34
бӛлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдау,
орнында отырып талдау болады. Қазіргі таңда фонетикалық талдауды
сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр.
Фонетика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейіне
қойылатын талаптар:
- дыбыстардың фонемалық қасиеттерін білу, сӛздің лексикалық
мағынасы мен дыбыстардың ӛзара байланысын түсіну;
-
фонетикалық
терминдерді
дұрыс
пайдаланып,
тілдік
категориялардың мәнін ұғу;
- дауысты, дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуін білу, оларды
артикуляциясына қарай айыра білу;
- қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық
үйлесім
мен
үндестіктің
(сингармонизм)
тіл
мәдениетімен
байланыстылығын ұғыну және орынды пайдалану;
- қазақ әліпбиінің құрамындағы тӛл дыбыстар мен орыс тілінен енген
дыбыстардың ӛзара қарым-қатынасын меңгеру;
- ауызекі сӛйлеу және жазба тілдеріндегі сӛздерді әдеби тіл
нормаларына
сай
қолдана
білу,
орфоэпиялық,
орфографиялық
заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын
тану.
Лексикалық ҧғымдар мен оларды меңгерту әдіс-тәсілдер
жҥйесінің ерекшеліктері
Мектеп бағдарламасында лексиканы оқыту мәселесіне тоқталар
болсақ, лексика тіліміздегі сӛз байлығын тексеретін ғылым саласы.Қазақ
тілін
оқытумен
байланысты,
атап
айтқанда,
фонетика
,
морфология,синтаксисті оқыту сӛзден тыс қарастырылмайды. Тіліміздегі
сӛздер тіл дыбыстары арқылы, морфология сӛздің лексикалық,,
грамматикалық мағынасына қарай, ал синтаксис сӛздердің мағыналық, әрі
грамматикалық байланысына қарай кӛрінеді. Демек, лексиканы оқытудың
білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен
қатар тілдің ең кіші бӛлшігі – сӛздің фонетикамен, морфологиямен,
синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни, бүкіл
тілдік жүйені меңгерумен орай оқушының ана тілі арқылы кӛзқарасының
қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Лексиканы оқытудағы қойылатын талаптар оқушыларды дұрыс
сӛйлеу, ойын жеткізіп, айта білуге тәрбиелейді.Тура және ауыспалы
мағналы сӛздерді, оның ішінде ауыспалы мағналы сӛздерді айыра білуге
содықтан лексика бӛлімінің материалдарын жаңа білім беруге байланысты
да, пысықтаумен байланысты да осы айтылғандарды ескеріп отыру қажет.
Осы саланы зерттеуде профессор Қ.Жұбановтың, академик
І.Кеңесбаевтің, Ғ.Мұсабаевтың, Ә.Болғанбаевтың, Ғ.Қалиұлының кӛптеген
зерттеу жұмыстары нәтижелі болды. Бұл қазақ тілі лексикасының біршама
жетілген сала екендігін кӛрсетеді. Дегенмен лексика мен лексикология
терминдерінің синонимдік қолданылуы лексикалық зерттеу объектілерін
35
жүйелі қарастыруда біршама қиындық туғызады. Ғалымдардың пікірінше,
лексика терминін лингвистиканың негізгі салаларының бірі деп танып,
оның ғылыми объектілерін содан шығатын жүйе деп білу методикалық
тұрғыдан тиімді болар еді. Ал лексиканы оқыту әдістемесі аз зерттелген
сала. Алайда осы саланы зерттеуде орыс ғалымдары А.А.Текучевтің және
М.Т.Барановтың зерттеулерінен методикалық бағыт алуға болады. Қазақ
ғалымдарынан 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасына үлес
қосқан Б.Кәтенбаеваның «Сӛз құрамын» оқыту (1968), А.Айғабыловтың
«Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері» сияқты еңбектерін атауға
болады.
1962 жылы жасалған жаңа бағдарламадағы ӛзгешеліктер, негізінен,
мынадай бағытты кӛздеді: біріншіден, бағдарламаға «Лексика» бӛлімі
енгізілді. Бұның енгізілу себебі мектепте жүйелі түрде сӛздікпен жұмыс
істеу болмайтын, оқушыларға негізгі лексикалық түсініктер берілмейтін.
Тек мағыналық ұғымдар (сӛз мағынасы, омоним, антоним, синоним) ғана
ӛтілетін. Сондықтан бағдарламада лексикаға арнайы орын берілді.
Екіншіден, сӛздің жасалуы бағдарламаға да, оқулыққа да енгізілмеген еді.
Бұл материал тек «Сӛз құрамы» деген атпен жол-жӛнекей ғана ӛтілетін.
Демек, оқушының тілін дамытуда болсын, логикалық ой-ӛрісін
жетілдіруде болсын сӛз тудыру, оның жасалуы жӛнінен мәлімет берудің
қажеттілігі ескерілді. Әсіресе, сӛз тудыру мәселесі лексика, грамматика,
орфография тарауларын оқытуда негізгі мәселелердің бірі деп саналып,
бағдарламаға «Сӛздің жасалу жолы» тақырыбы қосылды.
Фразеологизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-санасының,
дүниетанымының айнасы болып табылады, олар-тақырыптық және
семантикалық тұрғыда кӛп аспектілі, ойлау мен танымның ерекше бейнелі,
эмоционалды-экспрессивтік реңкке ие және тіл қабаттарының ішіндегі
құрылымдық типтері мен синтаксистік модельдері қалыптасқан тілдік
бірліктер. Фразеологизмдер сӛйлем ішінде қолданылғанда стильдік
ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын кӛрсетуге қызмет етеді. Мысалы,
қуанды деген сӛз бен екі езуі екі құлағына жетті фразеологизмінің,
36
қорықты деген сӛз бен жүрегі тас тӛбесіне шықты фразеологизмінің,
арасында мағыналық сәйкестік болғанымен, бұл сәйкестік толық балама
бола
алмайды.
Себебі
қуанды,
қорықты
сӛздерінде
фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ. Бұл жӛнінде І. Кеңесбаев
ӛз ойын былай тұжырымдайды: «Жеке сӛз ӛздігінен барлық жағдайда
ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы міндетті емес».
Лексика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейлері мынадай:
- лексикалық терминдерді дұрыс қолдану, лексиканың тіл білімі
салаларымен байланысын, орнын ажырата алу
- ауыспалы мағыналы сӛздерді дұрыс қолданып, олардың ӛзара
қарым-қатынасын тани білу;
-синоним, антоним, омоним сӛздердің ерекшеліктерін, ӛзара
байланыстылығын түсіну, сӛздерді мағыналық сипаттарына қарай
ажыратып, топтай білу;
-синоним сӛздердің эмоциялық-экспрессивтік мәнін ажыратып,
олардың қолданыстағы орнына қарай синонимдес, антонимдес
сыңыраларын да ажырата білу;
- сӛздік құрам тармақтарының ӛсу, толығу жолдарын саралап, тілдің
қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- диалект сӛздердің тіл мәдениетіне қатысын тани отырып, әдеби
тілдің толысуындағы диалект сӛздердің рӛлін білу, диалектілердің пайда
болу жолдарын түсіне алу;
- кӛнерген сӛздер мен этнолингвистиканың арақатынасын саралай
білу, кӛнерген сӛздердің қазіргі кездегі қолдану ерекшелігін дұрыс түсіну;
- термин сӛздер арқылы ұғымдарды дәл атап, ғылыми стиль
талаптарына сай қолдана алу және терминдер мен кәсіби сӛздердің
ерекшеліктерін білу;
- сӛздік құрам тармақтарының баю, толығу жолдарын саралап, тілдің
қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- неологизм сӛздерді дұрыс қолдану және олардың тілдегі орнын
түсіну, неологизмдердің жасалу жолдарын білу.
Сӛз жасам әдістемесі.
1992 жылы қазақ тілі бағдарламасында «Сӛздердің жасалуы» атты
жаңа бӛлім енгізілді. Бұл бӛлімнің 4 сынып бағдарламасында: «Сӛз
тұлғасы туралы түсінік, түбір сӛз, қосымшалы сӛз, қосымшалы жұрнақ,
жалғау, кӛптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес
сӛз» деген тақырыптар қамтылса, 5 сынып бағдарламасында «Дара,
күрделі сӛздер. Біріккен сӛз және оның емлесі. Қос сӛздер және оның
түрлері. Қысқарған сӛздер және оның емлесі» сияқты тақырыптар
қамтылды. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен
оқулықтарда «Сӛз құрамы», «Сӛз тұлғалары» деген жалпы тақырыппен
морфология бӛлімінде қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде
сӛздердің жасалуын ӛз алдына бӛлім етіп дербес қарастырылуда, яғни
оның лингвистикалық негізі – сӛздердің жасалу процесі – тек
Достарыңызбен бөлісу: |