5
13 желтоқсан 2014 жыл
Шығармалар байқауында
Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу,
патриоттық шығармалардың отандық авторларына қолдау көрсету,
жастар арасында жаңа есімдерді табу, жас таланттардың өнерлерін
шыңдау мақсатында Балалар және жасөспірімдер орталығының
ұйымдастыруымен «Елін сүйген- Елбасы» атты қалалық патриоттық
шығармалар байқауы өтті. Байқау қала басындағы білім беру
мекемелерінің, яғни Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі, көп са-
лалы колледж, №2 о.м, «Еркетай», «Жастерек» бала бақшалары,
БжЖО –нан үміткерлер қатысып, бақ сынасты. Келген көпшілікті
құттықтап,
аталмыш
мерекенің
шымылдығын
БжЖО-ның
директорының орынбасары С.Малик ашып берді. Байқау мәнерлеп
оқу, вокал, өз шығармашылығы номинациялары бойынша,
қатысушылардың жас ерекшеліктерімен өтті. Жастар мен
жасөспірімдердің бойынан елсүйгіштік, ұлтжандылық сезімдері
оқыған өлеңдері мен салған әндері мен өздерінің шығармаларынан
байқалып тұрды. Әсіресе, бас жүлде иеленген Қарқаралы
ауылшаруашылық колледжінің 2-курс студенті Бабайбекова Ерке-
жан орындаған «Алтын бесік» әні көрермендерге әсер етпей қалған
жоқ. Байқауға Саз мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Р.Спабекова,
аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскерлері
Ж.Қасымжанова, Ә.Рымбекова, және білім дамыту орталығының
директорының орынбасары Қ.Мүсілімовтерден құралған сарапшы-
лар тобының бір ауызды шешімімен «Вокал» номинациясы бо-
йынша «Бас жүлдеге» Бабайбекова Еркежан ие болса, екі бірдей І
орынды «Жастерек» балабақшасы бүлдіршіндері мен көпсалалы
колледж студенті Әлиев Сағыныш иеленді. ІІ орын иеленген БжЖО-
ның атынан шыққан Әлімбетова Мөлдір «Сәлем саған, туған ел»
әнімен, ІІІ орынға қол жеткізген № 2 о/м оқушысы Ташенова Адия
«Земля Казахстана» әнімен ерекшеленді.
«Еркетай» балабақшасының бүлдіршіндері де көштен қалмай «О
Родине» әнін орындап, «Алғыс хат» қанжығалап қайтты. Мәнерлеп
оқу номинациясында БжЖО- ның атынан шыққан Ақан Дильнара
өлеңін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, «Бас жүлдені» ұтып алды.
Сондай-ақ осы номинациямен бірінші орынды «Еркетай»
балабақшасының тәрбиеленушісі кішкентай Сембір Нұрасыл «Ел-
басы» өлеңін мәнерлеп оқып иеленді. Көп салалы колледжінің сту-
денті Жұмабек Айбар осы номинацияда ІІ орынға қол жеткізді. «Өз
шығармасын» көпшілікке ұсыну номинациясында «Бас жүлде» ие-
ленген Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің студенті Мейрам-
бай-қызы
Меруерт
топтан
ерекшеленіп,
шығармасымен
көрермендерді тәнті етті. Бірінші орынды Көпсалалы колледж сту-
денті Сағындық Насира иеленіп, ІІ орынды БжЖО-ның
тәрбиеленушісі Матан Мәди «Мен президент болсам, егер»
өлеңімен қанжығасына байлады.
Ерекше атап атап өтерлігі және мақтанарлық жағдай бұл байқауға
қатысқан
балабақша
бүлдіршіндері
өздері
Қазақстан
Республикасының Әнұранын қолдарын жүрек тұсына қойып,
барлығы да бір дауыспен айтып әуенге қосылып отырғаны болды.
Дәл осы мереке күні тағы да «Қарқаралы қ. БжЖО»КММ-сінің
«Жастүлектер» аула клубының ұйымдастыруымен шахматтан ба-
лалар мен жасөспірімдер арасында аудандық сайыс өтті. Сайысқа
Қарқаралы
қаласынан
№44,
БжЖО
(жаттықтырушысы-
С.Б.Бектұрсынов) және Аула клубы (жаттықтырушысы- И.Есеев), №
17, 3 орта мектептерінің командалары қатысты. Жалпы есепте №1
ом оқушыларынан құралған БжЖО командасы Боранбай Сапар,
Тлеуханов Жаннұр, Жұмаш Ойрат , Қапбас Мөлдір І орын иеленді. ІІ
орынды Ынталыдан келген № 3 о/м командасы (жаттықтырушысы
Е.Қ Омашев)Алдангуров Бейсен, Жұмажанов Нұрлыбек,
Жұмажанов Айтбек, Бейсембекова Феруза, Жекенова Ақнұрлар ие-
ленді. ІІІ орын Аула клубы командасы (жаттықтырушысы И.Есеев)
Нұрғабден Дарын, Сағатов Данат, Батталов Жасқайрат, Әлімбет
Аяжан, Абайдуллина Жұлдыздарға бұйырды. Бұл додада жеңімпаз
және жүлдегерлер аудандық білім, дене шынықтыру және спорт
бөлімінің кубогы және мадақтамалармен марапатталды. Сондай-ақ
жарыста ойлы ойын өрнегін көрсетіп № 1о/м оқушысы Сәулехан
Дінмұхаммед, № 2 о/м оқушылары Госман Елнұра, Сәдуақас
Айдана, №17 о/м оқушылары Майбөрік Гауһар, Оразалы Айбектер
мадақтамалармен марапатталды.
Екі сайысты қорытындылап, жүлделер табыстаған балалар және
жасөспірімдер орталығының директоры Серік Бектұрсынов: бала-
лар мен жас өспірімдерге Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтай елін
сүйген патриоттар болуларын ыстық ықылас, шын жүректен тіледі.
Э.сәдуакас,
«Қаламгер» үйірмесінің жетекшісі.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Мектебімізде 1-желтоқсан
Қ
а
з
а
қ
с
т
а
н
Республикасының Тұңғыш
Президенті күніне орай іс-
шаралар жоспарланып, бір-
шама жұмыстар атқарылды.
1-8 сыныптар аралығында
ҚР
Тұңғыш
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың
өмірі,
қызметі
туралы
сынып
сағаттары өткізілді.
“Дара тұлға-дана тұлға” ҚР
П р е з и д е н т і
Н.Ә.Назарбаевтың
өмірі,
қызметі, туралы деректер
таныстырылды. “Ел ертеңін
ойлаған Елбасы” жылжы-
малы
кітап
көрмесі
ұйымдастырылды. 5-8 сы-
ныптар
аралығында
“Тұлғаның ерен келбеті” атты көркем жазба шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Ең
үздік жазылған 5-сынып оқушысы Мұқанова Ақнұрдың шығармасы болды. “Тәуелсіздік
және Елбасы” атты мәнерлеп оқудан, өз шығармашылықтарынан жыр мүшайрасы өтті.
Жыр мүшайрасына оқушылар тыңғылықты дайындықпен қатысты. “Ғасырдың ғажап аза-
маты” атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. “Елдігімізді сақтаған Қазақ көшбасшысы”
атты Елбасы туралы және оның сүйікті әндерінен байқау өткізілді. Оқушылар “Сарыарқа”,
“Елім менің”, “Үш қоңыр” әндерін нақышына келтіре орындады. “Елбасы туралы 1000
сұрақ” атты оқушыларға викторина өткізілді. Викторинада Елбасының балалық шағы, от-
басы, еліміздің рәміздері, еңбектері туралы сұрақтар қойылды.
Тұңғыш Президент күніне арналған спорттық ойындардан турнир өткізілді.
“Тоғызқұмалақ” , “Дойбы”, “Теннис”, “Шаңғы” шанамен өткізілген жарыста, оқушылар бел-
сенділік танытты. Осы өткізілген іс-шарада белсенділік танытып, шығарма жазып, өлең
шығарып көзге түскен оқушылар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.
Э.Қошанова,
Қ.сағындықов №36 негізгі мектептің “Жас ұлан” бірыңғай балалар мен
жасөспірімдер ұйымының жетекшісі.
мәди ауылы.
ЕгЕмЕн Елдің КЕмЕңгЕр БАсшысы
Ардагерлер
Президент күнін атап өтті
Тұңғыш
Президентіміздің
күнін
барлық
Қ а з а қ с т а н
халқымен
бірге
Қ а р қ а р а л ы
қаласының зейнет-
керлері де үлкен
дәрежеде
атап
өтуге қатысты. 27
қараша күні “Нұр
О
т
а
н
”
п а р т и я с ы н ы ң
аудандық филиа-
лында, аудандық
филиал төрағасы
аудан әкімі Халел
Мақсұтов бірталай
а р д а г е р
үлкендеріміздің басын қосып “Дөңгелек стол” тұрғысында сұхбат өткізді. Аудан әкімі
жыл бойы, аудан көлемінде, жалпы ауданның тыныс-тіршілігін ауданның әлеуметтік
экономикалық дамуының қорытындысын саралап және осы тақырыпты үлкендердің
зейініне шеберлікпен жеткізе білді. Келешекте атқарылар бағыт-бағдарға да үлкен мән
беріліп оны да талдап айтып шықты. Партия төрағасы сөз кезегін ардагерлерге бұрды.
Өз ой пікірін білдіруші Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Саят Оспанов,
Қарқаралы өңіріндегі тарихи орындар туралы пікірін білдірді. Ташенов Алтынбек за-
мандасымыз келешекте қала-тұрғындары үшін тұрғын үйлер көптеп салынса деген
ұсынысын білдірді. Замандасымыз Сағат Түгелбаев, зейнеткерлер арасында үлкен кем-
шілік, тәртіп бұзушылықтың, тіпті ұрлық жасау да бар екеніне қынжылды. Осы келенсіз
қылықтың алдын алуға оған ақсақалдарды жұмылдырғысы келетін ойын ашып айтты.
Қала басында ардагерлер арасында, Тұңғыш Президентіміз күніне дойбы сайысы
өткізіліп, ардагерлеріміз Диас Науырызбаев І орынға шығып, бағалы сыйлық және
аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау грамотасымен марапат-
талды. Осындай сый-сияпатқа ІІ жүлделі орын иегері Жолдаспаев Болат және ІІІ жүлде
иегері Нургалиев Төлеутай ақсақал марапатталды. Осындай спорттық шаралардың
үнемі және кеңінен насихатталуына білім бөлімінің басшыларына Ж.Жетібаевқа,
Н.Касымовқа үлкен алғысымызды білдіреміз.
А.Бабайбеков,
қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.
Ұлт көшбасшысы
Ұлықталған күн
Тұңғыш Президент күні мерекесін бесобалықтар да ауылдағы Мәдениет үйінде
бірлесе тойлады. “Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы” атты бұл шарада ауыл
әкімшілігінің жетекші маманы С.Ағыбай алғашқы боп сөз алып маңызды
мерекенің мән-жайына тоқталды, жұртшылықты айтулы күнмен құттықтады.
Бұдан соң мектеп оқушылары жиналғандарды Н.Назарбаевтың өмір және еңбек
жолынан мол мағлұматтармен қанықтырды. Ауылдағы әжелер ансамблінің
мүшелері Бәран, Гүлзира, Сәбила, Бәтима апайлар мен Фаридадай
өнерпаздардан құралған топ хормен және жеке орындауларда Елбасы сүйіп
тыңдайтын “Маржан қыз”, “Бір бала” т.б. халық әндерін шырқата салып,
өнерлерімен жұртты тәнті етсе, жас әншілер Шыңғыс, Шерхан мен бишілер тобы
да олардан қалыс қалмай, патриоттық әндерді әуелетіп, билерімен сахна сәнін
арттыра түсті. Көпшіліктің көңіл-күйі көтеріңкі, өнер иелеріне деген қошеметтерін
ду қол соғумен білдіріп отырды. Концерттік бағдарлама “Жаса, қазағым” әнімен
қорытыланды.
Кеш соңында ардагер ұстаз Бәтима апай Тұңғыш Президент күнін
мерекелеудің жас ұрпаққа берер тағлымы мол екендігін айта келіп, даму
даңғылында, бедел биігінде татулық тербеткен азат еліміздің ауызбіршілігі
мықты, көш басында болашағымызды жіті бақылап келе жатқан Елбасымыз,
халқымыз аман болса екен деген ақжарма тілегін ақтарды.
Біздің де көкейімізде-осы тілектер, ел іргесі аман, жұрт тыныш болса екен дей-
міз.
Тұрсын Жақыпбекова.
Бесоба ауылы.