тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту шарттары мен тәртібі
34. Корпоративішілік ауыстыру кезеңінде шетелдік жұмыскерге қабылдаушы тараптың жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды сақтау бойынша талаптары қолданылады, бұл ретте еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес шетелдік жұмыскер мен одан корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның арасында жасалған еңбек шартымен (немесе келісімімен) реттеледі.
35. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тарту Заңның 32-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика салаларында жүзеге асырылады.
36. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту тегін негізінде жүзеге асырылады.
37. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тарту шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) басшылар;
2) менеджерлер;
3) мамандар.
38. Корпоротивішілік ауыстырулар шеңберінде рұқсат мынадай жағдайларда беріледі:
1) басшыда, менеджерде және маманда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, шеңберінде корпоротивішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы және олардың мынадай талаптарға сәйкес келуі:
2) Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сай біліктілік талаптарына сәйкес келуі;
3) «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11820 болып тіркелген) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес берілетін сертификатпен расталған қазақ тілін қарапайым деңгейінен төмен емес білуі (шетелдік жұмыскерді маман ретінде тартқан кезде).
39. Жергілікті атқарушы орган рұқсатты бос жұмыс орындары болған және біліктілік деңгейі бос орынға орналасу үшін деңгейге сәйкес келетін үміткерлер болмаған кезде береді.
40-тармақ 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
40. Тиісті кандидатураларды ішкі еңбек нарығынан іздеу жұмыс берушілердің республикалық, жергілікті мерзімді басылымдарда, сондай-ақ жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің интернет-ресурстарында мемлекеттік және орыс тілдерінде бар бос орындар туралы хабарландырулар жариялауы және бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жолдауы жолымен Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Хабарландыруларда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптары;
2) жұмыс берушінің және жергілікті атқарушы органның атауы, орналасқан жері және байланыс телефондары. Сондай-ақ бос орындарға орналасуға үміткерлер өз мәліметтерін жұмыс берушінің және жергілікті атқарушы органның мекенжайына жіберетіні көрсетіледі.
Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіден бос орындардың болуы туралы мәліметтерді алғаннан кейін жұмыспен қамту орталығының дерекқоры бойынша үміткерлерді іздеуді жүзеге асырады.
Іздеудің оң нәтижесі жағдайында жергілікті атқарушы орган үміткерлерді жұмыс берушіге әңгімелесуге жібереді. Бос орындарға орналасуға үміткерлермен әңгімелесуді жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығы өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жұмыс беруші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің бос орынға орналасуға үміткермен әңгімелесуінің хаттамасын жасайды.
41. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыскерлерді тартуға рұқсатты алу үшiн жұмыс берушi бос орындар туралы хабарландыруларды жариялаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 9-қосымшасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсатты алу үшін ұсынылатын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.
42. Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды берген кезде жұмыс берушімен келісу бойынша оған мынадай ерекше шарттардың бірін жүктейді:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік жұмыскердің мамандығы бойынша кейіннен шетелдік жұмыскерлерді ауыстыра отырып кәсіптік даярлау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік жұмыскердің мамандығы бойынша кейіннен шетелдік жұмыскерлерді ауыстыра отырып қайта даярлау;
3) кейіннен шетелдік жұмыскерлерді ауыстыра отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыру;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шетелдік жұмыскерлер тартылатын мамандықтар бойынша қосымша жұмыс орындарын құру.
43. Корпоративішілік ауыстыру кезінде:
менеджерді - жұмыс беруші осы Қағидалардың 42-тармағында көзделген шарттардың бірін таңдайды;
маманды - жұмыс беруші осы Қағидалардың 42-тармағында 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бірін таңдайды.
44. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың санына сәйкес ерекше шарттар санын жүктейді.
45. Ерекше шарттарды келісу Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес рұқсат берудің ерекше шарттарын жұмыс берушімен келісу нысаны бойынша жүзеге асырылады.
46. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың:
осы Қағидалардың 42-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі;
осы Қағидалардың 42-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімінің алғашқы алты айы ішінде жүргізіледі.
47. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс беруші шетелдік жұмыскерлер (менеджерлер және мамандар) санының тиісті санаттағы қазақстандық кадрлар санына елу пайыздан аспайтын пайыздық қатынасын қамтамасыз етеді.
Жұмыс беруші корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
48. Шетелдік жұмыскерді басшы лауазымдарға тартқан кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының санына қатынасты сақтау жөніндегі талаптар қолданылмайды.
49. Жергілікті атқарушы орган қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беруді және ұзартуды www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық тәсілмен не қағаз түрінде жүзеге асырады.
50. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай:
1) жұмыс беруші осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
2) тармақша 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2) ішкі еңбек нарығында тиісті ұсыныстар болған (жұмысқа орналасқысы келетін адам жұмыс берушінің және халықты жұмыспен қамту орталығы өкілінің оң бағасын алған кезде);
3) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
4) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындамаған;
5) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) осы Қағидалардың 37 және 38-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда берілмейді немесе ұзартылмайды.
51. Жергілікті атқарушы орган мынадай:
1) шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқан;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайларда қолданыстағы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.
Жергілікті атқарушы орган рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ІІМ облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органына осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес кері қайтарып алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар туралы ақпарат жолдайды.
52. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар еңбек шартында көрсетілген ауыстыру мерзіміне, бірақ бір реттен асырмай он екі айға ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Еңбек шарты болмаған кезде корпоративішілік ауыстыру мерзімі корпоративішілік ауыстыру туралы хатта немесе келісімде (шартта), бірақ бір реттен асырмай он екі айға ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзім болып айқындалады.
53. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Шетелдік жұмыскерлерді іссапарға жіберген кезде жұмыс беруші шетелдік жұмыскерлердің тіркелген жері және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына келген жері бойынша ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етеді.
54. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда ол осы кәсіп үшін белгіленген, осы Қағидаларға 9-қосымшада көзделген құжаттармен расталған біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты жаңа нөмір бере отырып, басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу жүзеге асырылады.
Қайта ресімделген рұқсат бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге беріледі.
55. Жергілікті атқарушы орган бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, Комиссия отырысында қарамай қабылдайды.
56. Жергілікті атқарушы орган рұқсатты ұзарту туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға сәйкес, Комиссия отырысында қарамай жүзеге асырады.
57. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысы мынадай:
1) ол берілген мерзім аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарып алынған;
3) жеке тұлға - жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға - жұмыс беруші таратылған;
4) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған жағдайларда тоқтатылады.
58. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейін кемiнде бір айдан кешіктірмей «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпаратты;
3) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты;
4) рұқсат мерзімін ұзартудың негіздемесін;
5) осы Қағидаларға 9-қосымшаның 5-тармағында көзделген тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтерді;
6) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін жiбередi.
59. Жергілікті атқарушы орган:
1) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін жұмыскерлерді есепке алуды жүргізеді;
2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органды, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер туралы хабардар етеді.
60. Шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеуге жол беріледі.
Жұмыс беруші шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясын өзгерген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсатты жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.
61. Жұмыс беруші - Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта құрылған, сондай-ақ оның шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатта көрсетілген атауы немесе деректемелері өзгерген жағдайда бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші қайта құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсатты жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.
62. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар алған жұмыс берушілер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жергілікті атқарушы органға ведомстволық статистикалық есептілікті ұсынады;
2) шетелдік жұмыскерден Қазақстан Республикасының көші-қон және еңбек заңнамасын сақтау бойынша жазбаша міндеттеме алады.
63. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген жағдайда ерекше шартты орындамайды.
Бұл ретте жұмыс беруші жергілікті атқпарушы органға шетелдік жұмыскердің келмегені туралы хабарлама жібереді.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына шарттарына
1-қосымша
нысан
______________________________________________________________
(рұқсат беруші органның толық атауы)
Шетелдік жұмыс күшін тартуға
РҰҚСАТ
20 __ ж. «___» _________ № ____
Жұмыс беруші _________________________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
______________________________________________________________________________________________
тіркеу нөмірі, тіркелген күні, бизнес сәйкестендiру нөмiрi;
______________________________________________________________________________________________
жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке
cәйкестендіру нөмірі, үйінің мекенжайы)
_____________________________________________________________________________________________
Рұқсат қолданылатын аумақ ____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыскер____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), санаты, лауазымы/кәсібі)
______________________________________________________________________________________________
(паспорттың/жеке куәліктің №, берілген күні және берген орган)
Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық)_____________________________________________________________
Рұқсатты беру үшін негіздеме_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі_______________бастап _______________дейін
(күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О. қолы _______________________
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына шарттарына
2-қосымша
нысан
Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
Р/с
№
|
Тартылатын шетелдік жұмыс күшінін санаттары
|
Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам
|
Тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам
|
3 баған + 5 баған
|
4 баған + 5 баған
|
Шетелдік жұмыс күшінің жұмыскерлердің жалпы санына %, 7-баған/6-баған*100%
|
Барлығы
|
оның ішінде шетелдік жұмыс күшінің
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
1 және 2 санаттар
|
|
|
|
|
|
|
2
|
3 және 4- санаттар
|
|
|
|
|
|
|
3
|
БАРЛЫҒЫ
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 6-бағанда есепке алынбайды.
Жұмыс беруші: _________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына шарттарына
3-қосымша
нысан
Достарыңызбен бөлісу: |