- Жеке – даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.
- Топтық тәрбие формалары: іс – шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.
- Ұжымдық тәрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, ән – күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат – шерулер, спорт жарыстары.
- Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |