Каратаев Аманжол Хамзиевич


 – ТАҚЫРЫП. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУЫНЫҢ



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет22/32
Дата21.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#34463
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
12 – ТАҚЫРЫП. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУЫНЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Дәріс жоспары 



12.1. Корпоративтік табыс салығы. 

12.2. Қосылған қҧн салығы.  

Мақсаты 


            Туристік  агенттікке  қатысты  тӛлем  кӛзінен  алынатын  табыстан 

алынатын салықтар  түрлерін ашып кӛрсету. 

        

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: 

КТС, ҚҚС, Жылдық жиынтық табыс 

 

12.1.Туризм 



саласындағы 

салық 


салудың 

ұйымдастырылуының 

ерекшеліктеріне келетін болсақ, онда қызметке салынатын  салықтың кейбір 

түрлеріне жеке тоқталуға тура келеді. 

   Туристік 

ұйым 


қызметіндегі 

корпоратитвік 

табыс 

салығының 



объектілеріне,  яғни  ҚР  –  ның  резидентіне  сәйкес  екі  объектісін 

қарастырамыз: 

-

 

туристік ұйымның салық салынатын табысы



-

 

тӛлем кӛзінен алынатын табыс. 



   Туристік ұйымның салық салынатын табысы есептік салық жылы нәтижесі 

бойынша  келесі  түрде  анықталады.  Салық  жылы  ішінде  туристік  ұйымның 

барлық  алынатын  табыстары  кіретін  жылды  жиынтық  табыс  салығы 

анықталады.  Бұл  табыстарға  турӛнімді  ӛткізген  жіне  ӛндіруден  түсетін 

табыстар,  мысалға  мүлікті  жалға  беруден,  міндеттемелерді  есептен 

шығарудан,  күмәнді  міндеттемелер  бойынша,  ӛтеусіз  алынған  мүлік  , 

дивиденттер,  сыйақылар,  оң  бағамдық  айырма  және  басқа  да  табыстар 

жатады.  

   Жылдық  жиынтық  табыстың  құрылымы  Салық  Кодексінің  80-90  бабына 

сәйкес анықталады.  

   Жылдық  жиынтық  табысқа  түзетулер  жүргізіледі:  салық  кодексінің  91 

бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан кейбір табыс түрлері шегеріледі.  

   Салық  кодексінің  92-103,105-144  баптарына  сәйкес  жылдық  жиынтық 

табыстан шегерімдер шегеріледі.  

   Шегерім бұл – ЖЖТ – ты алумен және салық салынатын табысты анықтау 

кезіндегі ЖЖТ – ты кемітетін салық тӛлеушінің шығыстары.  

   Шегерімге  жатпайтын  шығыстар  салық  кодексінің  104  бабына  сәйкес 

анықталады.  

   Осылай  анықталған  туристік  ұйымның  ССТ  –  сы  30%  мӛлшерімен 

анықталады.  

   КТС =3%*(ЖЖТ түзету, ЖЖТ – шегерім). 

   Туристік  ұйымның  есеп  қызметкеріне  аса  назар  бӛлетін  бір  тұсы  –  КТС  – 

ғы  бойынша  туристік  қызметтің  мезгілдік  сипатына  байлансты  аванстық 

тӛлемдердісомасы салық жылы ішінде бірдей үлестермен тӛленеді. Туристік 

ұйымдардың алатын табыстары жыл ішінде біркелкі болмағандықтан, КТС – 



 

64 


ғы  бойынша  аванстық  тӛлемдерді  ескергендегі  ақшалай  қаражаттардың 

айлық  шығыстары  дұрыс  жоспарлануы  керек.  Екіншіден,  Салық  кодексінің 

126  бабына    8  пунктіне  сәйкес  болашақ  салық  кезеңдеріндегі  авнстық 

тӛлемдердің  сомасына  түзету  салық  жылының  әр  айындағы  туристік 

ұйымның алатын табысының біркелкі еместігін ескеруі керек.  

   Туристік  агенттікке  қатысты  тӛлем  кӛзінен  алынатын  табыстан  алынатын 

салыққа сәйкес келесі табыстарды жатқызамыз: 

-

 



біріншіден,  тӛлем  кӛзінен  ұсталынуға  жататын  туритсік 

ұйым  салық  кезеңі  ішінде  табыстар  алуы  мүмкін.  Мысалы, 

депозит  бойынша  сыйақылар.  Осындай  жағдайда  туритсік 

агенттікке  осындай  табыстарды  тӛлейтін  заңды  тұлғалар 

анықтама  беру  арқылы  тӛлем  кӛзінен  салық  ұстауға 

міндетті. Салық кодексінің 131 бабына сәйкес тӛлем кӛзінен 

ұсталынатын  салық  сомасы  салық  кезеңіне  туристік 

агенттікпен есептелген корпоративтік табыс салығы есебіне 

апарылады.  

-

 



Екіншіден,  Салық  кодексінің  131  бабына  тӛлем  кӛзінен 

ұсталынатын  туристік  агенттіктің  басқа  тұлғаларға  табыс 

тӛлеген  кезде  табыс  салығын  тӛлем  кӛзінен  ұстауға  және 

бюджетке аударуға міндетті.  

   Заңды  тұлғаларға,  яғни  резидент  еместерге  табыстар  тӛлемінің  жекелеген 

жағдайларын  қарастыратын  болсақ,  Салық  кодексінің  178  бабына  сәйкес 

анықталған,  ҚР  –  да  тұрақты  мекемесімен  байланысты  емес,  Салық 

кодексінің  180  бабында  анықталған  мӛлшеріндегі  шегерімдерді  ескермей 

тӛлем кӛзінен ұсталымға жатады. Табыс тӛлемі ретінде ақшаның қолма – қол 

және  ұзақ  мерзімде  берілуі,  бағалы  қағаздар,  қатысу  үлесі,  табысты  алушы 

резидент еместің міндеттемесінің есептен шығарылуы немесе есептелуі. 

   ҚР – ғы тӛлем кӛздерінен резидент еместердің табыстары 178 бап бойынша 

анықталады. 179 баптың 2 пунктіне сәйкес тӛлем кӛзінен салық салынуға ҚР 

аумағына  сыртқы  сауда  операциялары  бойынша  ӛнімді  жеткізумен 

байланысты табыстары жатпайды.  

   Салық  кодексінің  181  бабына  сәйкес  резидент  емес  заңды  тұлғаның 

табысынан  ұсталатын  тӛлем  кӛзінен  табыс  салығы  мемлекеттік  бюджетке 

тӛленуге жатады: 

1.

 

Ай  аяғында  тӛлем  жүргізілгендегі  5  жұмыс  күні  ішінде  тӛленген 



табыс сомасы бойынша; 

2.

 



КТС  бойынша  декларацияны  ӛткізуге  арналған  10  жұмыс  күні 

ішіндегі  шегерімді  ескергендегі  есептелген  бірақ  тӛленбеген 

табыстың сомасы. 

   Кӛрсетілген  салық  кодексініңкелтірілген  баптарынан  туристік  ұйымның 

бухгалтеріне  резидент  емес  заңды  тұлғаға  табыс  тӛлеген  кезде  осы  табыс 

салық кодексінің 178, 179 бабына сәйкес тӛлем кӛзінен салық салынуға жата 

ма, соны  анықтау керек.  Егер жататын болса онда салық ұсталымын Салық 

кодексінің  180  бабына  сәйкес  жүргізуі  керек.  Егер  резиденрт  емес  заңды 

тұлғамен  келісім  шартта  салық  ұсталымы  қарастырылмаса  және  тӛленуге 



 

65 


барлық  табыс  сомасы  жатса,  резидент  емес  үшін  табыс  салығын  туристік 

ұйым  ӛзінің меншік қаражаттарынан тӛлейді.  

   Салық  кодексінің  181  бабына  сәйкес  бекітілген  резидент  еместің 

табысынан табыс салығы бюджетке мерзімінде тӛленуі тиіс.  

   Бұл  жағдайда  Салық  Кодексінің  182  бабына  сәйкес  туристік  ұйым  тӛлем 

кӛзіне  табыс  салығын  ұстап  қалу  жӛнінде  міндеттеме  туындаған  есепті 

тоқсаннан  кейінгі  айдың  15  –  нен  кешіктірмей,  тіркелген  жері  бойынша 

салық  органдарына  тӛлем  кӛзінен  алынған  табыс  салығы  жӛніндегі  тоқсан 

сайын есептік табыс етуге міндетті.  

   Қазақстандық  туристік  ұйымдардың  резидент  еместерге  табыстар 

тӛлемінің  кең  тараған  жағдайы  болып  Қазақстандық  туристік  ұйымдармен 

жіберілетін  туристерге  резидент  еместердің  кӛрсететін  туристік  қызметтің 

тӛлемі болып  табылады.  Ӛйткені,  ҚР территориясында  резидент еместердің 

кӛрсететін  қызметі  тӛлем  кӛзінен  ұсталынатын  табысқа  кірмейді.  Осыған 

сәйкес  Қазақстандық  туристік  ұйым  табыс  салығының  ұсталымын 

жүргізбейді.  

   Қазақстандық  туристік  ұйым  резидент  еместердің  арасындағы  сыртқы 

саудалық  контрактісі бойынша  алынған ӛнімнің  құнын тӛлеген кезде табыс 

салығын ұстауға байланысты міндеттемелер Салық кодексінің 179 бабына 1-

3 пунктіне сәйкес табысты ұстау міндеттемесі жүктелмейді.  

   Мына мысалды қарастырсақ: Бас офис Еуропада орналасқан, ал Алматыда 

оның  филиалы.  Бас  ұйымның  ӛкілдері  Алматыға  іс  сапармен  келеді.  Бұл 

жағдайда туристік агенттік арқылы филиал бас ұйымның ӛкілдеріне визаны 

алуға  және  сыртқы  істер  Министрлігіне  шақыруды  ұйымдастыруға 

жәрдемдеседі. Филиал VIP сервис қызметін тӛлейді.  

   Салық  кодексінің 92 бабына сәйкес шегерімдерге  керекті  құжаттар болған 

жағдайында салық тӛлеушінің ӛз ЖЖТ – ты алуымен байланысты шығындар 

жатады.  

   Бұл  жағдайда  кӛрсетілген  шығындар  қызметкердің  кӛзқарасы  бойынша 

ӛкілеттік  шығындарға  жатқызылуы  мүмкін  емес.  Сонымен  қатар  осы 

жағдайда  жеке  тұлғалардың  табысы  бас  ұйымның  ӛкілеттеріне,  яғни  VIP 

сервис  қызметі,  виза  және  тағы  басқа  түрінде  табыстар  пайда  болады.  Бұл 

табыстың тӛлем кӛзінен табыс салығын міндетті түрде ұстау керек.  

 

    12.2. Қосылған құн салығы.  



 

   Қосылған  құн  салық  бойынша  ҚР  Салық  кодексінің  208,209  баптарына 

сәйкес  жалпы  бердей  тәртіпте  туристік  ұйым  салық  тӛлеуші  болып 

табылады.  Тур  ұйым  салық  кодексіне  сәйкес  салық  органына  ҚҚС  –  ғы 

бойынша  есепке  тұру  туралы  15  күнтізбелік  күн  ішінде  ӛтініш  беруі  тиіс. 

Мемелекеттік  тіркеуге  салық  тӛлеуші  ретінде  тіркелгеннен  күннен  бастап 

салық  тӛлеуші  болып  есептелінеді.  Салық  органына  тіркелгеннен  кейін, 

салық органы ҚҚС – ғы бойынша тіркеу құжатын береді.  

   ҚҚС  –  ғы    бойынша  нысан  салық  салынатын  айналым  мен  салық 

салынатын  импорт  болады.  Салық  салынатын  айналымға  тауар,  жұмыс, 




 

66 


қызмет  кӛрсету  –  ҚР  бойынша  жүзеге  асырылады.  Салық  салынатын 

импортқа шет елден ҚР аумағына кіретін тауар және қызмет түрлері жатады. 

   Туроператордың  ҚҚС  есебін  жүргізу  ретін  қарастыратын  болсақ,  әлбетте 

істелетін  жұмысының  3  түрлі  нұсқасында  назар  аударамыз.  Яғни  шығатын 

туризм, кіретін туризм және ішкі туризм.  

   Шығатын  туризм  бойынша  турфирма  турпакет  құқығы  резидент  емес 

туристерге  қызметін  кӛрсетуге  құқылы.  Мына  бір  жайтқа  назар  аудару 

қажет: резиденттің сақтандыру ұйымы бойынша сақтандыру қызметіне ҚҚС 

–  ғы  салынбайды.  Бұл  қызметтер  ҚР  Салық  кодексінің  227  бабына 

кӛрсетілген.  

   Туристерді  тасымалдау  қызметіне  салық  салуда  халықаралық  тасымалдау 

немесе  ішінара  тасымалдауына  байланысты  салынады.  Егер  туристердің 

тасымалдануы  халықаралық  дәрежеде  жүргізілсе,  онда  оған  ҚҚС  –  ғы 

салынбайды. 

 

Операция мазмұны 



Дт 

Кт 


Сома теңге 

Нарық курсының инвойс күніне 

резидент  емес  туроператордың 

қызметіне  барған  елде  шоты 

акцептелген 

8110 


3310 

700000 


Резидент емеске ҚҚС салынған 

12810 


3130 

10500 


Резидент емеске нарықтық курс 

күніне тӛлем жүргізілген 

3130 

1060 


70500 

Курстық айырма есептелінген 

7400 

3310 


500 

Сақтандыру  ұйымының  шоты 

акцептелген 

8110 


3310 

5000 


ҚР-ның 

территориясындағы 

туристерді 

тасымалдайтын 

транспорттық ұйымының шоты 

акцептелген 

8110 

3310 


10000 

ҚР терр – я тасымалдауға ҚҚС 

1420 

3310 


1500 

  

Тағы да басқа тӛлеуге тиісті салық түрлеріне келетін болсақ, мүліктік салық, 



жер  салығы  және  кӛлік  салығы  –  жергілікті  бюджетке  тӛленетін 

болғандықтан, туристік фирма қай жерде орналасса сол салық инспекциясы 

Салық  кодексінде  кӛрсетілген  мерзімде  тӛленеді,  және  осы  мерзімде  есеп 

берілуі тиіс. 




жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау