Каркаралы 1 Макет 1



жүктеу 3,52 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата20.11.2018
өлшемі3,52 Mb.
#22012
1   2   3   4   5   6

7

13 желтоқсан  2014 жыл

Қарағайлы  кентінде  өткен

жиынға  аудандық  ішкі  сая-

сат 


бөлімінің 

басшысы


Д.Халел, кент әкімінің орын-

басары 


Б.Әбжанов,

Қазақстан 

мұсылмандар

Діни  басқармасының  өкілі

С.Шоқанов, Құнанбай қажы

мешітінің бас имамы Ә.Ан-

забеков  және  кент,  ауыл

село  мешіттерінен  келген

имамдар қатысты. 

Адамның  ішкі  сенімін

шайқалтып, 

жүрегіндегі

иманын 

әлсіреткен 



жат

ағымдар қатері еліміздің әр

түкпірінен  бой  көтеруде.  Жоқ

жерде 


пайда 

бола 


кететін,

қолқаны қауып, тамақты  кебер-

сіткен  “шаң-тозаңдай”  сырттан

кіріп,  іштен  іріткісі  келген  теріс

діни  ағымдар  індет  болып

жайылғысы  келді.  Зардабында

көріп жатқандар бар. Оның өріс

алмауына 

әрекет 

етіп,


алдын  алудың  түрлі  іс-ша-

ралары мен әдіс-тәсілдерін

қолдануда.  Орыны  толмас

қасіретке ұласпасын десек,

білімді, жан-жақты сауатты

к

ө



з

қ

а



р

а

с



қ а л ы п т а с т ы р у д ы ң

қажеттілігі туындайды. Ата

діннің  адастырмас  тура

жолына 


бағыттайтын

амалдың  ең  қарапайым

түрі  қандай?!  Ол,  әрине,

ел  ішінде  жас-кәрімен

етене  араласа  жүріп,

ақыл-кеңес беріп, сан-са-

лалы  сауалдарға  жауап

бере 


алатын

а қ п а р а т т ы қ - н а с и х а т

тобының дәстүрлі кезде-

сулері.


Міне,  осы  дәстүр  бо-

йынша  дүйім  жұрттың

басын бір қосып, ашық

әңгіме өткізсек деп кел-

ген 

Қазақстан



Мұсылмандар 

Діни


басқармасынан 

ар-


найы  келген  басқарманың  пәтуә

бөлімінің  меңгерушісі  Сансызбай

Құрбанұлы  Шоқанов  сөз  бастады.

Дәстүрдің  ең  мықтысы  дін  мен  тіл

болып, жат пиғыл, арам ойлылар сол

діннің  атын  жамылып  оны  қару

қылды. Дініміз ислам, жаратушымыз

хақ  деген  мұсылмандарды  қайтсе

жолдан  тайдыруды  көздеген  топтар

сан  қырлы  кереғар  пікір  мен  іс-

қимылдар көрсетуде.

Кездесу  жиынның  күн  тәртібіндегі

дәстүрлі  дініміздің  құндылықтарын

түсіндіру, халықтың діни сауатын арт-

тыру,  жастар  арасында  діни  экстре-

мизм  мен  терроризмнің  алдын  алу

жайындағы әңгіме мағыналы өтті.

Уақыт талап етіп отырған бұл әңгіме

дін және діни қатынастар мәселесіне

ерекше  мән  беріп  отырған  біздің

ауданымызда да басты орында. Ел-

басымыз  зор  көңіл  бөліп    отырған

жалпыұлттық дін мәселесі үлкен мін-

деттер 


мен 

жауапкершіліктерді

жүктейді. 

Татулығы 

тұтасқан,

ынтымағы 

ұйысқан 

көп 


ұлтты

Қазақстан  мемлекеті  үшін  қауіпті  де

қатерлі түнек дінмен көз байлау. Теріс

пиғылмен  жұртшылықтың  көкейіне

әдейілеп күмән мен күдік ұялатып, се-

німсіздік  тудыру.  Сондықтан  бүгінгі

жас  өскелең  ұрпақты  қаталдық  пен

зорлық-зомбылыққа,  рухани  кеселге

ұшырамай 

асыл 


дініміздің

құндылығын 

сіңіріп 

өсіруге,


имандылыққа  ізгілікке  тәрбиелеуге

бағытталған тәрбие жұмысы осындай

бетпе-бет  кездесу  жиындар  арқылы

жүзеге 


асырылмақ.

Жиынның мақсат-бағдары

да  иман тазалығы, ақыл-

ой, 


парасат-пайымға,

сауаттылыққа жетелейді.

Осындай  баршаға  пай-

далы, 


ең 

бастысы


халықтың  тыныштығы  мен

бірлігіне, оның өркендеуіне

б а ғ ы т т а й т ы н ,

ақиқатқа негізделген

мағлұмат  беріп,  әр

қойылған 

сұрақ-

сауалға жауап беріп,



әңгімені түсіністікпен

қ о р ы т ы н д ы л а ғ а н

С а н с ы з б а й

Құрбанұлы 

жиын

қатысушыларына өз



т а р а п ы н а н

ризашылығын 

біл-

дірді.


Қарағайлы  кентін-

дегі 


№16 

орта


мектептің мәжіліс за-

лында өткен жиынға

кент тұрғындары, кент әкімшілігі

қасындағы  ардагерлер  Кеңесі,

ақсақалдар,  ата-ана,  ұстаздар,

оқушылар  қатысты.  Сауатты

сұрақ  қойып,  білсем  деген  ын-

талы  жасөспірімдердің  талпы-

нысы  көңіл  қуантты.  Арасында

бірлі-жарым  үлкендер  де  дін

таразысындағы 

ойларын


салмақтады. 

Қазақстан 

діни

басқармасының  пәтуә  бөлімінің



меңгерушісі С.Шоқанов жиыннан

соң 


да 

жекелеген 

сұрақ-

сауалдарға  жауап  беріп,  әңгіме-



сұхбатқа уақыт бөлді.

Иман  байлығын,  ар  тазалығын,

дәстүрдің 

ізгілігін, 

ақиқаттың

хақтығын барлығынан биік қоятын

ислам  дінінің  адамзаттың  басым

көпшілігінің  жүрегінен  орын  алуы

мен құран  кәрімнің көкірек көзімізді

ашып нұрлы жолға бастау үшін жі-

берілгеніне күмән тудыру кеудеміз-

дегі имандылық шырағының сөнгені

болмақ.

бану даутанқызы.

қарағайлы кенті.

Кеңес

мақсаты - дін

тазалығы

Дін - өте күрделі тақырып. Онымен айна-

лысу, зерттеу жай адамдар түгілі осы

саланың тереңіне бойлаған ғалымдар үшін

де жұмбақ әлем болып отырғаны баршаға

мәлім. Себебі, діннің қырлары көп, сыр-

лары өзгеше. Адамды адалдыққа,

имандылыққа баурайтын бұл саланың сол

жолда қыруар қиындықтардан өтетіні,

соңынан ерген жұртты сабырлылық пен

төзімділікке тәрбиелейтіні және бар. Та-

лабы күшті, тағлымы орасан. Бұған өзіміз

ерекше құрметтеп қадірлейтін ата-баба

жолы мен ұлттық құндылықтардың ең биік

шыңы салт-дәстүрді, ырым-жоралғыларды

қосыңыз. Халқымыз берік ұстанатын ислам

дінінің тарихы тереңде жатыр десек, оны

сезіне отырып ақшаңқан ақиқатты беттерін

насихаттау үлгілі істің бірі, әрі бірегейі

болып табылмақ. Бүгінде онымен жүздеген,

мыңдаған адамдар айналысуда. Алайда

заман ағымы ма, әлде өсіп-жетілген,

оқыған елдің өз талабы ма, дінді

бұрмалаушылық көбейді. Қайсысының

дұрыс, қайсысының бұрыс екені былайғы

жұртқа беймәлім. Ерекше сенімділікке еріп

басқа ағымдарға бетбұрушылар да

баршылық. Түрлі секталар да өздерінің

жолдарын дұрыс деп бағалап насихат-

тауда. Әрине, дінді таңдау әркімнің өз иелі-

гінде болғанымен, оның соғыс жолдарына

жетелейтіндері бүгінгі бейбіт елдің басты

мәселесі болуда. Мұсылмандық парыздың

негізі екен деп сол жолда адасып

жүргендер де аз емес. Оларға көмек беру,

дұрыс жолға түсіру осы іспен айналысатын

дінтанушыларға зор міндеттер жүктеуде.

Олардың қатарында ішкі саясат бөлімдері,

бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де

бар. Олардың мойнында жазылған,

айтылған ақпараттардың шынайылығы

халықтың дұрыс қабылдаулары, ел ара-

сына іріткі салмауы мәселелері тұр. Яғни,

бүгінгі таңда бұл тақырыптың да оңай емес

екені ашық айтылып білінуде. Жуырда

Қарағандыда осы сала төңірегінде

бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің

қатысуымен үлкен семинар кеңес өтті. Оны

облыстық діни істер жөніндегі мемлекеттік

мекемесі мен діндегі адасып жүргендерге

көмек қолын созатын “Нұрлы білім”

қоғамдық ұйымының мамандары

ұйымдастырды. Алдымен облыстағы  діни

істер жөніндегі басқарма төрағасы Қайрат

Қаршығаұлы Нұркенов пен “Нұрлы білім”

қоғамдық ұйымының жетекшісі Рүстем

Мәлікұлы Сыздықовтың баяндамалары

тыңдалды. Семинардың негізгі мақсатымен

таныстырып өткен олар облыс, мемлекет

көлемінде атқарылып жатқан істерге жіті

тоқталып алдағы жоспарлар жайында сөз

қозғады. Келесі кезекте сөз алған ҚР

Мәдениет және Спорт Министрлігі

жанындағы дін істері жөніндегі қоғамдық,

ғылыми топтың туындайтын сұрақтар бо-

йынша сарапшысы Юлия Олеговна Дени-

сенко көптеген мәселелерге көңіл бөлді.

Жалпы, осы тақырып төңірегінде

журналистикалық зерттеулер жүргізіп,

әсіресе ислам діні жөнінде толғамды ой

қозғап жүрген сарапшының айтары мол. Өз

көзқарасын терең зерттеулік нәтиже

арқылы білдіріп жүрген маман бір кездері

елдегі діни мәселе туралы Елбасымыз

Н.Ә.Назарбаевпен де жүздеспек екен. Осы

әңгімелерімен бөліскен ол журналистер

қауымын дін тақырыбын жазғандағы

күрделі сауал болып табылатын

қателіктерді жібермеуге шақырды. Біреудің

арына тимеу, айтылатын пікірді нақты

дәлелдерге сүйене отырып келтіру, осын-

дай іспен шұғылданып жүрген

ғалымдардың, мамандардың деректерін

келтіру, ең бастысы бейбітшілікті сақтау ту-

ралы айтып берді. Семинарда үш топқа

бөлінген журналистерге сауалнама

жүргізіліп, оларда өзара сайысқа түсті.

Әркім өз ойын білдіре отыра, көптеген

мәселелерді талқыға салды. Ислам-

қайырымдылық діні екені белгілі.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір

өсиетінде: “Адамдардың жақсысы-елге пай-

дасы тигендері”,-деген. Семинар мақсаты

да сол қалыпқа құрылған сыңайлы, яғни

қасиетті дініміздің бірлігін 

сақтауға үлес қосу.



д.жүнісбекұлы.

Дін-имандылықтың қайнар көзі

Ислам ақиқаты адамзат

құндылықтарына негізделген

АқпАрАттық-нАсихАт тобы-

жАстАр АрАсындА

Бүгінгі  қоғамдағы  өзекті  тақырыптың  бірі-дін  мәселесі.  Тірегімізге  айналған  ақ  жол  таза  дінімізді

бұрмалап, Әбу Ханифа мазхабына жат әрекеттерді астыртын жүзеге асырып жүрген түрлі пиғылдағы

діни ағымдар жетерлік. Жан-жағына зәрін шашқан улы жыландай жалындаған жастарды торына түсіріп,

жат қылықтар мен зиянды әдеттерге итермелеуде. Осындай қауіпті кеселдің алдын алу мақсатында

Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының арнайы ақпараттық-насихат тобы аудандық ішкі саясат

және Құнанбай қажы мешітінің өкілдерімен бірлесе отырып Қарқаралы ауданына келіп, қала басында

колледж студенттері, мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сан-

сызбай Шоқанов дәстүрлі дініміздің құндылықтарын түсіндіру, халықтың діни сауатын арттыру, жастар

арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың негізгі алғышарты екендігін баса айтты. Жат

пиғылдағы түрлі ағымдардың жетегінде кетпеу үшін, олардың айырмашылығын білу қажет дейді. Ол

үшін қала басында тұрған  Құнанбай қажы салдырған мешітке барып имамнан барып кеңес алу қажет

екендігі де тілге тиек етілді. Жалпы адамның бойында адамгершілігі мол, иманжүзді адам болса, әрі діни

тұрғыдан сауатты болса, ол «ешкімнің» жемтігіне айналмасы анық. Кездесу барысында жастар көкейде

жүрген сұрақтарын қойып, тиісінше толымды жауап алды. 

сағыныш Әбілова.



8

13 желтоқсан 2014 жыл

Бүгінгі таңда қазақ күресіне

ерекше  мән  беріліп,  үлкен

айтулы 


додалардың

өткізіліп 

келе 

жатқаны


баршамызға  белгілі.  Небір

талантты 

жастарымыз

спорттың осы түрін жанына

серік  етіп,  тартысқа  толы

аламандарда  топ  жарып

жүргендері қаншама. Білекті

спортшыларымыздың  дені

ауылдық 

аймақтардан

шығып  жатқандары  да  жа-

сырын 


емес. 

Бастысы,


өскелең 

жас 


ұрпақты

спортқа бейімдеп, тәрбиелей алуда. Осындай жауапты

істі  жуырда  ғана  қолға  алып,  ауыл  жастарын  спорт

залға жинап, қазақ күресіне жаттықтыруды бастаған

Н.Әбдіров  атындағы  батыр  ауылының  тұрғыны,

Нүркен селолық округі әкімі аппаратының жетекші ма-

маны  Баймаканов Асхат Бейбітұлы. 

А.Баймаканов  жайлы  айтар  болсақ,  бұл  азамат

спорттың  жеңіл  атлетика  түрінен  аудан,  облыс

көлемінде  өткізіліп  жүрген  бірнеше  жарыстардың

жеңімпазы.  Үстіміздегі  жылдың  жаз  айында  Алматы

қаласында өткен халықаралық қайырымдылық мара-

фонына қатысып, 500 кәсіби марафоншылармен 42

шақырымға жүгіріп, 18-орынды иеленген спортшы. Ал,

қазақ күресінен Асхаттың ауыз толтырып айтарлықтай

жүлдесі  болмаса  да  ауыл  жастарын  спортқа  бейім-

деймін деген жанашырлығы басым. Күрестен тіпті ха-

бары жоқ деуге де келмейді. Өзінің айтуынша, бірінші

разряд иесі.

Асхат Бейбітұлы қазіргі уақытта Нүркен ауылындағы

мәдениет үйінің бос тұрған спорт залын алып, қазақ

күресінен ауыл жастарын жаттықтыруда екен. Спорт-

шылар  екі  топқа  бөлінген.  Күндізгі  сағат  3-тің

уақытында мектеп оқушылары, кешке ересек ауыл жа-

стары жаттығады.

Ауылына  деген  жанашырлық  сезімі  басым  бұл

азаматтың жасап жатқан жаттығуына арнайы барып

көзбен көріп қатысып та қайтқан едім. Жаттығу бары-

сында Асхатты әңгімеге тартқанымда былай деп бар

ойын бүкпесіз жайып салды. 

-Мен  кәсіби  күрес  шебері

емеспін, бірақ бірталай әдіс-

тәсілдерін, 

тәртібін


меңгергенмін. Ауыл азамат-

тары бос уақыттарын спорт

залда  өткізсе  деген  ойым

бұл.  Аз  да  болса,  әдіс-

тәсілдерді меңгеріп, қазақша

күреске деген құлшынысын

оятсам. 

Сонымен 


бірге,

болашақтағы 

мақсатым,

ауылда  тұратын  мүмкіндігі

шектеулі  балаларға  арнап,

стол теннисі, дартыс, дойбы,

шахмат 

ойындарынан



үйірмелер  ашу.  Тағы  бір

ойым  алдағы  жаз  айла-

рында 

жарлы 


өзенінің

жағасында  жағажай  фут-

болы мен жағажай валейбо-

лынан 


аудандық

жарыстарды ұйымдастырып

өткізу. Әрине, мен бірінші ке-

зекте ауылымның халқына, ауыл азаматтарына айтар

алғысым  шексіз.  Үнемі  қолдау  танытуда.  Осы

жаттығуды  жасау  үшін  ауылдағы  клуб  меңгерушісі

Е.Ахметчин  спорт  залды  берді.  Мектеп  директоры

Мазин  Берікбол  ағама,  ауылымның  азаматтарына

үлкен  рахмет  айтамын.  Жаттығу  өткізуіме  қолдау

көрсетіп көмектескендері шындық. Алла сәтін салса,

алдағы Тәуелсіздік мерекесі 16 желтоқсан күні Қазақ

күресінен «Нүркен Барысын» өткізу жоспарда. Бір ғана

мақсатым, ауыл жастарының аз да болса спортқа тал-

пынысы  оянса,  жаман  әдет-қылықтардан  бойларын

аулақ  ұстаса,  өз-өздерін  қорғай  алатын  білекті  аза-

маттар болса екен деймін.

Ия, бұны Асхат Бейбітұлының ауылына деген үлкен

құрметі,  патриоттық  сезімі  деп  түсінгеніміз  рас.

Әйтпесе,  ешкімнен  жасап  жатқан  осы  еңбегіне  ақы

сұрап  отырған  жоқ.  Еңбегінің  ертелі  кеш  жанарына

кәміл  сенеді.  Ауылымда  спорт  дамып,  жастарымыз

жетістіктерге жетіп жатса, менің алатын еңбек ақым

сол-деп  сөзін  тәмәмдаған  Асхат  Бейбітұлының  бұл

сөзі  спортшыларға  қанат  бітіреді  деген  сенімдеміз.

Ауылының нағыз жанашыр азаматына ғана жауапты

іс.


Д.Нұрланұлы. 

Еркін күрестен біріншілік өтті

ҚР Тұңғыш Прези-

денті 

мерекесі


қ а р с а ң ы н д а

Қарқаралы балалар

мен  жасөспірімдер

спорт 


мектебінде

еркін күрестен 2000-

2002 жылы туылған

жасөспірімдер  ара-

сында 

қалалық


ашық біріншілік өтті.

Бұл  жарысқа  қала

басындағы №1, 2, 44

орта мектептер мен

№23, 

12 


орта

м е к т е п т е р д і ң

о қ у ш ы л а р ы

қатысып,  күш  сына-

сты.

10 салмақ бойынша



белдескен 61 балуанның мақсаты жеңіске жетіп, жеңімпаз атану. Әрқайсысының күресудегі өзіндік

мәнері бөлек, спортқа деген ұстанымы өзгеше.

Осы сында жеңімпаз атанған балуандарды айтар болсақ, 33 кг Ерқанат Дәуренұлы (№23 о/м),

35 кг Заңғар Аман (№23 о/м), 38 кг Дарын Жомарт (№23 о/м), 42 кг салмақта Ақтөре Оспанов (№2

о/м), 46 кг Медет Шаймағанбетов (№1  о/м), Сайду Алихандар 50 келі салмақта күш сынасса,

Орал Жангелді (№44 о/м)  58 кг, Алдияр Темірхан (№1о/м) 63 кг, Жеңіс Асылан (№44 о/м) 69 келі

салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанып, мереке құрметіне арналған арнайы марапаттауларға

ие болды.



С п о р т

Ауылының жанашыр азаматы

Жас боксшылар жеңісі

Теректі өңірін ірі өндіріс ошағына

айналдырып отырған “Алтайполи-

металлы” 

комбинаты 

өлке


жұртының  әл-ауқатына  да  көңіл

бөліп  келеді.  Ауылды  көркейту,

ауызсу  жеткізіп  беру,  көшелерді

тазалау, халықты еңбекпен қамту

сияқты 

мәселелер 



шешілген

сыңайлы. Әсіресе осындағы №30

мектепке деген көзқарас өзгеше.

Сыртқы-ішкі  жөндеу  жұмыстары

жүргізілген, жылу да комбинаттың

өз  мойнында.  Сонымен  қоса

спорттық үйірмелер ашып, жергі-

лікті  балаларды  тарту  дұрыс

жолға 

қойылған. 



Комбинат

қызметкері  Геннадий  Енгович

Кимнің жетекшілік етуімен осыдан

бірнеше  жыл  бұрын  бокс  сек-

циясы  ашылған  еді.  Әр  мекеме-

мейрамдарда 

өнер 

көрсетіп


жүрген спортшылар таяуда атал-

мыш 


жаттықтырушы 

және


мектептің дене тәрбиесі мұғалімі

Дәулет  Қасымовтың бастауымен

сонау Қордай жеріне барып қайтты. Отар ауылында өткен аудан әкімінің жүлдесі үшін 1999-2000-

2001-2002 жылы туған балалар арасындағы бокс жарысында жас спортшыларымыз топ жарып,

елге жеңіспен оралды. Жүзге тарта боксшы қатысқан сында Мұрат Жанарыс Алмасұлы, Асқаров

Асхат  Бақытбекұлы,  Қабыкен  Келдібек  Дәулетұлы,  Зағиев  Темірлан  Бейсенбайұлы,  Тілеутай

Шыңғыс Әділбекұлы І орын, Сырымұлы Аймаханбет пен Ерланов Науан Ерланұлы ІІІ орын ие-

леніп  өз  салмақтарында  жеңімпаз  атанды.  Өз  елдері  мен  жерлерінің,  мектептерінің  атын

асқақтатқан спортшыларға жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін дейміз.

Д.Жүнісбекұлы.

Теректі ауылы.

Республикалық

додада топ жарды

Қарқаралы  ауданының  намысын  абыройлы  қорғауда

аудандық  балалар  және  жасөспірімдер  спорт  мектебінің

және жер-жердегі филиалдарының тәрбиеленушілері бір-

шама жетістікке жетіп келе жатқаны белгілі. Спорттық аре-

наларда  жақсы  нәтиже  көрсетіп  жүргендердің  ішінде

Қарағайлы филиалын да атауға болады. Мысалы, таяуда

Степногорск  қаласында  Бөгенбай  батыр  атындағы

республикалық турнирде қарағайлылық бапкерлер Сүйіндік

Серік пен Бақыт Матышевтердің шәкірттері, атап айтқанда,

Толғанай  Жұмағазы  (57кг)  мен  Мөлдір  Сәкен  (48кг)  өз

салмақтарында қарсылас шақ келтірмей, І орын иеленсе,

Ержан Жүнісов (42кг) ІІІ орын алып қайтты. 

Сонымен  қатар,  Астана  қаласында  Тұңғыш  Президент

күніне орай, ұйымдастырылған республикалық додада 29

кг  салмақта  Нұрислам  Нұрболат  жақсы  өнер  көрсетіп, ІІІ

орынды  қанжығасына  байлады.  Жас  балуанды  жарысқа

дайындаған әкесі әрі бапкері -  Бақыт Матышев.



жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау