Картографияның мәні Картография (гр chartes – папирус қағазы + grapho – жазамын, сызамын) – географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері (тәсілдері) жөніндегі ғылыми пән. Картография


Картографиялық проекциялардың классификациясы



жүктеу 131,69 Kb.
бет18/62
Дата25.10.2023
өлшемі131,69 Kb.
#44016
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62
Картография емтихан ответтері КД-21

Картографиялық проекциялардың классификациясы

Жер бетін жазықтыққа жобалаудың əр түрлі заңдарын қолдана отырып, картографиялық тораб түрлері жəне сол торабтарда картографиялық бейнелердің бұрмалану шарттарымен айырылатын əр түрлі картографиялық проекцияларды алуға болады. Мұндай жағдай картографиялау үшін өте маңызды, себебі проекцияны таңдауға, жер беті кеңістігін бейнелеуде жəне əр түрлі географиялық жағдай бойынша қамтуды қанағаттандыратын, сонымен қатар карта арналуын, оның мазмұның жəне қолдану сипаттамасын сақтап қалу мүмкіндігі бар. Картографиялық проекция классификациясы екі бір-біріне тəуелсіз негізгі белгілер бойынша жүргізіледі:
-бейнелеу қасиеті немесе бұрмалану сипаттамасы бойынша.
-картографиялық торабтын меридиандар мен параллельдер түрі бойынша.
Эллипсоид немесе шардың бетін жазықтықта бейнелеуде бұрыштар, ұзындықтар жəне алаңдар бұрмаланады. Бірақ əр түрлі картографиялық проекцияда құрылған географиялық карталарда ұзындықтардың, алаңдардың жəне бұрыштардың бұрмаланулары əр түрлі өлшемдерде болады. Карталарды бұрмалану түрлерін əр түрлі қатынаста алуға мүмкіндік бар. Бұрыш бұрмалануын кішірейтуге немесе мүлдем жоюға болады.
Сол секілді алаң бұрмаланун да кішірейтуге немесе мүлдем жоюға болады. Бірақ есте сақтайтын мəлімет, бұрмаланулардың барлық түрлері бір бірімен тығыз байланысты. Алаң бұрмалануын азайтуда бұрыш бұрмалануы өседі, ал бұрыш бұрмалануын азайтуда алаң бұрмалануы өседі. Ұзындық бұрмалануды түгелімен жою мүмкін емес, ал ұзындық бұрмалануын азайту басқа бұрмалану түрлерін өсіреді.
Бұрмалану сипаттамасы бойынша картографиялық проекциялар теңбұрышты, теңшамалас, жəне еркін болып бөлінеді.
Теңбұрышты проекциялар – бұрыштары бұрмаланусыз бейнеленетін проекциялар, эллипсоидтың шексіз кіші элементтері проекцияда форма түрлерін сақтап бейнеленеді. Берілген нүктеде барлық бағыттар бойынша ұзындық масштабы бірдей, сондықтан эллипсоидтың элементарлы дөңгелегі сол секілді дөңгелек болып бейнеленеді.
Басқа нүктеге өткенде масштаб өзгереді жəне эллипстің элементарлы дөңгелегі бейнеленгенде дөңгелек болып бейнеленеді, бірақ алаңы бойынша басқа болады.Алаң масштабы басты бағыт бойынша p=mn шығатын масштабтарға тең, ал олар тең болғандықтан алаң масштабы ұзындық масштабыны квадратына тең.
Теңшамалас проекциялар – алаң бұрмалануы жоқ проекциялар. Теңшамалас проекцияларда карта алаңдары қатысты бейнеленетің беттің алаңына пропорционалды болады. Егер эллипсоидта шексіз кішкене дөңгелегін алатын болса жəне оны теңшамалас проекцияда бейнелейтін болса, онда ол дөңгелектің алаңына тең эллипс түрінде болады. Эллипсоидтың əр түрлі жерлерінен алынған дөңгелектер, проекцияда алаңы бойынша теңшамалас болып бейнеленеді, бірақ эллипс формасы бойынша əртүрлі. Теңшамаластың шарттары:
p = mn = const – алаң масштабы тұрақты.
Еркін проекциялар – бұрыштар теңдігі жəне алаңдардың пропорционалдығы сақталмайтын проекциялар. Бұл проекцияларда бұрыштар, ұзындықтар жəне алаңдар қабылданған шарттарға байланысты əр түрлі шамада бұрмаланады.
Бұрмалануы бойынша еркін проекциялар теңбұрышты жəне теңшамалас проекциялар арасында болады. Еркін проекциялар теңбұрышты проекцияларға жақын орналасқан жəне бұрыш пен алаңның аз ғана бұрмалануымен көп алаңдық бұрмалануы болады.
Теңшамалас проекцияларға жақындауымен бұрыш бұрмалануы өседі, ал алаң бұрмаланыу азаяды. Еркін проекция тобына ұзындық масштабы бір негізгі бағыт бойынша тұрақты теңшамалас проекциялар кіреді. (а =1 или b=1).
Бұл проекцияда алаң масштабы p=a немесе p = b ), ал бұрыш бұрмалануы формула бойынша анықталады:
Эллипсоидтың немесе шардың бейнелеу тəсіліне байланысты жазықтықта əр түрлі картографиялық торабтар алынады.
Картографиялық тораб меридиандар мен параллельдер немесе басқа координаталық сызықтар жүйесін көрсетеді.
Проекцияның картографиялық торабы- деген анықталған проекцияда меридиандар мен параллельдер немесе басқа координаталық сызықтар жүйесі.
Картографиялық тораб картаның мазмұн элементтерін дұрыс орналастыру үшін математикалық негіз болып қызмет етеді.
Меридиан мен параллельдер торабынан көрсетілген картографиялық тораб торабтың негізі деп аталады.
Меридиан мен параллельдер торабының түрлеріне байланысты картографиялық проекцияларды төмендегідей жіктейді: азимуттық, перспективтік, цилиндрлік, конустық, поликонустық,псевдоконустық жəне псевдоцилиндрлік проекциялар.


  1. жүктеу 131,69 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау