216
Осылай, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Атырау қаласында
балаларға қатыгездікпен қарағаны үшін олардың өгей шешесі ұсталды.
«Қаланың 31-жастағы тұрғыны зайыбы қайтыс болғаннан кейін бір
жылдан астам уақыт бойы екі балаға қатал қарағаны үшін
тұтқындалды. Ол 12 жасар ұлды жəне 8 жастағы қызды үнемі ұрып
соғып, мейлінше жəбір еткен. Өгей шешеге қатысты ҚР ҚК
107-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды»
3
.
2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасында адамның
құқықтары жөніндегі уəкілдің жанынан азаптауларды жəне басқа да
қарым-қатынас пен жазалаудың қатыгез түрлерін қолдану фактілерін
қарау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, оның құрамына уəкілетті
мемлекеттік органдардың жоғары деңгейдегі басшылары, белгілі
құқық сақтаушылары жəне азаматтық қоғам өкілдері кірген, осы
жұмыс тобы бас бостандығынан айыру орындарын үнемі тексереді.
Оның ішінде, УҰИ (уақытша ұстау изоляторы), тергеу изоляторларын
жəне балаларға арналған тəрбиелеу колонияларын.
Мысалы, 2012 жылы 602 азаптауларды қолдану фактісі тіркелді
4
.
Осы жерде тіркелген шағымдар бойынша қозғалған қылмыстық
істердің саны артқанын белгілеу керек. 2010 жылдағы 13 қылмыстық
істен, 2011 жылдағы 15 қылмыстық істен 2012 жылдағы 27 қылмыстық
іске дейін.
Бас Прокуратураның деректері бойынша 2011 жылы кəмелетке
толмағандарға қатысты азаптауларды қолдану туралы 1 шағым ғана
тіркелді, ал 2012 жылы – 9 шағым.
2012 жылы тіркелген шағымдардың көбісі ішкі істер органдары
қызметкерлерінің кəмелетке толмағандардан кінəсін мойындайтын
айғақтарды алу мақсатында психикалық жəне физикалық ықпалды
қолдануы жөнінде еді. Осы шағымдарды қарау нəтижелері бойынша
əрекеттерде қылмыс құрамының болмауына байланысты 4 шағым
бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартылды (ҚР КІЖК
37-бабының 1-б. 2) т.), 5 шағым тергеушілік бойынша берілді.
Кəмелетке толмаған Л.-мен болған жағдай азаптаулардың осы
уақытқа дейін қолданатынын дəлелдейді. Əпкесінің шағымы бойынша,
Сарань қ. (Қарағанды облысы) ІІБ криминалдық полициясы бөлімінің
бастығы К. жəне көрсетілген ІІБ аға жедел уəкілі А. кəмелетке
толмағанға қатысты ұялы телефонды ұрлағанды мойында деп, өз
өкілеттіктерін асыра пайдаланып, резеңке таяқты қолданды. Қаланың
прокуратурасы көрсетілген қызметкерлерге қатысты ҚР ҚК «Азаптау»
3
Атырау облысы ІІД баспасөз-қызметі басшысының хабарламасынан
4
«2012 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі
уəкілдің қызметі туралы есеп»,
31-бет (есепке сілтеме:
http://www.ombudsman.kz/purchase/files/otchet_2012_ru.pdf)
21
АГРЕССИВТІК МІНЕЗ-
ҚҰЛЫҚ – бұл ашу мен
ызаның
эмоционалдық
күйімен сүйемелденетін
айналасындағыларға қа-
тысты дұшпандық пи-
ғыл мен əрекет
АГРЕССИЯ – бұл басқа
жан иесіне қатысты
оның қалауынсыз бала-
ғат немесе зиян келтіру-
ге бағытталған мінез-құ-
лықтың кез келген фор-
масы
2. АГРЕССИЯ ЖƏНЕ АГРЕССИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ
«Адамның адамға деген жауыздығы –
мыңдаған адам үшін үлкен қайғы»
РОБЕРТ БЕРНС
2.1. АГРЕССИЯ ТЕОРИЯЛАРЫ
«Агрессия» түсінігінің əлі күнге дейін нақты анықтамасы
жоқ. Агрессия ұғымына анықтама берудегі басты мəселелердің
бірі – бұл терминнің іс-əрекеттердің көптеген түрлерін
түсіндіруінде.
«Агрессия» сөзі ашу, ыза,
реніш деген сияқты жағымсыз
эмоциялармен, кек алу, намы-
сына тию немесе зиян келтіру
сияқты себептермен, нəсілдік
немесе ұлттық жалған наным
сияқты
жағымсыз ұстаным-
дармен орайластырылады.
Агрессия сөзі латының «aggredi» деген сөзінен шыққан, бұл
сөз «шабуылдау» дегенді білдіреді.
XIX ғасырға дейін агрессивті
деп кез келген тілектестік немесе дұшпандық болсын белсенді
мінез-құлық агрессиялық болып есептелетін болған. Негізінен,
агрессия деп зиян келтіретін мінез-құлық түсіндіріледі.
«Агрессия» түсінігіне нысаны жəне мінез-құлық əрекеттерінің
нəтижесі бойынша əр түрлі
болып келетін – қыршаңқы қал-
жың, өсек, дұшпандық қиял жəне
деструктивті мінез-құлық түрле-
рінен бастап қарақшылық жəне
адам өлтіруге дейін баратын
мінез-құлық əрекеттері кіреді.
Жалпы, агрессия деп айна-
ласындағы адамдарға қатысты болатын дұшпандық мінез-құлық
қарастырылады. Агрессияға дұшпандық күйі жақын болып
келеді. Көп жағдайда агрессия мен дұшпандық сезімі бір-бірімен
сəйкес келеді, бірақ адамдар дұшпандық, қастық сезімде бола
тұра агрессияға бармауы да мүмкін, себебі «агрессор» үшін