9
www
.kazmektep.kz
мазаламайтын, бөгет болмайтын, оқушының өз ой-пікірін емін-еркін айта-
тын орын болғаны дұрыс.
9. Сабақты талқылау.
Осы сәрсенбі күні «Lesson Study» тобы №3 отырысқа жиналады.
Сабақты талқылауда мұғалімдер өз ойларын ортаға салады. Мұнда олар
пікірталастан мейлінше бас тартуға ұмтылып, бірін-бірі тыңдауға, ортақ
мәмілеге келуге тырысуы керек. Талдау барысында алдымен сабақтың сәтті
шыққан тұстары мен олардың себептері анықталады. Осыдан соң сабақта
жүзеге асырылмаған жайттар (мұғалімдердің «кемшіліктер», «қателер»,
«олқылықтар», «сәтсіздіктер» секілді сөздерден бас тартқаны жөн, олар-
дың орнына «жүзеге асырылмаған», «қол жетпеген» секілді жұмсақ
сөздермен алмастырған жөн) талқыланып, олардың себептері анықталады.
«Lesson Study» сабағының басты мақсаттарының бірі – сабақты жақсарту
болғандықтан, талқылауда осы мәселе тұрғысынан ұсыныстар жасалып,
олар сабақ жоспарына енгізіледі.
Талқылау қорытындысы болып СЖ-4 табылады. Бұл жоспар «Lesson
Study» тобының үш отырысының, оқушылармен өткізген екі сұхбат, сабақта
оқушыларды бақылау нәтижесі ретінде танылады.
Әрине, бір «Lesson Study» сабағы нәтижесінде «8-сынып оқушыларының
сабаққа деген қызығушылығын топтық жұмыстың нәтижелілігін артты-
ру арқылы өсіру» деген тақырыпты шешу қиындау болар. Сондықтан да
«Lesson Study» тобы осы құрамда кем дегенде 3 «Lesson Study» сабағын
өткізуі керек, яғни, математика пәні мұғалімі (немесе топ құрамына кіретін
басқа мұғалімдер басқа сабақтарда) математикадан тағы да екі сабақ өткізіп,
бірінші сабақта бақылаушы болған мұғалімдер сол сабақтарға қатысуы ке-
рек.
Қорытынды. 9 күн ішінде төрт адамнан тұратын «Lesson Study» тобы 3
сабақ өткізеді, 9 отырыс жасайды, 3 сабақ жоспарын құрастырады.
Соңғы сабақ жоспары басқа мұғалімдерге жарияланғаны дұрыс. Бұл
үшін соңғы СЖ-4-ті басып, таратуға болады, мектеп сайты және желілік
қоғамдастық чатында, педкеңес, әдістемелік кеңес, конференция неме-
се семинарларда жариялауға болады. Басқа мұғалімдер сабақ жоспарын-
да келтірілген идеялар мен әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында қолдануға
құқылы.
Осылайша «Lesson Study» сабақтары өз жалғасын таба береді.
Мұғалімдер практикада туындаған кез келген мәселелер (проблемалар) мен
қиындықтарды «Lesson Study» сабақтары арқылы шешіп, тәжірибелерін
тұрақты түрде жақсарта алады.
Мысалы, бір сынып немесе жеке оқушының оқуында қиындықтар
туса, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдер (олардың саны әртүрлі болуы
мүмкін: 2 мұғалімнен барлық мұғалімдерге дейін) сабақты зерттеу («Lesson
Study») тобын құрып, осы мәселені бірнеше сабақ ауқымында (олардың да
саны әртүрлі болуы мүмкін: мүмкін 3 сабақ болар, мүмкін одан да көп бо-
лар) шешуге атсалысады. Немесе мұғалімдердің әдістемелік бір мәселені
«Lesson Study» сабақтарында қарастыруы мүмкін. Мәселен, олар «Оқушы
үні» мәселесін (немесе оқушылардың жоғары деңгейдегі сұрақтарды
қоюды қалайша дамытуға болатындығын) қалайша өз сабақтарында тиімді
қолдануға болатындығын зерттейді.
Сабақты зерттеу («Lesson Study») сабақтарын жалғастыра беру керек.
Мұнда тек жұмысты мұғалімдердің өзара сыйластығы мен бір-біріне де-
ген сеніміне негіздеу керек. Мұнда тек ешқандай сын айтуға жол бермей,
кемшіліктер мен олқылықтарды талдау және бағалау арқылы түзетіп және
шешіп отыру керек.
10
www
.kazmektep.kz
Ендігі әңгімені өзім делегат ретінде қатысқан конференция туралы
қозғағым келеді.
Сабақты зерттеудің Бүкіләлемдік ассоциациясының (World Association
of the Lesson Studіеs) жыл сайынғы 10-конференциясы «Lesson Study:
Оқытудың өзгеруі мен мұғалімдерді кәсіби қоғамдастықта оқыту» тақырыбы
бойынша 2016 жылы қыркүйектің 3–5 күндері Ұлыбританияның оңтүстік-
батысында Девон аймағында орналасқан Эксетер университетінде өткізілді.
2016 жылғы WALS конференциясының жұмысына әлемнің 39
мемлекетінен 500 астам делегат қатысты. Конференцияда Энди Харгрийвс
(АҚШ), Киоми Акито (Жапония), Кетрин Льюис (АҚШ), Пит Дадли
(Ұлыбритания) негізгі спикерлер ретінде сөз сөйледі. Конференцияның
жарияланған мақсаты «Ғылыми зерттеулер және сабақты зерделеу мен
зерттеуге бағытталған тәжірибе, сонымен қатар сабақ беру мен оқыту
сапасын жақсарту» болды.
Конференцияның негізгі бағыттары: кәсіби педагогикалық қауымдас-
тықтардың моделі мен тәжірибесін дамыту; LS әртүрлі мәдениетті,
пәндік және оқытушылық мәнмәтіндерде, нәтижеге негізделген іс-
әрекеттегі зерттеу мен зерттеу амалдары туралы білімдерді тәжірибеде
құрастыру (қолдану); менеджмент пен көшбасшылық ету.
Конференцияда төмендегідей негізгі идеялар айтылды:
– Сабақты зерттеу мектептің қажеттілігі мен жағдайына (шарттары-
на) байланысты өзгеруі мүмкін.
– Университеттердің қолдауы мектепте сабақты зерттеу үдерісін
енгізудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
– Келесі сабақты зерттеу элементтері сабақ беру мен оқытуда
жағымды өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді: білімнің қолжетімділігі
(мазмұны, нұсқаулар, оқушылардың не ойлайтынын түсіну); өзара әрекет
сызбасы (тәуекелді қолдау, зерттеу жүргізуге ықпал ету, жаңа идеялар
шақыру); тәжірибеде қолдану (мектептегі тәжірибе, оқушылардың жа-
уаптарына мән беру); уәждеу.
Жиынның негізгі спикері ретінде профессор Энди Харгрийвс (АҚШ)
баяндама жасады. Ол білім беру идеяларын кең ауқымды әлеуметтік
мәнмәтінде қарастыру керектігін айтып, мұғалімдер мен ғалымдардың
бірлескен жұмысының тиімділігіне тоқталды. Ғалым сонымен бірге
қатысушылардың назарын қоғамның мектепке қолдан келген көмегін
аямауға міндетті екендігіне аударды.
Э.Харгрийвс бұл мәселенің жағымды мысалы ретінде соңғы кезде
Шотландияда жақсы нәтижелер көрсеткен тәжірибені келтірді. Оның ай-
туынша, Шотландияның оңтайлы тәжірибесін ЭЫДҰ ерекше атап, мұнда
ұйым елдері арасында мұғалімдердің ынтымаққа негізделінген ең озық орта
құрылып, жергілікті билік органдары педагогикалық қауымдастықты
қолдап, мемлекеттік құрылымдар тарапынан түсіністік тапқанын көрсетті.
Бұл ерекшеліктердің мектептегі оқу сапасына оң әсерін тигізері анық.
Эдинбургтың бір мектебінде балаларды қалыптан тыс ойлауға
үйретеді. Балалар қалай оқу керектігін және оны басқаларға қалай
көрсетуді біледі. Бұл дағдылар балалардың 7–9 жасында, Шотландияның
бірінші министрі Никола Старджен білім саласында ұлттық саясатты
қалай жақсарту туралы өз ойын айтқанда көрінген еді. Олар бұрын бұл
мәселемен таныс емес еді, алайда өте қысқа мерзім ішінде оны зерде-
лей алып, бір-біріне түсіндіруге және мәселенің тереңіне бойлай білді.
Мұның барлығы Шотландияның білім беру жүйесіне мемлекеттік қолдау
көрсетілуінің нәтижесі.
Э.Харгрийвс өз сөзінде «Оқу мен еңбектенуді бірлесе атқарған
тиімді ме, әлде жеке ме?» деген сұраққа жауап беруге тырысты. Өз
Достарыңызбен бөлісу: |