5
www
.kazmektep.kz
филиалдың тәжірибелері тренерлердің әріптестеріне көрсетіп жүрген
көмектерін лайықты бағалады.
Бастауыш білім берудің жалпыға ортақ мемлекеттік стандартын енгізуге
ҚР білім беруді ұйымдастыруға даярлықтар мақсатында ҚР Білім және
ғылым министрлігінің 2014 жылдың 6-қарашасындағы «Жаңартылған білім
беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» 456-бұйрығымен Алматы қаласында
пилоттық мектебі ретінде №15 гимназия белгіленген еді.
Сабақтарда форматтық бағалау, топтағы жұмыстарды тиімді
ұйымдастыру, дифференциалды оқытуды ұйымдастыру, оқушылардың сыни
ой-өріс дағдыларын дамыту мәселелерінде көмек көрсету үшін он бесінші
пилоттық мектепке тренерлер К.И. Қалдарова мен А. Д. Рысқұлбековалар
бекітілді.
Пилоттық мектеп мұғалімдері «Белсенді және сылбыр сынып», «Оқуды
бағалау», «Оқудағы кедергілерден өту», «Рефлексивті күнделік туралы ой-
лар», «Оқуға ықпал жасайтын факторлар» сияқты ресурстық материалдармен
қамтамасыз етілді. Осы ресурстар бойынша мұғалімдермен кәсіби әңгімелер
өткізіледі. Бұл шаралар мұғалімдердің практикасын жақсартуға септігін
тигізеді.
Жапония тәжірибесінен Lesson Study циклімен тұрақты семинарлар
өткізіледі. Бұған қатысушылар біздің мектептер жағдайындағы сабақтарға
зерттеу жүргізу мен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
Педагогтік шеберлік орталығы мұғалімнің кәсіби дамуын жетілдіру және
әріптестерімен кәсіби біліктілігін іске асыру мен мектептегі көшбасшылығын
дамыту мақсатында «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын
жасаған. Бұл бағдарламаның екі басымдық бағыттары бар.
Біріншісі – мұғалімдердің оқыту мен оқудың жемістілігі туралы замана-
уи ұғымдарға барабар, білімнің кең ауқымын игеру.
Екіншісі – мұғалім біліктілігін жетілдірудің өзара байланысты үдеріс-
теріне назар шоғырландыру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал
жасайтын коучинг пен мониторинг қалыптастыру.
Мұғалімнің кәсіби дамуын жетілдіру мақсатында тиімді оқытуды іске
асыру үшін «Тиімді оқыту» бағдарламасы жасалды. Оның негізгі міндеттері
осы бағдарламаның негізгі бағыттарына сәйкес мұғалім дағдылары мен
біліктілігін жетілдіру болып табылады:
– оқушыларды оқу үдерісіне тарту;
– оқыту мен оқу үдерістерін жоспарлау;
– оқушыларды бағалаудың тиімді жүйесі;
– сабақ жүргізу үдерісінің рефлекциясы.
Бұл мектеп мұғалімдерін педагогикалық қауымдастық жағдайларында
белсенді қызметке әзірлікке қамтамасыз етуге бағытталған.
«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалімнің көшбасшылығы»
бағдарламасының мақсаты – біріншіден, сабақ беру мен оқытудың жеке прак-
тикасында мұғалімнің жаңа тәсілдемелер енгізуі. Екіншіден, өз мектебіндегі
әріптестерінің кәсіби дамуына ықпалдастық жасау, бір әріптесінің менторы
ретінде көріну, бұл одан әрі мектептегі жұмыс орнында басқа мұғалімдермен
коучинг үдерісін іске асыруы тиіс. Үшіншіден, мектеп мұғалімдерімен және
басқа мектептердегі әріптестерімен кәсіби тәжірибе және инновациялық
идея лар алмасу, педагогикалық қоғамдастық құру.
Аталған бағдарламалар бойынша мектептің педагогикалық кеңестері
және басшыларының жолдамаларымен өз портфолиоларын ұсынған, ҚР Білім
және ғылым министрлігінің Арнаулы нұсқаулығында баяндалған талаптарға
сәйкес филиалдың арнаулы комиссиясының тыңғылықты іріктеуінен өткен
мұғалімдер сол курстарда оқып жатыр.
6
www
.kazmektep.kz
лімізде «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық
шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру фа-
«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ» ӘДІСІ ТУРАЛЫ
Асхат ӘЛІМОВ,
Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласындағы
филиалының аға менеджері,
филология ғылымының кандидаты, доцент
Е
Филиалда мақсаты әлемдік педагогикалық тәсілдемелер және білім прак-
тикасы негізінде мектеп басшыларын кәсіби дамыту болып табылатын «ҚР
білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін жетілдіру бағдарламасы»
жемісті іске асырылуда.
Аталған бағдарлама директорларды, сондай-ақ мұғалімдердің жеке
қызметін жақсарту жөніндегі дағды, әдістемелер, түрлер мен тәсілдемелерге
үйретуге арналған. Ол директорларға басқару, болжау, менеджмент,
стратегиялық жоспарлау салаларында негізгі дағдылар қалыптастыруға
септігін тигізеді. Бағдарлама кәсіби және әлеуметтік серіктестік орнату
жөніндегі практикалық дағдылар қалыптастыру, ата-аналар және тұтастай
қоғаммен бірлескен жұмыстар, желілік қоғамдастық құруға көмектеседі.
Тек үстіміздегі жылдың өзінде ғана осы бағдарлама бойынша Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары және Алматы қаласынан үш жүз ал-
пыс ұйым басшылары оқып шықты.
Мектеп басшылары курстарына тренерлер алған білімдерін практика-
да неғұрлым табысты қолданған директорлар мен бізден бұрындары оқып,
сертификатталған мұғалімдер шақырылған. Олар ашық сабақтар, шеберлік
сыныптарын өткізді.
Педагогикалық шеберлік орталығының оқу жоспарына сәйкес үстіміздегі
жылы филиал білім беру мазмұнын жаңарту курстарында бастауыш сыныптың
жүз тоқсан жеті мұғалімін, қазақ тілінің елу жеті, ағылшын тілінің жүз алпыс
бір мұғалімін, жүз мектеп директорын, жүз бір мектеп директорының оқу-
әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарын, он жеті әдіскерді, мектеп дирек-
торы орынбасарлары қатарынан екі жүз екі мектеп үйлестірушісін оқытып
шықты.
Біздің филиал заманауи технологиялар, әдістер, тәсілдер және
әдістемелерді меңгерген педагогтер даярлау, олардың кәсіби білімдері мен
дағдыларын жетілдіру, көшбасшылық қасиеттерді үйрету жолында бұдан бы-
лай да жемісті еңбек ете беретін болады.
Алматы қаласы.
культетімен бірлесе құрастырған Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы ауқымында көп тарай
бастаған «Сабақты зерттеу» (немесе «Lesson Study») әдісінің педагогикалық
жұртшылыққа берері мол. Бұл әдістің негізгі мағынасы мынада.
Мұғалімдер әрқашанда өз тәжірибесін, оның ішінде сабақ беру прак-
тикасын жақсартуға мүдделі: «Әрбір келесі сабақ алдыңғы сабақтан жақсы
болуы керек!» деген ұран ұстанады. Даму мен ілгерілеудің формуласы осы-
да болар!
Ал сабақтарды (кеңінен алғанда, сабақ өткізу тәжірибесін) қалай да-
мытып, жақсартуға болады? Олардың қай жағын жақсарту керек? Қалай
жақсарту керек?
Достарыңызбен бөлісу: |