Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2017 жылы
атқарылған жұмыстары туралы анықтама
Жоспарлау еңбек қатынастары, кадр жұмысы және мүгедектер
мен ардагерлер жұмысы секторы бойынша
Жекелеген санаттар үшін әлеуметтік көмектер
Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 наурыздағы №89 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес жекелеген санаттар үшін Жеңістің 72 жылдығы мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік көмектерге 2017 жылға облыстық бюджеттен 51801,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 4810,0 мың теңге барлығы 56611,0 мың теңге қаралып, осы жылдың 12 айында 55590,0 мың теңгесі тағайындалып төленді.
Қазақстан Республикасының құрметті атағын алған 6 адамға әрқайсысына ай сайын 6807 теңге (3,0 есе АЕК) әлеуметтік көмек төлену үшін 2017 жылға 490,0 мың теңге қаржы қаралып, қыркүйек айында 1 адамның қайтыс болуына байланысты 2017 жылдың 12 айында 5 адамға 462,8 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына байланысты
атқарылған жұмыстар
«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына байланысты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, білім беру және олардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей белсене қатысуына мүмкіндіктер жасауға арналған жұмыстар атқарылуда.
2017 жылдың 12 айында «Талсуат» елді мекенінде орналасқан «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесіне жеке оңалту парағы бойынша жолдамамен 71 мүгедек, 9 зейнеткер дем алуға жіберіліп, өз денсаулықтарын жақсартты және «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» - 2 адам, «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» - 1 адам стационарлық жағдайда орналастырылды.
2017 жылы «Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен 19522,0 мың теңгенің және жергілікті бюджеттен 11807,5 мың теңгенің гигиеналық құралдары алынып, жеке оңалту парағы толтырылған 346 мүгедекке ай сайын таратылып берілуде және сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) – 78 адамға, иісті бейтараптандырғыш – 1 адамға, сіңіргіш ұнтақ (ОПА) – 1 адамға, теріні тазартқыш – 11 адамға таратылды.
Мүгедектердің жеке оңалту парағына сәйкес протезді-ортопедиялық: жіліншік протезі-1, жамбас протезі-7, таяқ-151, балдақ-28, жетек арба-26, шұлық киюге арналған құрылғы -1, қақпақтарды ашуға арналған құрылғы-1, барлығы 215 адамға құралдар таратылды.
Сурдотехникалық: есту аппараты-8, мәтіндік хабарламасы және қабылдау қызметі бар ұялы телефон-9, веб камерасы бар ноутбук-3, саңырау және нашар еститін адамға арналған сағат-11, көп жүйелі дабылды жүйе-7, кохлеарлы имплант-1 адамға, барлығы 39 адамға таратылды.
Тифлотехникалық: нашар көретін адамдарға арналған сағаттар-17, дыбыс жазбасын шығаруға арналған плеер-15, тифлотаяқтар-29, дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар телефон-10, сөйлеу синтезі бар ноутбук-1, сөз шығаратын термометр-9, сөз шығаратын тонометр-2, барлығы 83 адамға таратылды.
Арнаулы жүріп-тұру құралдары: бөлмелік үлкендерге кресло-арба-26, серуендік үлкендерге арналған кресло-арба - 32, бөлмелік жасөспірімдерге арналған кресло-арба – 1, серуендік жасөспірімдерге арналған кресло-арба – 1, бөлмелік балаларға кресло-арба – 3, серуендік балаларға кресло-арба – 3, барлығы 66 адамға таратылды.
Әлеуметтік қолдау
2017 жылдың 12 айында «Наурыз» мерекесіне орай «Мейірімді жүрекпен» атты қайырымдылық акциясында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер, аудандық мәслихат депутаттары, және кәсіпорындар мен мекемелер тарапынан Әйтеке би кенті бойынша 50 аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасылары мен мүгедектерге 750,0 мың теңгеге ақшалай және азық-түлік беру арқылы қайырымдылық көмектері жасалса, аудандық мүгедектер қоғамы арқылы 50 тұрмысы төмен мүгедектер мен мүгедек балаларға 62,5 мың теңге қайырымдылық көмектері көрсетілді.
Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен аудандық мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен аудандық оқушылар үйінде бөлім жанындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға Наурыз мерекесіне арналған «Жаңа жыр сыйлар -Наурыз» атты іс-шарада 106 балаға арнап 106,0 мың теңгенің сый-сияпаттары берілсе, көше бойына үлкен шатыр тігіліп, тұрмысы төмен отбасыларынан 340 адам шақырылып, 550,0 мың теңгенің мерекелік дастарханы жайылып, наурыз көже таратылды.
Аудан бойынша 30 тұрмысы төмен отбасыларына 76,7 мың теңгеге баспасөз беттеріне тегін жазылса, 1 адамға 75,0 мың теңгенің дәрі – дәрмегі алынып берілді
«Құрбан айт» мерекесіне орай дербес бөлімдер арқылы 30 отбасына 140,0 мың теңге көлемінде ет таратылды.
Осы жылғы «Мүгедектер» күніне орай іс-шара жасалып 90 мүгедектерге 214,0 мың теңгеге сыйлықтар таратылды.
2017 жылдың 12 ай көлемінде бөлім тарапынан жинақталған мәліметке сәйкес 9568 адамға 25507,0 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс
2017 жылы мүгедектерді тасымалдау үшін «Инватакси», жүріп–тұруы қиын І–топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметін және ымдау тілі маманының қызметіне қызметіне бөлінген қаржыға «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес «Қазалы - Самғау» мүгедектер қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып, төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
«Инватакси» қызметіне 2415,0 мың теңгеге 2017 жылдың 12 айында мүмкіндігі шектеулі жандардан 1251 тапсырыс қабылдап, 2414,8 мың теңгенің қызметін көрсетті.
Жүріп – тұруы қиын І – топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметіне 16074,0 мың теңгеге келісім шарт арқылы жүріп – тұруы қиын І – топтағы 134 мүгедекке 60 жеке көмекшінің қызметіне 16074,0 мың теңге төленді.
Ымдау тілі маманының қызметіне 1282,0 мың теңгеге осы жылдың 12 айында 14 естуі бойынша мүгедектерге көрсетілген ымдау тілі маманының қызметіне 1260,0 мың теңге қаржы төленді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға және тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік жағдайы жағынан төмен отбасыларын қолдау мақсатында шаралар ұйымдастыру үшін жыл көлемінде 3300,0 мың теңге қаржы қаралып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес Қазалы аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен 2210,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілді.
2017 жылы жол белгілерімен синхронды дыбысты бағдаршам орнату үшін аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне республикалық бюджеттен 684,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 684,0 мың теңге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар аудан бойынша 1 топ мүгедектеріне қоғамдық көлікте тегін жүру қарастырылған.
Жұмысты ұйымдастыру, кадр жұмысы және қызметкерлердің
білімін көтеру туралы
2017 жылдың 11 айында «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығына» жетекші маман А.Абдразахов «Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсына, бас маман Б.Құлсейтова «Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық. Этносаралық қатынастар және діннің өзара қарым-қатынастары. Гендерлік саясат» тақырыбында оқыту семинарына, әлеуметтік қызметкерлер Б.Бердіжарова, Р.Кемал, Н.Алтай, Л.Есет, Г.Байназарова, Г.Дарменкулова, Г.Онгарова, А.Абубакирова, Ж.Махан, А.Өтетілеуов «Әлеуметтік қызметкерлердің негізгі міндеттері және жұмыс бағыттары туралы» тақырыбында семинарға, бас маман А.Жидебаева және әдіскер Б.Тұрымбетова «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын жоспарлау, бухгалтерлік, қаржылық және салықтық есептілігін жасау, жүргізу және ұсыну тәртіптері туралы» тақырыбында семинарға қатысып келді.
Әлеуметтік төлемдер секторы бойынша
2017 жылға тұрмыстық жағдайы кедейшілік шегінен төмен отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін 154,0 мың теңге қаржы қаралды.
2017 жылға балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға 72688,0 мың теңге қаржы қаралып, 2017 жылдың 12 айында 1188 отбасының 4226 баласына 84159,1 мың теңге тағайындалып, төленді.
Аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасыларына 2017 жылға тұрғын үй көмегіне 10624,0 мың теңге қаржы қаралып, 2017 жылдың 12 айына 277 отбасына 10543,2 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға берілетін әлеуметтік көмекке 22666,0 мың теңге қаржы қаралып, 2017 жылдың 12 айында 190 азаматқа 22663,3 мың теңге тағайындалып, төленді.
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырып, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі –дәрмектер сатып алу үшін 2017 жылға 173,0 мың теңге қаржы қаралып, 2017 жылдың 12 айына 172,4 мың теңге тағайындалып, төленді.
2017 жылға «Өрлеу» жобасына республикалық бюджеттен 10362,8 мың теңге, аудандық бюджеттен 2300,0 мың теңге, барлығы 12662,8 мың теңге қаржы қаралды. 2018 жылдың 1 қаңтарына 93 отбасының 591 мүшесіне 14187,8 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 12506,7 мың теңгесі төленді. Шартты ақшалай көмек алушылардың 67,8 пайызын 18 жасқа дейінгі балалар, еңбек жасындағысы – 17,4 пайызын, бала күтімінде отырған аналар 9,3 пайызын, студенттер 3,0 пайызын, мүгедектер – 1,4 пайызын құрайды. Оның ішінде 23 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 77 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, қайта даярлауға 3 адам жіберілді.
«Өрлеу» жобасын түсіндіру мақсатында «Тұран-Қазалы» газетінің 2017 жылдың 18 ақпанындағы № 14 нөмірінде ««Өрлеу» жобасы аясында берілетін шартты ақшалай көмектің (ШАК) түрлері және осы жобаға қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар» - атты мақала жарияланды.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды
өтеу үшін берілетін әлеуметтік көмек
2017 жылға үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға 4063,0 мың теңге қаржы бөлініп, 12 айда 93 балаға 4001,9 мың теңге тағайындалып, төленді.
Жұмыспен қамту секторы бойынша
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауларында халықтың жұмыспен қамтылуын және олардың әлеуметтік қорғалуын, еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне айрықша мән беріп, елдегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға баса назар аударып келеді.
Бүгінде тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруда халықты еңбекпен қамту, еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік әріптестікті дамыту басым бағыттарының біріне айналды.
Ауданда осы бағытта бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қызылорда облысының сатистика департаментінің мәліметіне сәйкес ауданда жұмыспен қамтылған халық саны 34475 адамды құрап, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер саны-15923 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтар саны-18552 адам, жұмыссыздар-1833 адам.
Қазалы ауданы бойынша Халықты жұмыспен қамтудың 2017 жылға арналған Кешенді жоспары жасалып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылды.
Жыл басында берілген жоспарға сәйкес аудан бойынша 950 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып, 12 айда 1257 жаңа жұмыс орындары ашылды.
2017 жылдың 12 айында жұмыс іздеуші ретінде-2976 адам хабарласып, жұмысқа 1177 адам орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 477 жұмыссыз адам жіберілді
Жұмыс беруші мекемелерден қызметкерлер санының немесе штат қысқартуға байланысты
Аудан бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28 бап 2 тарау 2-ші тармақшасында
2) жұмыс беруші — заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші — жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкелетін өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі кезінде алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына толық көлемде ақпарат беруге-деп көрсетілгендей жұмыс беруші мекемелерден қызметкерлер санының немесе штат қысқартуға байланысты мәліметтер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне беріп тұрады.
2017 жылдың 28 сәуірінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалынан 1 адамның жұмыстан қысқарып, жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде өтініш білдірді.
Жұмыстан қысқарып өтініш білдірген әрбір азаматқа Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы түсіндіріліп, оларға мекемелер мен кәсіпкерлерден түскен бос жұмыс орындары бойынша жұмыстар ұсынылып, сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына қатысуға ұсыныстар жасалады.
Жұмыстан қысқарған Аяпбергенова Рима қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, зейнетақы төлем орталығы арқылы әлеуметтік төлемдерін алды.
Сонымен қатар Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясынан 2 жұмыскерлер штатының, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының-«ЖТ Қызылорда бөлімшесі» филиалынан алдағы уақытта (Қазалы ауданының тұрғыны) 2 жұмыскерлер штатының 2017 жылдың 31 тамызынан бастап қысқарту қаупінде тұрғандығы жөнінде мәлімет келіп түсті.
Бұл қысқартылатын 4 адамның қазіргі күнге қайтадан басқа жұмысқа ауыстырылып, аталған мекемелерге жұмысқа алынып қалынған.
Ал, 2018 жылдың қазан айында Қазалы аудандық медициналық жедел жәрдем стансасының бөлім меңгерушісі С.Қазыбаевтан арнайы хат алынды. Онда 2017 жылдың 18 қазан күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Көрегенов, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері А.Д.Құрманғали, аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев, жұмыспен қамту орталығының директоры М.Бекмамбетов, аудандық аурухананың бас дәрігері К.Абилов, теміржол тораптық аурухананың бас дәрігері Қ.Ршымбетовтер жедел жәрдем қызметкерлерінің қатысуымен отырыс өткізген.
Отырыста мекемедегі барлық жұмыс атқаратын 25 кіші мейіркештің тұрмысы төмен отбасы ретінде 10-ы аталған мекемеде қалдырылатын болып шешілген.
2017 жылдың 12 желтоқсаны күні «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның кадр жөніндегі маманы (Е.Досымбетов) алдағы уақытта қалған 10 кіші мейіркеш аудандық ауруханаға және оның құрылымдық бөлімшелеріне жұмыс жасауға ауыстырылса, қалған 5 кіші мейіркешке жұмысқа орналастыру қарастырылуда екендігін мәлімдеді.
Қазалы аудандық медициналық жедел жәрдем стансасынан жұмыстан қысқарған азаматтар халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде өтініш білдірген жағдайда оларға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша таныстырылып, өз кәсіптерін жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Еңбек қатынастарының жай-күйі және айлық жалақы бойынша
қарыздар туралы
Аудан көлемінде орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардан жалақыға қарызын анықтау үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы ай сайын 61 мекемеден (жұмысшы қызметкерлер саны- 3818) 3-ТН есебі алынып тұрады.
Жинақталған мәлімет бойынша үстіміздегі жылдың 12 айында еңбек ақыға қарызы бар мекемелер жоқ екендігі анықталып отыр.
Ұжымдық шарт туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы: «Азаматтық қоғамға ықпал ететін құралдардың бәрінен де кәсіподақтардың рөлі ерекше маңызды. Күшті кәсіподақ ұйымын құра отырып, жұмысшылар жұмыс берушімен тепе-тең сөйлесе алады»-деп «Ұжымдық шарт жасаңыздар!» атты жалпы республикалық акцияға бастама көтерді.
Акцияға байланысты мекемелер мен кәсіпорындарда, кәсіпкерлік субьектілерінде өткен жылы 2016-2019 жылдарға арналған ұжымдық шарттар 220 мекемеде жасалынды.
Қабылданған ұжымдық шарттарда міндеттемелер, бақылау және тараптар жауапкершілігін мекеме және кәсіподақ шартты орындауды, тартысты болдырмауды, түсініспеушілікпен қарауды міндетіне алып, келісім комиссиясы арқылы сөйлесу және кеңес арқылы шешу көрсетілген.
Аудан әкімдігі жанынан әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясы құрылған.
Аудан әкімінің өкімімен бекітілген әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 4 рет отырыс өткізілді.
Отырыста білім саласы бойынша жасалынған ұжымдық шарттарға сәйкес кәсіподақ бойынша және жұмыс берушілермен тұрақтылықты сақтау және әлеуметтік еңбек шиеленістеріне жол бермеу және мекемеде еңбек ақыға қарыздарды болдырмау, жасалынған ұжымдық шарт тараптарының орындалуы, жұмыстан қысқартылғандарды жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, аладғы уақытта аудандағы мекемелердің «Парыз-2017» конкурсына қатысу жөнінде қаралды.
«Еңбек жолы» конкурсы
Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласының тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін барынша көтеру, жастар арасында жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында «Еңбек жолы» байқауын облыстық деңгейде өткізуге арналған жұмыс жоспарына сәйкес:
«Еңбек жолы» конкурсына байланысты мекемелерге қатынас таратылды. Конкурс туралы 2017 жылдың 15 мамырдағы №13-14 (204-205) санды «Тәуекел туы» газетіне хабарландыру берілді. Қазіргі уақытта «Еңбек жолы» конкурсына байланысты «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері» және «Жұмыс істеуші жастардың үздік тәлімгері» үш номинациясы бойынша 3 мекемеден 6 қатысушылар жинақталып, облыстық деңгейде құрылған комиссияға ұсынылды.
«Еңбек әулеті» конкурсы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде Мемлекет басшысының 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен «Еңбек күні» мерекесі жарияланған болатын.
2014 жылдан бастап облыста «Еңбек күні» мерекесінің аясында жыл сайын «Еңбек әулеттерінің» форумы өткізілуде.
Форумда 250 жылдан бастап 700 жылға дейін еңбек өтілідері бар отбасылары «Еңбек әулеттері» деген атаққа ие болады. Форумда түрлі сала өкілдері яғни бірнеше ұрпақты жалғастырып отырған мамандық иелері бар.
Үстіміздегі жылдың 29 қыркүйегінде облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың ұйымдастырылуымен өткізілген «Еңбек әулеттерінің» ІV форумына қатысуға мүмкіндік алған 820 жылдық еңбек өтілдері бар ұрпағымызды білім нәрімен сусындандырып отырған ұстаздарымыз Жадиевтер әулеті қатысты.
Жадиевтер әулетіне облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев түрлі-түсті телевизор мен бағалы сыйлықтар және облыс әкімінің «Ұстаздар әулеті»-деген алғыс хаты табысталды.
«Парыз» конкурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 23 қаңтарындағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде «Парыз» конкурсы туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде, «Парыз-2017» конкурсын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы да жергілікті бұхаралық ақпарат құралдарына хабарландырулар мен аудандағы ірі кәсіпорындарға қатынастар таратылды.
Конкурсқа «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша үміткер ретінде «Қамқор локомотив» ЖШС-гі филиалы Қазалы локомотив жөндеу зауыты, «ҚТЖ-Жүк тасымалы»-АҚ «Қызылорда бөлімшесі» филиалы-«Қазалы пайдалану вагон депосы» және «Қамқор Вагон» ЖШС-нің «Қазалы вагон жөндеу депосы» қатысатындарын білдіріп, өтінімдерін және анкеталарын ұсынды.
Нәтижесінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы»-АҚ «Қызылорда бөлімшесі» филиалы-«Қазалы пайдалану вагон депосы» және «Қамқор Вагон» ЖШС-нің «Қазалы вагон жөндеу депосы» «Парыз-2017» республикалық конкурсына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
2017 жылы Қазалы аудандық жұмыспен қамту орталығына пробация қызметінің есебінде тұрған 16 адам хабарласып, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның 1-уі ақылы қоғамдық жұмысқа, 11 адам тұрақты жұмысқа жіберілсе, кәсіпкерлік палатасы арқылы оқып мамандық алуға жіберілгені 3-адам, 2 адам ұсынған жұмыстарға бара алмайтынын айтып, жазбаша түрде бас тарты. Есепті кезеңнің аяғына тіркеуде тұрғаны-4 адам.
Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал етудің шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қазалы ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 4 рет кезекті отырысы өткізіліп, қаралған мәселелерге сәйкес құзырлы мекемелерге тапсырмалар берілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету бөлімшесі бойынша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына» сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға 8 қызмет түрі көрсетіледі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіндегі қызмет көрсетілетін жыл басындағы 166 балаға 2017 жылдың 12 айында мониторинг жасалынды.
Жеке жұмыс жоспарының аяқталуына байланысты 65 мүгедек балаға жеке жұмыс жоспары қайта жасалынды.
12 айда жеке оңалту парағына сәйкес қабылданған 40 балаға жаңадан жұмыс жоспары жасалынып бекітілді.
2017 жылдың 12 айында «мүгедектерді оңалту бағдарламасына» байланысты аудан бойынша 126 мүмкіндігі шектеулі балаға және 19 психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге жеке оңалту парағына сәйкес барлығы 145 мүмкіндігі шектеулі мүгедектерге бөлімше кеңесшісінің жеке жұмыс жоспары жасалынып, үйден әлеуметтік кызмет көрсетіледі.
2017 жылы «Нұр-Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жарқын-өмірді сүйемін» атты байқауға 10 мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
2017 жылы 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты «Рау-Илья» мейрамханасында жеке кәсіпкер М.Рысбаеваның демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде Әйтеке би кентіндегі үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін 90 мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік қайырымдылық дастарханы ұйымдастырылып, балаларға балмұздақтар, тәттілер таратылып берілді.
Мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарды қолдау үшін психологиялық көмек көрсету және кеңес беру мақсатында «Онлайн қолдау қызметіне» мүгедек баланы тәрбиелеуші 2 ата-ана онлайн режимде хабарласып, көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.
Сонымен қатар 10 қазан күні Мүгедектер күніне орай Оқушылар Үйінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап мерекелік концерт және «Ұр тоқпақ» қойылымын көрсетті. Мерекелік іс-шараға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін балалар ата-аналарымен қатысты.
Қазалы қаласы бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін 10 мүмкіндігі шектеулі балаға, ауылдық округтер бойынша балаларға арнап әртүрлі мерекелік іс-шаралар өткізіп, сый-сияпаттар таратылды.
Маусым айында үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған 20 мүгедек балаларды Ғани Мұратбаев ауылындағы саябаққа экскурция жасап барып қайтты.
Желтоқсан айында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде үйден арнаулы қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен бөлім басшысы Т.Бөріқұлақов кездесу өткізді.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін 145 балаға аудандық мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен жаңа жылдық сыйлықтар таратылып, жаңа-жылдық шырша ұйымдастырылды.
Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы бойынша
АХАТ секторымен 2017 жылдың жыл көлемінде тіркелген азаматтық хал актілерінің жалпы саны - 2534, оның ішінде туу - 1379 , қайтыс болу - 454, неке қию - 476, неке бұзу - 117, әкелікті анықтау - 82, бала асырап алу - 19, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту – 7, кәмелетке толмаған балалардың тегін, атын өзгерту - 15, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу –21, азаматтық хал актілерін жою - 2, қайталама куәліктер мен анықтамалар - 648 өндірілген баж алымы – 2 224 662, 20 тг .
Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы 9 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, туу, қайтыс болу, неке қию, неке бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қалпына келтіру, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы, баламасыз және электронды үкімет порталы арқылы қабылданады. Атап айтқанда;
-
Қызмет түрі
|
Қазалы
|
|
|
2017ж
|
|
барлығы
|
оның ішінде
|
|
|
ГО
|
ЦОН
|
ПЭП
|
туу
|
1376
|
2
|
1374
|
0
|
неке қию
|
454
|
112
|
0
|
342
|
неке бұзу
|
151
|
5
|
145
|
1
|
асырап алу
|
14
|
14
|
0
|
0
|
әкелікті анықтау
|
82
|
82
|
0
|
0
|
атын өзгерту
|
8
|
0
|
8
|
0
|
қайтыс болу
|
447
|
2
|
445
|
0
|
қайталама
|
866
|
0
|
819
|
47
|
қалпына келтіру
|
2
|
2
|
0
|
0
|
БАРЛЫҒЫ
|
3400
|
219
|
2791
|
390
|
2017 жылдың көлемінде ТМД, басқа да облыс, аудандық, қалалық АХАТ бөлімдерінен – 870 сұраныс хаттар, мемлекеттік органдардан АХАТ мәселелері бойынша - 515, облыстық Әділет Департаментінен – 301 сұраныстар мен тапсырмалар түсті. Жеке азаматтардан – 105 өтініш түсіп, мерзімінде орындалған. Барлық сұраныстарға Электрондық Құжат Айналымының Біріңғай Жүйесі (ЭҚАБЖ) арқылы жоба жасалып, жауап берілген.
2017 жылдың І жартыжылдығында аудандық «Тұран Қазалы» газетіне «Аудан тұрғындардың назарына» тақырыбында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес хабарландыру, Қызылорда облыстық Әділет департаментінің 09.03.2017 жылғы №7-28/3454 хатына сәйкес «Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) тәртібі» тақырыбында Қазалы көлік-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу, Қызылорда облысының Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қоюды әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық жұмыстары бөлімінің бас маманы, ақпараттық технологиялар орталығының менеджерінің жіне АХАТ секторы қызметкерлері мен ХҚКО орталығы қызметкерлерінің қатысуымен семинар, «Болашақ ерлі-зайыптылар мен жас отбасыларына ата-ана ретіндегі құқықтары мен міндеттерін, отбасын және некені сақтау және нығайту, болашақ балаларын тәрбиелеудегі жауапкершіліктер» тақырыбында ауыл округ мамандары мен психолог және басқа да мекеме қызметкерлеренің қатысуымен семинар – тренинг, «Ашық есік» күні өткізіліп, азаматтық хал актілерін тіркеу функиялары бойынша кәсіби оқу 8 рет оқылды.
Бөлім басшысы: Т.Ә.Бөріқұлақов
Орындағандар: М.Нұрқожа. Ғ.Тынымбаева
М.Табынбаева. Л.Наурызбаева
З.Садуакасова Б.Сәрсен
Достарыңызбен бөлісу: |