194
ЖАСӨСПІРІМНІҢ ЫЗАСЫМЕН
ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бірінші кезең – тыңдай білу.
Қалам алып, қағаз бетіне балаңыздың не айтқанын жазып
отырыңыз. Балаңыздың нені əділетсіздік деп санайтынын, не
айтқанын толықтай жазып алыңыз. Сіз тек қана тыңдай отырып
жазуыңыз қажет.
Сізге керекті мəліметті жинағаннан кейін ғана, оны
талқылауыңызға болады.
Ашуын шығарғаннан кейін ғана, сіз өзіңіздің не
ойлатыныңызды білдіріңіз, мысалы: «Менің ойымша, сен бұған
келесі себептерге байланысты ызалысың... Мен сені дұрыс
түсіндім бе?» Мұндай сұрақтар жасөспірімге сіз оны мұқият
тыңдағандығыңызды, сонымен қатар ары қарай тыңдауға дайын
екендігіңізді көрсетеді. Оның сізге тағы да бір нəрселерді айтуға
мəжбүр етеді. Жасөспірім сізбен ары қарай өзін мазалайтын
мəселелерімен бөліседі.
Екінші кезең – тыңдай отыра, қорғанбаймыз.
Ары қарай естігенімізді жазып отырамыз. Өзіңізді
қорғаштаудан сақтаныңыз. Осы кезде тыңдаудың екінші кезе-
ңінде екендігіңізді естен шығармаңыз.
Үшінші кезең – сын тыңдау.
Жасөспірім үндемей қалған сəтте, мəселенің мəн-жағдайын
түсіну үшін, оның мін айтқандығын қайталаңыз, оған тағы да өз
ойын жеткізуге мүмкіндік беріңіз. Үшінші кезеңнен кейін
жасөспірім сіздің оған шынайы көмектескіңіз келгендігін
сезінеді.
Тұйық жасөспірімге көмектесу неғұрлым қиын. Оның өзін
мазалайтын немесе ызасын келтірген жағдайымен бөліспеу, ата-
ана бойында дəрменсіздікті тудырады. Жасөспірімнің не
ойлайтынын жəне не сезінетінін білмейінше, ата-ана оған
көмектесе алмайды.
Тұйық жасөспірімнің ата-анасы өздеріне келесідей күрделі
сұрақтарды қойуы керек: «Мен жасөспірімді шектен тыс
қадағаламаймын ба? Мен оның өз еркінше шешім қабылдау
құқығын құрметтеймін бе? Оған жасөспірім екендігін сезінуге
43
17.
Əдетте өзінен кіші жəне əлсіздермен қарым-қатынас жаса-
ғанды қалайды.
18.
Көңілсіз ашуланшақтық белгілері жиі кезедеседі.
19.
Құрбыларымен санаспайды, айтқанынан қайтпайды, бөліс-
пейді.
20.
Кез келген тапсырманы өте жақсы орындап шығатынды-
ғына сенімді.
Кілті:
Əр жауапқа берілген оң жауап 1 баллға тең.
Жоғары агрессивтілік – 15-20 балл
Орта агрессивтілік – 7-14 балл
Төменгі агрессивтілік – 1- 6 балл
3.4. САУАЛНАМАЛЫҚ ƏДІСТЕР
Агрессивтілікті зерттеу əдістерінің бірі – сауалнама. Бірақ,
өкінішке орай А. Басс дұрыс айтқандай, сауалнамалар агрес-
сияны зерттеуде кеңінен қолданылмайды. Ол мұны балалардың
сұрақтарға жауап беру барысында өздерін жақсы жағынан
көрсетуге тырысатындығымен түсіндіреді. Бұл үрдіс «əлеу-
меттік қажеттілік» деп аталады.
Сауалнамалық əдістер анкеталарды, тұлғалық сауалнама-
ларды, тесттерді қолданады.
Анкеталау əдісінің ерекшелігі жылдам жүргізілуі, көп адам
қатысуы, алынған мəліметтердің сандық нəтижесі болып келеді.
Кемшілігі əлеуметтік жақсы көрінуге тырысу мақсатында
балалар анкета сұрақтарына жалған жауап беруінде.
Агрессивті мінез-құлықты психологиялық диагностика-
лаудағы ең қолайлы əдіс Басса-Даркидің сауалнамасы болып
есептеледі, ол жасөспірімдердің агрессивтілігін зерттеуде
кеңінен қолданылады.
44
А. Басс жəне А. Даркидің агрессия түрлерін жəне
көрсеткіштерін диагностикалау əдістемесі (А.К. Осницкий-
дің бейімдеуімен)
Бұл əдістеме бойынша алынған мəліметтерді өңдеу
қарапайым жəне оқушылардың агрессивті мінез-құлығын
диагностикалауға арналған психологиялық əдістемелер ішіндегі
ақпараттық əдістеме болып келеді. Агрессия түрлерін жəне
көрсеткіштерін диагностикалау əдістемесі бірнеше шəкілдерден
тұрады:
- дене агрессиясы – төбелестерде, дене зақымдарымен
жəне де адамға басқа да денесіне əсер етулермен байланысты
агрессивті мінез-құлық,
- вербальды агрессия – сөздік түрде көрінетін агрессия:
айқай, өсек жəне т.б.,
- жанама агрессия – ренжіткен адамға емес, керісінше
басқа адамдарға (жануарларға немесе заттарға) бағытталған
агрессивті мінез-құлық,
- негативизм – қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен
ережелеріне деген қарама-қайшылық,
- ашуланшақтық
- секемшілдік
- өкпелеу
- кінəлілік сезімі (аутоагрессия).
ИА – агрессия индексі (агрессияның жалпылама
көрсеткіші).
ИВ – өшпенділік индексі (өшпенділіктің жалпылама
көрсеткіші), индивидтің өзін қоршаған адамдарына деген
өшпенділік деңгейін көрсетеді.
БАССА-ДАРКИ САУАЛНАМАСЫ
Аты-жөні
Жынысы
Жасы
Ата-анасының жұмыс орны
193
«Менің қызым он үште.
Ол ашуланғанда көршілердің
бəрі мұны біледі. Ол истери-
када жылап, айқайлап, секіріп,
эмоционалды жарылады».
Балада жасөспірім шағына
қарай агрессивті мінез-құлық-
тың қандай да бір типі бай-
қалады.
Жасөспірімдердің
агрессивті реакциясы екі түрде көрініс алады: ішкі жəне сыртқы.
Үндемейтін жасөспірімнің ызасы ішкі түрде байқалады. Оның
агрессиясы ішінде жиналады, онымен ешкім жұмыс істемейді.
Сондықтан баланы агрессия іштей жеп жатады. Іште жинақ-
талған ыза пассивті-агрессивті мінез-құлыққа əкеледі. Пассивті-
агрессивті мінез-құлық салдарынан баланың спортқа, мектепке
деген қызығушылығы жоғалады.
Басқа жағынан, көптеген жасөспірімдер де сыртқа
бағытталған эмоционалды жарылыс байқалады. Жасөспірімдер
дұрыс емес деп есептейтін нəрсені ата-аналары айтатын болса,
олар оған өте дөрекі, жаман сөздермен жауап қайтарады.
Кейбіреулері қолында тұрған нəрсені лақтырып, жан-жағын
жайпап сындырады.
Ата-аналары жасөспірімнің неге ызаланғанын анықтауы
қажет: оның ойынша ата-анасы нені дұрыс емес жасады; қандай
жаманшылық жасады?
Егер де ата-анасы жасөспірімді тыңдамаса жəне осы
мəселені шешуге көмектеспесе ол өзіндегі ызаны күшейтеді.
Егер де ата-ана жасөспірімді тыңдаса, мəселенің негізгі себебін
білсе, онда олар ақылға қонымды реакцияға жетеді. Ата-аналар
жасөспірімнің дауыс көтергендігіне шыдай алмай, жауап ретінде
олар да айқай көтереді. Мысалы, «Аузыңды жап та, бөлмеңе бар.
Сенің менімен бұлай дауыс көтеріп сөйлеуге ешқандай құқығың
жоқ!».
Ата-ана баласының сөйлеу мəнеріне емес мазмұнына көңіл
аударуы қажет. Бұл сəтте ызаның себептерін анықтау маңызды.
Егер де ол сізге айқайласа, онда ол сізге бір нəрсені айтпақ. Сіз
ата-ана ретінде мұны естуіңіз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |