Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет7/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50

13
www
.kazmektep.kz
теп тәжірибесін жіті зерттейтінін білдіреді. Өкінішке орай, біздің елімізде 
ЖОО ғалымдарының мектеп мәселелерімен тіке айналысатындығы  әзірше 
байқалмайды.
Сонымен, егерде қатысушылардың баяндамаларын қорытындылайтын 
болсақ, сабақты зерттеу әдісінің әлем елдерінің басым көпшілігінде ұқсас 
түрде  қолданылатындығы  айқындалды.  Бұл  үдерісті  мынандай  құрамдас 
бөліктерге бөлуге тұрарлық:
–  алдымен,  мұғалімдер  бірлесіп  қандай  мәселелердің  өзекті  болып, 
қарастыруға лайықты екендігін зерттеуі керек;  
– осыдан кейін олар бірлесіп сабақ жоспарын дайындайды;
–  бұдан  соң  сабақ  өткізіліп,  онда  мұғалімдер  оқушылардың  қалай 
үйренетіндігін бақылайды
– оқушылармен сұхбаттасу, олардан сұхбат алу
–  сабақты  талқылаудың  нәтижесі ретінде тәжірибені  жақсарту  бо-
лып  табылады;  ол  өз  кезегінде  бақылау  мен  сұхбаттасудың,  барлық 
мұғалімдердің  пікірі  мен  бағалауының  нәтижелері  ескерілген  сабақ 
жоспарының толықтырылған нұсқасы түрінде көрініс табады. 
Сабақты  зерттеудің  бүкіләлемдік  ассоциациясының  келесі  конфе-
ренциясы  2017  жылдың  27-28  қарашасында  Нагоя  қаласының  (Жапо-
ния) университетінде өткізу жоспарланып отыр. Осыған орай Эксетердегі 
конференцияның жұмысына WALS вице-президенті Хироики Кано бастаған 
аталмыш  университеттің  көп  оқытушыларынан  тұратын  делегациясы 
қатысты.
Сонымен қорытынды жасайтын болсақ, онда әлемде  «Lesson Study»-ді  
жақсы  қабылданғанына тоқталу керек. Әлем педагогтері сабақ зерттеудің 
кәсіби    шеберлікті    дамытудың    ең    тиімді    түрлерінің    бірі    екендігін  
мойындаған.  Егерде  мұғалімдер  бірлесе  жұмыс  жасайтын  болса,  мұндай 
жұмыстың қорытындысында мектеп  оқушыларының  оқуы міндетті түрде  
жақсарады.  Демек,  бұл  әдістің  болашағы  мол  және  де  біздің  еліміздің 
педагогтері де сабақты зерттеуді өзінің негізгі құралына айналдырғаны игі 
болар еді.
Алматы қаласы.
үгінгі  күні  мұғалімдердің  кәсіптілігі    өзінің  жеке  тәжірибесін  тиімді 
жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  оның  біліктілігінде  (compotens  лат-
РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ  БІЛІКТІЛІК – 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ШЕБЕРЛІКТІ
АРТТЫРУДЫҢ  ҚАЖЕТТІ  ШАРТЫ
Бағдагүл  САЙФУЛЛАҚЫЗЫ, 
Педагогикалық шеберлік орталығы  
Алматы қаласындағы филиалының 
аға менеджері
Б
сәйкес келетін, қабілетті) болып отыр. С.Ю. Степановтың  берген анықтауы  
бойынша рефлексиялық біліктілік – бұл рефлексиялық үдерістерді анағұрлым 
тиімді  және  бара-бара  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  жеке  тұлғаның 
кәсіптік қасиеті, бұл даму және өзін-өзі дамыту үдерісін қамтамасыз етеді, 
кәсіптік қызметке шығармашылық жолмен қарауға, оның ең жоғары тиімділігі 
мен  нәтижелілігіне  қол  жеткізуге  ықпал  етеді.  Енді  осы  анықтаманың 
мағынасын түсіну үшін  ондағы әр терминнің жеке мағынасын түсініп, соны 


14
www
.kazmektep.kz
қайтадан  біріктіруге  тырысайық.    Белгілі  зерттеуші  А.А.  Бизяева    рефлек-
сия терминін  «кең ауқымды практикалық мағынада адамның өзін-өзі талдау, 
қоршаған  әлеммен  өзінің  заттық-әлеуметтік  қатынастарын  ұғыну  және  ол 
жайында қайта ойлану қабілеті ретінде  және дамыған интеллектінің қажетті 
құрамды бөлігі болып табылады», – деп қарастырады. Ал біліктілік – адамның 
белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті.  Адамның өзі 
таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін 
алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы. Мұғалім біліктілігі 
туралы айтсақ, оның жұмысқа қабілеттілік деңгейі ретінде қарастырылады. 
Ал енді рефлексиялық үдерістер туралы психологтардың пікіріне сүйенсек, 
олардың  айтуынша,  рефлексияның  күрделі  үдерісінде,  ең  аз  дегенде  алты 
көзқарас бар: субъектінің өзі, ақиқат дүниедегі субъектінің өзі, басқаға қалай 
көрінетін субъект және басқа субъектінің тарапынан дәл сондай 3 көзқарас. 
Рефлексия  субъектілердің  бірін-бірі  екіжақты  (айналы)  өзара  бейнелеу 
үрдісі. Нәтижесінде бір-бірінің ерекшеліктерін қайта қарай алады. Осының 
нәтижесінде  төмендегідей  рефлексивтік  үдерістер  ажыратылады:  өзін-өзі 
түсіну және басқаны түсіну, өзіне-өзі баға беру және өзгені бағалау, өзіне-өзі 
түсініктеме  беру  және  басқаны  түсіндіру.  Рефлексивті  үдерістер  мазмұнын 
зерттеушілер    Ю.Н.  Кулюткин,  Г.С.  Сухобская  «рефлексия  мұғалімнің 
оқушы ойын, зейінін және іс-әрекетін мақсатқа бағыттау барысында,  дербес 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оның  қабілеттерінің  дамуына  бағыттайтын 
оқытудың мақсатына сәйкес жоба құрастыру іс-әрекетінде, мұғалімнің өз іс-
әрекетін субъект ретінде өзі талдауында, өзін-өзі бағалауында  айқын көріне 
бастайды», – деп көрсетеді. Сондай-ақ мұғалім өзінің оқушыларын да өз іс-
әрекеттерін  талдауға,  ой  елегінен  өткізуге,  бағалауға,  яғни,  өз  іс-әрекетіне 
өзінің рефлексивті қатынасын үйрететіндігін де мазмұнға жатқызған. Бұдан  
жоғарыда  айтылған  алты  көзқарасты  үдеріске  қатысушылардың  қарым-
қатынасы ретінде  қарастыруға  болатындығы шығады. 
Рефлексивтік  үдерістерге  тек  мұғалімнің    өзі  ғана  емес,  сонымен 
қатар,  оқушылардың  да  қатысатындығы  айқын.  Сонымен  қатар  жоғарыда 
айтылғандарға  сәйкес  рефлексивтік  үдерістерге  оқушылардан  басқа 
мұғалімнің әріптестері де, басқа субъектілер де (мысалы, ата-ана) қатысады. 
Мұғалім  өзінің  кәсіптік  қызметінде  әртүрлі  функцияларды  атқарады. 
Психологтардың  зерттеуі  бойынша,  оның  негізгісі  –  оқу  мақсатына  сәйкес 
сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, екіншісі – осы іс-әрекеттерді 
ұйымдастыруына мұғалімнің өзінің жеке көзқарасы. Соңғы функцияда мұғалім 
өзінің іс-әрекетінің нәтижесін талдайды, бағалайды. Сабақтағы  әрекеттер ба-
рысында мұғалім оқушымен қарым-қатынас жасайды, оқушылар әрекеттерін 
әртүрлі  тәсілдермен  басқарады.  Мұғалім  оқушылардың  іс-әрекетіне  талдау 
жасау арқылы өз іс-әрекетіне,  сонымен қатар  өзінің іс-әрекетіне  талдау жа-
сау арқылы оқушылардың  іс-әрекеттеріне  талдау жасайды.  Ал бұл мұғалімді 
шығармашылыққа жетелейді. Сондықтан мұғалімнің педагогикалық рефлек-
сиясы оның кез келген жағдайда да дұрыс шешім таңдауға, өзінің іс-әрекетін 
бағалауға, өз жұмысының түпкі нәтижесін талдауға жол салып, мұғалімнің 
кәсіби жетілуіне көмегін тигізеді. Кәсіби жетілу дегенде сабақтың тиімділігі 
мен нәтижелілігі  көзделеді. Бұл жерде  мұғалімдегі  рефлексиялық үдерістерді 
анағұрлым тиімді және оны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке тұлғаның 
кәсіптік қасиеттер сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігіне ықпал ететіндігі 
туралы  ой  қорытындыланып  шығып  тұр.  Бұдан  кейінгі  мәселе  осындай 
қасиеттерді  әр  мұғалім  өз  бойында  қалыптастыру  және  дамыту    үшін    не 
істеуі, нені басшылыққа алуы керек деген сұрақ. 
В.Н. Сластениннің  пікірінше,   кәсіби   құзыретті   мұғалімде   педагоги-
калық  мәселелерді  өз  бетінше  шеше  алу  қабілеті  болуы  керек:  аналитика-     


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау