Кафедра Философия



жүктеу 1,42 Mb.
бет17/22
Дата14.11.2018
өлшемі1,42 Mb.
#19583
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Экзистенция - адамдық "Мен" - нің орталық ядросын нақтылы, қайталанбас жеке тұлға ретінде белгілейтін экзистенциализм философиясының негізгі ұғымдарының бірі. Экзистенция субъект пен объектінің бөлінбес тұтастығын көрсетеді. Осы тұрғыдан ол рационалды ойлаудың субъект пен объектіні бір біріне қарсы қою әдісіне қарсы шығады. Адам өзін экзистенция ретінде өлім алдында, науқастанғанда, апатқа ұшырағанда, жалпы және ең алдымен "шекаралық жағдайларда" сезінеді.

"Шекаралық жағдай" - К.Ясперстің енгізген ұғымы. Ол адам үшін ерекше маңызды кезеңдерді - өлім мен өмір арасында, адам өзін өзі ретінде сезінгенде, жоғары болмыспен жанасқандағы жағдайды белгілейді. Ясперс бойынша, адам өзін экзистенция ретінде "Мен" ретінде атап айтқанда дәл осы жағдайларда ғана аша алады.

"Өзі-үшін-болмыс" - Ж.-П. Сартр философиясының орталық ұғымы. Ол адам үшін жоғары реалдылықты, ең алдымен оның өзінің ішкі дүниесінің басымдығын белгілейді. Дегенмен, адам өзіне тек қана "өзге -үшін-болмыс" арқылы сезіне алады, яғни, адам үшін басқа аадамдармен әртүрлі қатынастардың экзистенциалдық маңызы бар.

"Das Man" - М.Хайдеггер философиясының басты ұғымдарының бірі. Ол адам болмысының шынайы еместігін, орталанғандығын, жекесіздігін көрсетеді.

Сандырақ - А.Камю бойынша, адам өмірі - оны күнделікті күйбең тұрғысына да, оның дүниедегі орны тұрғысынан да қарастырсақ та, сандырақ мағынасыз.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Неміс классикалық философиясы маркстік философиясының теориялық көзі ретінде.

2. Ф.Ницше философиясы.

3. Неокантиандықтың Марбург мектебінің негізгі идеялары.

4. М.Хайдеггер философиясы.

5. Ж.-П. Сартр экзистенциализмі.

6. Э.Гессерль феноменологиясы.

7. Өмір философиясы: негізгі өкілдері және идеялары.


Тест сұрақтары:

1.Философияда тарихтың материалистік пайымдау концепциясын алғаш ұсынған философ



  1. К. Маркс;

  2. Г. В. Плеханов;

  3. Л. Фейербах;

  4. Ф. Энгельс;

  5. В. И. Ленин;

  1. " Капитал " атты көп томдық шығарманың авторы.

1)К. Маркс;

2)Ф. Энгельс;

3)Л. Фейербах;

4)В. И. Ленин;

5)И. Кант;


  1. ХХ ғасырдағы " адамның өмір сүру философиясы:

  1. феноменология,

  2. неопозитивизм;

  3. структурализм;

  4. герменевтика;

  5. экзистенциализм;

  1. " Болмыс және уақыт " атты шығарманың авторы:

  1. Хайдеггер;

  2. Камю;

  3. Ясперс;

  4. Ницше;

  5. Шпенглер;

5.З. Фрейд философиядағы қай бағыттың өкілі:

1)психоанализ;

2)экзистенциализм;

3)позитивизм;

4)неотомизм;

5)герменевтика;

6.Болмыстың қай түрі экзистенциализм философиясының өзегі болып табылады:

1)табиғат болмысы;

2)сана болмысы;

3)қоғам болмысы;

4)адамның индивидуальдық болмысы;

5)мәдениет болмысы;

6."Заратустра осылай деген" еңбектің авторы:

1)Ницше;


2)Шпенглер;

3)Сартр;
4)Бергсон;

5)Дильтей;

7.Позитивизмнің негізін салушы:

1)Конт;

2)Спенсер;



3)Шпенглер;

4)Милль;


5)Ницше;

9.Философиядағы нетомизм идеясының негізін салушы, ортағасырлық философ:

1)Платон;

2)Августин Блаженный;

3)Фома Аквинский;

4)У. Оккам;

5)Г. Лейбниц;

10.ХХ ғасырдағы Батыс философиясының белгілі классиктері:



  1. Хайдеггер, Ясперс, Сартр, Камю;

  2. Дидро, Бэкон;

  3. М. Жұмабаев, Ә. Бөкейханов;

  4. Г. В. Плеханов, В. И. Ленин;

  5. К. Маркс, Ф.Энгельс.


Қазіргі философиялық ойлау

Сабақтың мақсаты:

20-ғ. батыс қоғамының әлеуметтік-тарихи және рухани дамуының ерекшеліктерін, олардың философияда бейнеленуін қарастыру; ең белгілі бағыттар - неопозитивзмнің формаларын, неотомизм мен герменевтиканы талдау, және алғышарттарын ашу.



Семинар сабағының жоспары:

  1. 20-ғ. ортасындағы және екінші жартысындағы қоғамның әлеуметтік - тарихи дамуындағы ерекшеліктер мен қайшылықтардың философияда бейнеленуі.

  2. Неопозитивзм мен рационализмнің түрлері.

  3. Неотомизм - Батыс діни философияның негізгі бағыты.

  4. Герменевтика және оның негізгі мәселелері.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Махизм "позитивизмнің екінші түрі" деп неліктен аталады?

  2. Махизм сонымен қатар "Эмпириокритицизм" деп неліктен аталады?

  3. "Вена үйірмесінің" басты өкілдерін атаңыз.

  4. Ғылым философиясының басты мақсатын постпозитивизм нендей мәселе деп жариялады?

  5. "Герменевтика" сөзі қайдан шыққан? Этимологиясын табыңыз.

  6. Қазіргі діни философияда қандай бағыттар бар?

  7. Неотомизмнің орталық идеясы - "сенім мен парасаттың үйлесімділік принципі" - нің мәні неде?

  8. Лингвистикалық философия дегеніміз не?

9. Прагматизм бойынша ақиқаттың критерийі неде?

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Неотомизм - ортағасырлық философ Фома Аквинскийдің іліміне негізделген қазіргі уақыттағы теологиялық философияның ең беделді бағыты. Неотомизм материя мен идеяның, танымның эмпириялық пен рационалдық түрлерінің қайшылықтарынан жоғары көтерілуге тырысады. Неотомизмнің мақсаты неотомизмді қазіргі жағдайларға бейімдеу, қарапайым адамдар мүддесіне, қоғам дамуының өзекті мәселелеріне бет бұру. Негізгі идеялары: дүниені құдай жаратқан (креационизм), мән мен өмір сүру бір-бірінен бөлек (эссенция және экзистенция), құдайлардың мәні мен өмір сүруінің бірлігі, адамның құдай тәріздестігі, адамдағы материалды және рухани субстанция бірлікте. Неотомизмнің басты принципі: "сенім мен парасат үйлесімділігі"; Басты Өкілдері: Э. Жильсон, Ж.Маритен, Ю.Бохенский, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ.

Креационизм - дүниені құдай жаратқандығы туралы ілім. Оның түбірі - ежелгі мифтер. Креационизмді иудаизм, христиандық, ислам қолдайды.

Тейяр де Шарден (1881-1955) - франция философы, теолог, жаратылыстанушы. Оның пікірі бойынша, дәстүрлі католиктік философияның айтуындай адам дүниенің статистикалық ортасы емес, эволюцияның осі және шыңы. Тейяр де Шарденнің ілімі 20-ғ. діни философияға да, ғылыми ойлаудың дамуына үлкен әсер етті. Тейяр де Шарденнің философиясының ең маңызды принципі - эволюционизм. Бұл принцип бойынша барлық дүниеге (өлі де, тірі де табиғатқа) эволюция тән, ол ақырында жоғары нүктеге - Омега Нүктесіне жеткізеді. Омега Нүктесінің атрибуттары - нақтылы барлығы, "автономдығы", қайтпастығы және "трансценденттігі".

Персонализм - жеке тұлғаны мәдениеттің жоғары құндылығы, ал дүниені - тұлғалық шығармашылық белсенділіктің көрінісі ретінде қарастырған қазіргі философия бағыты. Персонализм жеке тұлғаны бүтіндік және жоғары мәдени құндылық ретінде қарастырып, адамға прагматикалық көзқарасты терістейді. Қазіргі персонализм - экзистенциализмнің, марксизмнің, христиандық антропологияның әртүрлі қағидаларының күрделі жиынтығы. Орталық ұғым "жеке тұлға" бірегей, қайталанбас субъективтік, адамзат тарихының критериі және мақсаты ретінде қарастырылады.

Неопозитивизм - О.Конт пен Дж. С.Мильдің классикалық позитивизмінің жалғасы және қазіргі түрі. Оның негізінде позитивті ғылымның құндылығына сенумен қатар жаңа тенденциялар, атап айтқанда, ғылыми танымның логикасына қызығушылық та бар. Неопозитивизмді аналитикалық философия деп жиі атайды. Негізгі өкілдері - Р.Карнап, Б.Рассел, М.Шлик т.б. Неопозитивизмнің өкілдері ғылымды философияға қарсы қойып, дәстүрлі философиялық мәселелерді мағынасыз, жалған деп санап, тек арнайы ғылыми білім ғана шынайы білім болуы мүмкін деп есептеген.

Фальсификация принципі - теорияның жалғандығын эксперимент нәтижесінде немесе теориялық талдау арқылы тексеру. Бұл принципті ғылыми айналымға енгізген К.Поппер. Фальсификация принципі бойынша, ғылыми теория болып тек қана принципті түрде терістелетін, өзінің жалғандығын дәлелдей алатын теория саналады.

Верификация принципі - теорияның растығын оны шындықтың фактілерімен салыстыру арқылы тексеру. Сезімдік, эмпириялық тексеруге келмейтін теориялар немесе гипотезалар ғылыми мағынасыз болып саналады. Фальсификация принципі сияқты, бұл принципті де неопозитивизм ұсынған.

Структурализм - структуралық (құрылымдық) әдісті қолданумен байланысты ғылыми және философиялық идеялар жиынтығы. 20-ғ. 20-жылдарында пайда болып, 60-жылдары кең тарады. Өкілдері: Леви-Стросс, М.Фуко, Ж.Деррида, т.б. Структуралық әдістің негізін структура (құрылым) ұғымы құрайды, яғни белгілі жүйенің ішкі элементтерінің өзгермейтін, тұрақты қатынастарының жиынтығы. Сондықтан да басты назар жүйенің элементтері мен олардың қасиеттеріне емес, элементтер арасындағы қатынасқа аударылады. Әдіс ретінде структурализм көптеген әлеуметтік - гуманитарлық пәндерде қолданылады.

Герменевтика - түсіндіру, өзінше пайымдау теориясымен практикасын зерттейтін қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізін салушы Г.Гадамердің пікірі бойынша, герменевтика - гуманитарлық ғылымдардың методологиясы, онтологиясы және философиялық ойлаудың әмбебап тәсілі. Герменевтиканың басты мәселелері - түсінуге қалай болады?" "болмыс қалай құрылған?" "түсінудің мәні неде?". Герменевтиканың зерттеу нәрсесі әдетте мәтін (текст), бұл жерде мәтін кең мағынада қарастырылады: тек әртүрлі философиялық немесе басқа шығармалардың сөзбе-сөз мәтіні ғана емес, адам тәжірибесінің барлық жиынтығы, адамның барлық тарихы.

Герменевтикалық шеңбер - қазіргі герменевтиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол бүтін мен бөлшек диалектикасына негізделген мәтінді түсіну принциптерін белгілейді. Түсіну жеке бөлшектерді түсінуден тұрады. Ал жеке бөлшектерді түсіну үшін бүтінді алдын-ала түсіну қажет.

Деконструкция - франциялық философ Ж.Деррида ұсынған термин. Оның мағынасы: гуманитарлық мәдениеттің әртүрлі мәтіндерін аналитикалық бөлшектеу, олардағы тіректік ұғымдарды анықтау, сонымен қатар өткен мәдени дәуірлердің метафоралық қабаттарын табу.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Махизм (эмпириокритицизм) позитивизмнің екінші түрі ретінде.

  2. Пьер Тейяр де Шарден және оның ілімі.

  3. Бостандық теологиясы католиктік діни философияның латынамерикалық варианты ретінде.

  4. Прагматизм, оның негізгі өкілдері мен басты идеялаары.


Тест сұрақтары:

1. Ғылыми танымның негізгі принциптерінің бірі ретінде позитивизм нені есептейді.

1)интенционалдық (бағыттанғандық)

2)инструменталдық (аспаптық)

3)верификация (растау)

4)детерминация (себептеу)

5)интериретация

2. Мәтіндерді және сөйлемдерді пайымдауға негізделген философиялық бағыт қалай аталады?

1)экзистенциализм;

2)позитивизм;

3)аналитикалық философия;

4)прагматизм;

5)герменевтика;

3. Қандай философиялық бағыт адам өмірін сандырақ деп санайды:

1)экзистенциализм;

2)постпозитивизм;

3)неотомизм;

4)эмпириокритицизм;

5)философиялық антропология;

4. "Болмыс пен және уақыт" атты философиялық шығарма авторы кім?

1)Ж.-П. Сартр;

2)М.Хайдеггер;

3)А.Камю;

4)Л.Витгенштейн;

5)Б.Рассел

5. Қандай философиялық бағыт жеке тұлғаны жоғары құндылық деп санайды:

1)неотомизм;

2)персонализм;

3)лингвистикалық философия;

4)махизм;

5)феноменология;

6. Төмендегі ұғымдардың қайсысы маркстік әлеуметтік философияның орталық ұғымдарына жатады:

1)деконструкция;

2)шекаралық жағдай;

3)қоғамдық-экономикалық формация;

4)"өзі-үшін-болмыс"

5)"билікке ерік".

7. "Экзистенциализм" термині қалай аударылады?

1)мән философиясы;

2)болмыс философиясы;

3)өмір сүру философиясы;

4)сүйіспеншілік философиясы;

5)ғылым философиясы.

8. Қазіргі діни философияға қай бағыт жатады?

1)экзистенциализм;

2)феноменология;

3)структурализм;

4)герменевтика;

5)неотомизм.

9. Позитивизмнің үшінші түрі болып қай бағыт саналады:

1)неопозитивизм;

2)феноменология;

3)постпозитивизм;

4)эмпириокритицизм;

5)постпозитивизм,

10. "Болмыс пен ештеме" атты шығарманың авторы кім:

1)Ж-П.Сартр;

2)М.Хайдеггер;

3)К.Маркс;

4)А.Камю;

5)Б.Рассел.
Әдебиеттер:


  1. Витгенштейн Л. Логико-философский трактат. М., 1958.

  2. Гадамер Г.Г. Истина и метод. М., 1992.

  3. Джемс В. Прагматизм. СПБ., 1910.

  4. Дильтей В. Описательная психология. М., 1924.

  5. Кассирер Э. Познание и действительность. СПБ, 1912.

  6. Конт.О. Курс позитивной философии. Т.1.СПБ.,1900.

  7. Леви-Стросс К. Структурная антопология. М., 1973.

10 тақырып: Материя туралы философиялық ілім және оның қазіргі ғылым үшін маңызы

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге болмыс және материя философиялық ұғымдарының методологиялық мәнін түсіндіру. Қозғалыс пен тыныщтық арасындағы байланысты анықтау. Кеңістік пен уақыттың материяның өмір сүру формалары ретінде болатындығын, олардың арасындағы диалектикалық байланысты көрсету.



Семинар сабағының жоспары:

  1. Болмыстың философиялық түсінігі

  2. Материяның ғылыми-философиялық ұғымының қалыптасуы

  3. Материяның және қозғалыстың бірлігі. Қозғалыс пен тыныштық ара-қатынастары

  4. Кеңістік және уақыт материяның өмір сүру формалары ретінде

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Философия тарихындағы болмыс категориясы

  2. Адам болмысы. Адам болмысының ерекшеліктері

  3. Философия тарихындағы материя ұғымының қалыптасуы

  4. Қозғалыс пен тыныштықтың диалектикалық қатынасы

5. Материяның кеңістіктік - уақыттық қасиеттерін зерттеудегі философияның және жаратылыстанудың байланысы

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Болмыс - бұл өмір сүретін нәрселердің барлығы

Материя - бұл адамзат санасынан тыс өмір сүріп, санада бейнеленетін объективті реалдылық

Қозғалыс- бұл жалпы алғандағы барлық өзгеріс. Қозғалыс абсолютті.

Тыныштық – бұл қозғалыстың бір формасы. Тыныштық салыстырмалы

Кеңістік – бұл бір уақытта өмір сүретін объекттердің орналасу тәртібін білдіретін, материя өмір сүруінің объективті жалпы формасы

Уақыт – бұл болмыстың ұзақтығын және объекттер жағдайының бір – бірін алмастыруының жалғасымдылығын білдіретін, материя өмір сүруінің объективті жалпы формасы

Мәнжазбалар тақырыптары:

  1. Болмыс ұғымы. Болмыстың формалары және олардың ерекшеліктері

  2. Қазіргі ғылымдағы материяның шексіздігі проблемасы

  3. Болмыс, субстанция, материя категориялары. Философиялық танымдағы олардың мәні және алатын орны

  4. ХІХғ. соңы – ХХғ. басындағы жаратылыстану ғылымындағы төңкерістердің мәні және жаратылыстанудағы философиялық негіздемелердің дағдарысы

  5. Арнаулы ғылымдардағы кеңістік және уақыт концепцияларының философиялық мазмұны


Тест сұрақтары:

1.«Материализм және эмпириокритицизм» еңбегінің авторы:

1)В. И. Ленин; 2)Г. В. Плеханов; 3)Н. Ф. Федоров; 4)Н. Г. Чернышевский;

5)В. И. Вернадский;

2.Болмыс туралы философиялық ілім:


  1. гносеология;

  2. онтология;

  3. антропология;

  4. социология;

  5. аксиология;

3.«Материя» категориясы нені бейнелейді ?

1)объективті реалдылықты; 2)атомдар мен элементарлы бөлшектерді;

3)субъективті реалдылықты; 4)қоғамдық құбылыстар жиынтығын;

5)адамның идеялары мен идеалдарын;

3.Материя қозғалысының ең жоғары формасы:

1)биологиялық; 2)физикалық; 3)химиялық; 4)әлеуметтік; 5)механикалық;

4.Қозғалыс ұғымына философиялық анықтама беріңіз:

1)қозғалыс – бұл кез – келген өзгеріс; 2)қозғалыс – бұл саналар ағымы;

3)қозғалыс – бұл кеңістіктегі денелердің орын ауыстыруы;

4)қозғалыс – бұл адам түйсіктерінің жиынтығы;

5)қозғалыс – бұл физикалық – химиялық процестер;

5.Қозғалыстың әлеуметтік формасы – бұл:

1)қоғамдық қатынастар және байланыстар;

2)белокты денелердің қатынастары;

3)кеңістіктегі денелер қозғалысы;

4)атомдардың және молекулалардың байланыстары;

5)оптикалық құбылыстар;

6.«Болмыс және уақыт» деген еңбектің авторы:

1)В. И. Ленин; 2)К. Маркс; 3)Ф. Энгельс; 4)М. Хайдеггер; 5)Н. Гартман;

7.Кеңістік пен уақыт, ол –

1)материяның негізгі өмір сүру формалары;

2)қоғамдық қатынастар; 3)физикалық денелер; 4)табиғи құбылыстар;

5)қозғалыстың негізгі формалары;

8.Материализмнің түрлерін көрсетіңіз:

1)тұрпайы, механикалық – метафизикалық, диалектикалық;

2)тұрпайы, диалектикалық, антикалық;

3)механикалық – метафизикалық, натурфилософиялық, диалектикалық;

4)орыс диалектикасы, тұрпайы, гегельдік;

5)диалектикалық, маркстік, метафизикалық;

9.Салыстырмалылық теориясының авторы:

1)А. Эйнштейн; 2)И. Ньютон; 3)В. И. Ленин; 4)Ф. Энгельс; 5)В. И. Вернадский;

Әдебиеттер:


  1. Диалектическая логика. Т.2. – А.,1987.

  2. Доброхотов А.Л. Категория бытия в классической западноевропейской философии. – М.,1986.

  3. Какабадзе З.М. Проблема человеческого бытия. Тбилиси – 1986.

  4. Хайдеггер М. Время и бытие. – М.,1993.

  5. Ленин В.И. Материализм и эмпириокритицизм. Т.18.

  6. Әбішев Қ. Философия. – А.,1997.

  7. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. – А.:»Білім»,2001.

  8. Ахундов М.Д. Концепция пространства и времени: истоки, эволюция, перспективы. М.,1982.

  9. Рычков А.К., Яшин Б.Л., Философия: 100 вопросов – 100 ответов: Учеб. пособие для студ. вузов. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2002.

  10. Мартынов М.И. Философия: вопросы и ответы /Мартынов М.И., Кравченко Л.Г., Киселева С.А. – Изд. 2 – ое, стер. – Мн.:»ТетраСистемс»,2002.

11 Тақырып: Сананың пайда болуы және мәні.



Сабақтың мақсаты:

Адамның өмір сүру тәсілі, рухани бағдарын анықтау мен дүниені өзгерту құралы ретінде сана ұғымының мәнін жан- жақты ашып түсіндіру. Оның пайда болуын, қоғамдық тарихи мәнін зерделеу арқылы студенттердің дүниетаным деңгейін көтеру.



Семинар сабағының жоспары:

1.Бейнелеу материяның жалпыға ортақ қасиеті ретінде.

2.Сананың пайда болуы. Сананың қоғамдық - тарихи мәні.

3.Идеалдылық пен материалдық мәселесі. Гнесеологиялық образ.

4.Өзіндік сана және адамның әлеуметтік белсенділігі.

Бақылауға арналған сұрақтар.

1.Философия тарихындағы сана проблемасын қалай түсінесіз?.

2.Нақты ғылымдардағы сана проблемасын түсіндірініз?

3.Сананың қалыптасуы жөнінде қандай гипотезалар бар?

4.Бейсаналық проблемасын қалай түсінесіз ?

5.Адамдар әрдайым саналы іс - әрекет жасай ма?

6.Тіл мен сананың байланысы қандай?

Негізгі ұғымдар (глоссарий):.

Сана - субьективтік реалдылық, шындықты мақсатты бейнелеу, адам миының тілмен байланысты функциясы.

Гилозоизм ( гр.hyle және zoe - зат және өмір) - материяның әмбебап тіршілігі туралы философиялық ілім.

Солипсизм ( лат. solus - жалғыз, дара және ipse - өзі ) - тек адам және оның санасы ғана өмір сүреді, ол обьективті дүние, оның ішінде адамдарда , жеке адам санасында ғана өмір сүреді дейтін субьективтік- идеалистік теория.

Панпсихизм (гр.pan - барлығы және psyche- жан ) - барлық табиғатқа жандылық, психика тән делінетін идеалистік көзқарас , анимизмнің философиялық тұрғыдан айтылуы.

Өзіндік сана - адамның өзін- өзі обьективті дүниеден бөлуі, өзінің дүние мен қатынасын, өзінің істерін, әрекеттерін, ойлары мен сезімдерін, тілектері мен мүдделерін, өзін тұлға деп ұғынуы және бағалауы.

Қоғамдық сана- тарихи процестің рухани жағы. Тарих жинақтаған ілім, саяси және құқықтық идеялар, өнер жетістіктері, мораль, дін және қоғамдық психология тұтас қоғамдық санаға кіреді.


Мәнжазба тақырыптары:

1.Бейнелеу - материяның жалпы қасиеті ретінде.

2.Адамның санасы мен оның әлеуметтік негізі.

3.Сананың физиологиялық механизмі.

4.Сананың қалыптасуындағы еңбектің ролі.

5.Қоғамдық сана мен қоғамдық психология.

6.Қоғамдық сана мен жеке сана, олардың өзара байланысы.

7.Илюзиялық сана феномені.

8.Сананың шығармашылық белсенділігі.

9.Тіл - ой қызметінің материалды формасы.


Тест сұрақтары:

1.Санаға берілген анықтамалардың қайсысы диалектикалық материалисік болып табылады:

1)сана сырттан дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс;

2)сана ең жоғарғы ұйымдасқан материаның қасиеті;

3)сана материяның барлық формаларын түсіну;

4)сана биологиялық дамудың көрінісі;

5)сана сан мен сапаның айырмашылығын айқындайтын құбылыс.

2.Келесі тізімде " сана " философиялық ұғымына не кіреді:

1)түйсік;

2)тіл;


3)ойлау;

4)ми биотогы;

5)ерік;

3.Гилозоизмге қай пікір жатады:



1.тірі денелердің бәрінде түйсік бар.

2. барлық материя бейнеленеді;

3.тірі денелердің бәрі бейнелейді;

4.нәрселердің бәрі ойлайды;

5.нәрселер ештеме ойламайды;

4. Қай ілімнің өкілдері адамның санасын дүниедегі жалғыз реалдылық деп қабылдаған

1.редукционизм;

2.объективті идеализм;

3.скептицизм;

4.сциентизм

5.субъективті идеализм

5.Идеализм тұрғысынан сана ұғымына анықтама беріңіз:

1.сана дегеніміз - ол субъективті реалдылық;

2.сана дегеніміз - ол жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті;

3.сана дегеніміз - ол шындық дүниенің бейнесі.

4.сана дегеніміз - ол баршаның абсолютті

5.сана дегеніміз - ол табиғат.

6.Идеализмді тап:

1.сана - материамен тығыз байланысты;

2.сана - материяның өзі;

3.сана - материяға дейін және одан тәуелсіз;

4.сана - әрқашан материяны лайықты бейнелемейді;

5.сана - материяның түрі.

7.Тұрпайы материализмді көрсетіңіз:

1.сана - материяның қасиеті болып табылады;

2.сана - бұл субьективті реалдылық;

3.сана - идиальды;

4.сана - материяның түрі;

5.сана - бұл материяның бейнесі.

8.Қай ілімнің өкілдері адамның санасын дүниедегі жалғыз реальдылық деп қабылдаған:

1.скептицизм; 2.редукционизм; 3.обьективті идеализм; 4.субьективті идиализм; 5.сциентизм.

9.Бейсаналықтың негізін қалаушы философтар:

1.Платон ,Аристотель; 2.Бэкон, Декарт, 3.Фрейд, Юнг; 4.Кант, Гегель; 5.Маркс, Энгкельс;

10. З. Фрейд философиядағы қай ағымның өкілі:

1.психоанализдің; 2.позитивизмнің; 3.неотомизмнің; 4.герменевтиканың; 5.экзистенциялизмнің;

Әдебиеттер:

1.Алексеев П.В. Панин А.В. Философия М., 1998.

2.Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание. М.,1997.

3.Дубровский Д.И. Информация. Сознание. Мозг. М.,1980..

4.Дубровский Д.И. Проблема идеиального. М.,1983.

5.Иванов А.В. Сознание и мышление. М.,1994.

6.Ильенков Э.В. Философия и культура. М.,1991.

7.Спиркин А.Г. Сознание и самосознание. М.,1972.

8.Юнг К.Г. Психологические типы. М.,1994.

12 Тақырып: Таным теориясы


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау