2.9. Нормативтерді орташа шамаларды есептеу әдісімен әзірлеу
Орташа шаманы белгілеу әдісін жұмысты орындау қиындығы мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы, сондай-ақ жұмысшылардың жұмыс уақытының жұмсалуын бақылау нәтижелері бойынша алынған бастапқы материалдарды өңдеу кезінде нормативтерді әзірлеудің бірінші қадамында басқа, барынша прогрессивті әдіспен тәуелділігін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда нормативтердің барлық түрлерін есептеу үшін қолдануға болады.
Орташа шаманы есептеу әдісін нормативтерді әзірлеу процесінде қолданғанда мынадай жұмыстарды орындау көзделеді:
қиындығы сол бір факторға байланысты жұмыстың белгілі бір түрлері бойынша уақыттың жұмсалуын өлшеу нәтижелерін топтастыру;
төзімділіктің нақты коэффициенттері бойынша (бақылау нәтижелері) нақты хронологиялық қатарды бағалау. Егер төзімділіктің нақты коэффициенті нормативтіктен кем немесе тең болса, хронологиялық қатар төзімді болып есептеледі, ал егер төзімділіктің нақты коэффициенті нормативтіктен асып кетсе, хронологиялық қатар төзімсіз болып саналады, және оны жақсарту қажет, яғни төзімді қалыпқа келтіру керек;
жақсартылған хронологиялық қатардың орташа арифметикалық мәні ретінде нормативтік уақытты (еңбектің жұмсалуы нормасы) айқындау.
3. Уақыттың сараланған және ірілендірілген нормативтерін микроэлементті нормативтердің базалық жүйесі негізінде әзірлеу (МБЖ-1)
Ірілендірудің ең жоғарғы дәрежелі уақыттың нормативтерін әзірлеу үшін микроэлементтерді пайдалану уақыттың нормативтік мәнінің тең күштенуін қамтамасыз етуге, нормативтік-зерттеу жұмыстарының көп күш жұмсалуын төмендетуге мүмкіндік береді, сондықтан бұл нормативтерді әзірлеудің дәстүрлі әдістерінде орын алатын қол еңбегін орындау жөніндегі еңбек тәсілдеріне хронометражды бақылауларды жүргізу қажеттігін жояды.
Микроэлементтерді пайдалана отырып, уақыт нормативтерін әзірлеу мынадай негізгі кезеңдерге бөлінеді:
еңбек процесін орындаудың ұйымдық-техникалық шарттарымен танысу;
еңбек процесін құрастырушы микроэлементтерге бөлу;
еңбек процесін талдау;
оңтайлы еңбек процесін және оған тиісті уақыт нормативтерін жобалау.
Еңбек процесінің ұйымдық-техникалық шарттарын орындауды зерттеу барысында жұмысты орындаушы туралы, оның ішінде жұмысшының кәсібі, жұмыс өтілі, жұмысшының разряды туралы ақпарат, жұмыс орнының қолданыстағы жоспарламасы туралы деректер енгізілетін зерттеп тексеру картасы ресімделеді. Бұл үшін белгілі көлемде еңбек құралдары, аспаптары мен құрылғылары олардың жұмысшыға қатыстылығы бойынша орналастырылып толық сәйкестікте көрсетілетін жұмыс орнының жоспары сызылады.
Жұмыс орындарындағы шығыс деректерін жинақтауда еңбек процесін жеке тәсілдерге, ал әрбір тәсілді – оны құрайтын микроэлементтерге бөлу жүргізіледі. Еңбек тәсілдері олардың орындалу кезектілігі тәртібінде арнайы нысандарға жазылады. Дәл сол нысанға оң және сол қолмен, кеудемен және аяқпен орындалатын еңбек тәсілдерінің микроэлементті мазмұны да жазылады.
Еңбек процесін талдауда бірінші кезекте еңбек құралдары, аспаптары мен жабдықтарының орналасуы қол жетерлік аймаққа сәйкес келетіндігі айқындалады. Кейін жұмыс орнының дұрыс жоспарланбауы себепті артық қимылдар анықталады. Күштің кезектестірілуі, ирек қимылдарды болдырмау, күрделі және ұзаққа созылатын қимылдарды қарапайымдау және қысқалау қимылдарға алмастыру жолымен бұлшық еттердің статистикалық күштенуін азайту мүмкіндігі айқындалады. Артық қимылдарды еңбек құралдары мен аспаптарының, оларды пайдалану кезектілігін ескере отырып, орналасуын өзгерту жолымен жою мүмкін болады: көбірек қолданылатын аспап жақынырақ, азырақ қолданылатыны – алысырақ жатуға тиіс.
Біріктіріп орындау мүмкіндігі бағытында микроэлементтердің орындалу уақытына, орындалу кезектілігіне әсер ететін сандық факторлардың мәні талдауға салынады.
Осындай талдау нәтижесінде оңтайлы еңбек тәсілінің бірнеше нұсқасы жобаланады. Олардың ішінен ең үздігі оны орындаудың ең аз уақытымен бағаланатын әр нұсқаның уақыт шығынын айқындағаннан кейін таңдап алынады.
Сонан соң әр сандық фактор бойынша олардың мәнінің көлемі белгіленеді. Сандық факторлардың әртүрлі мәндік байланысы үшін еңбек тәсілдерін орындауға кететін уақыт шығыны анықталады. Уақыт шығыны анықталған соң олардың көлеміне әсер ету дәрежесі талданады. Факторлардың тәсілдерді орындау уақытына әсер етуін талдау графикалық немесе өзара байланысты әдістермен жүргізіледі. Кемімелі теңдеу қорытындысы графикалық талдау немесе ең төмен квадраттар әдісімен жүзеге асырылады.
4. Еңбек процестері және оларды сыныптау
Өнімді жасаған кезде үнемі үш элемент қатысады: өндіріс құралы, еңбек нысаны және жұмыс күші. Өзара байланысты өнімді жасауға бағытталған осы элементтердің жиынтығы өндірістік процесс деп аталады.
Әрбір өндірістік процесс жұмысшының тікелей еңбек процессі мен онымен байланысты жұмысшының бақылауы мен басқаруымен жүргізілетін физикалық, химиялық және механикалық процестердің үйлесімін білдіреді. Бұл ретте, тікелей еңбек процессі деген жұмысшының дене және ой еңбегі бірлігінің еңбек нысанына әсер ету процесін білдіреді. Бұл процесс жұмысшының еңбек нысанының тікелей өзгертуіне, машинаны оңтайлы толтыруды қамтамасыз етуіне байланысты қосымша еңбек әрекеттерін орындауына, машинаны басқару және оның жұмыс механизмдерін ауыстыруға, бөлшектерді өлшеуге, технологиялық процесс барысын, қызмет көрсетілетін машиналар мен агрегаттардың жұмысын, машиналардың (агрегаттардың) жекелеген тетіктерін ретке келтіруден пайда болған процестің қалыпты барысынан ауытқуын жоюды, сондай-ақ өндірілетін еңбек өнімінің сапасынан ауытқуды байқау, басқару және бақылауға бағытталған еңбек әрекеттерін орындауынан тұрады.
Еңбекті нормалаудың мақсаттары үшін әр түрлі еңбек процестері жіктеледі, яғни белгілі бір сипаттары бойынша бірыңғай топтарға бірігеді. Нормалау әдістеріне әсер ететін айтарлықтай маңызды сипаттары мыналар болып табылады:
еңбек процессін жүзеге асыруда жұмысшының қатысу сипаты;
кезеңділік және процестің ұзақтығы;
өндірісті ұйымдастыру типі (дара, ұсақ сериялы, сериялы, ірі сериялы, жалпы).
Еңбек процессіне жұмысшылардың қатысу сипатына қарай еңбек процессі олардың салалық ерекшелігіне қарамастан былай бөлінеді:
қолмен жасалатын;
машинамен және қолмен жасалатын;
машинамен жасалатын;
автоматтандырылған.
Қолмен жасалатын процестер деп қызметкерлер еңбек нысанына қосымша энергия көздерін немесе қосымша энергия көздері (электр, пневматикалық және т.б.) арқылы жұмыс істейтін қол құралдарын пайдаланбай әсер ететін процестер аталады. Мысалы, түйіндер мен бұйымдарды жинақтау, егеу, гайкаларды бұрау, молярлық кистьпен сырлау, қырып тегістеу, электр бұрғымен тесіктерді бұрғылау.
Машинамен және қолмен жасалатын процестерге еңбек нысанына технологиялық әсер ету машинаның орындаушы тетіктерінің (станоктың) көмегімен, ал еңбек нысанына қатысты құралды немесе еңбек құралына қатысты еңбек нысанын қозғауды жұмысшы өзі жүргізетін процестер жатады. Мысалы, бөлшектерді қолмен әперілетін металды кесу станогында өңдеу, тігін бұйымдарын тігін машинасында тігу және т.б.
Машиналық процестер кезінде еңбек нысаны формасының, өлшемінің және басқа да сипаттарының өзгеруі жұмысшының қол күшін пайдаланбай машина жүзеге асырады, ал жұмысшының қызметі еңбек нысанын орнату және алу, машинаның жұмысын басқаруға келіп саяды. Мысалы, бөлшекті құралды механикалық әперіп тұратын станокта өңдеу.
Автоматтандырылған процестер еңбек нысанына технологиялық әсер ету, оны орнату және алу жұмысшының қатысуынсыз орындалуымен сипатталады. Автоматтандырылу дәрежесіне байланысты жұмысшының қызметі машинаның жұмысын бақылаудан, ақаулықтарды жоюдан, ретке келтіруден, құралды ауыстырудан, еңбек нысанын орнату және алудан, машина жұмысының бағдарламасын жасаудан тұрады.
Еңбек нысанына бөгелмеуі дәрежесі бойынша технологиялық процестер үздіксіз және дискреттік болып бөлінеді. Алғашқысы кезінде технологиялық процесс шикізатты толтыру, дайын өнімді беру және оны бақылау кезінде тоқтамайды. Екіншісі технологиялық процестер барысында үзілістердің болуымен сипатталады.
Еңбек процестерінің барлық аталған түрлері мен олардың ерекшеліктері еңбек бөлінісі мен кооперациясы мәселелерін шешу, жұмыс орындарын ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету, жоспарлау, еңбек нормаларын белгілеу жүйесін таңдау кезінде ескерілуге тиіс.
5. Еңбек процессінің құрылымы
Еңбекті нормалау кезінде еңбек процессі операциялар мен олардың элементтеріне бөлінеді. Еңбек процессін операцияларға бөлу жұмыстарды жүргізу технологиясына, қолда бар жабдықтарға, өндіріс сипаты мен оны ұйымдастыруға, өндіріс ауқымы мен мамандануына, еңбектің механикалану дәрежесіне, оны бөлу нысандарына байланысты.
Операция деп бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше еңбек нысанына бір жұмысшы немесе жұмысшылар тобы орындайтын еңбек процессінің аяқталған бөлігі аталады. Операция жұмысшының еңбек нысанын өңдеу бойынша барлық жүйелі қызметін немесе келесі бұйымға немесе олардың келесі партиясына көшуге дейінгі процесті жүргізуді қамтиды.
Технологиялық қатынаста операциялар орнату, позиция, ауысу және өту болып бөлінеді.
Орнату - өңделетін дайындамаларды немесе жинақтау бірліктерін бекіту кезінде орындалатын технологиялық операциялардың бөлігі.
Позиция – операцияның белгілі бір бөлігін орындау үшін құралға немесе жабдықтың қозғалмайтын бөлігіне қатысты аспаппен бірлесіп бекітілген өңделетін дайындама немесе жинақталатын жинақтау бірлігі алатын белгіленген орналасу жағдайы.
Ауысу – технологиялық операцияның аяқталған бөлігі, ол өңдегенде қалыптасатын немесе жинақтау кезінде қосылатын қолданылатын құралдар мен беттердің тұрақтылығымен, белгілі бір бағыттағы механикалық процестерде жабдық жұмысы режимінің тұрақтылығымен, процесс мазмұндылығымен және физика-химиялық процестерге қатысушы компоненттер құрамының тұрақтылығымен сипатталады
Өту – құралдың дайындамаға (немесе керісінше) қатысты бір мәрте ауысуынан тұратын ауысудың қайталанатын бөлігі, оның кезінде формалардың, өлшемдердің, беттің тазалығының немесе еңбек нысаны қасиетінің өзгеруі жүргізіледі.
Операцияны орнатуға және өтуге бөлу бұйымдарды механикалық өңдеу процессіне тән (металл өңдеу, ағаш өңдеу); физика-химиялық процестер технологиялық тұрғыда өтуге ғана бөлінеді.
Операцияның, едәуір дамыған еңбек процессінің жобалану мазмұнын зерттеу үшін және оны орындау үшін еңбек шығындарын жұмсауды айқындау операцияның орнату, позиция, ауысу және өтуге бөлінуі оның еңбек қатынастары тұрғысынан бөлінуімен, яғни құрамын, бірізділігін, орындау тәсілдерін және оның құрамдас элементтерінің ұзақтығын айқындаумен толықтырылады. Осы мақсатпен операцияны еңбек қимылы, еңбек әрекеттері, тәсілдер мен тәсілдер кешеніне бөледі. Операцияны бөлшектеу дәрежесі талдау мен жобалаудың талап етілетін нақтылығына байланысты болады.
Еңбек қимылы – бұл адамның жұмыс атқаратын мүшесінің: қолы, аяғы және тұлғасы және т.б. бір мәрте қозғалуы. Мысалы, «қолын құралға созу», «құралды алу» және т.б.
Еңбек қимылдары қимыл түрлері, орындау тәсілі және нақтылығы бойынша сыныпталады. Әрбір қол еңбегі еңбек қимылдарының мынадай төрт түрінің бірізді, параллель немесе бірізді-параллель үйлесімі түрінде болады: ұстау, қозғау, демеу босату қимылдары.
Қозғалу тәсілі бойынша еңбек қимылдары бұлшық ет және ой бақылауын қажет етпейтін еркін қимылдар, олар көп рет қайталанғаннан кейін жұмыс процессінде еріксіз орындалады, екінші түрі - соңғы қимылмен алынуға тиісті заттың орналасқан жерін нақты айқындау үшін бұлшық ет және ой бақылауын қажет ететін икемдеуші қимылдар.
Еңбек әрекеті – тұрақты еңбек нысандары мен құралдарымен бір немесе бірнеше жұмысшы үзіліссіз орындайтын еңбек әрекеттерінің логикалық аяқталған жиынтығы. Еңбек әрекеті бір, екі немесе одан да көп еңбек қимылдарынан тұрады. Оған еңбек қимылдарының ұстау және қозғау түрлерінің үйлесімі тән. Мысалы, «алу» еңбек әрекеті екі еңбек қимылынан тұрады: қолды бөлшекке созу (қозғау қимылы); бөлшекті саусақтармен ұстау (ұстау қимылы).
Тәсіл – тұрақты еңбек нысандары мен еңбек құралдары кезінде орындалатын еңбек әрекеттері мен операцияның технологиялық аяқталған құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Мысалы, «дайындаманы аспапқа орнату».
Тәсілдердің кешені – бұл не технологиялық бірізділігі бойынша, не орындау мерзіміне әсер ететін факторлардың жалпылығы бойынша біріктірілген жиынтық. Мысалы, «кескішті өлшеміне орнату», «бөлшекті аспапқа орнату және оны өңдеуден кейін алу».
Нормалау үшін тәсілдер не олардың технологиялық бірізділігі, не ұзақтығына әсер ететін факторлардың бірыңғайлығы сипаты бойынша кешендерге біріктіреді (ірілендіреді) осы тәсілдерді орындаудың бірізділігіне қатыссыз (тәсілдердің есептік кешендері).
6. Орындаушының жұмыс уақытының және жабдықты пайдалану уақытының шығындарын сыныптау
6.1. Орындаушының жұмыс уақыты шығындарын сыныптау
Орындаушының жұмыс уақыты шығындарының нормалары мен нормативтерін белгілеген кезде жұмыс уақытының нақты шығындарын зерттеу, бақылау нәтижелерін салыстыру және талдау, еңбек процессінің жекелеген элементтерін орындау ұзақтығын айқындау үшін уақыт шығындары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді.
Нормаланатын уақыт шығындары өндірістік тапсырманы орындау бойынша жұмыс уақыты және регламенттелген үзілістер уақыты болып бөлінеді.
Өндірістік тапсырманы орындау бойынша жұмыс уақыты дайындау-қорыту уақытынан, жедел уақытта және жұмыс орнына қызмет көрсету уақытынан тұрады.
Дайындау-қорыту уақыты деп тапсырылған жұмыс пен әрекетті орындауға дайындау үшін жұмсалатын оның аяқталуына байланысты уақытты айтамыз: құралдарды, аспаптарды, технологиялық және жоспарлы-есептік құжаттаманы алу; жұмыспен, чертежбен танысу; жұмысты орындау тәртібі туралы нұсқама; құралдар мен аспаптарды орнату және алу; жабдықты жұмыстың қажетті технологиялық режиміне баптау; дайын өнімді, құралды, аспапты, технологиялық құжаттамалар мен материалдың қалдықтарын тапсыру. Дайындау-қорыту уақыты бір рет еңбек нысанының толық бір партиясына жұмсалады және осы тапсырма бойынша орындалатын жұмыс көлеміне байланысты болады.
Жедел уақыт деп еңбек нысаны формасының, өлшемдері мен қасиеттерінің өзгеруіне, сондай-ақ осы өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті қосымша әрекеттерді орындауға жұмсалатын уақытты айтамыз. Жедел уақыт шығындары өнімнің әрбір бірлігімен немесе жұмыстардың белгілі бір ауқымымен қайталанады. Ол негізгі және қосымша деп бөлінеді.
Негізгі (технологиялық) уақыт еңбек нысанының мақсатты өзгеруіне (оның өлшемдерінің, формасының, құрамының, қасиеттерінің, жағдайы мен орналасуының өзгеруіне) жұмсалады.
Қосымша уақыт – барысында шикізатты, дайындамаларды толтыру, дайын өнімді алу, жабдықты басқару, оның жұмысы режимінің өзгеруі, технологиялық процесс барысы мен өнім сапасын бақылау жүргізілетін уақыт.
Жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты – жұмысшының өзінің жұмыс орнын күтуіне және оны жұмыс жағдайында сақтауға жұмсайтын уақыты. Ол ұйымдық және техникалық қызмет көрсету болып бөлінеді.
Жұмыс орнына техникалық қызмет көрсету уақыты нақты бір жұмысты орындаған кезде жабдықты күтуге (тозған құралды ауыстыру, жабдықты ретке келтіру, жұмыс орнындағы қоқыстарды жинау және т.б. ) жұмсалатын уақыт.
Ұйымдық қызмет көрсету уақыты ауысым барысында жұмысты орындауға байланысты жұмыс орнын күтуге жұмсалады. Бұл санатқа ауысымның басында құралды іске қосу және соңында жинауға, жабдықты тазалау және майлауға жұмсалатын шығындар кіреді.
Жұмысшының тапсырылған жұмысты (операцияны) орындауға қатысуы сипатына байланысты жедел уақыттың құрамында:
жұмысшының машина мен механизмдерді пайдаланбай орындайтын қол жұмысына;
механикаландырылған қол құралдарын пайдалана отырып, орындайтын қолмен механикаландырылатын жұмысқа;
жұмысшы орындау механизмдерінің көмегімен орындайтын машина және қол жұмысына;
жабдық жұмысын белсенді бағалауға, оның барысында өнімнің тиісті сапасы мен жабдық жұмысының дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жұмысшы машинаның жұмысын, технологиялық процестің барысын, жабдық жұмысы режимінде белгіленген өлшемдердің сақталуын және т.б. белсенді түрде бақылауы қажет. Осы уақыттың барысында жұмысшы дене жұмысын орындамайды, алайда оның назары жабдықтың жұмыс істеп тұрған механизмінде, өңделетін затта, аспаптың көрсеткішінде болады, бұл оның жұмыс орнында болуға және үздіксіз бақылауға міндеттейді;
пассивті бақылауға (операциялық күту ішінде), яғни машина жұмыс істеп тұрған кезеңде жұмысшының жабдық жұмысын немесе технологиялық процесс барысын үнемі бақылауы қажет емес, алайда басқа жұмыс болмағандықтан, ол бақылауды жүзеге асырады;
жұмысшының жабдықтың бірнеше бірлігіне қызмет еткен кезде жұмыс аймағында станоктардың, машиналардың, агрегаттардың арасында қозғалуына (өтуіне) уақыт бөлінеді.
Машиналық операциялардағы қолмен орындау уақыты машиналық уақытпен орны толтырылатын немесе орны толтырылмайтын болып бөлінеді. Уақыт нормасының құрамына тек қана машиналық уақытпен орны толтырылмайтын қолмен орындау уақыты кіреді, ал орны толтырылатын қолмен орындау уақыты жұмысшының жұмысбастылығы мен жүктемесін айқындау кезінде ғана есепке алынады.
Регламенттелген үзілістер мынадай үзілістерді қамтиды:
жұмысшыларға жұмыс ауысымы ішінде қалыпты жұмыс істеу қабілетін демеу және шаршаудың алдын алу мақсатында демалу үшін, өндірістік гимнастика жасау үшін берілетін демалыс;
жұмысшының жеке гигиена және табиғи қажеттіліктерге жұмсайтын жеке қажеттіліктерге арналған үзілістер; қандай да бір еңбек процестерін орындаудың өзіндік технологиялық және ұйымдық шарттары көзделген жұмыстағы үзілістер.
Нормаланбаған уақыт шығындары өндірістік тапсырмада көзделген жұмыс уақыты және регламенттелмеген үзілістер уақытына бөлінеді.
Өндірістік тапсырмаларда көзделмеген уақытқа жұмысшының өндірістік қажеттілік туғызған кездейсоқ жұмыстарға жұмсаған уақыты, сондай-ақ өндірістік емес (артық) жұмыстарды, яғни өнімді көбейтуге және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік бермейтін жұмыстарды орындауға жұмсаған уақыт кіреді.
Регламенттелмеген үзілістерге:
еңбек процессінің қалыпты ағымының жұмыс орнына қызмет көрсетудегі және оны үздіксіз жұмыс істеуге қажетті барлық заттармен (шикізатпен, материалдармен, дайындамалармен, құралмен) жабдықтаудағы ұйымдық және техникалық ақаулықтардың салдарынан, сондай-ақ электр энергиясы, газ, бу, ауа, су және т.б. келуі тоқтатылудың нәтижесінде бұзылуы салдарынан өндірістік тапсырманы орындау кезінде пайда болатын;
әр түрлі себепсіз жағдайлар бойынша жұмысшының жұмыстан кездейсоқ алаңдауының нәтижесінде еңбек тәртібінің бұзылуы салдарынан туындаған үзілістер кіреді.
6. 2. Жабдықты пайдалану уақытын сыныптау
Жабдықты пайдалану уақытының шығындары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді.
Нормаланатын уақыт шығындары жабдықтың өндірістік тапсырманы (немесе жедел уақыт) орындауы бойынша жұмыс уақыты және регламенттелген үзілістер уақыты болып бөлінеді.
Жабдықтың өндірістік тапсырманы орындауы бойынша жұмыс уақытына оның ішінде еңбек процессі жүріп жатқан немесе негізгі жұмысты орындау үшін қажетті қосымша әрекеттер жүргізілетін уақыт кіреді.
Бұл уақыт негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі уақыт – бұл еңбек нысанын өңдеу жүргізілетін кезең.
Жабдықтың негізгі жұмыс уақыты машиналық (аппаратуралық) және машинамен және қолмен орындалатын болып бөлінеді.
Машиналық (немесе аппаратуралық) уақытқа жабдықтың автоматтық жұмысы уақыты кіреді, мұнда жұмысшы тек бақылау және реттеу қызметтерін ғана атқарады.
Машинамен және қолмен орындалатын уақытқа өңдеуде машиналық жұмыспен қатар, тікелей жұмысшының өзі де қатысатын уақыт кіреді.
Қосымша уақыт – негізгі жұмысты орындауға қажетті әрекеттерді жүзеге асыруға жұмсалатын, орны машиналық уақытпен толтырылмайтын уақыт.
Жедел уақыт - бұл негізгі және қосымша уақыттық жалпы саны.
Сонымен қатар, жедел уақыт машиналық-бос (немесе аппаратуралық-бос) уақыт және жұмысшының қатысуымен жабдық жұмысының уақыты болып бөлінеді.
Машиналық (аппаратуралық)-бос уақыттың ішінде жабдық жұмысшының тікелей қатысуынсыз жұмыс істейді. Бұл жағдайда машиналық уақыттан жұмысшының машиналық уақытпен орны толтырылатын қосымша уақыты және белсенді бақылау уақыты алынып тасталады.
Жабдықтың жұмысшының қатысуымен болатын жұмысы уақытына машиналық-бос уақытты алып тастағандағы жедел уақыт кіреді. Жұмысшыға қатысты бұл уақыт оның жедел жұмыспен айналысатын уақыты болып табылады. Ол жұмысшының орны толтырылатын және орны толтырылмайтын қосымша уақыты мен белсенді бақылау уақытының жалпы саны түрінде айқындалады.
Регламенттелген үзілістер уақыты жұмысқа дайындау және жұмыс орнына ұйымдық-техникалық қызмет көрсетуге байланысты үзілістер уақытына; өндірістік процестің технологиясы және ұйымдастырушылығымен көздеген үзілістер уақытына; жұмысшының демалу және жеке қажеттіліктеріне арналған уақытқа бөлінеді.
Жұмысқа дайындау және жұмыс орнына ұйымдық-техникалық қызмет көрсетуге байланысты үзілістер уақыты дайындау-қорыту жұмыстарын орындау уақытына және ұйымдық және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар уақытына бөлінеді.
Ұйымдық және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар уақытына механизмдерді кесте бойынша жөндеуге байланысты үзілістер және жоюға келмейтін технологиялық үзілістер кіреді.
Нормаланбайтын уақыт шығындарына жабдықтың өндірістік емес және кездейсоқ жұмысы уақыты, еңбек тәртібінің бұзылуы салдарынан туындаған үзілістер уақыты, өндірістік процестің қалыпты ағымының бұзылуы салдарынан болған үзілістер уақыты кіреді.
7. Еңбек шығындарының нормативті шамасына әсер ететін факторлар
Кез келген жұмысты орындаған кезде еңбек шығындарының шамасына, тиісінше еңбек шығындарының нормативтік шамасына да әр түрлі факторлар әсер етеді.
Еңбек шығындарының нормативтік шамасына әсер ететін факторлар еңбек нысанының, жабдықтың, технологиялық процестің, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру және санитарлық-гигиеналық және жалпы эстетикалық жағдайлардың сипатына, қызметкерлердің мәдени-техникалық және кәсіби деңгейіне, орындаушылардың кейбір антропометриялық сипаттарына, олардың психофизиологиялық сипатына байланысты қалыптасады.
Әсер ету сипаты мен бағытына байланысты еңбек шығындарының нормативтік шамасына әсер ететін факторлар техникалық, әлеуметтік және экономикалық болып бөлінеді.
Техникалық факторлар өндірістің материалдық-заттық элементтерінің сипаттамасымен айқындалады: еңбек нысаны (материалдардың қасиеттері, өңдеу өлшемдері, бұйымның конфигурациясы және т.б.); еңбек құралдары (жабдық жұмысының режимдері, машиналар, механизмдер, құрылғылардың, технологиялық және ұйымдық жабдықтаудың сипаттамалары және т.б.)
ұйымдық факторлар еңбек бөлінісі және кооперациясы нысандарының, жұмыс орнын ұйымдастыру және оған қызмет көрсетудің, әдістер мен тәсілдердің, еңбек және демалу режимдерінің, өндіріс типінің сипаттамасымен, т.б. айқындалады.
Техникалық және ұйымдық факторлар жұмыстардың орындалуының ұйымдық-техникалық жағдайларын белгілейді.
Психофизиологиялық факторлар, ең алдымен, жұмысты орындаушының сипаттамасымен: жынысы, жасы, кейбір антропометриялық ерекшеліктерімен (бойы, аяғының ұзындығы, күші, ептілігі, шыдамдылығы және т.б.) айқындалады. Психофизиологиялық факторларға өндірістің де кейбір сипаттамалары жатады: шолу аймағы мен көз жету аймағының, жұмыс істеу қалпының өлшемдері, көзге күштің түсуі, жұмыс жылдамдығы және т.б.
Әлеуметтік факторлар да психофизиологиялық факторлар сияқты, ең алдымен, жұмысты орындаушының сипаттамасымен, оның мәдени-техникалық деңгейімен, жұмыс өтілімен және басқалармен айқындалады. Әлеуметтік факторларға өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың да кейбір сипаттамалары – еңбектің мазмұндылығы мен қызықтырушылығы және т.б. кіреді.
Экономикалық факторлар өндірістің немесе оның жекелеген элементтерінің сипаттамаларымен айқындалады. Олар өндіріс процессінің тиімділігіне: өнім немесе еңбек нысанын өңдеу сапасының деңгейіне, орындалатын жұмыстардың шұғылдығына, алғашқы материалдардың, дайын бұйымның құнына және т.б. тікелей байланысты:
Еңбектің нормативтік шығындары байланысты болатын барлық факторлар сапалық және сандық болып бөлінеді. Сандық факторларға мәндері сандық тұрғыдан сипатталатын факторлар жатады (еңбек нысанының салмағы – кг, оның ұзындығы – мм және т.б.). Сапалық факторларға сандық тұрғыдан емес, сапалық тұрғыдан сипатталатын факторлар жатады (кескіні бойынша зат дөңгелек, тіктөртбұрышты, фасонды және т.б. болуы мүмкін)
Факторлардың кейбір сандық және сапалық мәндері нақты еңбек процессі үшін шекті, яғни бұл мәндерден тыс процесс орындала алмайды немесе орындалуы мүмкін. Мұндай сапалық және сандық мәндер шектеулер деп аталады. Шектеулер техникалық, ұйымдық, психофизиологиялық және экономикалық сипатта болуы мүмкін.
Еңбек шығындарының шамасына әсер ететін барлық факторларды анықтау және есепке алу еңбекті нормалау үшін нормалар мен нормативтік материалдарды әзірлеу процессінде жүзеге асырылады
8. Еңбекті нормалау әдістері
Еңбекті нормалау әдісі деп еңбек нормаларын белгілеу тәсілдерінің жиынтығын түсінеміз, ол еңбек процессін талдауды; еңбекті оңтайлы ұйымдастыруды жобалауды; нормаларды есептеуді қамтиды.
Еңбекті нормалау үшін тәжірибелік-статистикалық (жинақтау) және талдау әдістері пайдаланылады.
Тәжірибелік-статистикалық (жинақтау) әдіс кезінде еңбек нормалары еңбек процессін элементтерге бөлмей белгіленеді. Тәжірибелік-статистикалық (жинақтау) әдістің түрлері: нормалаушының жеке тәжірибесін пайдалануға негізделген тәжірибелік әдіс; ұқсас жұмыстарды орындағаны туралы статистикалық деректердің негізіндегі статистикалық әдіс.
Талдау әдісі нақты еңбек процессін талдауды, оны элементтерге бөлуді, жұмысты орындаудың оңтайлы тәсілдері мен ұйымдық-техникалық жағдайларын жобалауды, еңбек процессінің элементтері бойынша қажетті уақыт шығындарын есептеуді еңбек нормаларын белгілеуді болжайды. Талдау әдісі ғылыми негізделген нормалар мен еңбек шығындары нормативтерін әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Еңбек нормаларын белгілеудің талдау әдісінің екі түрі бар: талдау-есептеу және талдау-зерттеу.
Талдау-есептеу әдісі жабдық жұмысы режимінің бар нормативтерінің, еңбек процессі элементтерінің техникалық сипаты мен уақыт нормативтерінің негізінде нақты еңбек нормаларын белгілеуді көздейді. Еңбек процесстерінің саралану деңгейіне байланысты нормаларды есептеу микроэлементті, сараланған немесе ірілендірілген нормативтер бойынша жүргізіледі.
Талдау-зерттеу әдісі кезінде еңбек нормалары еңбек процессін оның құрамдас бөліктеріне бөлген кезде жұмысшылардың еңбек шығындарын тікелей зерттеу нәтижесі және жабдықты пайдалану уақыты бойынша белгіленеді.
Еңбек нормаларын талдау-есептеу және талдау-зерттеу әдістерін белгілеген кезде орындалатын жұмыстардың жүйелілігі мен түрлері 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте
Еңбек нормаларын талдау-есептеу және талдау-зерттеу әдістерін белгілеген кезде орындалатын жұмыстардың жүйелілігі мен түрлері
Р/с№
|
Еңбек нормаларын белгілеген кезде орындалатын жұмыстардың түрлері
|
Әдістер
|
Талдау-есептеу
|
Талдау-зерттеу
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Техникалық құжаттаманы, нормативтік, техникалық және арнайы әдебиеттерді зерделеу
|
+
|
+
|
2.
|
Еңбек процессін элементтерге бөлу, еңбек шығындарының көлеміне ықпал ететін факторларды белгілеу және еңбек процессін алдын-ала жобалау
|
+
|
+
|
3.
|
Жұмыс орындарында жұмысты орындаудың ұйымдық-техникалық жағдайлары мен орындау әдістерін алдын-ала зерделеу
|
+
|
+
|
4.
|
Зерттелетін еңбек процессіне қажетті жақсартуларды енгізу
|
-
|
+
|
5.
|
Нормативтік бақылаулардың түрлері мен көлемін айқындау
|
-
|
+
|
6.
|
Бақылау үшін осы жұмысты орындаушыға қойылатын талаптарға сәйкес жұмысшыларды таңдау
|
-
|
+
|
7.
|
Бақылауларды жүргізу және нормативтік бақылаулардың нәтижелерін алғашқы өңдеу
|
-
|
+
|
8.
|
Ақпарат алу көздерін айқындау және оларды еңбек процессінің элементтері бойынша еңбек (уақыт) шығындарын белгілеу үшін жинақтау
|
+
|
-
|
9.
|
Еңбек шығындары көлеміне ықпал ететін факторлардың тізбесін нақтылау
|
+
|
+
|
10.
|
Еңбек процессінің элементтері бойынша еңбек шығындарының нормативтік көлемін жобалау
|
-
|
+
|
11.
|
Еңбек шығындарының жобаланған нормативтік көлемінің және қолда бар нормативтердің негізінде еңбек нормаларын белгілеу
|
+
|
+
|
12.
|
Еңбек процессін орындаушылардың сандық және кәсіптік-біліктілік құрамын айқындау
|
+
|
+
|
13.
|
Өндірістік жағдайлардағы еңбек нормасының жобасын тексеру және оларды алған ескертпелер бойынша түзету
|
+
|
+
|
14.
|
Еңбек номаларын белгілеу бойынша материалдар мен есептерді түсіндірме жазба түрінде ресімдеу
|
+
|
+
|
Еңбек процессін саралау дәрежесі бойынша талдау әдістері сараланған және ірілендірілген болып бөлінеді.
Сараланған әдістер еңбек процессінің элементтерге (еңбек қимылдары мен әрекеттеріне дейін) бөлінуін, әрбір элементтің ұзақтығына әсер ететін факторларды зерттеуді, құрамды жобалауды, еңбек процессінің элементін орындау бірізділігі мен ұзақтығын көздейді.
Ірілендірілген әдістер еңбек процессінің тәсілдер мен операциялар кешеніне бөлінуін көздейді. Қажетті уақыт шығындары, әдетте, ірілендірілген нормативтердің немесе белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайда орындалатын операциялар немесе жұмыс түрлеріне жұмсалатын жұмыс уақытын білдіретін алдын ала әзірленген ірілендірілген есептік өлшемдердің негізінде белгіленеді.
Талдау әдісі еңбек нормаларының шамасына әсер ететін факторларға байланыстылығы сипаты бойынша тура және жанама болып бөлінеді.
Тура әдістерді пайдаланған кезде еңбек нормалары нормалар шамасының тиісті жұмыстардың күрделілігіне тікелей байланысты белгілеудің негізінде есептеледі. Жанама әдістерді пайдалану нормаларды олардың шамасының тиісті жұмыстардың күрделілігіне жанама әсер ететін факторларға статистикалық байланыстылығы негізінде белгілеуді болжайды.жанама әдістер мазмұны жағынан талдау және жиынтық әдістердің арасындағы «аралық» әдістер болып табылады.
9. Еңбек нормалары және еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар
Еңбек нормалары нақты жұмысты орындау үшін қажетті еңбек шығындарының ауқымы мен құрылысын белгілейді және онымен нақты еңбек шығындары салыстырылатын эталон болып табылады. Ұйымдарда қолданылатын еңбек нормаларының объективтілігі айтарлықтай деңгейде еңбек шығындары нормаларын есептеу үшін база болып табылатын еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдардың сапасымен айқындалады.
Еңбекті нормалауға арналған нормативті материалдар жұмыс орнында жұмыстарды орындаудың нақты ұйымдық-техникалық жағдайларында жұмыстарды орындаудың ұйымдық-техникалық жағдайларының орташаланған немесе үлгіленген әр түрлі нұсқаларына қолданылып әзірленеді.
9.1. Еңбек нормаларының түрлері
Жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде еңбек нормаларының мынадай түрлері қолданылады: уақыт, өндіру, сан, қызмет көрсету нормалары, сондай-ақ нормаланған тапсырмалар.
Уақыт нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс бірлігін орындау үшін белгіленген жұмыс уақыты шығындарының көлемі.
Өндіру нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінде орындауға (жасауға, тасымалдауға және т.б.) міндетті белгіленген жұмыс көлемі (өнім бірлігінің саны).
Қызметкерлер санының нормасы – белгілі бір кәсіптік-біліктілік құрам қызметкерлерінің белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда нақты өндіріс қызметін немесе жұмыс көлемін орындауы үшін қажетті қызметкерлердің белгіленген саны.
Қызмет көрсету нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінің ішінде қызмет көрсетуге міндетті өндірістік объектілер (жабдықтардың, жұмыс орындарының және т.б. бірліктері) саны.
Нормаланған тапсырма – бір қызметкер немесе қызметкерлер тобы жұмыс ауысымында немесе жұмыс уақытының өзге бірлігінде орындайтын жұмыстың белгіленген көлемі.
Басқарушылық нормасы – бұл белгілі бір ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда бір қызметкер басқаруға тиіс қызметкерлердің регламенттелген саны (бөлімшелер саны).
Еңбек нормалары жеке операцияға (операциялық нормаға) немесе операциялар тобына, жұмыстардың аяқталған кешеніне (ірілендірілген, кешенді норма) белгіленеді. Нормалардың дифференциация дәрежесі өндіріс типімен, өндірілетін бөлшектер (бұйымдар) партиясының көлемімен шығарылатын өнімнің ерекшеліктерімен, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру формаларымен айқындалады.
Ірілендірілген және кешенді нормалар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) жоспарлы-есептік (есептік) бірлігіне, дайын бұйымға, буынға, бригадалық жиынтыққа, технологиялық оқшауланған операцияға, құрылыс кезеңі немесе объектісіне қарай белгіленеді.
Жұмыстарға белгіленген, ұйымдық-техникалық жағдайлары жағынан тұрақты еңбек нормаларымен қатар, уақытша және біржолғы нормалар қолданылады.
Еңбектің уақытша нормалары жаңа өнімді, техниканы, технологияны игеру, нормалар мен нормативтік материалдар болмаған кезде өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру кезеңіне еңбекті нормалау үшін белгіленеді.
Еңбектің біржолғы нормалары біржолғы сипаттағы (жоспардан тыс, авариялық) жекелеген жұмыстарға белгіленеді.
Еңбек нормаларының қандай да бір түрін қолдану өндіріс жағдайына, еңбек сипатына және басқа да факторларға байланысты. Еңбек нормаларының негізгі ең көп қолданылатын түрі уақыт нормасы болып табылады, себебі жұмсалатын еңбек мөлшерін жалпыға ортақ өлшеуіші болып табылады. Жұмыс уақытының шығыны өндіру, қызмет көрсету және қызметкерлер саны нормаларының негізіне салынған.
9.2. Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар (бұдан әрі – нормативтік материалдар) – жұмыстардың элементтерін немесе кешенін орындауға, жабдықтың, жұмыс орнының, бригаданың, құрылымдық бөлімшенің және т.б. бірлігіне қызмет көрсетуге, сондай-ақ өндірістің нақты ұйымдық-техникалық жағдайы мен факторына байланысты өлшем бірлігі ретінде қабылданған өндірістік функцияларды немесе жұмыс көлемін орындау үшін қажетті қызметкерлердің санына жұмсалған еңбектің (уақыттың) регламенттелген мәні.
Нормативтік материалдарға мыналар кіреді:
жабдық жұмысы режимінің нормативтері;
уақыт нормативтері;
регламенттелген үзілістердің нормативтері;
қызметкерлердің саны нормативтері;
қызмет көрсету уақытының нормативтері;
еңбек процессінің элементтері бойынша сараланған және ірілену дәрежесі белгіленетін еңбек нормаларынан төмен уақыт, өндіру және қызмет көрсету нормалары.
Жабдық жұмысы режимінің нормативтері – жабдықтың жұмыс параметрлерін едәуір оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін регламенттелген өлшемдері. Олар зертханаларда да, сол сияқты өндірістік жағдайларда да әзірленеді, әзірлеу барысында жабдықтың кинематикалық және динамикалық мүмкіндігі ескеріледі.
Нормативтер өндіріс типін, жабдықтың, өңделетін материалдардың түрін, өңдеу, қолданылатын құралдардың сипаты мен жасалатын өнімнің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді.
Уақыт нормативтері – еңбек процессінің жекелеген элементтеріне жұмсалатын регламенттелген уақыт көлемі, олар нақты еңбек нормаларын, нормаланған тапсырмаларды есептеуге, ірілену дәрежесі едәуір жоғары уақыт нормативтерін әзірлеуге арналған.
Уақыт нормативтері еңбек процессінің мынадай элементтеріне әзірленеді: еңбек қимылы, еңбек әрекеті, еңбек тәсілі, тәсілдер кешені, еңбек операциясы, сондай-ақ еңбек уақытын жұмсау түрлері: негізгі, қосымша жедел уақыт, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, дайындау-қорытынды уақыты, толық емес жеке уақыт.
Қызмет көрсету уақытының нормативтері – жабдық бірлігіне, жұмыс орнына және басқа да өндірістік бірліктерге қызмет көрсетуге жұмсалатын уақыттың регламенттелген көлемі.
Қызметкерлердің саны нормативтері – жұмыс көлемі бірлігін немесе оның жекелеген функцияларын орындау үшін қажетті жұмысшылардың регламенттелген саны.
Еңбек процессін оның құрамдас бөліктеріне және жұмыс уақытын жұмсау түрлеріне бөлуге сәйкес уақыт нормативтері сараланған және ірілендірілген деп бөлінеді.
Сараланған уақыт нормативтеріне жекелеген еңбек тәсілдерін, әрекеттерді және қимылдарды орындау нормативтері жатады. Еңбек қимылдары мен әрекеттерін орындау үшін әзірленген сараланған уақыт нормативтері микроэлементті нормативтер деп аталады.
Ірілендірілген нормативтер уақыт нормаларының бірнеше құрамдас бөлігі бойынша жекелеген тәсілдерге немесе еңбек процессінің едәуір ірі элементтері – тәсілдер кешені, операцияға белгіленеді.
Қолданылу саласы бойынша еңбек жөніндегі нормативтік материалдар салааралық, салалық және жергілікті болып бөлінеді.
Салааралық нормативтік материалдар еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша әзірленеді және экономиканың әр түрлі салаларындағы ұйымдарда бірдей технология бойынша ұқсас өндірістік жағдайда жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін нормалау үшін пайдаланылады.
Салалық нормативтік материалдар мемлекеттік басқарудың салалық органдарының шешімі бойынша әзірленеді және осы саласына тән жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін нормалау үшін немесе жұмыстардың қандай да бір түрлеріне салааралық нормативтік материалдар болмаған кезде пайдаланылады.
Жергілікті нормативтік материалдар жұмыстардың жекелеген түрлеріне ұйымда тиісті салааралық немесе салалық нормативтік материалдар болмаған жағдайда, сондай-ақ ұйымда еңбекті нормалауға арналған қолданыстағы салааралық және салалық нормативтік материалдарды әзірлеген кезде ескерілгенмен салыстырғанда едәуір прогрессивті ұйымдық-техникалық жағдай жасаған кезде әзірленеді.
10. Еңбек нормаларының құрамы
Өнім бірлігін жасауға немесе жұмыс бірлігін ()орындауға арналған уақыт нормасы жұмыс уақыты шығындарының мынадай санаттарынан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |