196
Кейде жасөспірімді тыңдай отырып, оның ісінің дұрыс-
тығын мойындаймыз. Егерде жасөспіріммен қарым-қатынас
құруда қателік жіберген болсаңыз, өз қателігіңізді мойын-
дағаныңыз жөн. Жасөспірімдердің көбі, өзінен кешірім сұраған
ата-ананы кешіреді.
Туындаған мəселе бойынша ата-ана жасөспірімге қарағанда
басқа көзқараспен қарайды. Осы себептен көптеген отбасында
ата-анамен жасөспірім арасында жанжал туындайды.
ЖАНЖАЛ ЖАҒДАЙЫН ШЕШУ
НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
1. Болмашы агрессия барысында өзіңізді бір қалыпты
ұстаңыз
- Балаңыздың еркелігіне көңіл аудармаңыз;
- балаңыздың сезімін түсінуге тырысыңыз;
-
көңілін басқаға аударыңыз, қандай да бір тапсырма
ұсыныңыз;
2. Тұлғаның өзіне емес, мінез-құлыққа назар ауда-
рыңыз
Бала тынышталғаннан кейін, агрессия кезінде өзін қалай
ұстағанын, не сөйлегенін, осы себептен өзара оның мінез-
құлқын талқылаңыз.
3. Сынамаңыз жəне кеңес бермеңіз
Ешқандай сыни көзқарастар болмауы керек. Оларға мінез-
құлқының жағымсыз салдарын
көрсету қажет. Жасөспірімге аг-
рессияның бəрінен де бұрын
өзіне зиян келтіретіндігін сен-
діру керек.
4. Өзіңіздің эмоцияңызды
бақылауда ұстаңыз
Агрессивті балалармен қа-
рым-қатынас жағдайында өзіңіз-
дің жағымсыз эмоцияларыңызды
41
3.2. ƏҢГІМЕЛЕСУ ƏДІСІ
Жасөспірімдердің ата-аналарымен жəне де отбасының басқа
да мүшелерімен, педагогтармен, мектептегі жəне мектептен тыс
жерлердегі достарымен қарым-қатынасын анықтау үшін
əңгімелесу əдісі қолданылады.
Ата-аналармен, педагогтармен əңгімелесу отбасындағы
тұрақты жағдайды, адамгершілік хал-ахуалды білу үшін, ата-
анасымен жəне де отбасының басқа мүшелерімен өзара қарым-
қатынас сипатын анықтау үшін, баланың отбасындағы жəне
мектептегі, көшедегі жəне достарының арасындағы мінез-
құлығын білуге мүмкіндік береді. Əңгімелесу материалдары
жасөспірімнің агрессивті мінез-құлығының себептерін үлкендер
көзқарасымен көруге мүмкіндік береді; оның теріс əрекеттері
үшін кім өзін жауапты санайтындығын айқындаймыз.
Əңгімелесу барысында жасөспірімнің өзінің агрессивті мінез-
құлығының себептерін қалай түсіндіретіндігін, оған қандай
адамгершілік баға беретіндігін біле аламыз.
3.3. САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ ƏДІСІ
Бұл əдіс бірнеше сарапшылардың бақылау үдерісінде
баланың агрессия деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Сарапшы ретінде баламен тығыз жұмыс жасайтын жəне
онымен жақын қарым-қатынас жасайтын жəне əртүрлі
жағдайларда оның мінез-құлығын бақылай алатын адамдар бола
алады. Бұл пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі, спорттық
секцияның жаттықтырушысы, ата-аналар, үлкен аға, апайлары
болуы мүмкін. Сарапшыларға «Бақылау картасы» (Стоттың
картасы тəрізді) беріледі, баланың агрессивті мінез-құлығын
сипаттайтын баланың бірнеше мінез-құлық белгілері беріледі,
сонымен қоса оларды бағалайтын бағалау шəкім беріледі:
- əрқашан – 3 балл
- жағдайға байланысты – 2 балл
- кейде – 1 балл
- ешқашан – 0 балл
Əр сарапшы агрессияның көріну жиілігін балл арқылы баға-
лайды. Соңынан əр бақылаушы үшін орта көрсеткіш есептеледі.