202
11-12 балл – сіз өз тəрбиелеу тəжірибеңізбен кəсіби
педагогтармен бөліссеңіз болады. Болашақта сізде балаңызбен
түсініспеушілік болмайды.
Отбасы отағасы
Келесі пікірлермен келісесіз бе: («иə» жауабы – 2 балл,
«толық емес» – 1, «жоқ» – 0). Жұбайыңызға да осы сұрақтарға
жауап беруін ұсыныңыз.
1.
Күйеуі кішкентай балаларға қарағанда ересек балалар
тəрбиесіне көп мəн береді.
2.
Ажырасудан кейін балалар анасымен қалуы керек.
3.
Жақсы күйеу əдетте жақсы əке де.
4.
Əйелге қарағанда ер азаматтар өз сезімін ашық
көрсетпеуі қажет.
5.
Балаларды тəрбиелеуде əкенің пікірі шешуші.
6.
Бала туылғаннан кейін əйелі күйеуіне аз көңіл
аударады.
7.
Жаман əкемен тұрғанға қарағанда, онсыз тұру қолайлы.
8.
Əйелі күйеуіне қарағанда баланың тəрбиесін жақсы бі-
леді деп есептелгендіктен, ол баланы тəрбиелеумен айналыссын.
9.
Егер де бала бір қиындыққа тап болса ол көмекті ана-
сынан сұрауы керек.
10.
Балаға деген махаббат жоғары болған сайын оны тəр-
биелеу оңай болады.
11.
Əкесі баланың тəрбиесіне əйелі сұраған кезде ғана
араласуы керек.
12.
Ата-аналары ажырасқаннан кейін, балалары анасымен
қалғандықтан, əкесін мүлдем ескермейді.
13.
Əдетте аналар балаларын шектен тыс еркелетеді.
35
тарда да кездеседі, орта буында да кездеседі. Агрессивті болуы
мүмкін 1-2 бала бар».
Негізінен агрессия кез келген кезде болуы мүмкін: 1-ден
бастап 11-сыныпқа дейін, 8-9 сынып балаларының менің
бақылауымша агрессиясы көбірек».
«Агрессия кез келген кезде болады. Бұл мектепке барғысы
келмейтін бала болуы мүмкін немесе мектепте бір нəрсе балаға
ұнамай қалса ол агрессиясын көрсетуі мүмкін. Бірақ бұл
көбінесе жасөспірімдік кезеңде кездеседі, балалар бала болғысы
келмей ересек болғысы келетін кез».
«Жасөспірімдік кезеңде, нақтырақ алғанда 7-8 сыныптарда
достарының алдында өзіндік қалыптасу адам болу үдерісі
басталады. Балалар өзіндік қалыптасуды күштің көмегімен
жасайды».
Жасөспірімдік кезде ұлдарда да, қыздарда да агрессив-
тіліктің көбейіп немесе азайып отыратын кезі болады.
Ұлдарда агрессия көрінісінің 2 шыңы бар: 12 жəне
14-15 жаста. Қыздарда: 11 жəне 13 жас. Балалар агрессиялық
мінез-құлықты
тек отбасына, құрдастарына қарап емес,
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, ең бірінші компьютерлік
ойындар арқылы үйренеді.
Психологтармен
жүргізілген
тереңдетілген
сұхбат
жауаптарын талдай келе, қазіргі балаларда дене агрессияның
үнемі байқалатынын айтамыз.
«Төбелес, көбінесе үзіліс кезінде»
«Жұдырықтасу, қазіргі кезде аяқпен тебу етек алған»
«Əрине балалар төбелеседі. Балалар төбелеспейтін кез
болушы ма еді?»
«Егер менің алдымда төбелесіп жатса, əрине кедергі
жасаймын, ажыратамын, бөлек бұрыштарға тұрғызам»
«Арасында ары кетсе бір-бірін иықтармен қағып өтуі
мүмкін»
«Сүрткіштерді лақтырып, терезелерді сындырады»
«Ашуланып қарайды, итереді, байқамай соғып қалады»
Психологтардың айтуынша, алғашқы агрессиялық əрекеттер
төменгі мектеп жасында байқалады, ойындары төбелес түрінде
36
болады.Ал агрессивті мінез-құлық 3-4 сынып оқушыларында да
байқала бастады.
«Шамамен 3-сыныпта басталады, ал сосын жасөспірімдік
кезде агрессия жаңа күшпен қайта көрінеді, бұл кезде
жасөспірімдік дағдарыс басталады»
«Агрессия барлық кезде де болады, жасөспірімдік кезде
көбірек кездеседі»
«Бұл негізінен балалар жоғарғы сыныпқа барған кезде
олардың қобалжығандарынан болады»
«Мүмкін 5-сыныпта шыға, жəне 1-сыныпта, балалардың
көбісі балабақшаға да бармай мектепке бірден келеді»
«Бұл негізінен ойын түрінде»
«Балалар міндетті түрде төбелесіп ойнайды бұл бас-
тауыш сыныптарда»
«Вербальды жəне вербальды емес агрессиялар негізінен
бастауыш сыныптарда, əсіресе 4- сыныпта, бұл кезде олар
өздерін үлкен адам ретінде санай бастайды. Сосын олар
5-сыныпқа өтеді, өздерін кіші сезіне бастайды, өздерінен үлкен
балаларды көріп басылады, үлкендері оларды тоқтатады»
Топтық жасөспірімдік агрессияның болуы, мысалы, топтық
төбелестер – мектеп үшін сирек кездесетін құбылыс.
«Ондай жағдайлар сирек болатын болды»
«»Жылына бір рет болып қалады
«Тəжірибеден алып қарасақ, мұндай жəйт жылына бір рет
болып тұрады»
Сарапшылар айтып кеткендей 10-11 сыныпқа келгенде
балаларда агрессия төмендей бастайды.
Сарапшылардың ойынша бұл балалардың есейіп, өздерін
ұстай алуына жəне өз жүріс-тұрыстарын талдай алу қабілет-
терінің дамуына байланысты болады. Бітіруші сынып оқушы-
лары үшін мұғалім-сарапшылардың айтуынша ҰБТ (ұлттық
бірыңғай тест) ойдағыдай тапсыру мəселесі маңызды болады.
201
7. Сізде келесідей əдет байқала ма: «Менің заманымда...»
немесе «Бала деген қарсылық білдірмеу керек»?
8. Балалармен қуаныштарыңызды жəне қайғыларыңызды
бөлісесіздер ме?
9. Жазалау тəсілі ретінде теледидарды көрмеу немесе
бейнеойындарды ойнауға тыйым саласыз ба?
10. Бала сізсіз бос уақытын қалай өткізетіндігін нақты
білесіз бе?
11. Егер де біреу ата-ананың орнына баланы жақсы
тəрбиелейтін тəрбиеші-роботты ойлап тапса, сіз осы машинаны
сатып алар ма едіңіз?
12. Бөгде адамдардың көзінше балаңызды сынайсыз ба?
Сіздің жауабыңыз төменде көрсетілген жауаппен сəйкес
болатын болса өзіңізге 1 балл есептеңіз.
1-жоқ 4-жоқ 7- жоқ 10- жоқ
2- иə 5-иə 8-иə 11-жоқ
3-иə 6-иə 9-жоқ 12-жоқ
Баллдардың қосындысын санаңыз.
1-2 балл – сіз шектен тыс қаталсыз жəне талап етушісіз.
Бала сізден өзінің қамығуын жасырады да, оны өзіне жақын
басқа адамдармен бөліседі: оқытушы жəне достарымен. Бала-
ңыздың жаман ортадан тəлімгер тауып алуынан сақтаныңыз!
3-4 балл – балаға азырақ еркіндік пен өз бетінше жұмыс
жасауға мүмкіндік бергеніңіз дұрыс болар еді.
5-6 балл – сіздің жүйелі тəрбиелеу стиліңіз жоқ: кейде
шектен тыс қаталсыз. Кейде балаға шектен тыс еркіндік бересіз.
Сондықтан да балаңыз, сіздің қашан мадақтайтыныңызды
немесе қашан жазалайтыныңызды білмейді.
7-8 балл – сіз педагог сияқты тəжірибелі емессіз, бірақ
баланы мейіріммен, махаббатпен тəрбиелейсіз.
9-10 балл – сіз өте жақсы ата-анасыз, балаңызға тəлім
тəрбие арқылы өмірлік мəселелерді дұрыс шешуге бағыт-бағдар
бере аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |