114
Қоңыр + сұр: мойындаудың жеткіліксіз болуы
Адам өзін назарсыз қалған адам ретінде сезінеді. Жəне де
мойындату мен сыйлауға лайықты болу үшін физикалық
қажеттіліктерді басу арқылы жетуге болады. Қалыптасқан
жағдай уақытша, өтпелі ретінде қабылданады. Адам белгілі бір
күш жұмсау, талпыну арқылы алдыға жылжуға мүмкін
екендігіне сенеді.
Қоңыр + көк: түсінбеу жəне мойындаудың жеткілік-
сіздігі
Түсінудің жəне мойындаудың жеткіліксіздігі адамды
сенімділік пен шынайылық негізінде қатынас орнатуға
болмайтындығына сендіреді. Қатынастарға көңілінің толмауы
оны ашуланшақ жəне сезімтал етеді. Қалыптасқан өзара
қатынастар ашу жəне тəуелділік, жалғыздықты туындатады.
Оның шынайы мақсаты – мойындату жəне өзін-өзі көрсету.
Қоңыр + қызыл: достарының аз болуынан туындаған
өзіне сенімсіздік
Адам өзін мойындамаған жəне назардан тыс қалған адам
ретінде сезінеді. Қандай ұжымда болмасын ол жалғыздық
сезімінен арыла алмайды. Адам оны басып, кемсітеді деп
қорқады. Бұл сезім өзіне деген сенімісіздік, сенімді болып
көріну бетперденің артында жасырынып тұрады.
Қоңыр +сұр: немқұрайдылыққа алып келетін түңілу
Ішкі шиеленістің себебі: өзіне деген сенімсіздік. Қарым-
қатынас жасайтын адамдары арасында оның талабына жəне
қызығушылығына сай келетін адамдар жоқ. Жалғыз қалу сезімін
уайымдау оны қайтадан адамдарға итермелейді. Өзінің
ерекшелігін дəлелдеу үшін ол өзіндегі қатынас жасауға деген
қажеттілікті басып өзіне-өзін сенімді адам ретінде көрсетіп, оны
сынайтын адамдарға деген жаман қатынасын жасырмайды.
Қара түс: басқаруға деген бейімділік
Қара түсті ұнатпау бұл өз өмірінің иесі болуға талпынысты
жəне өзінің əрекеттерін, шешімдерін қадағалауға, басқалардың
тыйымдарынан тəуелсіздікке ұмтылу. Қара түсті ұнатпау
амбицияның бар екендігін жəне өзіне қажет еместен тез босай
123
оқушыларының алдын алатын əртүрлі сыныптан тыс шаралар,
акциялар жүргізеді.
«…7-8-ші сыныптармен «Сөз құдыреті жəне Мен» атты
біз сыныптан тыс шаралар жүргіземіз. Осы сыныптарда
оқушылардың балағат сөздер айтатын кездері болады,
сондықтан да олармен сыныптан тыс шаралар жүргіземіз.
Оларға сөздің əсері туралы айтамыз».
«Жапон ғалымдарының эксперименттерінен сөздің қасиеті
туралы мысал келтіреміз. Жəне балалар үшін күтпеген жағдай:
сөздің осындай əсері болуы мүмкін бе? Олар көрнекі түрде көре
алады. Бұл жағдайларда біз міндетті түрде əдетті сақтау,
мінез-құлықтың ережелерін сақтау керектігі туралы алдын алу
əңгімелерін жүргіземіз»
«Олармен алдын ала ішкі тəртіп ережелері туралы келісіп
аламыз. Мəселен, ішкі тəртіп ережелері барлық балалар
білмейді, білген күннің өзінде олар естеріне сақтамайды, əр
тарауды оларға жеке-жеке түсіндіреміз».
«Ең алдымен агрессияның неден туындайтынын біліп алу
керек. Агрессия үйде түсіністіктің болмауынан, балаға назар-
дың жетіспеуінен агрессия туындайды»
«Негізінде біз агрессияны жеңілдететін тренингттер
жүргіземіз».
«Балалармен сөйлесеміз. Балаларды шақырамыз, оларды
ренжіткен адамдарды шақырып жұмыс істейміз».
«Жайсыздық жайпауышы» атты психологиялық акция
жүргіздік. Сол жерде балалардан оларды кім ренжіткені,
оларды мазалап жүрген мəселелер туралы сұрадық, «Жайсыз-
дық жайпауышы» аузы ашық суретін салдық. Балалар қағаз
бетіне өздерінің реніштерін салып, оның аузына салып, ол
«жайсыздықтарды» оған жегізеді. «Жайсыздық жайпауышы»
бастауыш сынып оқушыларының мəселелерін жеп, мəселелерін
шешіп кетеді».
122
«Жас ерекшелік психологиясының ерекшелігін ескере
отырып, біз əр жасқа тəн белгілі бір мəселелер болатындығын
білеміз. Жүргізілуі керек сабақтардың маңыздылығын балалар
əр кезде түсіне бермейді. Сонымен қатар балалардың
уақыттары да жетпейді»
«Агрессивті балалармен жұмыс жасағанда ата-ананың
көмегінсіз болмайды. Көп жағдайда ата-ана тарапынан
түсінбеушілік болады. олар белгілі бір себептермен барлық
жауапкершілікті мектепке артып қояды»
Мектептегі психологтардың жұмысының өзіндік ерекшелігі
бар: бұл психологиялық кеңес беру, психологиялық түзету жəне
де əртүрлі тренингттер жүргізу.
«Келесі бағыттар бойынша жұмыс жасаймыз: суици-
далды жəне агрессивті мінез-құлықтың алдын алу, шығар-
машылық жəне интеллектуалды қабілеттерін дамыту,
жоғарғы сыныптардағы кəсіби бағдарлау жұмыстары, ҰБТ-ға,
емтихандарға даярлық»
«Жұмыс тəуекел тобымен, ата-аналармен, оқушылармен
жəне мектеп əкімшілігімен жүргізіледі»
«Əңгімелесу, анкеталау жəне де басқа өзара əрекеттестік
формаларын жүгізуде мəселелік жерлерді анықтап, нақты
субъектімен жұмыс жасау бағыттарын анықтаймыз. Əрі
қарай олармен психологиялық кеңес беру, түзету-дамыту
жұмыстары жүргізіледі».
«Келесі бағыттар бойынша жұмыс жасаймыз: психо-
логиялық түзету, психоологиялық кеңес беру, психологиялық
ақпарат беру, психологиялық диагностика»
Жүргізілген тереңдетілген сұхбат көрсеткендей, мектеп
жасындағы балалардың агрессивтілігінің алдын алу жұмыс-
тарын психологтар қарым-қатынас тренингтерін, психологиялық
жеңілдену, сонымен қатар мектептегі психологиялық ұжыммен
бірге олардың ұйымшылдығын жақсарта түсетін жəне мектеп
115
алатындығын көрсетеді. Ол ешнəрседен бас тартпайды, ол үшін
бас тарту жетіспеушіліктің белгісі болып келеді. Бірақ бұл
адамдар беделді, билікке бейім келеді.
Қара + қызыл: дəрменсіздік жəне жүйкесінің тозуы
Бұл түстердің үйлесуі қатты стрессті жəне жүйкенің тозуын
білдіреді. Адамның қазіргі жағдайы ол үшін шешімі жоқ болып
көрінеді. Адам өзінің əлсіздігін сезінеді, мақсатына жете
алмайтындығына ашулы, өзінің сенімдеріне сай кедергісіз
əрекет еткісі келеді. Оған уақытша өз талаптарынан бас тартуы
қажет, өйткені денсаулығы бұзылады. Жүрегіне салмақ түсіреді!
Қара + сары: белгісіздік
Орындалмаған
үміттер
адамды
қобалжуға
жəне
күмəнданушылыққа алып келеді. Сондықтан да ол өзін
басқалардың бақылауын қаламайды. Ақылға бой алдырмайды.
Мұндай жағдайларда жағымды ұстанымдарды ұстану керек.
116
4. БАЛАЛАРДЫҢ АГРЕССИВТІ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҒЫН ТҮЗЕТУ ЖƏНЕ АЛДЫН АЛУ
БОЙЫНША ƏДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
4.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АГРЕССИВТІ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҒЫН ТҮЗЕТУ ЖƏНЕ АЛДЫН АЛУ:
ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Агрессивті балалар – бұл көмекке мұқтаж жəне үлкендердің
қабылдамауына ұшараған балалар тобы. Түсінбестік пен
агрессивті мінез-құлық себептерін білместік агрессивті
балалардың үлкендерден де, өздерінің құрбыларынан да ашық
түрде жақтырмауы мен қабылдамауына алып келеді. Сондықтан
да мəселелік санаттағы балаларды анықтау мақсатында тек
агрессивтіліктің деңгейін анықтап қана қоймай, сонымен бірге
агрессивті мінез-құлықтың алдын алу жəне түзету жұмыстарын
жүргізу керек.
Бала агрессивтілігінің алдын алу – бұл балалар мінез-
құлығындағы агрессияны туындататын негізгі себептер мен
жағдайларды жоюға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық,
əлеуметтік-дəрігерлік жəне ұйымдастыру-тəрбиелік іс-шаралар-
дың əсер ету үдерісі. Алдын алу бұл тəуекел факторларын жою
немесе қандай да бір құбылыстар туралы ескертуге бағытталған
əртүрлі іс-шаралар жиынтығы.
Білім берудегі психологиялық қызметтің негізі туралы
көзқарастарға сүйене отырып, мектептерде жүргізілетін алдын
алу жұмыстары туралы төмендегідей анықтама беруге болады.
Алдын алу – бұл оқушылардың оқу іс-əрекеті барысындағы
қиындықтарға алып келуі мүмкін ерекшеліктерін уақытында
анықтау болып келеді.
Алдын алу жұмыстарының мақсаты психолог өзінің білімі
мен тəжірибесі негізінде баланың дамуы мен өмірлік танымына
əсер ететін, балалардың психикалық жəне тұлғалық дамуындағы
болуы мүмкін сəтсіздіктерді ескерту. Бала агрессивтілігінің
алдын алу дегеніміз бұл баланың агрессивті мінез-құлқын
туындататын əлеуметтік-психологиялық факторларға жол
бермеуге бағытталған іс-шараларды жүргізу.
121
да біздің психологиялық көмек көрсетуіміздің сапасы төмен-
дейді».
Бұл мəселелерден бөлек, оқушылардың санасындағы
психологқа тек психикалық ауытқулары бар адамдар ғана келеді
деген стереотиптерін жоюға бағытталған мəселелерді жеңу
жолында қызмет жасайды. Тағы да бір қиындық ата-аналардың
бірігіп жұмыс істеуге дайын еместігі жəне барлық мəселелерді
мектептегі педагогикалық ұжымның иығына артып қойғысы
келуі.
«Қиындығы сол балаларда сабақ жүріп жатады жəне
оларды мұғалімдермен келісіп сұрап алу керек»
«Қиындығы мұғалімдермен келісіп олардан жалынып,
жалбарынып сұрап алуың керек. Түсінікті олардың да жоспар-
лары, жұмыстары, қандай да іс-шаралары, қадағалау бар,
сондықтан да өте күрделі»
«Əсіресе тоқсанның соңына қиын. Бірақ сонда да мұғалім-
дер түсініп, біздің өтініштерімізді орындайды»
«Қиындықтар қарым-қатынас жасауда кездеседі. Қазір
қыздары үшін төбелесетін жақсы көріп қалғыш балалар көп.
Жəне ол оның қызы екендігін айтып табандылық, агрессия
көрсететіндер де кездеседі»
«Балалар қиын қабылдайды. Егер баланың өзін-өзі бағалауы
жоғары болса, мен психолог ретінде басыңқы түрде сөйлесе
бастаймын. Оларға: «Бұлай болмайды», «Өзіңді қалай ұстау
керектігін білмейсің» десең нашар қабылдайды. Олар: «Неге
маған жабысып қалдыңыз? Менен де жаман балалар бар ғой»
деп жауап береді»
«Біз олармен қалай жұмыс жасау керектігін білеміз, қай
жерде басу керектігін, қай жерде өзіндік бағалауын көтеру
керек жəне де балалар белсенді түрде қабылдап, қарсы жауап
беруге тырысады»
120
Психологиялық жұмыс жасау сапасын төмендететін фактор-
лардың бірі ата-аналардың, кейде балалардың жеке сипаттағы
мəселелерді шешуде психологпен бірлесе жұмыс істеуден бас
тартуында, сонымен қатар педагогтар ұжымы мен оқушылардың
əр түрлі сыни жағдайларды шешудегі психологтың біліктілігін
жеткілікті түрде бағалауымен байланысты.
«Иə қабылдамайды! Қазір ештеңе емес, алғашқы кездері
олармен əңгімелесе бастаса, олар: «Сіздің есіңіз дұрыс па?»
дейтін. Сонда оларға: «Балалар, мен ақыл есі дұрыс еместермен
емес, тек мінез-құлықты түзету жұмыстарымен айналы-
самын» деймін
«Олар үшін психолог келсе, психиатрмен жұмыс істеуі
керек»
«Психолог тек əңгімелесу арқылы шешеді»
Мектепте кездесетін тағы бір мəселе – жұмыс сағатының
жеткіліксіздігі. Психологтар балаларды сабақтан сұрап алады, ал
пəн мұғалімдері сабақтан жібергісі келмейді.
Психологтың жұмысындағы қиындығы: олар лық толы
сыныптармен жұмыс жасауға мəжбүр. Оқушылармен психо-
логиялық жұмыстар жүргізуде балалардың көп болуы қиындық
туындатады. Шағын топтарда жұмыс жасау алдын алу жұмыс-
тарының нəтижелі болуының негізгі себебі болып келеді.
«Жалғыз мəселе – сыныптар топтарға бөлінбейді. Пси-
хологтың жұмысы шағын топтарда жүргізілу керек, 12 немесе
адамнан ең көбі 15 адамға дейін»
«Барлық сыныпқа тақырыптық сабақтар жүргізген кезде,
біз балаларды бөле алмаймыз. Сондықтан да оларды қызық-
тыру жəне мұқият тыңдату күрделі»
«Психологиялық сабақтар жүргізген кезде балалардың
қызығушылықтары бойынша топтарға бөлген жақсы болар еді.
Балалардың санының көп болуы кедергі жасайды. Сондықтан
117
Тұлғаны түзету оның ауытқыған мінез-құлығындағы
жағымды тұлғалық өзгерістерге жағдай жасау.
Баланың агрессивті мінез-құлығын түзету баланың
тұлғасының толыққанды дамуы жəне қызмет етуін қамтамасыз
ету мақсатында агрессивті əрекеттерді анықтауға бағытталған
психологиялық əсер ету.
Психологиялық түзету – мектеп психологтың психоло-
гиялық əсер етудің арнайы құралдарының көмегі арқылы
баланың агрессивті мінез-құлығын түзетуге бағытталған
қызметінің бір түрі.
Жеке жəне топтық психологиялық түзетуді бөліп көрсетуге
болады.
Жеке психологиялық түзетумен айналысатын психолог
баламен бөтен адамдардың қатысуынсыз жұмыс жасайды.
Топтық психологиялық түзету жұмысы кезінде оқушылар
тобымен өзара əрекеттестік болады, агрессивтілік деңгейінің
төмендеуі балалардың бір-біріне өзара əсер ету жəне өзара
қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асады.
Агрессивті мінез-құлықты түзету үшін бірқатар жаттығулар
өңделген, оларды дұрыс орындайтын болса жағымды нəтиже
береді. Бұл құралда мектеп жасындағы балалардың агрессивті
мінез-құлығын түзету бойынша жаттығулардың бірнеше
нұсқалары қарастырылды.
Мектепте агрессивтілік жəне күш көрсету деңгейінің алдын
алу жəне түзетумен тікелей психологтар айналысады.
Мектептегі психологтың жұмысының өзіндік ерекшелігі бар
жəне оқушылылардың психологиялық жағдайын қадағалаумен,
психологиялық
кеңес
берумен,
тренингтер
жүргізумен
ерекшеленеді. Қазақстандық психологтар өздерінің жұмыс
күндерін былай деп сипаттайды:
«...Менің жұмыс күнім 9-дан 5-ке дейін. Кейде кешке дейін
созылады. Менің жұмыс күнім əдеттегідей өтеді, кеңес
берулер, тренингтер жəне мен өзін-өзі тану сабақтарынан
дəріс беремін»
«Əдетте біз таңертең келеміз, жұмыс басталады. Ша-
ғыммен келетін барлық мұғалімдермен біз əңгімелесеміз. Егер
бізде қандай да бір сынып тесттен өтіп жатса, тест
118
жүргіземіз. Содан соң басқа балалармен жұмыс жасаймыз,
əңгімелесеміз, мен жəне əлеуметтік педагогпен, тəрбиелеу-
шілермен бірігіп тəуекел топтарымен жұмыс жүргіземіз.
Содан жоспар бойынша мектеп директорымен жиналыс
жүргіземіз, ол жоспар бойынша зерттеу жүргізілу туралы
тапсырма береді. Мəселен, суицид бойынша, немесе қандай да
бір дөңгелек үстел жүргізу»
«Менде күнтізбелік жоспарлар жəне жұмыс кетесі бар.
Мəселен, менде дүйсенбі күні демалыс күні, сабақтар бар, сабақ
жүргіземін жəне мəліметтерді өңдеймін. Содан соң сейсенбі
күні ата-аналармен жұмыс, сəрсенбіде менде кезекшілік.
Бейсенбі, жұма күндері менде диагностика жəне сенбі күні
балаларға кеңес берумен айналысамын»
«9-да
жұмысқа келеміз, кабинеттерімізге кетеміз,
оқушылардың жағдайларына қараймыз. Егер жоқ оқушылар
болса əлеуметтік педагогпен бірігіп ата-аналарға хабарласып,
жоқ болуының себебін анықтаймыз. Содан соң тəуекел
тобымен, дарынды балалармен жұмыс жасаймыз, яғни əр
аптада əр баламен жұмыс жасаймыз. Түзету – дамыту
сабақтарын жүргіземіз»
«Менің жұмыс күнім жеті сағатты құрайды. Күні бойы
оқушылармен, мектеп педагогтарымен, ата-аналарымен тығыз
қарым-қатынаста боламыз. Біздің мектепте спорт саласы
бойынша дарынды балалар оқиды. Сондықтан да жаттықты-
рушылармен жұмыс жасаймыз....»
«Жоспар бойынша жұмыс жасаймыз, бірақ жоспардан
тыс та жұмыстар болады. Егер психологсыз шешілмейтін
қандай да бір мəселе туындаса жоспардан тыс жұмыс
жасаймыз. Мəселелер өте көп, сондықтан да жұмыс істейміз»
«Бір аптаға жоспар құрылады. Дүйсенбі күндері ата-
аналармен жұмыс. Сейсенбі – балаларға арналған кеңес беру.
Сəрсенбі – түзету-дамыту сабақтары. Бейсенбі – əдістемелік
күн. Жұма – оқушыларға арналған дамыту жəне диагносткалау
сабақтары. Сенбі күні материалдарды даярлау, семинарларға
119
дайындалу, теориялық материалдармен жұмыс. Тоқсанына бір
рет ата-аналар жиналысы болады, сол жерде психолог өзінің
ұсыныстарын айтады. Жылына 4 рет жалпы мектептік ата-
аналар жиналысы болады»
Психологтың агрессивтіліктің алдын алуы бойынша
жұмысы маңызды болып келеді, сондықтан да мектептегі
балалардың агрессивтілік деңгейін диагностикалау жүргізумен,
агрессивті балалардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау-
мен байланысты.
Сарапшылардың кейбір бөліктері жұмыста аса бір
қиындықтар жоқтығын атап кетті. Олардың айтуы бойынша:
«Барлығы жоспар бойынша, балалармен қарым-қатынас жасауда
аса бір қиындықтар жоқ».
«Негізі, аса қиындық жоқ. Бірақ кейде кейбір мінезді
балалар болады: оларға ерекше бағыт керек. Мұндай
қиындықтарды бірігіп шешеміз – нəтижесінде барлығы
шешіледі»
«Енді, негізінде қиындықтар болмайды. Барлық балалар
қарым-қатынасқа жеңіл түседі. Барлығы түсіністікпен қарай-
ды, егер қиындық кездескен күннің өзінде маңызды емес. Егер
балаармен қатынас жасау қиындаса, сөйлескісі келмесе, оларды
əңгімеге тарту қиын»
«Қиындықтар жоқ. Біздің балалардың түсініктері бар,
маған дейінгі психологтар да жақсы жұмыс істеген. Бір ғана
мəселе – балалардың көңіл-күйінің болмауы, өзін-өзі нашар
сезінуі себебінен жұмыстан, қарым-қатынас жасаудан бас
тартады»
«Негізінде, ерекше күрделі қиындықтар жоқ. Кейде, кейбір
балалардың мінездері ерекше болғандықтан оларға ерекше
бағыт керек»
Сарапшылардың енді бір бөлігі жұмыста кездесетін кейбір
қиындықтарды атап өтті. Бұл қиындықтар олардың ойынша, ең
алдымен психологпен қарым-қатынас жасағысы келмеуінде.
Достарыңызбен бөлісу: |