Жоба орындаушысы



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет11/53
Дата27.12.2019
өлшемі1,89 Mb.
#25018
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53

214 
 
залал келтірген жағдайда жеңілдетуші жайт ретінде ескерілмейді
1
.  
Қылмыстық  жауапкершілік  адам  өлтіру  (ҚР  ҚК 96-бабы), 
абайсызда  кісі  өлтіру  (ҚР  ҚК 101-бабы),  денсаулыққа  қасақана 
ауыр/орташа  ауырлықтағы  зиян  келтіру  (ҚР  ҚК 103, 104-баптары), 
азаптау (107-бап),  кəмелетке  көрiнеу  толмаған  адамға  қатысты 
ауыстырып  салу  не  өзгедей  пайдалану  үшiн  адамның  органдары  мен 
тiнiн алуға мəжбүр ету немесе заңсыз
 
алу (113-баптың 2-бөлігінің «б» 
тармақшасы)  үшін  қарастырылған,  дегенмен  көрсетілген  нормаларда 
бірқатар  олқылықтар  бар.  Дəлірек  айтқанда,  ҚР  ҚК 96-бабында  адам 
өлтірудің  саралаушы  белгісі  ретінде  (ауырлататын  мəн-жайлардың 
болуы)  «кəмелетке  толмағандығы  белгілі  баланы  өлтіру»  қарасты-
рылған (96-баптың 2-бөлігінің  «о»  тармақшасы),  дегенмен  құқық 
қорғайтын  құндылықтардың  басымдығына  сүйене  отырып,  осы 
тармақшаны  «бұзақылық  ниетпен»  немесе  «бірнеше  рет  жасалған 
адам  өлтіру»  секілді  мəн-жайлардан  жоғары  қою  керек.  Бұдан  басқа, 
осы  норма  «ата-аналар  немесе  оларды  ауыстыратын  адамдар 
жасаған,  баланы  өлтіру»  үшін  жауапкершілікті  көздемейді.  Адамға 
қарсы қылмыстар жəбір көрген не көп уақыт бойы қатыгез қатынасқа 
ұшыраған  адамның  кісі  өлтіру  не  денсаулыққа  зиян  келтіру  үшін 
жауапкершілігін реттеу бөлігінде де толықтыруды қажетсінеді.  
 
 
Қылмыстық жазаланатын зорлық-зомбылықтан қорғау 
 
Қазақстан
 
(жалпы
 
деректер) 
2013  жылдың 9 айында  кəмелетке  толмағандарға  қатысты 7042 
(жеті мың қырық екі) қылмыс жасалды.  
Статистика
2
 
 
 
Есептік кезеңде 
қылмыстық істері 
тергеліп жатқан 
қылмыстардың саны
Есептік кезеңде 
тіркелген 
қылмыстардың 
саны 
Отбасына жəне 
кəмелетке толмағандарға 
қарсы қылмыстар (ҚР 
ҚК 2-тарауы) 
207 197 
                                                            
1
  Витковская  С.В.  Үйдегі  зорлық-зомбылық  жəне  əйелдер  қылмыстары 
//Қылмыстардың алдын алу. – 2004. - №1. –С.75-77). 
2
 Нысан №1-М Тіркелген қылмыстар жəне 2013 ж. 9 айында қылмыстық 
қуғындау органдары қызметінің нəтижелері туралы есеп. 
23 
 
Леонард Берковиц  
1926 ж. т. 
Конрад Лоренц (1903-1989) 
 – австриялық ғалым,  
этологияның негізін қалаушы,  
Нобель сыйлығының лауреаты 
өз 
мінез-құлқын 
қатты  бақылауда  ұстап  жүретін  адамдар,  тіпті 
бала  кезінде  өздеріне  төбелесуге,  шулауға  мүмкіндік  бермеген 
адамдар барады екен. 
 
К.  Лоренцтің  «психогидрав-
ликалық моделі» 
Бұл  теорияның  негізін  қалаушы 
К.  Лоренц,  адамда  агрессия  түйсігі 
туа  пайда  болады  деп  қарастырады. 
Адам  агрессиясының  биологиялық 
факторлармен шарттастырылуы пси-
хогидравликалық  модель  деген  атқа 
ие болды. Бұл теория ыдысқа толған 
судың  қысымымен  ұқсатырылады: 
егер  агрессияға  сыртқа  шығуға 
мүмкіндік  бермесе,  бұл  жарылысқа 
алып келуі мүмкін. 
К.  Лоренцтің  айтуынша  агрес-
сивтік  түйсік  эволюция  барысында, 
адамның  өмір  үшін  күрес  жəне 
бейімделуі  кезінде  үлкен  рөл  атқар-
ды.  Қоғамның  қарқынды  түрде  дамуы  агрессияның  тежегіштік 
механизмдерінің  дамуына  алып  келді.  Жиналған  эмоциялар 
агрессия  түрінде  сыртқа  шығып  отыруы  керек  (бу  арба 
қазандығынан будың шығу қағидасы тəрізді). 
 
Фрустрациялық теория 
Бұл  теорияны  америкалық  пси-
холог  Леонард  Берковиц  енгізген. 
Агрессия фрустраторлар – фрустра-
ция  əкелетін,  мақсатқа  жету  жолын-
дағы,  қажеттіліктерді  қанағаттан-
дыру,  рахат  алу  кезіндегі  кедергілер 
əрекетінің нəтижесі ретінде қарасты-
рылады.  Фрустраторлар  дегеніміз – 
біздің  мақсатқа  жетуімізге  кедергі 
келтіретін кез келген жағдайлар. 


24 
 
БИХЕВИОРИ́ЗМ  (ағылш. 
Behavior – мінез-құлық) 
адам  жəне  жануарлар 
мінез-құлығы 
туралы 
психологияның бағыты.
ФРУСТРА́ЦИЯ 
(лат. 
Frustratio — алдау,  сəт-
сіздік) – өз қалауларыңды 
орындай  алмаған  кезде 
пайда  болатын  психика-
лық күй 
Мысалы,  анасы  компьютер-
де отыруға рұқсат бермеген бала 
оған  сөздік  формада («сен  жа-
мансың»),  қоқан-лоққы  көрсету 
(«мен  сенің  ботқаңды  жемей-
мін»), айыптау («сен мені жақсы 
көрмейсің»)  жəне  т.б.  түрде 
агрессиясын  көрсетуі  мүмкін. 
Зиян келтірмейтін агрессиялық əрекеттер – сөзбен намысқа тию, 
агресиялық  қиялдар, үстелді жұдырықпен ұру секілді əрекеттер 
агрессия деңгейінің төмендеуіне көмектеседі. 
Осылайша, жазалаудан қатты қорқыныш сезімі агрессиясын 
ұстайтын  адам  аагрессияның  көрініс  беруі  қауіпсіз  болып 
табылатын басқа адамға өз агрессиясын аударады. 
Фрустрациялық  теорияның  негізгі  идеяларының  бірі 
катарсис  əсері  болып  табылады.  Агрессияны  дене  немесе 
вербальды түрде көрсету уақытша жеңілдік  алып келеді,  соның 
нəтижесінде  психологиялық  тепе-теңдік  орын  алып,  жаңа 
агрессивті мінез-құлыққа деген дайындық əлсірейді. 
 
Агрессияның бихевиористік концепциясы 
Бұл  теория  бойынша  агрес-
сия біртіндеп пайда болған, сон-
дай əрекеттерді бақылау арқылы 
адамға  игерілген  мінез-құлық 
формасы  ретінде  қарастыры-
лады.  Бала  басқалардың – ата-
анасының, мұғалімнің, құрдастарының агрессиялық əрекеттерін, 
сөздерін бақылайды жəне көшіреді, олар оған теріс үлгі көрсетіп 
«еріксіз түрде» агрессивті əрекетке үйретеді деп қарастырылады.  
А.  Басс  агрессивтік  əдеттердің  күштері  тəуелді  болатын 
бірнеше факторларды көрсеткен болатын. 
Біріншіден,  бұл  ашу  мен  ыза  тудыратын  түрткілердің 
жиілігі  мен  қарқыны.  Ыза  түрткілерді  көп  алған  адамдарда, 
осындай түрткілерді азырақ алған адамдарға қарағанда агрессия 
көп болады.  
Екіншіден, бұл агрессия арқылы жетістікке көбірек жету. 
Үшіншіден,  адамның  агрессиясының  дамуын  жеңілдететін 
адамның  қабылдайтын  мəдени  жəне  субмəдени  нормалары, 
213 
 
отбасында түбірінен жою тұрғысынан заңнаманы əрі қарай реформалау 
бойынша бағдар болып табылады (Стратегияның 6-тарауы).  
2006  жылдан  бастап  балалардың  құқықтары  мен  мүдделерін 
қамтамасыз  ету  бойынша  заңнаманың  əрі  қарай  дамуы  оның  Бала 
құқықтары  туралы  конвенцияның  қағидалары  мен  ережелеріне  толық 
сəйкестігін  қамтамасыз  ету  жəне  баланың  əлеуметтік  қолайсыз-
дығының  алдын  алу  үшін  құқықтық  ахуалды  жасау  мақсатында  іске 
асырылды.  Бұған  «Халық  денсаулығы  жəне  денсаулық  сақтау  жүйесі 
туралы»  Қазақстан  Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі  
№ 193-IV Кодексінің,  Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы  
27 шілдедегі № 319 «Білім туралы», 2010 жылғы 12 наурыздағы № 253-
IV «Балаларды  қорғау  жəне  баланы  шетелдік  асырап  алуға  қатысты 
ынтымақтастық  туралы  конвенцияны  ратификациялау  туралы» 
Заңдарының  қабылдануы  ықпал  етті.  Балалардың  заңды  құқықтары 
мен мүдделерін сақтау жөніндегі ұлттық саясатты жүзеге асыруға білім 
беру,  денсаулық  сақтау  саласындағы  балалардың  құқықтарын  сақтау 
мəселелері бойынша мемлекеттік салалық бағдарламалар бағытталған. 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  
2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы 
(Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқ-
сандағы  № 1118 Жарлығы),  Қазақстан  Республикасының 
денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың 2011-2015 жылдарға 
арналған  «Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасы 
(Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2010 жылғы 29 қара-
шадағы  № 1113 Жарлығы), 2008-2016 жылдарға  арналған 
«Салауатты  өмір  салты»  бағдарламасы  (Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы  № 1260 қаулысы), 
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жəне  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының  Балалар  Қоры  (ЮНИСЕФ) 2010-2015 жылдарға 
арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне ЮНИСЕФ-тің 
елдік  бағдарламасының  іс-əрекеттер  жоспарына  қол  қойды. 
Балалықты  қорғау,  баланың  денсаулығына  зиян  келтіру 
нəтижесінде  балалар  өлімінің  алдын  алу  осы  құжаттарды 
қабылдау мақсаты болып табылады.  
 
Балаларға  қатысты  жасалатын  қылмыстардың  жыл  сайын  артуы 
заңнаманың  пəрменсіздігін  бейнелейді,  қылмыстық  заңнамада  қарас-
тырылған  мүмкіндіктердің  бəрі  емес  іс  жүзінде  пайдаланады. 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  Кодексінде  «үйдегі  зорлық-
зомбылық құрбандары» ұғымы жоқ, осы фактор, егер бала кісі өлтірсе 
не  өзіне  жəбір  көрсеткен  не  өзін  дəмеленген  адамның  денсаулығына 


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау