Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин тәрбие әдістерін төрт топқа бөліп қарастырады: Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеясы). Екінші топ – іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру әдістері. Үшінші топ – іс-әрекет пен мінез – құлықты ынталандыру әдістері. Төртінші топ – іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Тәрбие әдістерін жіктеу Тәрбие әдістерін жіктеуде мына критерилерге (қағидаларға) сүйену қажет: а) адам іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады; б) жасөспірімді тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі– өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам; - Қазіргі уақытта тәрбие әдістері міңез-құлыққа негізделген, мотивтік –мақсатты жақтарын біріктіретін бағыттылық- интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу обьективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі. (Т.И. Щукина)
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері: Этикалық әңгіме; - әңгімелесу,түсініктеме, сендіру, насихат,
- Лекциялар,
- Диспуттар;
- Пікірталас,
- Үлгіге негізделген;
іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру - Жаттығу әдісі (үйрету,дағдыландыру);
Педагогикалық талап қою, Тәрбиелік жағдаят; іс-әрекет пен-мінез-құлықты ынталандыру әдістері - Мадақтау;
- Жазалау;
- Жарыстар;
Тәрбиенің түрлері - Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
- Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
- Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
- а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
- ә) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
- б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
- Эстетикалық тәрбие міндеттері:
- бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру • эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
- • әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
- Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
Аралық бақылау материалдары Эстетикалық тәрбие дегеніміз, Эстетикалық тәрбиенің құралдары:Табиғат, әдебиет, өнер Құқықтық тәрбиенің міндеті: Эстетикалық тәрбиенің мақсаты Экономикалық тәрбие дегеніміз не Дене тәрбиесі негізгі құралдарының жүйесін анықтаңыз Еңбек тәрбиесі бұл
Достарыңызбен бөлісу: |