3
13 желтоқсан 2014 жыл
Т а л а й
нәубетті бастан ке-
шірген ата-бабала-
рымыз қандай қиын
сәттерде бір жеңнен
қол, бір жағадан бас
шығара
отырып,
елімнің шетін жау
баспасын деп жау-
ларына үнемі той-
тарыс берумен болды. Ер мінезді, намысшыл,
қайратты қазақтың ежелден арманы жерінің
тыныштығы,
елінің
азаттығы
еді.
Батыр
бабаларының аманатына берік қазақ жастарын
1986 жылы алаңға алып шыққан да осы бір намыс
еді.
Кеңес
үкіметінің
қарамағында
болып,
бодандықтың бұғауын киген қазақ деген елдің ұлы
арманы өз алдына тәуелсіздік алу еді. Ойына кел-
генін жасап, жан-жағын ойрандап, қазақтарды
қорлау, кемсіту «желтоқсан жалаңаяқтарын»
алаңға шығарды. Иә, шыдамның да шегі бар
деген, ақыл тоқтатып, әр ісіне байыппен
қарайтын азаматтар мен әлі оң-солын танымай-
тын бозбалалар ұрандап алаңға жиналды.
Өздерінің талап-тілектерін бейбіт шерумен ше-
шуге бекінген жастарды алдынан тегеурінді
тосқауыл тосып алды. Ұрды, жықты, өлтірді.
Алайда, жастар абдырамады, керсінше сәт
сайын қатарлары толығып,
қаралары көбейе түсті. Міне,
осындай адамның жанын жа-
райлайтын,
жастарды
жазықсыз
қырғынға
ұшыратып,
жазалаған
жайттың куәсі болған Бе-
соба ауылының тұрғыны,
сол бір қанды шерудің тірі
куәгері Оразбаев Думанды
әңгімеге
тартқан
едік.
Ауылдағы мектепті аяқтаған, арманы асқақ Думан білім
қуып Алматыға келіп, ауылшаруашылық институтына
оқуға түседі. «Мен ол кезде 17 жастамын. Алдында 1-2
күн бұрын жоғары курстағы үлкен жігіттер келіп,
жастардың алаңға жиналатындығы туралы айтқан бола-
тын. Бірақ, мен оған мән бермедім. 17-күні жастардың
алаңға шыққаны туралы естідік. 18-күні сабақта
отырғанда бізге алаңнан қашқандар келіп бізді де кур-
стастарыммен бірге алаңға алып барды. Алаң жағалай
қоршауға алынған. Айнала айғай-шу. Алаңда жарты
сағаттай тұрдық, бір кезде жиналған көпшілікке БТР ма-
шиналары қарсы жүрді. Жастар тас алып лақтырып,
төбелес басталып кетті. Қалың лек артқа шегініп,
алдындағылар қашып үлгердік. Содан көше бойымен
өлең айтып уралап қатарымызға адамдарды қосып
алдық. Екінші алаңға бардық. Онда да қырғын, арқамнан
қатты соққы алып, қашып үйге келдім. Бірге еріп барған
қасымдағы жолдасымның дипломаты алаңда қалып
қойыпты. Ертеңінде сабаққа барсам жанымдағы курстас
үш жігітті ректор шақырып жатыр деп алып кетті. Каби-
нетке келсек азаматтық формада киінген үш адам отыр
екен, олар бізді ертіп генпрокуратураға апарды. Ол жерде
Москвадан келгендер отыр екен, сұрақ-жауап, тергеу ба-
сталып кетті. «Сендер халық жауысыңдар» деп айғайға
басты. Біздің алаңға барғанымызды айтқан алаңда дип-
ломаты қалған жолдасымыз екен. Бірнеше күн қатарынан
жүргізілген тергеуде бізді ұрды-соқты. Үшеуімізді 21
желтоқсанда жауып тастады. Содан 19 наурызда сот
болып, бізді үш жылға
соттады. Уақытша қамау
изоляторында
Қайрат
Рысқұлбеков және журналист Құттыбай Айма-
хановпен бірге отырдым. Ал Қайратқа басында
ату жазасы кесілген болатын, кейіннен 20
жылды
берді.
Мені
соттағаннан
кейін
Өскемендегі зонаға жіберді. Кетіп бара
жатқанда психбольницадан әкеле жатқан
Қайратқа жолықтым «Мыналар менің ақыл
есімнің дұрыстығын тексеріп жатыр, әбден шар-
шатып жіберді» деді. Содан көрмедім. Тек
түрмеде
отырғанда
басшылар
газеттен
Қайраттың өлгендігі туралы жазылған матери-
алды көрсетіп, танисың ба деп сұрады. Өзіне қол
жұмсады деп жазылған. Бірақ мен оған сенбеймін.
Түрмеде тіпті қиын болды. Ол жерде де бізге
тыныштық бермеді. Сендер өкіметке қарсы
шықтыңдар, халық жауысыңдар деп неше түрлі
қорлық көрсетті. Сондағы алған ауыр соққылардан
болар бүгінде еңбекке жарамсызбын, 2 топтағы
мүгедекпін. Үш жылға деп соттаған мені 1988
жылдың майында яғни 1,5 жылдан кейін босатып
жіберді. Келгеннен кейін оқуымды жалғастырдым,
бірақ тыныштық бермеді, еріксіз бәрін тастап ауылға
келдім. Мен ол кездегі бізге көрсеткен қорлықтың
бәрін айтпай-ақ қояйын...» деп қиын күндердің есте-
лігін аяқтады Думан. Иә, бұл келеңсіз жайт 17
жастағы бозбаланың есінде мәңгі ауыр естеліктер
болып қала беретіні сөзсіз. Ата-анасынан ерте айы-
рылып, әжесінің қолында болған Думан бүгінде әке-
шешесінен қалған қарашаңырақтың иесі. Жұбайы үй
шаруашылығында, үш ұлы бар, үлкені әскерде. Қолда
бар тұяғын бағып-қағып отырған жайы бар. Сол бір
қырғыннан тек 2005 жылы ғана ақталғандығы туралы
қағазды алды, оның өзін тамыр-таныс арқылы.
Думанның басынан кешкен жайттарды ой елегінен
өткере отырып, олар елдің тәуелсіздігі, ұлтының
азаттығы, намысы үшін күресті емес пе? Неге олар
бүгінде мемлекеттің қамқорлығынан тыс қалып отыр.
Біз тәуелсіз ел емеспіз бе. Олардың бар екендігін елеп-
ескеретін білім ордалары ғана. Оның өзі жылына бір ке-
летін мерекелерінде.
сағыныш әбілова.
ЖелТоқсАн ЖАңҒырыҒы
Ғасырларға жалғассын Азаттығы Алаштың
Ер қадірін назардан тасалаудан
Қай ел опа тауыпты?
Иә, ерлік жасамаудан
Бағаламау әлде қайда қауіпті!
М.Шаханов
ЖелТоқсАнның
ЖелТоқсАнның
куәгері
куәгері
Уақыт қанша сырғып алға қарай зымырап
жүре берсе де, өмірдің әрбір кезеңі, тарих
қойнауында қала бермек. «Өткен күннен
алыс жоқ»-демекші, қаһарлы күндей күркіреп
халықтың басынан өткен сол бір күндердің
бірі 1986 жылдың желтоқсаны. Талай жастың
қаны мен көз жасы төгілген ұл-қыздарымыз
сол желтоқсанның ызғарына мойымай, жігер-
ліктерімен кеудесін тосты. Кеңестік заманның
келеңсіз осы бір оқиғасы, бүгінде ақ таңдақ
тарих бетінде сайрап-ақ жатыр. Арада қанша
жыл өтсе де, өткен күндер ел есінде. Ал, сол
күнді көзімен көргендер бүгінде арамызда
жүр. Осы бір тарихи сәттің куәсі болған
Ақжол ауылындағы Әлібек Бүркітбаев
атындағы №12 орта мектептің тарих пәнінің
мұғалімі Нұрмағанбетова Амина Құрманғалиқызы.
Сонау жастық шағының ауылында қалған желтоқсанның ызғары жайында
Амина Құрманғалиқызы былай деп әңгімесін өрбітті. -1986 жылы мен Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарих-кітапхана ісі
факультетінің ІІІ курсында оқып жүрдім. 16 желтоқсанда факультетіміздің де-
каны Баданов Ырзабек Исабекұлы бізге «Бүгін біз үшін жаралы күн,
Д.А.Қонаевты орнынан алып, орнына Ресейден басқа бір ұлт өкілін
тағайындапты» деп сабақтан босатып жіберді. Жатақханаға келсек Бреж-
нев атындағы алаңға жастар жиналып жатыр деген хабар тарады. Бәріміз
алаңға бардық. Алаңға жиналған жастардың көңілдері көтеріңкі, бәрі «біреу
шығып бізге түсіндірсін» деп кешке дейін тосып тұрды. Кешке милиция келіп
бәрін қуа бастады. Жастар тарай қоймаған соң өрт сөндіретін машиналар-
дан су шаша бастады. Содан кейін ғана алаң босады.
Келесі күні, 17 желтоқсанда таңертең жатақханаға институт мұғалімі
келіп бізді сабаққа ертіп апаратынын айтты. Өзіміз барамыз деп айтып едік,
мұғалім көнбеді. Курстың қыздары еріксіз көніп аялдамаға кеттік. Жол бойы
ақылдасып, мүмкіндік болса, мұғалімнен қашып кетеміз деп келістік. Аялда-
мада мұғалімді троллейбусқа мінгізіп жібердік те, өзіміз аялдамада қалып
қойдық. Көлік жүріп кеткеннен кейін, бәріміз басқа троллейбусқа мініп,
қайтадан алаңға бардық . Алаң жастарға лық толып кетіпті. Біз ең артынан
тұрдық. Есірткі шеккен, арақ ішкен ешкімді көрмедік. Бәрі өзіміз сияқты сту-
денттер мен жұмысшы жастар. Алаңдағы жастар үкімет мүшелерінен біреу
шығып не себептен Қазақстанның басшылығына Қазақстанда жұмыс істе-
ген, жағдайын білетін адам емес, Қазақстанда бұрын болмаған адам
тағайындалғанын түсіндірсін деп талап етті. Жастардың алдына шыққан
адамдар жастардан тек тарауларын талап етті. Бір кезде «Олжас! Олжас!»
деп ұрандатқан адамдардың арасында Олжас Сүлейменовты қамап қойып,
жастардың алдына шығармайды деген сыбыс тарады. Бұл хабарды естіген-
нен кейін біз алаңнан кетпейміз деп шештік.Түске қарай үкімет үйінің ал-
дында шеп құрып тұрған бастарына каска киген, қолдарына пластик қалқан
және резеңке шоқпарлар ұстаған әскерлер жастарға қарай лап қойды. Орын-
дарынан қозғалмаған жастарды резеңке шоқпарларымен ұра бастады. Біз
ең артында тұрғандықтан көп нәрсені көрмедік. Тек қыз, ұл деп қарамай бәрін
ұрып жатқан әскерлерді көрдік. Басқалар сияқты біз де жүгіре қаштық. Бір
группаласымның бетіне резеңке шоқпар тиіп, бетті қатты көгеріп ісіп кетті.
Мұғалімдер біліп қоймасын деп біз оны бірнеше күн тығып жүрдік. Түстен
кейін жатақханаға мұғалімдер келіп, алаңға бардыңдар, үкіметке қарсы
шықтыңдар деп сөге бастады. Филология факультетінен келген бір апайдың
«Мен орыстарды жақсы көремін, өзімді орыс деп санаймын, орыстар бізді
жарылқап отыр, сендердікі дұрыс емес» деген сөздері ызамызды келтірсе
де қарсы ештеңе айта алмадық.
18 желтоқсанда бізді жатақханадан шығармай, сабақты сонда өткізді. Сабақ
оқуға әрине көңіліміз болмаса да, бәрі басылғанша бірнеше күн ұстаздар
келіп дәріс беріп жүрді.
Желтоқсанның ызғарлы күндері жүрегімізге қаяу салғанымен рухымызды
жасыта алмады. Тәуелсіздік таңын жақындатқан, дүниені дүр сілкіндіріп
тоталитарлық державаның іргесін шайқалтқан Желтоқсан көтерілісі ел та-
рихында мәңгілік сақталары сөзсіз –дейді оқиға куәгері.
Өз тілшімізден.
Тәуелсіздік және құқық
Осыдан 23 жыл бұрын, яғни 16.12.1991ж. «Қазақстан Республикасының мемле-
кеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданып, бұл күн
тарихымыздағы ерекше күн болды десек артық айтпаймыз.Осы жылдарда
мемлекетіміздің жүріп өткен жолына қысқаша үңілсек, дербес мемлекеттігімізді
құруда және бүкіл әлемге паш етуде көптеген қажырлы жұмыстардың
тындырылғандығын байқаймыз. Қоғамымызда орын алған саяси, экономикалық
және әлеуметтік саладағы жаңарулар мен өзгерістер баршаға аян.Құқықтық салада
да көптеген жұмыстар атқарылды.1993 жылы құқықтық реформа аясындағы
алғашқы мемелекеттік бағдарлама әзірленіп, бұл бағдарлама тәуелсіз
Қазақстанның жаңа құқықтық жүйесін құрудың бастамасы болды деуге болады.
Осы жолда, мемлекетіміз бен қоғамымыздың түпкі қағидаларын анықтайтын нор-
малар мен институттардың негізі бекітілген мемлекетіміздің басты саяси-құқықтық
құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының 30.08.1995ж.
Республикалық референдумда қабылдануының маңызы зор.
Конституциямыздың 1 бабында, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары де-
лінген.Яғни, жаңа редакциядағы Ата Заңымыздың әу бастан жекелеген адамға тіке-
лей бет бұрғандығын, осыған сәйкес мемлекеттің, оның ішінде заңдардың ең
алдыменен адам үшін қызмет жасау керектігін меңзейтіндігін айту қажет.
Конституцияның қабылдануымен қос палаталы Парламент, Конституциялық кеңес
және тәуелсіз қоғамның басқа да тиісті мемлекеттік институттары құрылды. Құқық
қорғау органдары мен сот жүйесінде елеулі реформалар жүргізілді. Құқықтық
салаға қатысты Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен жолдағы маңызды оқиғалардың
бірі деп, сот-құқықтық реформаларын айтуға болады. Нәтижесінде, елімізде дер-
бес және тәуелсіз сот билігі қалыптасты.Сот жүйесінде, оның жаңа құрамдас
бөліктері – әкімшілік, экономикалық, ювенальдық соттар құрылып, алқабилердің
қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыру қолға алынды.
Сондай-ақ, құқықтық саладағы маңызды оқиғалар ретінде Қазақстан
Республикасындағы Тіл, Сайлау туралы саяси салмағы жоғары заңдардың
қабылдануын, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшкен қоғамдағы
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және
есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын реттейтін Салық
Кодексінің, еңбек қатыстарын реттейтін жаңа Еңбек Кодексінің қабылдануын да
атап өткен жөн.
02.07.1998ж. ТМД елдері ішінде ең алғашқы болып «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануы да көп
жағдайды аңғартып тұрған сияқты.
Кез келген тәуелсіз мемлекеттің басты тірегі Заң десек, сол Заңның қоғамда
үстем тұруының қаматамасыз етілуі, осалсылмауы ең бірінші прокуратура органда-
рына тікелей байланысты.Осыған орай, жаңа редакцияда Конституцияны іске асы-
руда «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды.Заңмен прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары белгіле-
ніп, прокуратура органдары мемлекттік маңызды институттардың біріне айналды.
Прокурорлық қадағалаудың басым бағыты болып адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып қала берді.
Жаһандық заман талабына сай дамып келе жатқан еліміздегі өзгерістерге байла-
нысты заңдардың да өзгеріп тұруы ақиқат.Ендеше 01.01.2015ж. бастап
қолданысқа енгізілейін деп отырған Жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық,
Қылмыстық процесс, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Кодекстерінен де құқықтық кеңістік шеңберінде көп нәрсе күтілуде.
Сөз соңына орай, еліміздің тәуелсіздік күні құтты болсын, қоғамымызда әрдайым
құқық үстемдігі арта берсін, текті көк түріктердің әр заманда Ұлы Даламызда құрған
Ұлы Мемлекеттерінің бүгінгі күнгі тікелей мирасқоры – тәуелсіз Қазақстан
Республикасының көк туы әрдайым биіктен желбірей берсін демекпіз.
А.Ақынов,
аудан прокурорының
аға көмекшісі 1-і сыныпты заңгер.