігіне жаңа жетістіктер тілеймін.
Құрметті әріптестер!
109
KAZENERGY