10-ТАҚЫРЫП. ҚОНАҚ ҤЙ ҚЫЗМЕТІ НАРЫҒЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗІ
Дәріс жоспары:
10.1. Қазақстандағы қонақ ҥй бизнесінің қазіргі жағдайы.
10.2. Қонақ ҥй қҧрылымы.
10.3. Қонақ ҥй қызмет кӛрсету шығындарының есебі
Мақсаты
Қонақ үй қызметін пайдаланушылармен есеп жүргізуін,
қонақ үй
бизнесінің қазіргі жағдайын талқылау.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:
Қонақ үй, пансионат, демалыс үйлері мен базалар
10.1.Сарапшылардың
пікірінше,
Қазақстанның
бәсекелік
артықшылығы бірегей мәдениетінде (мәдени-танымдық туризм), бай табиғи
әлеуетінде (экологиялық туризм), ӛсіп келе жатқан іскерлік белсенділігінде
(іскерлік туризм), сондай-ақ спорт және хикаялы (шұғыл) туризм сияқты
демалыстың белсенді түрлерімен шұғылдану мүмкіндігінде.
Италия, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркиядағы туристік
орталықтар дамуының тәжірибесі айтарлықтай.
Аталған елдердің туризм индустриясын дамыту негізіне туристік
сала инфрақұрылымын, кӛлікті және қызмет кӛрсетулер салаларын дамыту
жатады.
Туристік орталықтардың белсенді дамуы Италияда (Рим, Венеция),
Түркияда (Бодрум, Мармарис, Анталья), АҚШ-та (Лас-Вегас, Гавай
аралдары), Египетте (Каир, Гиза, Александрия), Тайландта (Бангкок)
байқалды.
Осы әлемдік туристік орталықтар туризмі инфрақұрылымының
негізін қазіргі заманғы үш, тӛрт және бес жұлдызды қонақ үйлер, театрлар,
ойын-сауық орталықтары құрайды. Сонымен қатар аталған туристік
орталықтардың дамуында бай тарихи-мәдени мұра мен табиғи-климаттық
жағдайлардың рӛлі маңызды болды.
55
Осы ӛңірлердің туризм индустриясының тиімді дамуына
мемлекеттің бизнестің кәсіпкерлік бастамаларына қолдау кӛрсетуі, сондай-ақ
туризм инфрақұрылымын қалыптастыруда мемлекеттік-жеке әріптестік
ықпал етті.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша
2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристік объект
болды, оның ішінде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15
санаторий-прафилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий
орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйі, 24 туристік
база, 35 сауықтыру лагері, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық
үй, 1 балалар мен жасӛспірімдер туризмі орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6
мұражай, 2 кесене, 1 туризм жӛніндегі мемлекеттік кәсіпорын және
басқалары (клубтар, қолӛнершілер қалашықтары) – 5.
2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру
орнының 340-ы жеке меншік нысанында, 22-сі мемлекет меншігінде және 23-
і басқа мемлекеттердің меншігінде болды.
Елде үш, тӛрт және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс істейді, қалған
қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.
Республика бойынша туристерді орналастыру объектілерін
пайдаланудан түскен кіріс 2005 жылы 21156 млн. теңгені құрады, аталған
кәсіпорындар кӛрсеткен қызмет кӛлемі 17737,5 млн. теңге, оның ішінде –
мейрамханалары бар қонақ үйлер – 15927,0 млн. теңге, мейрамханаларсыз
қонақ үйлер – 1533,3 млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристік
базалар – 57,7 млн. теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен
автотіркемелерді қоюға арналған тұрақтарда кӛрсетілетін қызметті қоса
алғанда – 0,7 млн. теңге, қалған орналастыру объектілері – 218,8 млн. теңгені
құраған.
Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий,
пансионат, санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру
қызмет кӛрсетулерін 257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен
үйінде, пансионаттарда 32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу
орындарына «Сарыағаш» (ОҚО), Арасан-Қапал (Алматы облысы),
«Мойылды», «Баянауыл» (Павлодар облысы), «Жаңақорған» (Қызылорда
облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы), «Каспий» (Маңғыстау
облысы) және басқалары жатады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша
2003 жылы туризм объектілерінің негізі жаңа құралдарына 29591,8 млн.
теңге, 2004 жылы 37895,2 млн. теңге, 2005 жылы 33994,3 млн. теңге
инвестиция бӛлінген. Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң
үрдістеріне
куә
болады,
алайда
қабылданып
отырған
шаралар
инфрақұрылымды дамытуға және туристік индустрияны инвестициялауды
ынталандыруға
анық
жеткіліксіз.
Талдау
кӛрсеткеніндей,
елдің
инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан
туристік ұйымдардың қызметін жүзеге асыруға 2003 жылы тек 139 млн.
теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48,3 млн. теңге тартылған.
56
Туристік қызметке жасалған талдау Астана және Алматы
қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары іскерлік
мақсатта болатынын (іскерлік туризм) және олар сапалы әрі қызмет
кӛрсетулердің толық жиынтығын ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жӛн
санайтынын кӛрсетті. Елдің іскерлік орталықтары – ірі қалалардағы
халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер желісінің одан әрі дамуы дәл осы
іскерлік
туризмге
байланысты
болады.
Алайда,
қонақ
үйлерді,
пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналастыру
объектілерінің материалдық базасы, сондай-ақ санаторийлік-курорттық
мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегіне
жетуімен сипатталады.
10.2. Қонақ үй құрылымы
Қонақ үйлік кешен қызмет кӛрсету саласының маңызды
институтының бірі болып табылады. Қонақ үйлік кешеннің маңызды басты
орнын қонақ үймен оның құрылымдық бӛлімшелері құрайды. Қонақ үйлік
кешенге: қонақ үй, мейрамхана, дәріхана, жеке саудалық ұйымдар, қоғамдық
тамақтану (кішігірім барлар, кафе, буфеттер т.б.), ақша айырбастау пункты,
медициналық мекемелер (мысалы, стомоталогиялық кабинет), жанармай
станциялары, шаштараз және т.б. кіреді.
Кез келген кәсіпорын сияқты, қонақ үйдің де ӛз қызметтік саласын
қалай жетілдіру мәселесі толғандырады. Мысалы, тұтынушылардың кӛбірек
келуін жоғарылату үшін қызмет кӛрсетулерін сапалы жасау қажет және
қызмет кӛрсету тізімдерін кӛбейту қажет. Тек осы жағдайда ғана қонақ үй
жоғары деңгейге кӛтеріліп, халықаралық аттестациядан ӛтіп, сертификат ала
алады.
Қонақ үй – бұл қызмет кӛрсетуге арналған мүліктік кешен (ғимарат,
оның бӛлігі және басқа да мүлік).
Қонақ үй қызмет кӛрсету саласына жатады, сондықтан
ұйымдастырушылық шаруашылық қызметте ӛзіндік ерекшеліктері болады
және ол тұтынушылардың құқығын қорғау заңының, бухгалтерлік есеп және
салық салу заңнамаларының талаптарын сақтауға міндетті.
Қызмет – атқарушы мен тұтынушы арасындағы ӛзаралық нәтижесі,
былайша айтқанда тұтынушының қажеттігін қанағаттандыру үшін
атқарушының ӛз тарапынан кӛрсеткен қызметі (жұмысы) болып табылады.
Яғни, «қызмет» түсінігі әмбебаптық мәнді құрайтындығын кӛруге болады.
Қонақ үй қызметінің басты сипаты болып мыналар жатады:
Бӛлінбейтіндігі, яғни қызмет кӛрсету мен ӛндіріс жүргізудің бір
уақытта жүзеге асырылуы. Қызмет қонақ үй аумағында жүреді. Қонақ үйдегі
қызмет кӛрсетушілер тұтынушымен байланысқа түседі, бұл деген сӛз
тұтынушы оны қызмет кӛрсетудің ажырамас бӛлігі деп есептейді.
Бұлардан басқа, әр нӛмірде қонақ үйде тұру тәртібі туралы ақпарат,
ӛртке қарсы және электр тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері болуы
қажет.
57
Қосымша ақыны қажет етпейтін қызметтің келесі түрлері жүргізілуі
тиіс:
-
Жедел жәрдем кӛрсету қызметін шақыру;
-
Медициналық қорапты қолдану;
-
Корреспонденцияны нӛмірге әкелу;
-
Қайнаған ауыз суды, ине-жіпті, асханалық жабдықтарды
пайдалану.
Қонақ үйлік қызметтер тікелей немесе турагенттердің кӛмегімен
немесе турпакет түрінде сатылады. Кӛрсетілген қызмет саны мен
сапалығына қарай қонақ үйлік ӛнім келесі 3 дәрежеге жіктеледі:
-
материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;
-
номенклатурасы мен сапалық қызмет кӛрсетілуі;
-
қызмет кӛрсету деңгейі.
Қонақ үйлердің қызмет кӛрсету деңгейіне байланысты «*» (жұлдыз)-
бен анықталады. *-дар санының кӛбеюі қонақ үйлердің қызмет кӛрсету
деңгейінің жоғарылауымен байланысты жіктеледі, ал мотелдер – тӛртеу.
Жоғарғы қонақ үй дәрежесі – «* * * * *», ал тӛменгісі «*», жоғарғы мотел
дәрежесі - «* * * *», ал тӛменгісі «*».
Қонақ үй мен мотелдерді ең тӛменгі талаптарға байланысты нақты
дәрежелерге жіктеледі, яғни кез келген дәрежедегі қонақ үйге қойылатын
талаптары – кез келген дәрежедегі қонақ үйде жақсы дамыған
инфрақұрылым, яғни жолдарында жол жүру ережелері, қолайлы және
жарықпен қамтамасыз етілген аймақ. Жеңіл кӛлік пен автобустардың
уақытша қоюына немесе маневр жасауына, кәсіпорын атауымен оның қай
дәрежеге жататындығы, сонымен қатар мейрамхана болған жағдайда оның
атауы мен орналасқан жері кӛрсетілуі керек.
10.3. Қонақ үй қызмет кӛрсету шығындарының есебі
Қонақ үй қызмет кӛрсету шығындарының есебін жүргізілу үшін 8010
Негізгі ӛндіріс шотын пайдаланамыз.
Қонақ үй қызметін пайдаланушылармен есеп жүргізу үшін арнайы
рәсімделген үлгідегі қызмет кӛрсету құжаты немесе қысқаша толтырылған
келісім шарт пайдаланады.
Келісім шарт қызмет кӛрсетуші қонақ үйдің заңды мекен-жайы,
орындаушының аты-жӛні, пайдаланушылардың аты-жӛні, орналасқан
бӛлмесінің нӛмірі мен қай қабатта екені және құны кӛрсетілуі тиіс.
Келісім шарт пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжат
бойынша толтырылып, пайдаланатын күн санына бӛлмедегі орын бағасын
кӛбейткендегі құнын тӛлеуі тиіс. Қонақ үйде тұру бағасы тәуліктің жергілікті
уақыт бойынша 12 сағатына есептеледі. Егер пайдаланушы тӛлеген
күндерінен асып тұратын болса, онда 6 сағатқа тӛлейді. Ал пайдалану
уақыты одан артса онда әрбір сағатқа есептелген бағамен тӛлеуі тиіс.
Кезекші жауапты қызметкер күнделікті кассалық есепті жүргізе
отырып, кассалық аппараттың лентасында кӛрсетілген тӛленген ақша
қаражатының тӛлемін есептеп бухгалтерлік бӛлімге ӛткізуі керек. Қызмет
58
түрін пайдаланушыға толтырып берген банкілер қатаң есептемеден туристік
фирманың кассирінің есебі бойынша жүргізіледі.
Егер қонақ үй қызметін пайдаланушының тарапынан мүлік не тағы
да басқа ішкі ережені бұзу байқалса, жауапқа тартылып бүлінген мүліктің
құнын кінәлі тұлғадан ӛндіріліп алынуы керек.
Қонақ үй шығындарын біз тӛмендегідей классификациялаймыз:
1.
Материалдық шығындар;
2.
Еңбекақы шығындары;
3.
Әлеуметтік аударымдар;
4.
Негізгі құралдардың тозу шығындары;
5.
Күрделі жӛндеуге кеткен шығындар;
6.
тағы да басқа шығындар.
Туристерді орналастыруға қызмет кӛрсетулер – қонақ үйлермен,
пансионаттармен, санаторийлермен, демалыс үйлермен және т.б. қызмет
кӛрсету, оның шығынын туристік фирмалар серіктестік туралы келісім-
шартқа сілтеме жасай отырып, тариф бойынша орнын толтырады және
тӛмендегідей бухгалтерлік жазба беріледі:
а) тұрғаны үшін: 8400 «Үстеме шығыстар» шот дебеті, 3310
«Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
шоты кредиті;
ә) орналастыру және тұрғызу бойынша кӛрсеткен қызметі үшін
берешектерді тӛлеу:
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шоты дебеті, 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша
қаражаты»,
1010
«кассадағы
теңгемен
ақша
қаражаты»,
«Чек
кітапшасындағы ақша», 2150 «қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық
берешегі» шоттар кредиті жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |