Каркаралы 1 Макет 1



жүктеу 3,52 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата20.11.2018
өлшемі3,52 Mb.
#22012
1   2   3   4   5   6

6

13 желтоқсан 2014 жыл

Қазақ халқының зиялы мен ойлы кауымы ел тарихымен

қатар  ата-бабалар  шежіресін  бағзы  замандардан-ақ

ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен. Ауыл ақсақалдары мен ру

басылары өз руының шежіресін жете меңгеріп, 15-20 атаға

дейін  тарата  білген  «Шежіреші»  даңқты  біліктілеріміз

қазақтың  «жетпіс  жеті  атасын  таратып»  аталары  жасаған

дәуірінде халық басынан өткен ірі оқиғаларды да ұрпақтан-

ұрпаққа жалғастырып келген.

Ата-тегінің  5  ғасырлық  тарихын  жан-жақты  білу  -

халқымыздың  өзге  елдерден  айырмашылығымен  қатар

бабаға деген құрмет, ата-әкеге деген ізет пен сыйласымның

дәлелі болып отыр.

Жеті атаны білу әрбір қазақ азаматының дәстүрлі борышы,

ал мұны таныту ата-баба тәрбиесінің әліппесі еді. Алайда,

ұзақ уақыт бойы ауыздан-ауызға таралғандықтан, көптеген

күңгірттіктер мен қайшылықтар, дәуір мен жыл мезгілі және

басқа да жаңсақтықтар байқалып жатады.

Ертеден-ақ,  ата  текті  білмеу  ана  тілге,  ұрпақтың

денсаулығына,  ұрпақтың  генеологиясына  кері  әсері  бар

екені белгілі еді. Қай заманда болса да текті ұрпақтар ор-

нымен бағаланған.

Аталарымыз ру, ұрпақ мәселесіндегі білгірлігі, даналығы

мен даралығы жеті атаға дейін қыз алысып, қыз бермегені-

нен-ақ байқауға болады. Осыдан-ақ, байтақ Азия арыста-

рына  айналған  көшпелі  қазақ  халқының  медицинадан,

физиологиядан, генеологиядан тағы басқа ғылымдардан ха-

бары жоқ деу негізсіз екені анық. Алайда, «Жеті ата тану»

мәселесінің  қоғамнан  шетінеп  қалуы  қазіргі  уақытта

қандастарымыз арасында  туындаған өзекті мәселелердің

бірі болып отыр. Осы мәселеге орай байтақ Сарыарқа да-

ласында кеңінен таралған Шекшек (Қаракесек) руын жан-

жақты  қарастыру,  саф  алтындай  бағалы  тарихымызға

теңіздің  тамшысындай  болса  да  маңызды  үлес  қосары

сөзсіз.  Бұл  мақаладағы  негізгі  мақсатымыз  –  қазір

Қарқаралы ауданын мекендейтін Шекшек руынан тарайтын

азаматтарды, ағаларымыз бен інілерімізді бір жаңалықпен

хабарландыру.

Яғни, осы рудың өкілдеріне жуық арада Шекшек руының

шежіресі,  және  аталған  рудың  ел  басқарған  тұлғаларына

қатысты  шағын  кітап  жинақ  шығатынын  айтқымыз  келіп

отыр. Бұл кітапқа кейінгі жылдары шежіреге енбей, аттары

дұрыс жазылмай, аталмай кеткен қандастарымызды тауып,

шежіреге тіркейтінімізді хабарлаймыз.

Бұл кітап болашақта «Шекшек. Ел мен Атамекен тарихы»

атты  атаумен  шығайын  деп  отыр.  Сондықтан  аталас

туысқан 

ағайындарымызға 

айтарымыз 

төмендегі

мекенжайларға хабарласып, Шекшек руы жайында, Нұралы

баба, ол кісінің інілері Бигелді, Жангелді, Жайнақ жөнінде

қосымша деректеріңіз болса, материалдар, аңыз-әңгімелер,

ескі  аталы  сөздері  кездесіп  жатса  міндетті  түрде

хабарласуларыңызды  өтінеміз.  Жалпы  біздің  Шекшектер

географиялық  орналасуына  байланысты    Түнқатар,

Қарақуыс, Кент деп бөлінеді екен. Осындай керемет үлкен

территорияны  мекен  ететін  руластарымыздың  тарихы  аз

жазылған. Сондықтан көп деректерді жинап, салыстырып,

қосымша материалдармен толықтырып жазуды жөн көріп

отырмыз.

Бәтшорұлы Шекшек Нұралы биден тоғыз ұрпақ тараған.

Бұл  тоғыздың  ұрпақтары  қазіргі  уақытта  Қарқаралының

ауылдары Нұркен, Жамбыл, Бейбітшілік, Тоқтар, Қарағайлы

кентінде өмір сүріп жатыр.

Кейінгі уақытта Шекшек руына қатысты, Нұралы бабаның

өмірі  мен  қызметі  жайында  тың  деректер  мен  аңыз-

әңгімелер көптеп ұшырасып жүр. Бабаның ұлдары Жаман-

бай,  Қармыс,  Дүйсекелер  жайында  мұрағат  құжаттары

табылып  жатыр.  Бұл  құжаттарда  аталарымыздың  өмірі,

атқарған қызметтері, шендері туралы баяндалған.

Біздің мақсатымыз осы деректер мен аңыз-әңгімелердің

басын қосып, салыстырып, зерттеп, оқырман қауымға оның

ішінде 


Шекшек 

ұрпақтарына 

таныстыру. 

Қасиетті


Қарқаралының тарихына өздерінің сүбелі үлестерін қосқан

аталарымыздың  тарихына,  өлшеусіз  қызметтеріне  баға

беру,  әрине    ұрпақтарының  міндеті  болып  саналады.

Сондықтан біздің бұл бастамамыз көптің көңілінен шығар

деген ойдамыз.

Кейінгі уақытта өмірге келген немере, шөберелеріңіз бар

шығар,  бұл  ұрпақтар  міндетті  түрде  шежіреге  енуі  керек.

Нұралы бабамыздың кіндігінен тараған кейбір ұрпақтардың

шежіреге енбей қалуы да мүмкін. Сондықтан алыс-жақын

аймақтарда  тұратын  ағайындар  болса  міндетті  түрде

хабарласыңыздар.

Бұл шағын кітаптың негізгі көздеген мақсаты Сарыарқаны

мекендейтін Шекшек руы және оның атамекен тарихының

әлі беті ашылмай келген тақырыптары бойынша болашақ

тың  зерттеулерге  жол  ашу.  Сонымен  бірге,  Шекшек

ұрпақтарының  және  әр  қазақ  баласының  өз  тегін  нақты

дерек арқылы танып, ата-бабаларының мұрасын ой елегі-

нен өткізіп, болашаққа сара жол таңдауына септігін тигізу

үшін  де  жинақтың  қосатын  үлесі  зор.  Құрметті  Шекшек

бабамның ұрпақтары! Осы шежіреде бізде бар деректер ке-

зінде өз ортасында зор беделге ие болған сол кездегі зиялы

қауым  өкілдерінің  бірі  Шекшек  руының  ұрпағы  Зейнел

Кәрібекұлы  марқұмның  еңбегінің  арқасында  жинақталған

еді.  Сол  материалдармен  тың  деректерді  кітап  қылып

шығаруға зор мүмкіндік туып тұр.

Шекшек ұрпақтары қазір бір қауым елміз. Ғылым сала-

сында,  бизнес  саласында  қоғамның  қалыптасуына  үлес

қосып жүрген мүмкіншіліктері жоғары азаматтар баршылық.

Ендеше,  ата-баба  алдындағы  ұрпақ  парызы  ретінде  осы

шығатын  кітапқа  моральдық  және  материалдық  қолдау

көрсетсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді.

Рақымжанов  Серік  Кәрімұлы. Бұқар  жырау  ауданы,

Үштөбе  ауылы(Энгельс),  Ленинград  көшесі29,  кв1,  тел

87215429683, сот 87026906125

Тлегенов  Ақжол  Дәуренұлы  Мұқанов  4/1,  кв32.  тел.

352096,  сот:  87029601263,  87773290936,  E-mail:  akjol-tle-

gen@mail.ru.

Өткенсіз  ел, тарихсыз жер болмайды

ҰРПАҚТАР

ҰРПАҚТАР

САБАҚТАСТЫҒЫ

САБАҚТАСТЫҒЫ

ЖАЛҒАСУДА

ЖАЛҒАСУДА

Жиренсақал неге және

қашан  «Комсомол шыңы»

атанған

Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің (б.ғ.д. ХІІІ-

ХІ және Х-VІІІ ғғ.) кейінгі кезеңдерін зерттеу түйінді

мәселенің бірі болып табылады.

Әлкей Марғұлан.

Ірге  тасы  1920  жылы  қаланған  Қазақ(Қырғыз)  Совет  комсо-

молы мемлекеттің ықпалды қоғамдық күші ретінде жастарды спортқа

баулу, ауылшаруашылығы жұмыстарына жұмылдыру, мәдени шара-

ларды атқару бойынша көптеген жұмыстар атқарғаны белгілі.   

Сөзіміз дәлелді болу үшін аудандық «Еңбек майданы» газетінің

1935 жылғы жазбаларына үңілейік(аудандық комитеттің Қазақстан

комсомолы 15 жылдық тойы қарсаңында атқарған жұмыстары жайлы

мақаласынан  /қор-50,тізім-1,іс-11,орам-1/):  ...(басы  сақталмаған)

“Барлығы 

79 

адамдық 


команда 


арқылы 

дайындалып

қатынасушылар  «ГТО»  ның  нормасын  тапсырды.  Қаладағы

жастардың әскери-дене шынықтыру жұмысы үшін аудандық комсо-

мол комитеті пизкултура плашадын салып, оның ішінен алты бақан,

турник, путбол, валейбол, баскетбол командасын ұйымдастырды. Бұлардан басқа, 3 жерден пизкултура

үйірмесі ұйымдастырылып 100 шамалы адам тартылды. Бұлар да «ГТО» нормысын тапсыруға әзірленіп

жүр. «ГТО» үйірмесіне барлығы 300 дей жас тартылып, бәрі де нормысын тапсырып значогын алды.

Аудандық комитет пен осоавиахим ұйымдарының күшімен 12 жерден «Ворошиловша атқыштар» үйірмесі

ұйымдастырылып, 195 комсомол қатысып, «Ворошиловша атудың» нормысын тапсырып жүр.

Қарқаралы комсомолдарының мақтаулы бір ісі – Қарқаралыдан 18 км жердегі 2,5 км «Жиренсақал»

шыңына 108 комсомолист шықты. 

Қарқаралы комсомол ұйымы Қазақстан комсомолының 15 жылдық тойына осы сияқты табыстармен

келді. Ауданымыздың мал шаруашылығын өркендетуге, мал азығын дайындауға, егін орағына әзірленуге,

мәдениет майданында келешекте көп жұмыс істейміз. 15 жылдық мереке бізге көп міндеттер жүктейді”

Қарқаралы аудандық Комсомолдар Комитетінің секретары: Қасымбекіп. 

35-ші жылғы газетте Жиренсақал шыңын «Комсомол  шыңына» ауыстыру туралы ресми дерек-

тер жоқ. Ел ішінде тарихи атаудың «Комсомолға» өзгеріп айтылуы (ауызша ғана) осы жайдан кейін орын

алған болуы керек. Демек, Жиренсақалдың тарихи атауын өзгертуге мақсат қойылмаған. Ел арасында

кейде «Үш тас» деп те атайды. Аппаздан шығып Сары бұйратқа жете бере Жиренсақал шыңы дулығалы-

қарқаралы батыр сұлбасына ұқсайды. Осындай жастарды спортқа жұмылдыру, жасыл желектер отырғызу,

орманды, тау алқаптарын, өзен-көлдерді тазарту, Қарқаралының шыңдарын бағындыру сияқты үрдістерді

ауданымыздың Аслан Рахымбергенов бастаған жастары да бүгінгі күні үлкен ынтамен, жауапкершілікпен

жалғастырып келеді.

35-ші жылғы Қарқаралы комсомолдарының “мақтаулы бір ісі” сияқты аудан жастары да биылғы жылы

“Пионер” шыңын бағындырды. Мұндай мәдени-спорттық шаралардың жиі өткізілуі ауыл жастарын туған

табиғатын тануға, аялауға, қорғауға, насихаттауға жол ашатыны және саламаттылық пен салауаттылыққа

тәрбиелейтіні анық. 

Тоқтала кететін жай, Жиренсақалдың етегінде сарқылмайтын көптеген бұлақтар бар, меніңше ол

жер көне-мәдени ескерткіштерге де бай. Сол жердегі «Ақтопырақ» кардонында әкем орманшы болған.

Әйдік таудың етегінде әрекідік, тігінен қаланған тастардың ұшы  байқалатын. 7 сыныпты аяқтаған жылы

жаз айында осы тастардың біреуінің жанын қазып, шамасы 70х70 см. «тас қорапқа» тап болдым. Жарты

метрден астам  қазылған соң адам басы мен сүйектер және ағаш шірінділері шықты. Бастың орналасуына

қарағанда марқұм солтүстік-батысқа қаратылып тік (мүмкін отырғызылып) жерленген. Ауылда әжем ғана

бар еді. Жүгіріп барып, «ашқан жаңалығымды» айттым. Үйден ере шығып басты көрді де, «адамның басы»,

ал, «сүйектер адамдікі емес» - деді. Содан әжем «әкең көрсе көрсетеді»-деп білгенін бағыштап, басты

құбылаға қаратып, жантайтып қайта жерлетті. Өзімше: «бұл адам өмірінде мұсылман болған ғой, оны

жоңғарлар азаптап түрегелтіп жерлеген, мұсылман болғандықтан беті құбылаға қаратылып қайта жер-

ленді» - деп өзімді өзім жұбатып, риза болып қоямын.      

Бұл жай содан ұмыт болған. Кейін, Әлкей Марғұлан бабамыздың «Беғазы-Дәндібай мәдениетінен

бұрынғы  қола  дәуірі  ескерткіштері»  шығармаларымен  танысқанда,  мынадай  жолдарға  тап  болдым:

«...Нұра кезеңіндегі (андронов мәдениеті) жерлеу салтының ерекшеліктері өлікті өртеу және сол жақ

қырымен бүрістіріп жерлеу болып табылады. Сол бір кешенде (Бұғылы І, Байбала І) кремациялау және

бүрістіріп жерлеу ізі болды. Қанаттас кешенінде марқұм отырғызылып көмілген. 

Ерте қола ескерткіштері үшін үймесіз тігінен қазылып көмілген тас тақталардан шиыршық қорым

түріндегі  мола  құрылымдары  тән.  Осындай  қорымның  ортасында    екі-үш  гранит  тастармен

қалқаланған тас жәшік, көлденең оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа бағдарланған. Марқұмның

бетіне қарсы, көбінесе құты пішінді салттық қыш құмыралар тұрған. Әшекейлерден осы дәуір үшін

мыс моншақтар, жыртқыш аңдардың ақсиған тістері, қабыршақтар тән...»

Осы жәйттер (үймесіз тігінен қазылған қорымдар) еліміздің археолог-ғалымдарын қызықтыра ма

деп ойлаймын. 

Манарбек Кәрім, 

аудандық мемлекеттік мұрағат басшысы.

Қазақ халқының қолөнерінде

ертеден келе жатқан, ұрпақтан-

ұрпаққа жалғасын тауып ел ара-

сында  өзіндік  маңызға  ие  –

зергерлік өнері ұлттық мәдениет

тарихынан ерекше орын алады.

Бұл өнердің түп төркіні мыңдаған жылдар әрі де жатқанын

археология  деректеріне  сүйене  отырып  айта  аламыз.

Қазақстан  территориясында  мыс,  қалайы,  алтын  тағы

басқа  асыл  металдарға  бай  кен  орындарының  игерілу

істерінің  ежелгі  замандарда-ақ  қолға  алынғандығын

айғақтайды.  Зергерлік  өнердің  сол  көне  замандардан

бері  қарай  үзілмей  сабақтасып  келе  жатқандығының

дәлелі  ретінде  біздің  заманымызға  асыл  мұра  болып

жеткен  зергерлік  бұйымдар  сырғалар  мен  білезіктер,

бойтұмарлар  мен  алқалар,  шолпылар  мен  шашбау-

лар,кемер белдік кіселер т.б жәдігерлерімізді атай ала-

мыз.

Осындай  зергерлік  өнер  туындыларын  тарихи-



өлкетану музейіміздің қорынан көруге болады. Отыз

жылдан  аса  тарихы  бар  музейдің  қоры  көне

археологиялық  және  рухани  мұраларға  өте  бай.

Солардың  бірі  жерлесіміз-ұста,  зергер  болған

Дүйсенқұлұлы  Нұрғабден  бұрынғы  «Қу»  ауданы

қазірі  «Егіндібұлақ»  ауданы  «Едірей»  ауылында

1884  жылы  орта  шаруа  семьясында  туған.

Шаншардың 

Айбике 

ұрпағынан 



Көрпеш,

Көрпештен: 

Дүйсенқұл, 

Дүйсенқұлдан:

Күлсары,Нұрғабден,Кіші аға туған екен. Дүйсенқұл

Нұрғабденнің  моллалық  қасиеті  болған,намаз

оқып,ораза  тұтқан,домбыра  шертіп,ән  айтқан.

Дүйсенқұл Нұрғабденнің жары Таңатарқызы Бибі

қолөнердің шебері болған: түскиіз,алаша,сырмақ

сыру, кестелеу, тоқыма тоқу, көйлек-көпшек тігу

сияқты өнері болған екен.

Соғысқа дейін Нұрғабден ақсақал Семейде са-

удамен  айналысып,  одан  кейін  алтын,күмісті

сомдау жұмысымен айналысқан. 

Соғыс уақытында 1941 жылы «Артельтруд»қа

ұсталыққа жұмысқа тұрады. Онда ат тағалау,

сом темір өңдеу, қажетті саймандар, ағаштан

ертоқым тағы сол сияқты заттарды жасаған.

Қазіргі  Қарқаралы  қаласындағы  «автостан-

ция» бұрынғы сол кісінің дүкені болған.

Соғыстан кейінгі қалған уақытында халыққа

қажетті заттар: зергерлік бұйымдар: алтын-

нан,  күмістен  сырға,  білезік,  жималы

сақиналар, 

күміс 

шай 


қасықтар,

кавказдалған  кіселер,  ағаштан  тегене,

қымыз сапыратын ожау, таға және басқа да

бұйымдар жасаған.

Бұл  кісінің  зергерлік  бұйымдары

ауданымыздағы    және  Мәскеу,  Алматы

қаласындағы музейлеріне тапсырылған.

«Жақсының өзі өлсе де, аты

өлмейді» деген атам қазақ.

Зергерлік-  өте  ерте  за-

маннан  келе  жатқан  өнер.

Оны 


барлық 

халықтар


жоғары бағалап, ең қалаулы

өнер  етті.  Қазақ  арасында  жалпы  темір

соғатын  ұсталарды  да,  зергерлерді  де

«ұста» деп атаған. Ұста сөзі- шебер,өнегелі,

ісмер  деген  ұғымда  ағаш  ұстасы,  темір

ұстасы, күміс ұстасы, сөз ұстасы, ақыл айтуға

ұста деген сияқты тізбектерде айтыла береді.

Бірақ алтын-күміс әшекейлі бұйымдарды жа-

саумен 

әуестенушілер 



өздерін 

темір


ұстасынан  бөлек  санаған.  Осыған  қарай

оларды  зергер  деп  атау  бүкіл  Орта  Азия

халықтарында  ерте  кезден-ақ  қалыптасқан.

Қазақ тілінде алтын, күміс, жез, мыс сияқты түсті

металдардан жіңішкелеп суырылған жіптерді зер

деп атайды да зерлі тон, зерлі шапан, зерлі ки-

мешек және т.б сөз тіркестері өте жиі кездеседі.

Сондай-ақ  зер,  зерделі  деген  сөз,  асыл,таза

жігер, намыс деген ұғымдарда да қолданылады.

Зергерлер сән-салтанат бұйымдарын, жүлдеге

берілетін  заттарды  және  әр  түрлі  әшекей

жиһаздарын жасады. Бірақ мұның бәрі де халықты

қанаушы  озбырлардың  жеке  басының  мүддесі

үшін,солардың үй жасауларына көрік беріп тұратын

бұйымдар ретінде ұсталды.

Алайда халық дарыны тек осы істердің төңірегінде

шектеліп қалған жоқ. Халқының қамын ойлаған ше-

берлер  ел  сүйген  ерлерді,  маңдайлы  батыр,

таңдайлы  шешен,  еліне  пана,  жеріне  тұлға  ұл

қыздарының үлгі істерін зергерлік өнерінде бейнелеп

мұра етіп қалдыра білді. Сөйтіп қарапайым еңбекші

бұқараның эстетикалық талғамын өсіріп, рухани мейі-

рін  қандыратын,  еңбекке  баулып,ерлікке  бастайтын

жаңа мазмұнды, жаңа нәрлі өнер тудырды.

Сондықтан мұражай - жай ескі дүниелердің көрмесі

емес, ол халық қазынасын сақтайтын, тарих қойнауынан

сыр  шертетін  орын.  Мұражай  –  жалпы  адамзат

баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті та-

нытуда зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады

Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери еңбек жеті-

стіктерін,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрдің  ерекшеліктерін

оқып-үйренуге оның көмегі зор.

Егер  барымызды  бағалай  білсек,  біз  де  басқаға

танытарлық  байлығымыз  жетерлік.  Қарқаралы  тарихи-

өлкетану мұражайының танымдық жәдігерлері көпшілікке

рухани азық.



Г.Галиева,

Қарқаралы тарихи-өлкетану 

мұражайының қор сақтаушысы.

Тағылым

Зергерлік өнер


жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау