|
Дәнекерлеу
|
Дата | 25.11.2017 | өлшемі | 23,47 Kb. | | #1457 |
| - Дәнекерлеу – біріктірілетін метал бөліктерінің арасында атомдар байланысын орнату арқылы олардың біртұтас қосылысын қалыптастыратын процесс. Ол үшін процессті қосылатын метал беттерін балқытып немесе оларды қыздырып, қыздыруды илемді деформациялаумен үйлестіріп отырып жүргізеді.
- Материалдың маңызды технологиялық қасиеттерінің бірі – дәнекерленуі. Дәнекерлену – ол материалдың қолданылған дәнекерлеу технологиясы арқылы бұйымның құрылымына қойылатын және пайдалану жағдайынан туындайтын талаптарға сәйкес қосылыс алу мүмкіндігі.
Дәнекерлеу доғасын жабдықтау үшін айнымалы ток көзі (дәнекерлеу трансформаты) немесе тұрақты ток көзі (дәнекерлеу түзеткіштері және генераторы) қолданылады. - Дәнекерлеу доғасын жабдықтау үшін айнымалы ток көзі (дәнекерлеу трансформаты) немесе тұрақты ток көзі (дәнекерлеу түзеткіштері және генераторы) қолданылады.
- Айнымалы ток көздері кеңірек тараған, өйткені оларды қолдану оңай және ұзақ уақыт үнемді жұмыс істей алады.
- Тұрақты ток көзі технологиялық тұрғыдан жақсырақ, өйткені ол доғаның жану тұрақтылығын арттырады.
Электр доғасымен дәнекерлеуде жылу көзі – ол өткізгіш пен дайындама арасында жанатын электр доғасы. - Электр доғасымен дәнекерлеуде жылу көзі – ол өткізгіш пен дайындама арасында жанатын электр доғасы.
- Доға – металдың газдары мен булары арқылы иондалған атмосферадағы қуатты және тұрақты электр разряды.
- Доғаның ортасында температура 6000К, ал катод және анод беттерінде температура 3000К жетеді.
- Дәнекерлеу балқымайтын (Славанов әдісі) және балқитын (Бенардос әдісі) өткізгіштермен жүргізіледі. Қолмен дәнекерлеуде доғаны жағуды және өткізгіштерді жік бойынша жылжытуды дәнекерлеушінің өзі жүргізеді.
- Өткізгішті ұстау және оның бойымен ток өткізу үшін арнайы өткізгішті ұстатқыштар пайдаланылады.
- Қолмен жүргізілетін электр доғасымен дәнекерлеудің негізгі параметрлері – ток күші, доғаның кернеуі және дәнекерлеу жылдамдығы.
- Доғаны жаққан кезде өткізгіш пен метал арасындағы кернеу әдетте 60-80В болады (айнымалы ток), ал доға жанғаннан кейін 16-30В деңгейңнде болады.
- Дәнекерлеуде қолданылатын өткізгіштердің түрлері металдың химиялық құрамына сәйкестендіріліп алынады. Өткізгіштің диаметрі дәнекерленетін металдың қалыңдығына және тетік мөлшеріне байланысты таңдалады.
- Металдың қалыңдығы, мм 1-2; 3-5; 4-10; 12-24; 30-60.
- Өткізгіш диаметрі, мм 2-3; 3-4; 4-5; 5-6; 6-8.
- Стандартты метал өткізгіштердің диаметрі 0,2-12 мөлшерінде келтірілген. Таңдалып алынған өткізгіштің диаметрі бойынша ток күші анықталады.
- I=(20+6d)*d. d – өткізгіш диаметрі, мм.
- Метал өткізгіштер жұқа немесе қалың қабықшалармен қапталады.
- Жұқа қабат (0,1-0,2мм) тек қана доғаның тұрақты жануын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Сондықтан ол аса жауапты емес құрылымдарды дәнекерлеуде қолданылады.
- Көп жағдайда арнайы құрамды қалың қабатты (0,5мм. жоғары) өткізгіштер қолданылады. Қалың қабат құрамы доғаның тұрақты жануын, дәнекерлеу аймағынан оттегін шығаруды, оның қажетті химиялық құрамын қалыптастыруды және шлактың түзілуін жақсартуды қамтамасыз ету тұрғысынан таңдалады.
Газ жалынымен қара және түсті металдарды балқытып дәнекерлеуге болады. - Газ жалынымен қара және түсті металдарды балқытып дәнекерлеуге болады.
- Дәнекерлеу жалыны жанғыш газдарды техникалық таза оттегінде жандыру арқылы алынады. Дәнекерлеуде әртүрлі жанғыш газдар пайдаланылады: ацетилен, сутегі, табиғи газ және т.б. бұлардың ішінде ең жиі қолданылатыны ацетилен (С2Н2). Ацетиленнің жылу шығару деңгейі 11470кал/м3.
- Ацетилен сумен кальций карбидінің арасындағы реакциядан түзіледі. Кальций карбиды электр доғалы пешінде балқытқанда известь (СаСО3) пен кокс немесе тас көмір арасындағы химиялық реакцияның арқасында алынады.
- Ацетилен арнайы генраторларда алынады. Олар жұмыс принципі бойынша екі түрге бөлінеді: а) карбид-суға; б) су-карбидке.
- Дәнекерлеуді тікелей генератордан алынған газбен немесе арнайы баллондардағы газды пайдалана отырып жүргізеді. Газ түріндегі оттегі болат баллондарда сақталады және тасымалданады.
- Баллондағы қысым 15МПа, сыйымдылығы 40л.
- Баллондардан шығаратын газ қысымын төмендетіп, тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін редукторлар қолданылады. Горелкалар (шілтерлер) жанғыш газды оттегімен араластырылып жалынның жануын қамтамасыз етеді, көбіне инжекторлы шілтерлер қолданылады.
- Газбен қалыңдығы 0,2/3мм метал дәнекерленеді.
Дәнекерлеудің бұл прцессі біріктірілетін тетіктердің беттерін алдын-ала электр тогымен қыздырып, содан кейін біріктірілетін қосылыс аймағын қысыммен біріктіруге негізделген. - Дәнекерлеудің бұл прцессі біріктірілетін тетіктердің беттерін алдын-ала электр тогымен қыздырып, содан кейін біріктірілетін қосылыс аймағын қысыммен біріктіруге негізделген.
- Дәнекерлеу нәтижесінде алынатын қосылыстардың ерекшеліктеріне байланысты әдіс үш түрге бөлінеді: 1) түйістіріп, 2) нүктелі,3) сызықты дәнекерлеу.
- 1. Түйістіріп дәнекерлеу қосылыс аймағында жүргізілетін іс-әрекеттерге байланысты екі түрге бөлінеді: 1,1)кедергі әдісі, 1,2)еріту әдісі.
- Түйістіріліп дәнекерлеудің басты көрсеткіштері: токтың тығыздығы, меншікті қысым күші және токтың метал арқылы өту мерзімі.
- 2. Нүктелік тәсілде табақша түріндегі дайындаманың бірнеше белгіленген нүктелері дәнекерленіп, бекітіледі. Дайындамалар екі мыстан жасалған өткізгіштердің арасында илемділік жағдайына дейін қыздырылып, содан кейін күшпен қысу арқылы біріктіріледі. Дәнекерленетін метал қалыңдығы 0,5-5мм. Нүктенің номиналды диаметрі дәнекерленетін тетіктің қалыңдығына байланысты.
- 3. Сызықтық тәсілде токты қосу, тетіктерге қысым түсіру және дайындамаларды жылжытып отыру, айналып тұратын қос шығыршықтармен жүзеге асырылады. Дәнекерленетін табақшалардың қалыңдығы 0,3-3мм.
Бұл әдісті қалыңдығы 1 мм немесе одан да жоғары жауапты құрылымдыр мен механизмдерді дәнекерлеу үшін қолданады. Көп жағдайда дәнекерлеу автоматты түрде жүргізіледі. Дәнекерлеу сыртқы беті қапталмаған өткізгіш сымды қолданып жүргізіледі. - Бұл әдісті қалыңдығы 1 мм немесе одан да жоғары жауапты құрылымдыр мен механизмдерді дәнекерлеу үшін қолданады. Көп жағдайда дәнекерлеу автоматты түрде жүргізіледі. Дәнекерлеу сыртқы беті қапталмаған өткізгіш сымды қолданып жүргізіледі.
- Процесті жүргізу кезінде сырғақты жылжыту жылдамдығын металл қабаттары арасындағы саңылауды металмен толтыру жылдамдығымен сәйкестендіру автоматты түрде жүргізіледі.
- Дәнекерлеуде диаметрі 2-3 мм өткізгіш сымы қолданылады.
- Дәнекерлеу тогы 750-1000 А, жіктің ұзындығы
- 8-2500 мм деңгейінде өзгереді.
Бұл процесте ток өткізгіш және бүкіл дәнекерлеу аймағы газдардың ағысымен қорғалып тұрады. Қорғаушы газдар ретінде инертті газдар (аргон, гелий), активті газдар (көмірқышқыл газы, азот т.б.) және екі немесе бірнеше газдардың қоспалары қолданылады. - Бұл процесте ток өткізгіш және бүкіл дәнекерлеу аймағы газдардың ағысымен қорғалып тұрады. Қорғаушы газдар ретінде инертті газдар (аргон, гелий), активті газдар (көмірқышқыл газы, азот т.б.) және екі немесе бірнеше газдардың қоспалары қолданылады.
- Қорғаушы газдар дәнекерленетін металдың ерекшеліктерін ескере отырып таңдалады. Қорғаушы газдарды пайдаланып дәнекерлеудің ерекшеліктеріне жатады:
- Доғаның тығыздығының жоғары болуы себепті металл құрылымының өзгеру аймағы, бұйымның деформациялану деңгейі азаяды;
- Жоғары өнімділік;
- Балқыған металды, әсіресе инертті газдарды пайдаланғанда тиімді қорғау;
- Дәнекерлеуді әртүрлі кеңістік жағдайында жүргізу мүмкіндігі.
Электрошлакпен дәнекерлеу әдісінде негізгі металл мен өткізгіш балқытылған шлак арқылы өтетін электр тогының қызуымен балқиды. Шлак қабаты дәнекерлеу флюсін балқыту арқылы қалыптасады да, процестің аяғына дейін сақталады. Шлак астауы негізгі металл жиектері мен дәнекерленетін тетік беттерін тығыз тіреп тұратын, сумен салқындатылатын, арнайы сырғыма тиек аралығында балқыған флюс нәтижесінде түзіледі. Сұйық шлактың белгілі мөлшері пайда болғаннан соң доға шлакқа тиіп сөнеді, бірақ сым мен токтың берілуі тоқтамайды. Балқыған шлактан ток өткенде қыздыру температурасы 2000-дейін жетіп негізгі металдың жиектері мен өткізгіш сымын балқытады. Сым токты өткізуші және дәнекерлеу астауын балқыған металмен толтырушы рөлін атқарады. - Электрошлакпен дәнекерлеу әдісінде негізгі металл мен өткізгіш балқытылған шлак арқылы өтетін электр тогының қызуымен балқиды. Шлак қабаты дәнекерлеу флюсін балқыту арқылы қалыптасады да, процестің аяғына дейін сақталады. Шлак астауы негізгі металл жиектері мен дәнекерленетін тетік беттерін тығыз тіреп тұратын, сумен салқындатылатын, арнайы сырғыма тиек аралығында балқыған флюс нәтижесінде түзіледі. Сұйық шлактың белгілі мөлшері пайда болғаннан соң доға шлакқа тиіп сөнеді, бірақ сым мен токтың берілуі тоқтамайды. Балқыған шлактан ток өткенде қыздыру температурасы 2000-дейін жетіп негізгі металдың жиектері мен өткізгіш сымын балқытады. Сым токты өткізуші және дәнекерлеу астауын балқыған металмен толтырушы рөлін атқарады.
Шойынның дәнекерлеу қасиеті төмен. Бұл үрдісті құймаларда кездесетін зақымдарды түзету және тетіктерді жөндеу үшін қолданады. Шойынды сырты қабатталған шойын өткізгішті пайдаланып доға арқылы дәнекерлегенде жіктің сапасы қамтамасыз етілмейді. Жік металының құрылымы ақ шойын түрінде қалыптасады, ал термиялық әсер аймағы шынығады. Шойын тетіктердің дәнекерленуін жақсарту үшін оларды алдын-ала пештерде 400-700 дейінгі температураға қыздырады. Дәнекерлеуді шойын өткізгіштермен жүргізеді. Дәнекерленген тетіктер пешпен бірге суытылады. Осы ретте дәнекерленіп жасалған қосылыстарда ақ шойын немесе шыныққан түрлердегі бөліктері болмайды. Бірақта ыстықтай дәнекерлеу қымбыт және көп еңбектенуді талап ететіндіктен оны көбіне жауапты тетіктерді жөндеуде қолданады. Шойынды салқын күйде дәнекерлеу үшін болаттан, мыстан және т.б. жасалған және арнайы құрамды материалдар мен қабатталған өткізгіштер қолданылады. Бірақта бұл шаралардың термиялық әсер аймағында ақ шойын түріндегі немесе шынықтырылған құрылымдарды болдырмауға көмегі аз. - Шойынның дәнекерлеу қасиеті төмен. Бұл үрдісті құймаларда кездесетін зақымдарды түзету және тетіктерді жөндеу үшін қолданады. Шойынды сырты қабатталған шойын өткізгішті пайдаланып доға арқылы дәнекерлегенде жіктің сапасы қамтамасыз етілмейді. Жік металының құрылымы ақ шойын түрінде қалыптасады, ал термиялық әсер аймағы шынығады. Шойын тетіктердің дәнекерленуін жақсарту үшін оларды алдын-ала пештерде 400-700 дейінгі температураға қыздырады. Дәнекерлеуді шойын өткізгіштермен жүргізеді. Дәнекерленген тетіктер пешпен бірге суытылады. Осы ретте дәнекерленіп жасалған қосылыстарда ақ шойын немесе шыныққан түрлердегі бөліктері болмайды. Бірақта ыстықтай дәнекерлеу қымбыт және көп еңбектенуді талап ететіндіктен оны көбіне жауапты тетіктерді жөндеуде қолданады. Шойынды салқын күйде дәнекерлеу үшін болаттан, мыстан және т.б. жасалған және арнайы құрамды материалдар мен қабатталған өткізгіштер қолданылады. Бірақта бұл шаралардың термиялық әсер аймағында ақ шойын түріндегі немесе шынықтырылған құрылымдарды болдырмауға көмегі аз.
Дәнекерленген қосылыстарды сынау және бақылау әдістерін таңдау оларды пайдалану жағдайына және атқаратын жұмыс сипатына байланысты жүргізіледі. Олар екі топқа бөлінеді: жікті бұзып барып сынау немесе оны бұзбай сынау және бақылау. Жікті бұзып сынау, ол әдеттегі механикалық сынау әдістері болып табылады. Дәнекерленген дайын бұйымдардың сапасын сынау және бақылау жікті бұзбай жүргізіледі. - Дәнекерленген қосылыстарды сынау және бақылау әдістерін таңдау оларды пайдалану жағдайына және атқаратын жұмыс сипатына байланысты жүргізіледі. Олар екі топқа бөлінеді: жікті бұзып барып сынау немесе оны бұзбай сынау және бақылау. Жікті бұзып сынау, ол әдеттегі механикалық сынау әдістері болып табылады. Дәнекерленген дайын бұйымдардың сапасын сынау және бақылау жікті бұзбай жүргізіледі.
- Гидравликалық және ауаның қысым күшімен жүргізілетін сынақтар арқылы жіктің тығыздығы тексеріледі. Жікті рентген, магнит, ультрадыбыс сәулелерін түсіру арқылы оның ішіндегі зақым түрлері анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|