|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
№1 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы
|
044 -…/…-( )
12 беттің 1-беті
|
«Денсаулық сақтау саласының экономикасы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
|
«БЕКІТЕМІН»
ОҚМФА-ның ғылыми-клиникалық
жұмысы бойынша проректоры,
м.ғ.к., доцент Нурмашев Б.Қ.
___________________________
“_________”______ 2014 ж
БАҒДАРЛАМАСЫ'>ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандық: 6М110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Пән: Денсаулық сақтау саласының экономикасы
Кредиттер саны: 1 кредит (45 сағат )
Оқу жылы (курс): 1
Шымкент, 2014
Жұмыс бағдарламасы «6М110100 – Медицина» мамандығы бойынша ҚР МЖМББС 7.09.109-2009ж негізделіп жасалып, Қазахстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 2009 жылы 29 шілдеде шыққан №387 бұйрығымен бекітілген.
Жұмыс бағдарламасы Қазахстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 729 бұйрығымен бекітілген.
Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама №___ «____»_____________2014 ж.
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор ________________________________ М.Ә.Бөлешов
ОҚМФА магистратура және резидентура бойынша оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген.
Хаттама №___ «____»_____________2014 ж.
Комиссия төрағасы
м ғд. профессор ______________________________ М.Ә. Бөлешов
Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА Ғылыми Кеңесінде қарастырылды және мақұлданды.
Хаттама №___ «____»_____________2014 ж.
БАҒДАРЛАМА
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Қазақстан қазіргі кезде денсаулық сақтау саласы жаңа жүйеге ауысып, ол медико-әлеуметтік сақтандырудың негізгі бағдарламасын жасауға негізделген. Бұл жүйе нарықтық қатынас жағдайында Қазақстанда жеке адам денсаулығының факторын түзуге мүмкіндік береді және қоғамда өмір сүру жағдайының жайлы болуын біртұтас анықтайды.
Денсаулық сақтау жүйесінің отандық жағымды моделін іздестіру қарқынды жалғастыруда, медициналық қызметін нарықтық жағдайға өтуіне байланысты дәрігер мен пациентті қарым-қатынас моделін, табу яғни бұл модел қоғамның өзгерісіне жоғарғы дәрежеде тұрақты болуы керек.
Парадигма концепциясы негізінде денсаулық сақтау жүйесінің жақсартылған моделін құру үшін жағдай жасалып жатыр.
Денсаулық сақтау саласын зерттеушілердің ғылыми принциптеріне негізделген қатынасын, қазіргі кездегі қоғамның адекватты дамуының арнайы түрлері мен осындай қатынастарды реттейтін әдістер жасалуда.
Қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесінде экономикалық зерттеулер мәселесі өте күрделі, ал бұл өз кезегінде медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етуімен тікелей байланысты. Жаңа экономикалық моделдерді енгізу денсаулық сақтау жүйесінде дәрігер мен пациенттің қарым-қатынасын жоғарғы эффективтілікті қамтамасыз етеді.
Радикалды әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жағдайында деформацияланған, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және оның жоғарғы дәрежелі басқарудың әкімшілік әдістері белгілі бір дәрежеде әсер ету эффективтілігіне алып келеді. Әрине, денсаулық сақтауды басқарудың әкімшілік әдістерінің либеральді жүйесі болуды жақтыртпайды, ал жаңа адекватті әдістерімен және бұндай жүйелердің өміршендігін реттейтін түрлерін мамандар енді ғана меңгеруде. Денсаулық сақтау жүйесін басқару сұрақтарымен жұмыс жасап жатқан ғылымдармен тәжірибешілер алдынан қиын сұрақтар шығып жатады. Бір жағынан медициналық қызметті өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынасы экономикалық және профессиональды жаңа жүйе сапасын, табиғи жолмен қалыптасқан заңдылықты бағалау және қабылдау, оның теориялық меңгеру, сондай-ақ міндетті түрде медициналық сақтандыру жүйесінің жағдайында бұндай қатынас жүйесінің барын түсінуге тырысу керек, тереңде жатқан процесстермен заңдылықтарды бағалау және ашу керек. Ал екінші жағынан бұндай қарым-қатынастардың ғылыми негізделген әдістерін белсенді түзілуін жасап және қазіргі кездегі басқару формаларының әдістерін қайта жасап реттеп қолдану керек.
Қазіргі кездегі жағдайда қоғамның дамуында жаңалықтар ағымы көбеюде, таңдаудың қиындығы және белгілі бір шешім қабылдау бұлардың барлығы басқару процессін кез-келген деңгейінде әсер ететін классикалық факторлар, бұл факторлар денсаулық сақтау жүйесінің түзіліп жатқан жағдайындағы көрсетілген кедергілерді шешуде едәуір қиындатады және белгілі бір дәрежеде құрылымдық қимылдар және элементтермен олардың құрылымдық функциональды байланысы болып табылады.
Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және аймақтық деңгейде жақсы қызмет көрсетуі, қазіргі орын алған нарықтық қатынас жағдайында емдік-профилактикалық мекемелерді басқаруын мүлдем жоққа шығармайды, керісінше басқарудың әдістерімен принципиальды және түрлерін белсенді қолдануды талап етеді.
Басқару шешімдерін қабылдау және оны жасап шығару көп жағдайда бар нәрсеге сүйенуден басталады, белгілі бір дәрежеде формалау, олардың экономикалық дәлділігі қоғамның дамуы және белгілі бір әлеуметтік-экономикалық білім беру қызметін заңдылықтарында негізделген заңдарға байланысты болады. Бұл жағдайлар терең ғылыми зерттеулерді өте қажет етеді және отандық денсаулық сақтау жүйесінің қоғамда реформа кезеңдерінің түзіліп жатқанын сезініп түсіну керек. Отандық денсаулық сақтау жүйесі ұзарып кеткен реформа жағдайында өзімен нені сипаттайды, оның тұрақтылығы формаларымен мазмұны болашақта қандай болмақ, бұндай жүйеде либеральды құндылықтардың таратылу дәрежесі қаншалықты жоғары болады?
Бұл жоспарда ғылым қоғамдық денсаулық сақтау туралы өзінің нақты сөзін әлі айтқан жоқ. Бұл кедергілерді шешуде құрылымдық өзгерістерді зерттеу өте өзекті және денсаулық сақтаудағы олардың медико-экономикалық тенденциялары да маңызды.
Денсаулық сақтау жүйесінің даму заңдылықтарының өзгерістері түсінікті және ғылыми ашық болғанда, бұндай жүйені басқарудың адекватты теориясын шығармашылық қолдану және өңдеу қажет, медициналық көмек көрсетудің өзгерістерімен, қоғамдық заңдардың әсер етуін механизмін қолдана отырып және отандық денсаулық сақтаудың даму тарихы және бірінші орында танымның үлкен тәжірибесі есепке алынады. Денсаулық сақтау жүйесіндегі акценттің мемлекеттік дәрежеден аймақтық дәрежеге ығысқанын айту керек, басқарудың қабыладаудың нақты негізделуі өзіндік бір «суверинитеттер шеруі», әсіресе қабылдауда және басқармалық шешімді қазір нақты іске асыруы және оның салдарын алдын ала білуі қажет, ғылыми әдістерді алдыңғы қатарға шығарып тұрақталған қатал дәлелденген критерияларымен жұмыс жасау, талқылаудың екі ойлылығының дәрежесін төмендету, ал кей жағдайда оны мүлдем шығарып тастау керек.
Денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулық туралы ғылымның дамуының күшею ролін бағалау керек, бұл рольдің күшеюімен жоғарлауы, оны үйреншікті әдістердің қатарында: экономика, информатика, математика, логистика сияқты тәртіптік дәл әдістері қолданылады.
ХХ ғасырдың 90 жылдары персиональды компьютерлердің адамдардың тәжірибелік жұмысына ендірулімен сипатталады, оларды нейрокомпьютерлер деп те атауға болады. Бұлар және басқа да жаңа технологиялар, яғни, бар эксперттік жүйе түрінде, дәл емес логика әдістерін таратуға мүмкіндік береді, тұра емес жазылған математикалық модельдері бар динамикалық процесстерді модельдеу, түрлі параметрлер арасындағы күшті қызметтерді пайдалануға байланысты, формальды алгоритмі әлі табылмаған есептерді шешу керек. Бұндай жүйелерге әлеуметтік-экономикалық құрылымдар жатады, оған денсаулық сақтау жүйесі жатады.
Денсаулық сақтау жүйесі саласына қазіргі замаңға сай жаңа технологиялар кең көлемде ендірілуде, ал кей әлеуметтік құрылымдар реттеу және басқару түрлерін және әдетті әдістерін түбегейлі өзгертеді.
Басқару жұмысын жетілдіруді қажеттіліктері және оның қазіргі ғылыми негізге аудару бұрынғыдан да жүргізіліп жатқан реформалар жағдайында денсаулық сақтауды басқару қажеттіліктері анықталады.
Бұлардың барлығы шешілмеген кедергілерді ашуға және әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару аймағындағы ғылыми зерттеулердің тереңдігін кең ауқымда анықтайды, оның ішіне денсаулық сақтау жүйесі, дәрігер мен пациенттің қарым-қатынасы және басқада классикалық сипаттағы медициналық қызметін нарыққа ауысу жағдайында арнайы басқаша айтқанда маркетингтік негізге ауысады.
Оқудың мақсаты:
Магистранттарда « Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша терең білім, іскерлік пен машықтарды қалыптастыру және бекіту, магистранттарды өндірістік/зерттеу және педогогикалық практикадан өтуге, ғылыми зерттеу/эксперименттік/зерттеу жұмыстарын орындауға даярлау.
Оқытудың міндеттері:
Магистранттарға даярлық бағытын бейінді анықтайтын пәндер бойынша тұрақты түсінік, білім беру, машықтар мен іскерлікке үйрету;
Магистранттардың даярлық бағытын бейінін анықтайтын пәндердің шынайы орнын, қазіргі практикада, сондай - ақ ғылыми зерттеу және практикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үдерісіне басқарушылық және клиникалық шешім қабылдауға үйрету;
Магистранттарды үнемі дамып отырған шынайы ортада кәсіби икемділікке кепілдік беретін шектес ғылымдар бойынша іргелі біліммен қамтамасыз ету.
Магистрант білуі керек:
Бейіндік даярлықтың таңдалған бағыты шеңберінде практикалық денсаулық сақтау саласы маманның жұмысын ұйымдастыруды;
Басқарудың қазіргі тәсілдерін және менеджменттің аналитикалық әдістерін, диогностика, мәселені шешу және талдау әдістерін;
Бейіндік даярлықтың таңдалған бағыты щеңберінде дәлелдерге негізделген денсаулық сақтау саласындағы практикалық қызмет қағидаларын;
Денсаулық сақтау саласындағы зерттеу қызметінің негізгі қағидаларын;
Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнаманы, медицина қызметкерлері қызметінің құқықтық негіздерін;
ЖОО-дық психология мен педагогика негіздерін және оларды практикалық қызметте қолдануды білуі тиіс.
Магистрант істей алуы керек:
Зерттелетін үдерісті талдауда өркениетті, мәдени және ақпараттық тәсілдерге сүйеніп зерттеу тапсырмаларын шешуді;
Кәсіптік функциясын жүзеге асырумен байланысты міндеттерді қалыптастыруды және мақсат қоюды;
Дәлелдемелі медицина қағидасы негізінде өзінің кәсіптік қызметі шеңберінде басқарушылық шешім қабылдауды;
Өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін болжауды;
Жұмыс үдерісін бақылауды және оның нәтижелерін обьективті бағалауды;
Кәсіптік қызметі аясында кешенді тәртіпаралық, сектораралық мәселелерді шешуді үйреніп алуы қажет.
Пәннің қысқаша мазмұны
Денсаулық сақтау экономикасы ғылым және білім беру пәні. Денсаулық экономикалық және әлеуметтік категория ретінде. Экономикалық факторлар және қоғамдық денсаулық.. Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтаудың мемлекет саясатындағы маңызды .даму . Қоғам мен денсаулық сақтауды дамыту индекстері. Мемлекеттік денсаулық сақтау экономикасындағы маңызы. Денсаулық сақтаудағы шығындардың негізгі баптары.Медициналық қызметтің құны. Аурудың құны. Денсаулық сақтаудағы жалпы шығын құрлымы. Денсаулық сақтауды қаржыландыру тәсілдері. Казіргі кезеңдегі ҚР денсаулық сақтауды экономикасы мен қаржыландырудың ерекшеліктері. Денсаулық сақтаудың аймақтық деңгейдегі экономикасы.Жан бассылық қаржыландыру. Денсаулық сақтауды басқарудағы нарықтық элементтер. Денсаулық сақтаудағы бизнес – жоспарлау. Денсаулық сақтаудағы баға белгілеу. Шығын ұғымы. Шығынның түрлері. Медициналық қызмет бағасын қалыптастыру әдістері. Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары, денсаулық сақтаудың салалық құрылымы. Денсаулық сақтаудағы нәтижелілік пен тиімділік. Инвестициялардың экономикалық бағасы.
Сабақ беру әдіснамасы:
Дәрістер: шолу- иллюстрациялық; проблемалық.
Практикалық сабақтар: ауызша сұрау, шағын топтарда жұмыс істеу, тестілеу, пікірталас, презентация, кері байланыс, медициналық әдебиеттермен жұмыс істеу, ғаламторда ақпарат іздеу, жеке және топтық тапсырмалардың орындалу нәтижелерін талқылау.
Магистранттардың өзіндік жұмысы МӨЖ: магистранттардың оқу және қосымша әдебиеттермен , электрондық тасымалдағыштардағы әдебиеттермен және ғаламторда жұмыс істеуі; тест тапсырмаларын дайындау және шешу, негізгі эпидемиологиялық терминдердің сөздігін құру, медициналық мақалаларды талдау бойынша жеке және топтық презентацияларды дайындау.
Сабақтың оқу-тақырыптық жоспары
№
р/с
|
Сабақтың тақырыптары
|
Оқу сағаттарының саны
|
Барлық сағаттар
|
Дәрістер
|
Тәжірибиелік сабақтар
|
ОЖМӨЖ
МӨЖ
|
|
1.
|
Денсаулық сақтау экономикасы ғылым және білім беру пәні ретінде.
|
1
|
|
|
1
|
2.
|
Мемлекеттік денсаулық сақтау экономикасындағы маңызы.
|
1
|
|
|
1
|
3.
|
Денсаулық сақтаудағы жалпы шығын құрылымы.
|
1
|
|
|
1
|
4.
|
Денсаулық сақтаудағы баға белгілеу
|
1
|
|
|
1
|
5.
|
Денсаулық сақтаудағы нәтижелік пен тиімділік.
|
1
|
|
|
1
|
6.
|
Денсаулық экономикалық және әлеуметтік категория ретінде.
|
|
1
|
|
1
|
7.
|
Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтаудың мемлекет саясатындағы маңызы.
|
|
1
|
|
1
|
8.
|
Медициналық қызметтің құны.
|
|
1
|
|
1
|
9.
|
Аурудың құны.
|
|
1
|
|
1
|
10.
|
Казіргі кезеңдегі ҚР денсаулық сақтауды қаржыландыру мен экономикасының ерекшеліктері.
|
|
1
|
|
1
|
11.
|
Денсаулық сақтаудың аймақтық деңгейдегі экономикасы
|
|
1
|
|
1
|
12.
|
Жан басылық қаржыландыру.
|
|
1
|
|
|
13.
|
Денсаулық сақтауды басқарудағы нарықтық элементтер.
|
|
1
|
|
1
|
14.
|
Денсаулық сақтаудағы бизнес-жоспарлау.
|
|
1
|
|
1
|
15.
|
Денсаулық сақтаудағы инвестициялардың экономикалық бағасы.
|
|
1
|
|
1
|
16.
|
Денсаулықты проспективтік экономикалық бағалау.
|
|
|
2
|
2
|
17.
|
Денсаулықты ретроспективтік экономикалық бағалау.
|
|
|
2
|
2
|
18.
|
ЕПҰ- ның негізгі қорын қолдану талдамасы.
|
|
|
2
|
2
|
19.
|
Төсектік қорды қолдану тиімділігінің талдамасы
|
|
|
2
|
2
|
20.
|
Медициналық жабдықтарды қолдану тиімділігінің талдамасы
|
|
|
2
|
2
|
21.
|
Медициналық ұйымдардың қаржылық шығындарының талдамасы
|
|
|
2
|
2
|
22.
|
Медициналық кадрларын пайдалану талдамасы
|
|
|
2
|
2
|
23.
|
Аурушандыққа, мүгедектікке және өлім жітімге байланысты жалпы экономикалық залал.
|
|
|
2
|
2
|
24.
|
Болдырылмаған экономикалық залал
|
|
|
2
|
2
|
25.
|
Экономикалық тиімділік критерийі.
|
|
|
2
|
2
|
26.
|
Қолданбалы математикалық статистика- эконометрика әдістері
|
|
|
2
|
2
|
27.
|
Сараптамалық бағалау әдістері.
|
|
|
2
|
2
|
28.
|
Тауардың, кәсіпорын, саланың өмірлік циклі.
|
|
|
2
|
2
|
29
|
Стратегиялық талдама.
|
|
|
2
|
2
|
30
|
Нарықтық сұраныс және тауар өтімділігін жоспарлау.
|
|
|
2
|
2
|
|
Барлығы:
|
5
|
10
|
30
|
45
|
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№ р/с
|
Дәріс тақырыптарының аталуы
|
Қысқаша мазмұны
|
Сағат көлемі
|
1.
|
Денсаулық сақтау экономикасы ғылым және пән ретінде.
|
Денсаулық сақтау саласының экономикасы осы жүйедегі қорларды (кадр, қаржы, материалдық-техникалық жабдықтар, т.б.) тиімді пайдалануды және халықтың медициналық қызметке қажеттілігін толық өтеуді көздейді. Сонымен қатар халық денсаулығын қорғау шараларының тиімділігін, оның қоғамдық өнім шығарудағы әсерін анықтайды.
Денсаулық сақтау саласы экономикасының негізгі мақсаты—медициналық көмек көрсетуге жұмсалған қаржыға сай ең жоғарғы тиімділікке жету.
|
1
|
2.
|
Мемлекеттік денсаулық сақтау экономикасындағы маңызы.
|
Денсаулық сақтаудағы экономиканың мақсаты -медициналық көмек көрсетудегі максималды тиімділікке қол жеткізу. Денсаулық сақтау саласы экономикасының міндеттері:
- денсаулық сақтау тиімділігін жоғарылату;
- денсаулық сақтаудың ішкі резервтерін пайдалану жолдарын табу;
- ресурстарды ұтымды пайдалану;
- денсаулық сақтау саласының жоспарларын экономикалық негіздеу.
|
1
|
3.
|
Денсаулық сақтаудағы жалпы шығын құрылымы.
|
Денсаулық сақтау саласының экономикасы
екі негізгі бағытпен дамиды:
-мемлекеттік мекемелердің, онда еңбек ететін азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту жолдарын зерттейтін бөлім -денсаулық сақтау саласының экономикасы;
-денсаулық сақтау саласына мемлекеттен бөлінген қаржыны дұрыс пайдалануды зерттейтін сала – экономикалық тиімділігі.
|
1
|
4.
|
Денсаулық сақтаудағы баға белгілеу
|
Медициналық қажеттілікке тікелей шығын категориясына госпитализация және дәрілік заттар, дәрігерлерге гонорар, лабораториялық тесттерге, рентген процедураларына жұмсалуы жатады. Тікелей төлемдердің айтарлықтай бөлігі медициналық емес қызметтерге жұмсалады (тамақ, транспорт, үйде көмек көрсету).
|
1
|
5.
|
Денсаулық сақтаудағы нәтижелік пен тиімділік.
|
Экономикалық талдау негізгі принципі қорларды қолдану мүмкіншіліктердің альтернативті таңдау болып табылады. Медициналық қызмет көрсету экономикалық талдаудың 3 аспектісі қарастырылады: құны, экономикалық көрсеткіштердің маңызы және құнның түрлері.
|
1
|
Достарыңызбен бөлісу: |