Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет9/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50

17
www
.kazmektep.kz
дағдыларын өз  сабақтарында пайдаланып, келесі сессияларда тренерден кері 
байланыс алу мүмкіндігіне ие болады. 
Курс  Бағдарламасы    мектеп  тренерінің  шеберлігі  мен  бейнесіне,  тре-
нердің  құндылықтарына    баса  назар  аударады.  «Сізге  не  үйретті    емес, 
сіз  нені    үйрендіңіз?»  деген  қағиданы    ұстанады.  Осыған  орай,  бағамдау 
аспектілеріне:  бастапқы,  қалыптасу,  қалыптасқан,  жетілген  деңгейлерге 
жету мүмкіндіктері  қарастырылған. Яғни, тренердің курста меңгерген ілімін 
бағамдау  маңыздылығы  ескерілген.  Ал  критерийлердің  өзі  аспектілерге 
ұласып жатыр. Олар: оқыту дағдылары, ойлау сипаты, жоспарлау, белсенді оқу,  
тәжірибедегі  рефлексия  бағдарламасын  түсіну,    мұғалімдердің  қажеттілігін  
қанағаттандыру,  бағалау  мен  ықшам  сабақ  жүргізу  деп  қарастырылады. 
Ықшам  сабақ  арқылы  әр  жаңа  тақырып  тұжырымдалады.  Тренерлердің 
ықшам  сабақ  жүргізу  дағдылары    қалыптасады.  Бұндай  сабақты  жүргізуде 
топтағы  мұғалімдер  оқушы  рөлінде  болуы  оқушылардың  жас  ерекшелігін 
ескеру арқылы сабақ беруге көмегін тигізеді. Сонымен қатар, аз  уақыттың 
ішінде  мұғалімдер  белсенді  тәсілдерді  үйренеді. 
Мектеп тренері қызметінің  басты мақсаты – мұғалімдердің қажеттіліктерін 
қанағаттандыру арқылы біліктілігін арттыру болып табылады. Олар «Қазір 
және осы жерде» деген ұстанымды көздейді. Мысалы, ықшам сабақ жүргізу 
арқылы уақытты үнемдей отырып топ ішінде тәжірибе алмасу, өзін-өзі реттеу 
мәселелерін  қарастырады. 
Курс  барысында  рөлдік  ойын,  социометрия,  қолдау  көрсету  (диа- 
гностикалық,  келісімдік,  әрекеттік  қызмет,  рефлексиялық),  бейнеталдау, 
коучинг  тәсілінің  екі  түрі:  транстық  және  саналылық,  қиын  қатысушымен 
жұмыс,  коучинг  тәсілі  қолданылатын  оқу  құрылымы,  коучинг  өткізу 
ұстанымдары,  тимбилдинг  әдістері,  модерация,  «КОЛБ»  әдісі  (тәжірибе, 
рефлексия,  абстрактілі  ұғым,  эксперимент),  бастапқы  модуль,  тақырыптық 
модуль,  кері  дизайн  әдісі,  мұғалімнің  рефлексиясы,  кері  байланыс, 
формативті  бағалау,  суммативті  бағалау,  сапалы  оқыту,  табысты  оқыту, 
«теңгерім  дөңгелегі»,  қалыптастырушы  бағалау,  кері  айналдыру  стратегия-
сы, сабақты қадағалау тәсілі, сабақты талдау, «SWOT»  талдауы,  «SMART»  
мақсаттар,  оқушылардың  айтылым,  тыңдалым,  оқылым,  жазылым 
дағдыларын қалыптастыру және т.б. мектеп мұғалімдеріне үйрету жолдары 
қарастырылған.  Бұл  курс  оқушылардың  білім,  білік,  іскерлік,  дағдыларын 
меңгеруін  жетілдіру,  ой-өрісін  кеңейту,  мәдени  деңгейін  көтеру,  танымдық 
қабілеттерін  дамытуды  үйрету    жолындағы  басты  қадам.  Бұл    мұғалімдер 
мен  оқушыларға  өз  әрекетінің  барысын,  нәтижесін  тексеру  әдіс-тәсілдерін 
меңгертуді  талап  етеді.  Ол  бірінші  кезекте  оқу  әрекетін  қалыптастырудың 
негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатына жеткізуді көздейді. 
Қорыта  келгенде,  курс  бағдарламасы  ұсынып  отырған  сапалы 
оқытудың  бірден-бір  көздері:  әр  оқушыға  үміт  арту;  оқушыларға  пікірін 
айту  мүмкіндігін  беру;  «белсенді  сынып»;  екі  бағыттағы  жағымды  қарым-
қатынас; оқушылардың бойында көшбасшылық  қасиеттерді дамытуды мек-
теп тренерлері мұғалімдерге үйретеді. Осылайша, мектеп мұғалімдері «мек-
тептен  шықпай-ақ»  біліктілігін  арттыру  мүмкіндіктеріне  ие  болуда.  Курс 
бағдарламасы мұғалімдердің алған білімдерін сабақта қолдануын және реф-
лексия жасауын көздейді. «Жаңа біліктілік арттыру көшіне» ілескен мектеп 
тренерлері: «білсем екен, үйренсем екен, көрсем екен» деген ынтамен  курсқа 
келген  мұғалімдерге  сабақ  берудегі  белсенді  тәсілдерді  үйретуде.  «Адам 
формуласының» шешімі  даму шексіздігі дейтін болсақ,  аталмыш тың идея 
оқушының дамуына ықпалын тигізеді деген үміттеміз... 
Алматы қаласы.
2. “Қазақстан мектебі” №12, 2016.


18
www
.kazmektep.kz
ұғалімдердің  мақсатқа  бағытталған  зерттеушілік  іс-әрекеттері, 
педагогикалық  шығармашылығы  күннен-күнге  өзекті  мәселеге  айна-
МҰҒАЛІМНІҢ  ЗЕРТТЕУ  МӘДЕНИЕТІН
ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ
Әлима САЙПОВА,
Әсима РЫСҚҰЛБЕКОВА,  
Педагогикалық шеберлік орталығы 
Алматы қаласындағы филиалының аға менеджерлері,
педагогика ғылымының кандидаттары  
“Егер Сіз педагогикалық еңбек мұғалімге қуаныш әкелсін десеңіз, 
күнделікті сабақ беру бірқалыпты жалықтырғыш міндетке
айналмасын десеңіз, әр мұғалімді табысты зерттеуге жетелеңіз”. 
В.А. Сухомлинский
М
луда. Педагогикалық үдерісте әртүрлі дәрежедегі қиындықтар үнемі туын-
дап отырады. Оларды өздігімен, стандартты емес тұрғыдан шешу мен бұл 
шешімнің  мұғалімнің  кәсіби  дамуына  жасайтын  шығармашылық  ықпалы 
бүгінде  ерекше  маңызды  болып  отыр.  Өз  тәжірибесін  зерттеу  міндеті 
қазіргі кезде педагогтің құқығы ретінде емес, оның кәсіби міндеті ретінде 
қарастырылады.
Мұғалім  қызметіндегі  елеулі  рөл  атқаратын,  оның  инновациялық  іс-
әрекетімен  тығыз  байланысты  педагогикалық  шеберлігінің  бір  саласы  
зерттеушілік мәдениет болып табылады. 
Зерттеушілік  мәдениет  –  педагогикалық  қызметтің  әмбебап  
маңыздылығын  құру мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ететін кәсіби сапа. 
Педагогикалық  тәжірибеде  үнемі  зерттеу  жүргізу  оқыту  мен  оқу 
үдерісінде  үнемі  туындайтын,  әртүрлі  дәрежедегі  қиындықтардың  стан-
дартты емес шешімдерін қарастырып, шығармашылық тәсілдерін анықтауға 
мүмкіндік береді.  
Дж.Хэттидің (2011) педагогикалық зерттеулеріндегі метаталдау нәтижесі 
оқушының  айтарлықтай  алға  жылжуына  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі  оң 
ықпал ететіндігін дәйектеген.  
«Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті» дегеніміз не? 
–  Инновациялық  іс-әрекеттерде  мұғалімнің  өзіндік  шығармашылығы 
мен тиімді әдістемені қолдана білу шеберлігі.
– Мұғалімнің тұлғалық қасиеттері мен педагогикалық міндеттерді ше-
шуде жетілген деңгейде әдіс-тәсілдерді меңгеруі.
–  Мұғалімнің  кәсіби  білімі,  ойлау  деңгейі  мен  шығармашылық 
қабілеттері. 
– Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы, шығармашылық тұрғыдан 
өзінің  кәсіби  дамуын  қамтамасыз  ететін  жаңа  білім  мен  іскерлікті  игеру 
деңгейі.
– Әрдайым ізденісте болу: мұндай мұғалім педагогикалық шеберліктің, 
кәсіпқойлықтың жоғары деңгейіне тезірек жетеді. 
Зерттеуші  мұғалімнің  ғылыми-педагогикалық  іскерліктері  мен  дағды-
лары. 
1.  Бақылау іскерлігі, бақылаудың мәліметтерін түсіндіру және талдау, 
маңызды деректерді маңызды емес деректерден ажырата алу.


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау