Султанбай Ғалия , экономика 242;
1. Жарнама, оның мәні, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері және түрлері.
Жарнама (латын тілінен аударғанда жар салу, айқайлау дегенді білдіреді) – қаржыландыру көзі көрсетілген, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асатын тауарлар мен қызметтерді жүзеге асыру нысаны.
Жарнаманың атқаратын қызметтері:
1) экономикалық – сұранысты қалыптастыру, өткізуді ынталандыру;
2) ақпараттық – тұтынушыларды өндірушілер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
3) коммуникациялық – маркетингтік зерттеулер кезінде қолданылатын сауалнама арқылы тұтынушылар пікірін жинау, тауардың өтімділігін ынталандыру арқылы нарық пен тұтынушының байланысын қамтамасыз ету;
4) бақылау – нарықтағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді;
5) сұранысты басқару – нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсер ету жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Жарнама түрлері:
1) жеткізу әдісіне қарай: қатаң, агрессияшыл, жайлы;
2) жарнама берушілерге қарай: өндірушілердің атынан жүргізілетін, жеке адамдар атынан берілетін;
3) тұтынушыға әсер етуіне қарай: оңтайлы, эмоциялы;
4) мақсатты аудиторияның түріне қарай: бизнес саласына арналған, жеке тұтынушыға арналған;
5) коммуникация стратегиясына қарай: таңдамалы, жалпылама;
6) фирманың мақсатына қарай: ақпараттық, ескертуші, үгіттеуші;
7) затына қарай: тауар жарнамасы, фирма жарнамасы;
8) тигізетін әсеріне қарай: тікелей, жанама;
9) әсер ету жолына қарай: көру, акустикалық, иіс сезу қабілетіне әсер ететін жарнама.
Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:
- жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады;
- жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді.
Жарнама берушілер – бұлар өндірушілер, бөлшек-көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.
Жарнама агенттіктері –жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық (творчестволық) өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын талдау керек.
Көрсетілетін қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.
Әмбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық аумағындағы қызметін ұсынады. Осындай агенттіктерге «Стикс», «Юлия», «Триумф», «Бизнес Магазин», «Алина» және басқалар жатады.
Мамандандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі бір түрін ұсынады. Оларға шығармашылық шеберханалар, жарнама уақытына ие болатын фирмалар жатады.
Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала үлкен көлемде БАҚ-тан орын сатып алады, содан кейін оны жарнама берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады.
Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы. Бес түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға баспасөз, теледидар, афиша, радио, кино жатады.
Жарнаманы жоспарлау процесімынадай кезеңдерден тұрады:
мақсатты аудиторияны таңдау;
жарнама мақсатын анықтау;
хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;
жарнама құралдарын таңдау;
жарнама тиімділігін бағалау.
Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:
1. Мақсаттық белгіленуіне қарай:
1)тауарлар мен қызметтер жарнамасы;
2) идея-ойлар жарнамасы;
3) пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама;
4) пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама (қайырымдылық қоры, діни және саяси ұйымдардың жарнамасы).
2. Мақсатты бағытқа сәйкес жарнама типтері.
1) Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталандыру.
2) Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемінен өзі үлесін бөліп алуға арналған.
3) Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған.
4) Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды жарнамалауға кеткен шығындарын толтырады.
Имидждік жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушы жарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |