Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, бар бос орындары туралы хабарландырулары бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқасы мемлекеттік және орыс тілдерінде.
2. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі - Қағидалар) 40-тармағында көзделген жұмыс берушінің бос орынға үміткермен әңгімелесуінің хаттамасын қоса бере отырып, жұмыс берушінің қазақстандық азаматтарға бос орындарға орналастырудан уәждемелi бас тартуы жазбаша нысанда.
3. Еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен аталған заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмесі).
4. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпарат.
5. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер.
6. Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландыған көшiрмелері немесе аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
2) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде).
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген қазақ тілінің қарапайым деңгейін меңгергенін растайтын мемлекеттік сертификат (шетелдік жұмыскерлерді маман ретінде тартқан кезде беріледі).
8. Қағидалардың 47-тармағында көзделген корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.
9. Осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес жұмыс берушімен рұқсаттар берудің ерекше шарттарын келісу нысаны.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына шарттарына
10-қосымша
нысан
Жұмыс берушімен рұқсаттар берудің ерекше шарттарын келісу
Р/с №
|
Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты
|
Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санаты, кәсібі (мамандығы)
|
Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жүргізілетін кәсіпті (мамандықты) және (немесе) құрылатын жұмыс орындарының санын көрсете отырып, ерекше шарттардың атауы
|
Ерекше шарттарды орындау мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Келісілді:
_____________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қаласының
жергілікті атқарушы органының атауы)
_____________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы)
20 ___ ж. «____» _____________________
М.О.
|
__________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық
атауы)
___________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), лауазымы)
20 ___ ж. «____» _________________
М.О.
|
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына шарттарына
11-қосымша
нысан
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан
кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
Р/с№
|
|
Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам
|
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам
|
3-баған + 5-баған
|
4-баған + 6-баған
|
Қазақстандық азаматтар қатарындағы жұмыскерлердің жалпы санына корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің %, 8-баған/7-баған*100 %
|
Барлығы
|
оның ішінде:
|
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
Менеджерлер
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Мамандар
|
|
|
|
|
|
|
3
|
БАРЛЫҒЫ
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 5-бағанда есепке алынбайды.
Жұмыс беруші: ________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына шарттарына
12-қосымша
нысан
Қайда______________________________
(ҚР ІІМ облыстық, Астана және Алматы қаласының
аумақтық органының атауы)
кімнен____________________________
Облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті
атқарушы органының атауы)
Кері қайтарып алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар туралы ақпарат
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының ___ тармағына сәйкес
______________________________________________________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының атауы)
1.____________________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, шетелдік жұмыскердің деректері: тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), паспорттың деректері (нөмірі, берілген күні). Рұқсаттың нөмірі, рұқсат
берілген күн, рұқсат қолданысының аяқталу мерзімі)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатын (тарын) кері қайтарып алғанын хабарлаймыз.
___________________ ____________________ ___________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты)
Достарыңызбен бөлісу: |