212
келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге
болмайды. Əркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы
қорғалуына құқығы бар».
«Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексіне сəйкес, баланың құқықтары мен заңды
мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата-аналар немесе басқа да
заңды өкілдер баланы күтіп-бағу, тəрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi
мiндеттерiн орындамаған кезде немесе тиiсінше орындамаған кезде не
ата-ана (қорғаншылық, қамқоршылық) құқықтарын терiс пайдаланған
кезде
бала
қорғаншылық
немесе
қамқоршылық
жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органға өз құқықтарын қорғау үшiн өз
бетiнше жүгінуге құқылы.
Балаға бұзылған құқықтарын қорғау үшін берілген құқығын
бекітудің өзі кəмелетке толмағандарды қорғаудың халықаралық-
құқықтық қағидасын жүзеге асыру болып табылады. Алайда баланың
жасына қарай қойылған шектеулерді негізсіз деп санаймыз: заң
шығарушы кəмелетке толмағанның өз құқықтарын қорғау үшін сотқа,
қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарына жүгіну мүмкіндігін
оның белгілі бір жасқа жетуімен байланыстырмау керек. Дəлірек
айтқанда, өз көзқарасын білдіре алатын балаға өз мүддесіне қатысты
барлық мəселелер бойынша пікірді білдіру құқығын беру қажет жəне
осы құқықты, баланың жасы мен жетілу деңгейін ескере отырып,
тиісінше көңіл бөлуге міндетті мемлекет жүзеге асыруға тиіс (БҰҰ
«Бала құқықтары туралы» конвенциясы, 20.11.1989 жыл, преамбула,
12-бап).
Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы Н. Назар-
баевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» Жолдауы (14 желтоқсан 2012 жыл) мемлекеттің
əйелге тауар сияқты қарауға қарсы күрес саласындағы саясатын
айқындайды. Қазақстан Республикасының Президенті «балалар -
қоғамымыздың ең əлсіз жəне қорғансыз бөлігі жəне олар құқықсыз
болуға тиіс емес» деп белгілеп, Үкіметке аналық пен балалықты
қорғау, сондай-ақ отбасы жəне неке саласындағы заңнаманы түбегейлі
қайта қарауды, ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін,
сондай-ақ, осы саладағы ең ұсақ деген де заң бұзушылықтар үшін
жазаны күшейтуді тапсырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан
Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік
стратегиясы бекітілді (2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 жарлығы),
оның қызметі адамдардың зорлық-зомбылықсыз лайықты өмір сүруі
үшін жағдайлар жасауға бағытталған жəне зорлық-зомбылықтың
барлық көріністерін барлық əлеуметтік салаларда, соның ішінде
25
Альберт Бандура
(1925-1988)
қалыптары. Адамдар агрессия марапатталады дегенге үйренуі
мүмкін.
Əлеуметтік үйрену тео-
риясы. Бұл теорияны А. Бан-
дура ұсынған болатын. Оның
айтуынша, жазалау агрессияны
басуы немесе оған ынталанды-
ру жасап, агрессиялық əрекет-
терге үйренуге шақыруы мүм-
кін.
Ол өз зерттеулерінде, де-
нелік тұрғыда көп жаза алған
ұлдардың агрессиясының көп
болатынын байқаған. Сонымен
қоса, əкелері көп ұрған ұлдар-
дың үйде тыныш, тіл алғыш
болып жүріп, ал басқаларға
қатысты, əсіресе өз құрдастарына агрессияны көп көрсететінін
байқаған.
Əлеуметтік үйрену теориясының басты элементі – олардың
көмегімен агрессивті мінез-құлықты бақылауға болатын
жағымды немесе жағымсыз қуаттауды білдіреді. Жағымды түрде
қуаттау – мақтау, мақұлдауды сөзбен білдіру, сабақ барысында
жақсы баға қою болып табылады, ал жағымсыз қуаттау – бетке
басу, келіспеушілікті сөзбен жеткізу жатады.
Егер аналары баланың агрессиялық қылықтарына үнемі
кешіріммен қарап, оларды мақұлдап отырса бұл агрессияның
ұлғаюына алып келеді екен. Басқа зерттеулерде көрсетілгендей,
өте қатаң жазаға тартылып отыратын балалардың өз
жолдастарына деген агрессиясы көп болады екен. Агрессиялық
мінез-құлықты
баланың денесін жазалау бала агрессиясын,
зұлымдығын одан ары өсіріп отырады екен. А.Бандураның
айтуынша, отбасы, субмəдениет жəне БАҚ бізге күнделікті түрлі
сабақ беріп отырады.
Отбасы. Жазалау ретінде қол көтеру жиі қолданылатын
отбасыларда айналасындағы адамдарға агрессиясы көп балалар
өсіп шығады. Ата-аналар балаларын тəртіпке шақырамын деп
жекіру, желкеден қойып қалу арқылы агрессияның шешім табу
26
жолы екенін өздері көрсетіп отырады. Көбінесе мұндай ата-
аналардың өздерін кезінде осындай жолмен тəрбиелеген болуы
мүмкін.
Субмəдениет. Үйден тыс əлеуметтік орта да еліктеу ортасы
болып табылады. Футболдық матч сияқты спорттық жарыстарда
агрессивті ниеттенген фанаттар өз қатысушыларының қатаң
ойындарына жауап ретінде түрлі агрессиялық қақтығыстарға
барып отырады.
Агрессияның психогенетикалық теориясы
Бұл теория өкілдері агрессияны генетикалық негізге
темпераментке байланысты деп қарастырады. Тұқым қуалау-
шылықтың жүйке жүйесінің агрессивтілікке деген сезімталды-
ғына əсер ететіні дəлелденген.
Біздің темпераментіміздің типтері, яғни біздің қаншалықты
эмоциялық түрде қоза білетіндігіміз туа берілген жүйке жүйесі
қызметінің нəтижесі болып табылады.
Қорқынышсыз, импульсивті жəне ұстамсыз бала агрессияға
бейім жасөспірімге айналуы мүмкін.
Балалардың агрессиясының қалыптасуына барлық тұқым
қуалаған факторлар əсер етеді. Жас өте келе генетикалық
факторлардың əсері күшейе түседі, ал қоршаған ортаның əсері
əлсірей түседі. Психогенетиктер агрессивтілік пен эмоцио-
налдық арасында генетикалық тəуелділік бар екенін анықтаған.
Агрессивтіліктің жоғарғы деңгейде болуы хромосоманың
аномалиясымен түсіндіріледі. Қалыпты жағдайда адам ағзасы-
ның жасушаларында 46 хромосома болады: 23 хромосома
əкесінен, 23 хромосома анасынан келеді. Ер адамдардың
жыныстық жасушаларында барлық хромосома жұптарының
арасында Х жəне У хромосомасы бар жұп бар, ал əйелдік жыныс
жасушалары тек Х хромосомаларынан тұрады.
Түзету
мекемелеріндегі
қылмыскерлердің
арасында
хромосомалық аномалиясы – 47-У хромосомасы бар ер адамдар
көп екені анықталған. Мұндай генетикалық аномалиясы бар
қылмыскер-ер адамдардың көбеюі, артық У-хромосомасының
пайда болуы агрессияның артуына ықпал ететінін білдіреді.
211
еңбегін пайдалану мақсатында сыйақы үшін немесе онсыз басқа
адамға бере алатын күші бар кез-келген институтты немесе əдет-
ғұрыпты пайдалануға» тыйым салынады.
Құлдыққа не құлдарды сатуға абсолютті тыйым Азаматтық жəне
саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде де расталған, осы
құжатта «Ешкiм де құлдықта ұсталуы тиiс емес; құлдық пен құл
саудасының барлық түрiне тыйым салынады» деп көрсетілген.
«Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына жəне балалар
порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы конвенцияның
факультативтік хаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республика-
сының 2001 жылғы 4 маусымдағы № 219 Заңымен балаларды сатуға,
балалар порнографиясына тыйым бекітілген. Жалпы алғанда, Факуль-
тативтік хаттамамен көзделген «балаларды саудалау», «балалар пор-
нографиясы» ұғымдарының түсініктемесі Қазақстандағы заңнамасы-
ның анықтамасына сай келеді.
БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі конвенциясы (33-сессия,
6 маусым 2003 жыл) 33-сессияда Омбудсменнің баланың құқықтарын
бұзу туралы дара шағымдарды шетін нысанда жолдау үшін тетігінің
əзірленбегені туралы алаңдаушылықты білдірді; бұдан басқа, Комитет
балаларға қарсы жасалған қылмыстар үшін жазалауды кеңейту
қажеттілігін айқындады (25-тармақ), «сатушыларға қатысты
балалардың осалдығын азайту бойынша шараларды қабылдау жəне
көмек көрсету үшін дағдарыстық орталықтарды, шұғыл байланыс
желілерін, сауда жəне/немесе сексуалды пайдалану құрбандарын –
балаларды оңалту жəне əлеуметке қайта қайтару бағдарламаларын
жасау» (39-тармақ), бұның барлығы қолданыстағы заңнамаға бірқатар
түзетулердің енгізілуін айқындады.
Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан балалар мен əйелдердің
құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нормативтік
құқықтық актілерді қабылдады: денсаулықты қорғау, еңбекті қорғау,
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
əлеуметтік
қорғау
бойынша
кепілдіктер
туралы,
кəмелетке
толмағандардың қадағалаусыз қалуының жəне қылмыстарының алдын
алу мəселелері бойынша.
Ұлттық заңнама (шолу)
Баланың
құқықтарын
қорғаудың
ерекше
маңыздылығы
Қазақстан Республикасының Конституциясында да танылған: «Заң
мен сот алдында жұрттың бəрi тең. Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық
жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез
Достарыңызбен бөлісу: |