Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
ҮЗІЛІССІЗ ПРАКТИКА
050117 "Қазақ тілі мен әдебиеті", 5В011700 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандықтарының студенттеріне үзіліссіз практикадан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультет
Қазақ филологиясы кафедрасы
ҮЗІЛІССІЗ ПРАКТИКА
050117 "Қазақ тілі мен әдебиеті", 5В011700 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандықтарының студенттеріне үзіліссіз практикадан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық
Павлодар
Кереку
2011
ӘОЖ 811. 512. 122 (07)
КБЖ 81. 2Каз-9
Ү 27
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық факультетінің қазақ филологиясы кафедрасының отырысында басуға ұсынылды
Пікірсарапшы:
педагогика ғылымының докторы, профессор Е. Ө. Жұматаева
Құрастырушы: А. О. Кәріпжанова
Ү27 Үзіліссіз практика: 050117, 5В011700 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттеріне үзіліссіз практикадан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық / құраст. А. О. Кәріпжанова. – Павлодар : Кереку, 2011. – 37 б.
Әдістемелік нұсқаулықта 050117, 5В011700- "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы студенттерінің үзіліссіз практикасының бағдарламасы берілді. Үзіліссіз практикадан өту барысында орындалатын тапсырмаларға әдістемелік нұсқау жасалынды.
Әдістемелік нұсқаулық 050117, 5В011700- "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының жұмысшы оқу жоспарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес әзірленді.
ӘОЖ 811. 512. 122 (07)
КБЖ 81. 2Каз-9
© Кәріпжанова А. О., 2011
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2011
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгілендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстазды психологиялық, педагогикалық тұрғыда, әдістемелік және теориялық жағынан даярлау – негізгі мақсаттардың біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты – білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады»,-делінген. Мемлекеттік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден, педагогты кәсіби біліктілігін арттыру, екіншіден, жоғары оқу орындары студенттеріне қойылатын талаптарды күшейту басты назарда болуы тиіс. Аталмыш міндеттер білім берудің маңызды құрылымдық-мазмұндық компоненттерін шығармашылықпен жоспарлау мен реформалауды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда жоғары білімді педагогикалық мамандықтар бойынша оқу орындарында педагогикалық практиканың алатын орны ерекше.
Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау жүйесінде үзіліссіз оқу практикасы маңызды роль атқарады. Үзіліссіз педагогикалық практика – жоғары және орта оқу орындарындағы кәсіптік оқыту түрі, болашақ мұғалімдерді практикалық даярлау, студенттердің практикалық іс-әрекет түрі ретінде маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған.
Үзіліссіз педагогикалық практика студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, кәсіби құзіреттілігін жетілдіріп, перспективті мүмкіндіктерін аша түседі. Яғни болашақ педагогтар тиімді білім беру әлеуетін қалыптастыруды қажет ететін ортаға түсіп, студенттер алған білімдерін, іс- әрекет тәсілдерін іс жүзінде қолданып, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін жинақтап, эмоционалды құндылықты қарым-қатынас пен әлеуметтік қасиеттерге ие болады.
Тәжірибе студентке күтілетін іс-әрекет аясында педагогтың жұмыс мазмұны мен міндеттерімен танысуға және теориялық, практикалық курстарды зерттеу барысында өзінің білімі мен іскерлігін бекітіп, тереңдетуге мүмкіндік береді. Бұл қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлауға біртұтас үрдіс ретінде қарап, педагогикалық практика барысында студенттердің білім берудегі тек әдістемелік дағдысын қалыптастыруға көңіл бөліп қана қоймай, олардың теориялық білімін көтеру, тәрбие мен оқытудың дидактикалық жүйесін меңгеру мүмкіндігін жетілдіру керектігін көрсетеді.
Педагогикалық іс-әрекетті құзыретті жүзеге асыру тек қана практика барысында меңгеруге болатын бірқатар біліктерді талап етеді:
- педагогикалық міндетті қою және шеше алу білігі;
- қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық пен өзара әрекет ретінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру білігі;
- балаға, оның жеке дара ерекшеліктеріне бағдарлана білу;
- өз бетінше білім алу біліктері мен дағдылары.
1 Үзіліссіз практиканың жоспары
Практика түрі
|
Курс
|
Семестр
|
Сағаты
|
1 Үзіліссіз практика
|
1
|
1,2
|
45 сағат
|
2 Үзіліссіз практика
|
2
|
3,4
|
45 сағат
|
3 Үзіліссіз практика
|
3
|
5
|
22,5 сағат
|
2 Үзіліссіз практиканың ұйымдастырылуы
Үзіліссіз педагогикалық практиканы ұйымдастыру төмендегі шарттарды қамтиды:
1) мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық үдерісті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
2) студенттің оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері;
3) педагогикалық практиканың болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің нақты мамандығына қарай бағыттылығы.
Үзіліссіз педагогикалық практиканының негізгі мақсаты – студенттердің оқу-тәрбие үдерісін бақылай алу және талдай алу қабілеттерін жүзеге асыру, мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының мәні мен логикасын түсіндіру.
Үзіліссіз педагогикалық практика міндеттері:
- психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді жалпылау және бекіту, оларды нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қолдану;
- болашақ мұғалімдердің бойында педагогикалық біліктер және дағдыларды, жеке тұлғалық кәсіби мәнді сапаларды қалыптастыру;
- студенттердің мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылықтары мен сүйіспеншілік сезімдерін, педагогикалық өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік сезімдерін тәрбиелеу;
- педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеушілік тұрғыдан келуге жаттықтыру;
- балаларды, олардың жас және жеке ерекшеліктерін зерттеу және зерттеу әдістерін меңгеру.
Педагогикалық іс-тәжірибе төмендегідей біліктерді меңгеруге негіз болуы қажет:
- ұжымның жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
- дамыту және тәрбиесін диагностикалау, жобалау мақсатында оқушы жеке тұлғасын және оқушылар ұжымын зерттеу;
- педагогикалық іс-әрекетті ағымдық және перспективті жоспарлау, әрі жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
- әдістемелік әдебиетпен, мектеп оқулықтары және бағдарламаларымен жұмыс істеу, шығармашылықпен материал таңдау, сабаққа және сыныптан тыс іс-шараларға көрнекі құралдар дайындау;
- оқушының дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімнің жұмыстың ең нәтижелі формалары мен әдістерін таңдауын бақылау;
- оқушының даму деңгейіне диагностика жасау;
- өз іс-әрекетінің қорытындысын өзіндік талдауды жүзеге асыру;
- сыныптаға өзіне-өзі қызмет етуді ұйымдастыру;
- сыныптағы редколлегия жұмысына жетекшілік жасау (қабырға газетін, сынып бұрышын, стенд т.б. өңдеу );
- экскурсия, мәдени саяхат, оқырмандар конференциясын ұйымдастырып, өткізу;
- балалар шығармашылығының көрмесін, ең жақсы ән айту, өлең оқу сайысын, көрнекі құралдарды дайындауды ұйымдастыру;
- оқушылардың күнделіктерін тексеру;
- үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу;
- жеке ұжымдық шығармашылық істерді жоспарлау;
- қызығушылықтарын ескере отырып, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру (ойын, еңбек, коркем-шығармашылық, туристтік-өлкетанушылық);
- балалармен, оқушылардың жеке топтарымен қарым-қатынас жасау;
- мұғалімдермен, достарымен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату.
Үзіліссіз педагогикалық практиканы жоғары оқу орнындағы оқумен параллельді түрде аптасына – 1,5 сағат көлемінде өтеді. Практика барысында бір сыныпқа бір студенттен бөлінеді.
Үзіліссіз педагогикалық практиканың мазмұны:
1) зерттеу жұмыстары:
- пән мұғалімі мен сынып жетекшісі жұмысының жүйесі (пән мұғалімі, сынып жетекшісімен сұхбат, жұмыс жоспарларымен танысу);
- оқушы тұлғасын зерттеу.
2) ағымдағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысу:
- тәрбие жұмыстарын, оқушылар және ата-аналармен жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша сынып жетекшісіне көмектесу;
- әдістемелік әдебиеттерді жинақтау, көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды даярлау бойынша мұғалімге көмектесу;
- пән бойынша кештер ұйымдастыру;
- пән бойынша үйірме жұмыстарын орындай алу;
- оқушыларды пән олимпиадасына дайындау бойынша мұғалімге көмек көрсету;
- пән бойынша үлгермеуші оқушылармен жұмыс;
3) педагогикалық бақылау жүргізу;
- пән мұғалімі, сынып жетекшісі, оқушы тұлғасы, өз қызметіне талдау жасау (Осы шаралардың барлығы практика күнделігіне тіркеліп отырады. Күнделіктегі жазбалар студенттің есеп материалдарын дайындауында қолданылады).
Үзіліссіз педагогикалық практика аяқталған соң студент төмендегі құжаттарды тапсырады:
1) студенттің орындаған жұмысы жөніндегі есебі;
2) күнделік;
3) педагогикалық бақылау күнделігі;
4) пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің студентке берген мінездемесі.
3 Үзіліссіз практиканың мазмұны
1-курс (1, 2 семестр)
Мақсаты: мектептің күнделікті жұмысын теориямен байланыстыра білу, зерттеушілік қабілетті қалыптастыру, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы қазіргі түсінікті бекіту, оқушының рухани, эстетикалық және дене тәрбиесі көрсеткіштерін бақылау.
Міндеттері:
- теориялық білімді практика барысында бекіту;
- педагогикалық икем-дағдыларды қалыптастыру;
- сыныптағы педагогикалық үдерісті бақылап, талдау жасай білу;
- тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
- жалпы педагогикалық үдеріс жүйесіндегі нақты тәрбиелік міндеттерді анықтау;
- осы міндеттерді орындау үшін оқушыларды ұйымдастыра білу;
- тәрбие жұмыстарының жеке түрлерін өткізу.
Өз бетімен тәрбие жұмыстарын жоспарлай білу:
- жеке оқушылармен әр түрлі оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу
(пән бойынша үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыс, тәлім-тәрбиеге байланысты оқушылармен сұхбат жүргізу және т.б.);
- пән мұғалімі, сынып жетекшісі, тәрбиеші, педагог-психолог жұмысы туралы ұсыным жасау;
- сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының, сабақтың жеке түрлерінің негізгі формаларымен танысу;
- педагогикалық зерттеудің жеке әдістерін игеру.
Тапсырмалар
1-семестр. 1-8 апта:
1) білім микроортасын (сынып, топ) зерттеу;
2) жеке оқушының мүмкіндіктерін зерттеу.
Осы тапсырмаларды орындау үшін студент сыныптағы бір оқушыға жауапты болады. Материалдар жинақталып, есеп дайындалады.
1-семестр. 9-15 апта:
1) сынып жетекшісінің екінші тоқсандағы жұмысымен танысу;
2) сыныпты Жаңа Жылдық мерекеге дайындауда сынып жетекшісіне көмек көрсету.
Студенттер өздері бекітілген сыныптың жетекшісі қызметін бақылайды. Мерекеге дайындық барысында сценарий дайындауға, оқушыларға жүктелген міндеттердің жүзеге асуына, дайындық, костюмдер даярлауға көмектеседі.
2-семестр. 1-8 апта:
1) сынып жетекшісінің үшінші тоқсандағы жұмысымен танысу;
2) сыныпты Наурыз мерекесіне дайындауда сынып жетекшісіне көмек көрсету.
2-семестр. 9-15 апта:
1) 5- сынып оқушыларының сабақтан тыс уақытын қалай өткізетіні туралы сұхбаттасу, бақылау жүргізу. Мәліметтер бойынша есеп дайындау.
Осы шаралардың барлығы студенттің күнделігіне тіркеліп, жазылып отыруы тиіс. Күнделіктегі мәліметтер негізінде есеп дайындалады.
2-курс (3, 4 семестр)
Мақсаты: Педагогикалық теориялардың тәрбие жүйесіндегі рөлін анықтау.
Міндеттері:
- Тәрбиелік іс-шараны жүзеге асыру;
- білім беру мекемесіндегі әртүрлі тәрбие жүйесін зерделеу;
- педагогикалық технологиялармен танысу.
Тапсырмалар
3- семестр. 1-8 апта:
1) оқушының оқудан тыс уақытын өткізуі: секция, үйірме жұмыстары, мектептен тыс балаларға арналған ұйымдар жұмыстары;
2) пән бойынша қосымша сабақтардың жүргізілуі.
3-семестр. 9-15 апта:
1) сабаққа (факультатив, қосымша) қатысу және анализ жасау;
2) тәрбиелік іс-шараны жүзеге асыруға көмектесу;
3) пән мұғаліміне көрнекі құралдар, үлестірме материалдар дайындауға көмектесу.
4-семестр. 1-8 апта:
1) сынып жетекшісінің тәрбие технологияларымен танысу;
2) тәрбиелік іс-шара жобасын дайындау;
3) педагогикалық шығармашылық топта, зертханада жұмыс
атқару;
4) оқушылармен қосымша жұмыс;
5) оқушымен жеке жұмыс.
4-семестр. 9-15 апта:
1) оқу технологияларымен танысу;
2) сабақ жоспарын әзірлеу;
3) педагогикалық шығармашылық топта, зертханада жұмыс атқару;
4) оқушылармен қосымша жұмыс;
5) оқушымен жеке жұмыс.
Студенттер үзіліссіз педагогикалық практика барысында жұмыс дәптерлерін жүргізуі тиіс. Тапсырмалар бойынша атқарылған шараларды күнделіктеріне тіркеп, шығармашылық жұмыстар, рефераттар дайындауы тиіс. Аталған құжаттар практика есебімен бірге тапсырылады.
3-курс (5 семестр).
Мақсаты: Педагогикалық теориялардың оқу-тәрбие жүйесіндегі рөлін анықтау.
Міндеттері:
- пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметтерін толық орындауға дайындық;
- оқушылармен оқу-тәрбие шараларын жүргізу;
- пән және тәрбие әдістемесінің заманауи үрдістері туралы білімдерін бекіту және тереңдету;
- қазіргі педагогикалық технологиялар және оның оқу үдерісіндегі қолданылуын зерделеу;
- дамыта оқыту технологияларын игеру.
Тапсырмалар
5- семестр. 1-8 апта:
1) 7-8 сыныптар жетекшісімен сұхбат;
2) тәрбие сағаттарының жоспарлары, сынып журналы, оқушы күнделіктерінің жүргізілуі жөнінде анализ жасау;
3) дидактикалық және тәрбиелік міндеттердің жобасын жасау;
4) жасөспірімдерді салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;
5) ата-аналар жиналыстарының жобасын жасау;
6) сынып оқушыларының күнделіктерін тексеру.
5-семестр. 9-15 апта:
1) жасөспірімдерге педагогикалық диагностика жасау;
2) сабақтың өтілу барысына бақылау жүргізу және анализ жасау;
3) сыныптан тыс шараның өтілу барысына бақылау жүргізу және анализ жасау;
4) «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәндерінен дайындалатын курстық жұмыстарға материал жинақтау;
5) педагогикалық диагностика жасау.
Студенттер үзіліссіз педагогикалық практика барысында жұмыс дәптерлерін жүргізуі тиіс. Тапсырмалар бойынша атқарылған шараларды күнделіктеріне тіркеп, шығармашылық жұмыстар, рефераттар дайындауы қажет. Аталған құжаттар практика есебімен бірге тапсырылады.
4 Студенттердің оқу- тәжірибе жұмыстарына қатысуы
Студенттердің үзіліссіз педагогикалық практикасы іс-әрекет мазмұнына балалармен, жасөспірімдермен, ата-аналар қауымымен тәжірибе жұмыстары кіреді.
Аталған іс-әректтерді 1, 2, 3 курс студенттері сынып жетекшісінің, психологтың, пән үйірмесі жетекшісінің көмекшісі ретінде орындайды.
Студенттердің тікелей тәжірибелік іс-әрекеті жұмыс жағдайын зерттеуден басталады:
- болашақ педагогтар оқу-тәрбие мекемесінің материалдық- техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және мектептердің міндеттерімен танысу;
- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және әр түрлі пән мұғалімдерінің іс- әрекет ерекшелігімен танысу;
- сабаққа дидактикалық материалдарды таңдап алуға көмектесу;
- сынып жетекшісінің іс- әрекетін зерттеу;
- сынып ұжымының жас және дербес ерекшеліктерін зерттеп, оқушыны зерттеуге арналған әдістемелік зерттеу кешенін игеру;
- үзіліссіз педагогикалық практика үдерісінде студент педагогтың жұмысын бақылап, олардың және әдіскерлердің көмегімен оқушыларды зерттеп, өз іс- әрекетін жоспарлау;
- студент сынып сағаттарына қатысып, сынып жетекшілерімен әңгімелесіп, сынып сағаттарын, таңертеңгіліктерді, мерекелік шараларды өткізуге және дайындауға көмек жасау.
Студентердің жұмысына жоспарлар, есептер, журналдар, оқушылардың жеке істері, мед. карталар сияқты құжаттарды зерттеп, үлкен көмек жасайды. Студенттердің өзіндік жұмысына шығармашылық, зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар беріледі. Үзіліссіз педагогикалық практикасы тиімділігінің негізі - оның шығармашылық, оқу-тәрбиелік сипатында, мазмұны мен ұйымдастыруна кешенді келу, оны өткізудің жүйелілігі мен бірізділігі.
А қосымша
(міндетті)
Педагогикалық бақылау күнделігі
Оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесін жасау
1 Оқушы туралы мәліметтер:
- Аты-жөні, сыныбы, жасы, отбасындағы өмір сүру жағдайы, жалпы отбасылық жағдайы;
2) оқушының сыртқы келбеті (бойы, түрі, жүріс-тұрысы);
3) денсаулығы.
2 Оқуы:
1) үлгерімі (жоғары бағасы, жақсы көретін пәндері);
2) оқушы үлгерімі мен жалпы сана-сезімінің арақатынасы (қабілеті, тақырыптарды меңгеруі);
3) оқушының сабақ барысындағы әрекеттері, шапшаң жауап беруі, есте сақтауыф;
4) сөзі (сөздік қоры, пікірін жүйелі түрде айта білуі және жазбаша көрсете білуі);
5) оқуға қарым-қатынасы (жауапкершілігі, оқу барысындағы жинақылығы, оқушының оқуға қатынасы қалай түсіндіріледі: танымдық әрекетке қызығушылығы, өзін-өзі көрсетуге талпынысы, ата-аналар, мұғалімдердің айтуы бойынша жүру, қабілеттері және т.б.).
3 Тәртібі:
1) сабақ үстіндегі, үзілістегі, сабақтан бос уақытындағы тәртібі;
2) мектеп талабын, мұғалім талабын орындауы;
3) мәдени тәлімдік дағдылары;
4) сана-сезімі мен тәлім-тәрбиесінің бірлігі.
4 Еңбекке деген қарым-қатынасы:
1) оқушы еңбектенгенді ұната ма, еңбекті бағалай біле ме;
2) еңбектену дағдылары;
3) еңбектің қандай түрлерін ұнатады?
5 Қоғамдық белсенділігі:
1) орындай білетін қоғамдық міндеттемелер мен тапсырмалар;
2) қоғамдық өмірдегі белсенділік дәрежесі.
6 Оқушы қызығушылықтары, қызығушылықтарының тереңдігі мен белсенділігі.
1) құнды жақтары.
7 Арманы және болашаққа қойған жоспары (Соның ішінде кәсіби бағдар тұрғысынан).
8 Сынып оқушыларымен қарым-қатынасы:
1) қарым-қатынас жасау сипаты: тіл табысқыштығы қандай, сынып оқушыларының көпшілігімен араласа ма? Сынып жетекшісімен, мұғалімдермен қарым-қатынасы;
2) оқушының сыныптағы орны.
9 Оқушының өз-өзіне қарым-қатынасы:
1) өзі туралы, өзінің тұлғалық қасиеттері туралы пікірі, өз-өзіне берген бағасы және оның орнықтылығы.
10 Темпераменті мен мінез-құлқының ерекшеліктері:
1) тәлім-тәрбиесі, еңбекке қабілеттілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасында, эмоционалды ортасында, жұмыс қарқынында темпераменттік ерекшеліктерінің байқалуы, өзіне сенімділігі-сенімсіздігі;
2) көңіл-күйі (көңілсіздік, тұрақты, тұрақсыз, жабырқаңқы көңіл-күй немесе көңіл-күйдің жиі өзгеруі);
3) оқушының анық байқалатын жағымды және жағымсыз мінездері.
11 Қабілеттері, бейімділіктері:
1) мысалы, ғылымға, сурет салуға, әдеби шығармашылыққа;
2) қабілеттерінің дифференциациясы.
12 Жас ерекшеліктеріне тән қасиеттердің оқушы мінез-құлқындағы көрінісі.
13 Қорытынды:
1) оқушы тұлғасының қалыптасуы қаншалықты дұрыс жүзеге асып жатқандығы туралы пікіріңізді білдіріңіз;
2) сіздің ойыңызша оқушының болашақтағы тәрбиесі үшін оның мінез-құлқының қандай жақтарына көңіл аудару керек?
Ә қосымша
(міндетті)
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу бойынша ұсынылатын әдістер:
оқушылардың жеке құжаттарымен танысу;
сынып журналын қарап шығу;
мұғалімдермен және сынып жетекшісімен әңгімелесу;
балаларды педагогикалық байқау;
оқушылардың іс-әрекеті қорытындыларын талдау;
оқушылардың шығармалары;
сынып белсенділерімен, ата-аналармен әңгімелесу;
жеке тұлғаны және сынып ұжымын зерттеу бойынша экспериментарлы зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Б қосымша
(міндетті)
Сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме жасау схема-үлгісі
1 Жалпы мәлімет:
Сыныптағы оқушылар саны, оның ішінде ұлы, қызы. Саны. Балаларға арналған мекемелерге баратындары; сыныптың әлеуметтік құрамы.
2 Сынып үлгерімі:
1) оқу озаттары мен жақсы оқитын оқушылар саны. Үлгермеушілер. Сыныптың үлгермеушілері жағынан басқа сыныптар арасында алатын орны;
2) оқушылардың жалпы дайындығы, ақыл-ойының дамуы, қабілеттілігі және үлгерімі.
3 Сынып оқушыларының ұйымшылдығы және тәртібі:
1) оқушылардың сабақ барысындағы, сыныптан тыс іс-шаралардың өту барысындағы мінез-құлқы;
2) мұғалім тарапынан қойылған талаптарды оқушылардың орындауы;
3) қоғамдық-пайдалы жұмысты орындауға оқушыларды ұйымдастырудың жеңілдік, қиындық дәрежесі.
4 Оқушылардың ұжым және мектеп өміріне араласуы:
1) сыныпта қоғамдық жұмыс дұрыс бөлінген бе?
2) мектеп өміріне араласуы жағынан сынып белсенділігінің дәрежесі.
5 Сынып белсенділігінің сипаттамасы:
1) сынып белсенділері;
2) «Көшбасылар». Олар кері әсер ете ме, оң әсер ете ме? Олардың әсерін сынып жетекшісінің жөндеуі қажет пе?
6 Тұлғааралық қатынас:
1) сыныптағы жеке топтар, олардың әсері.
2) қандай да бір шара қабылдауға тұрарлық оқушылар бар ма?
7 Достық:
1) оқушылардың мақсат-мүдделерінің біртектілігі. Оның ұйымшылдыққа әсері;
2) өзара талап, сын және өзіне сын. Сыныптағы қоғамдық пікірдің рөлі;
3) өзара көмек, достық қарым-қатынас, түсіністіктің болуы (немесе болмауы).
8 Сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың қызығушылықтарына қарай түрлері:
1) мектеп үйірмелері мен секцияларына қатысуы;
2) оқушылар сарайы, мәдениет сарайларындағы және тағы басқа балаларға арналған мекемелердегі үйірмелер мен секцияларға қатысуы;
3) балалар әрекеттері. Шығармашылық жұмыстар.
9 Оқушылардың жас ерекшеліктері және қыз балалар мен ұл балалардың қарым-қатынасы:
1) ұл балалар мен қыз балалардың дамуындағы ерекшеліктері (жасына сай);
2) ұлдар мен қыздардың жыныстық ерекшеліктерінің байқалуы және оның өзара қарым-қатынастағы мәні.
10 Қорытынды:
Ұжымның дамуының деңгейін көрсетіңіз. Жалпы эмоционалдық тон. Сынып тәртібі мен үлгерімінің деңгейі. Сынып ұжымының жағымды жақтары мен кемішіліктерін көрсетіңіз.
В қосымша
(міндетті)
Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Тәрбиелік іс-шара:
1) сынып жетекшісінің келісімінің болуы (мектепішілік көлемде өтетін болса мектеп директорының, тәрбие ісі бойынша директор орынбасарының келісімінің болуы);
2) оқушылардың қызығушылықтары, жас ерекшеліктеріне сай құрылуы;
3) сынып жетекшісінің жоспарына және сынып жұмысының бағытына сәйкес дайындалуы және өткізілуі.
Тәрбиелік іс-шаралардың дайындалуы мен өткізілуіне қойылатын талаптар:
1) іс-шара қандай да бір мақсатқа негізделуі керек. Халқына, Отанына деген сүйіспеншілік, өз Ұлты алдындағы азаматтық парызы, ғылым мен техника, өнер, спорт саларындағы жетістіктерді дәріптеу. Жауапкершілік, адалдық, достық қарым-қатынасқа, мейірімділікке тәрбиелеу;
2) оқушылар өткізілетін іс-шараның маңыздылығын, қажеттілігін, мақсаттылығын байқауы тиіс;
3) тәрбиелік іс-шараның формасын таңдағанда оқушылардың жас ерекшеліктерін, дайындық дәрежесін ескеру қажет (әңгіме, диспут, талқылау, пікір-сайыс, кездесулер, КВН, экскурсия, тақырыптық кештер және т.б.);
4) іс-шараның дайындығына неғұрлым көбірек оқушыны қамту.
Г қосымша
(міндетті)
Үлгерімі нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
Жұмыстың мақсаты - оқушы тұлғасының психикалық ерекшеліктерін зерттеп, оның үлгіре алмау себептерін анықтау және онымен жүйелі жұмысты ұйымдастыру.
Жұмыс мазмұны:
1) студент алғаш мектепке келгенде жұмыс істейтін сыныбының жетекшісі, пән мұғалімдерімен танысады;
2) әрбір студентке бір нашар үлгіретін оқушы бөлініп беріледі. Жұмыс сол оқушыны зерттеуден басталады. Студент әңгіме, бақылау, іс- әрекет нәтижелерін талдау және т.с.с. әдіс-тәсілдерді қолданады. Оқушылармен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшімен әңгіме барысында оқушының нашар оқу себебі, мінезінің ерешеліктері, қызығушылығы, жалпы дамуы, денсаулық жағдайы анықталады;
3) оқушының жеке іс-құжатымен танысып, мінездемесін, үлгерім табелін, ағымдағы үлгерімін зерттейді. Сабақтарына қатысып, оқушыны бақылайды (оның сыртқы келбеті, сабаққа дайындығы, мұғалімге, жолдастарына, пәнге қатынасы);
4) оқушының ерекшелігін зерттеп, студент пән мұғалімімен бірлесе наашар оқитын оқушымен жұмыс жоспарын дайындайды). Студент оқушының үйіне барып, ата-анасымен әңгімелесіп, сабақ дайындайтын орынын зерттеп, күн режимін орындауын қадағалап, үй жұмыстарын орындауда жеке жұмыс жоспары бойынша көмек жасайды;
5) нашар үлгеретін оқушы жағымды жетістіктерге жетіп, біліміндегі кемшіліктерін жойған жағдайда жұмыс аяқталды деп есептеледі. Студент іс- әрекет нетижесінде оқушыға психологиялық- педагогикалық мінездеме дайындап, оқушымен жұмыс жасау нұсқауын береді.
Д қосымша
(міндетті)
Студентке мектеп үйірмесіне басшылық жасауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Үйірме – мектептің және мектептен тыс мекемелердің мектептен тыс іс- әрекетін ұйымдаструдың негізгі формасының бірі.
Үйірмеде жұмыс жасай отыра, студент оқушылардың ұжымдық жұмысын басқару іскерлігі мен дағдыларын меңгеріп, пән бойынша психологиялық-педагогикалық білімдерді тереңдетіп, ғылым, техника, өнер, спортқа деген қызығушылығын арттырады.
Үзіліссіз педагогикалық практика барысында студент үйірмені өз қалауы бойынша таңдап, аптасына 1- 2 рет сабақ өткізеді. Сабаққа студент тыңғылықты дайындалып, арнайы әдістемелік, педагогикалық әдебиеттермен танысуы керек. Өткізілген жұмыс мазмұны күнделікке жазылады. Студент мектепке алғаш келгенде үйірме түрлерімен, ерекшеліктермен танысады. Үйірмеге оқушыларды қабылдау принципін, іс-әрекет түрлерін, бағдарламаларды, жоспарларды, материалдық қамтамасыз етілуін, басшылықтың көмегін зерттейді. Студент екі үйірме сабағына қатысып, оны талдайды (оқушылардың келуін, тәртібін, белсенділігін, дебестігін, жұмыс әдісі мен формаларын, құралдарды).
Егер үйірмені қайта құру керек болса, пән мұғалімімен бірлесе студент жұмыстың тақырыптық жоспарын құрып, оқушылардың келуін ұйымдастырады. Бірінші сабақта оқушыларды оқушыларды үйірменің мақсаты мен міндеті мен таныстырып, жұмыс жоспарын талдап, басшылық органдарын сайлап, оқушылар арасында тапсырма бөледі. Келесі сабақта жасалған жоспар негізінде жұмыс жасайды. Сабаққа ата-аналар, жоғары сынып оқушыларын тартуға болады. Қорытынды сабақ конференция немесе ата-аналар, оқушылар, пән мұғалімдерінің қатысуымен кеш формасында өткізіледі. Онда оқушылардың жұмыс көрмесін ұйымдастыруға болады.
Е қосымша
(міндетті)
Мұғалімнің оқыту әдістері мен формаларын және қызметін бақылау
1-тапсырма. Әр мұғалімге сынып реакциясын бақылау. Өзіңіз бектілген сыныпта күні бойы барлық сабақтарға қатысыңыз, әр сабақта оқушылардың мінез-құлықтары қалай өзгеретінін, әр мұғаліммен қарым-қатынасы қандай болғанын бақылаңыз.
Бақылауға арналған сұрақтар
1. Сынып мұғалімді қалай қарсы алады: ашық жарқын, ұстамды, немқұрайлы, жағымсыз?
2. Мұғаліммен кездескендегі оқушылардың әрекеті: ұйымшылдықпен қарсы алады, жинақы, немесе керісінше жинақы емес?
3. Сыныптың мұғалімге деген оң немесе кері реакциясының себебі неде деп ойлайсыз? Мұғалім мінез-құлқының қандай күшті немесе әлсіз тұстары осындай реакцияны туғызады?
4. Сабақтың қандай кезеңдерінде сыныптың осы реакциясы байқалады?
5. Мұғалім мінез-құлқының күшті немесе әлсіз тұстары сабақтың қандай кезеңдерінде сыныптың оң немесе кері реакциясын туғызады?
6. Қай мұғалімнің мінез-құлқы, тәлім-тәрбиесі Сіздің назарыңды аударды? Қай мұғалімнің қандай өнімді жұмыс істеу тәсілдерін үйренгіңіз келеді?
2-тапсырма. Сабақтың микроклиматын бақылау, мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасының сабақ микроклиматын жасау сипатын анықтау.
Бақылауға арналған сұрақтар
1. Сабақ атмосферасын бақылау үшін Сіз таңдаған мұғалімнің 2-3 сабағына қатысыңыз.
2. Шартты белгілер бойынша сабақ барысында мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасын және оған оқушының реакциясын белгілеңіз:
- оқушыны жауап беруге шақыру;
- оқушының өз еркімен жауап беруі;
- ескертулер жасау, оның тоны: оқыстан, жай, бірақ талапты.
3. Қандай сабақта ескерту көп немесе аз болды? Мұны немен түсіндіруге болады?
4. Сабақ барысында мұғалім оқушыны қалай бағалады? Қандай түсініктемелерді қолданды?
- оң (о), кері (к), бейтарап (б).
5. Мұғалімнің бағасы оқушының мінез-құлқына қалай әсер етті: белсенділендіреді, басып тастайды, айтарлықтай әсері болмады.
6. Мұғалім сабаққа қандай көңіл-күймен келгеніне назар аударыңыз, ол сабақ барысында қалай өзгерді? Мұғалім көңіл-күйінің өзгеруіне не әсер етті?
7. Осы бақылауладан өзіңізге қандай қорытынды жасайсыз? Сізше сабаққа психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек, сабақ барысында өз әрекетіңіз бен көңіл-күйіңізді қалай бақылау керек?
3-тапсырма. Сабақтың алғашқы кезеңіне бақылау жасаңыз.
Бақылауға арналған сұрақтар
1. Сабақ неден басталды? Сыныпты ұйымдастыруда мұғалім қандай әдіс-тәсілдерді қолданды? Оқушылардың әрекетін қалай белсенділендірді?
2. Мұғалім сабақ мақсатын қалай құрды? Сабақ мақсатын әрбір оқушының жеке мақсатына айналдыру үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданды?
3. Сабақтың басынан бастап жалпы жұмыс ритміне қатыспай отырған оқушылар болды ма? Оларды сабаққа қатыстыру үшін мұғалім қандай шаралар қолданды?
4-тапсырма. Жаңа материалды меңгерту кезеңіне бақылау жасаңыз.
Бақылауға арналған сұрақтар
1. Сабақта жаңа материалды меңгерту неден басталды? Жаңа материалды түсіндіру кезеңіне өту байқалды ма?
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында мұғалім қандай әдіс-тәсілдерді қолданды? Олар материал мазмұнымен қаншалықты үйлесті? Олардың оқушы таным белсенділігін арттыруға қандай әсері болды?
3. Мұғалім оқытудың қандай әдістерін неғұрлым көбірек қолданады? Бұл неге байланысты?
4. Жаныңызда отырған парталасыңызбен сұхбат жүргізіңіз, жаңа материалды қаншалықты меңгергенінен көз жеткізіңіз?
5. Жаңа материалды игертудің тиімділігін арттыру үшін осы сабақтың өтілу барысына нелерді қосар едіңіз? өз жоспарыңыздың қысқаша сипаттамасын беріңіз.
5- тапсырма. Мұғалімнің оқушы білімін тексеру әдіс-тәсілдеріне бақылау жүргізіңіз.
Бақылауға арналған сұрақтар
1. Оқушы білімін тексерудің сабақтағы орны. Оқушы білімін тексеруге мұғалім қанша уақыт бөледі? Қанша оқушыдан сабақ сұрады? Қандай баға қойылды?
2. Мұғалім оқушы білімін тексерудің қандай формаларын қолданды (фронталды түрде сұрау, жеке сұрау, оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары, жаттығулар, перфокарталар және т.б.).
3. Мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға талдау жасаңыз. Қай түрлері оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, қай түрлері жауапсыз қалды?
4. Білімді тексеру барысындағы оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы. Қандай бағалар қойыды? Мұғалім көбінесе қандай бағалау түрлерін қолданды және оған оқушылардың әсері қандай болды (оң, теріс, бейтарап)? Қойылған бағалар оқушылардың белсенділігіне қалай әсер етті?
5. Оқушы білімін тексерудің қандай әдіс-тәсілдерін өз тарапыңыздан ұсынар едіңіз?
6. Мұғалім назары (жауап берушіні тыңдауы, сыныпты назарынан шығармауы, сыныпты практикалық жұмыстармен қамти білуі).
7. Тақырыпты сұрау барысындағы сыныптағы психологиялық хал-ахуал.
6-тапсырма. Үйге берілетін тапсырманы анықтау әдістемесі
Бақылауға арналған тапсырмалар
1. Үйге тапсырма беру сабақтың қай кезеңінде жүзеге асырылды? Үй тапсырмасын беру мерзімі дұрыс таңдалды ма?
2. Формасы мен мазмұны жағынан үй тапсырмасының сипаты қандай? Жаңа материалмен байланысы бар ма? Үй тапсырмасын беру барысында мұғалім қандай нұсқаулықтар айтты?
3. Үй тапсырмасының көлемі қандай? Күшті және әлсіз оқушының үй тапсырмасы туралы пікірін біліңіз. Сол тапсырманы өзіңіз орындап көріңіз және қанша уақыт кеткенін анықтаңыз.
4. Оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттері үй тапсырмасын беру барысында ескерілді ме? Өз тарапыңыздан қандай әдіс-тәсілдер ұсынар едіңіз.
5. Шамадан тыс артық тапсырмалар берілді ме?
7-тапсырма. Сабақтың аяқталуына бақылау, оның қорытындысы.
Бақылауға арналған сұрақтар
1. Сабақ қалай аяқталды? Мұғалім берілген уақытта мақсатына жете білді ме?
2. Оқушы тарапынан қойылатын сұрақтарға уақыт қалдырылды ма? Оқушылар қандай сұрақтар қойды? Ол сұрақтардан нені байқауға болады?
3. Сабақ қорытындыланды ма? Мұғалім оны қандай формада жүзеге асырды?
Ж қосымша
(міндетті)
Сабақ және сабақтан тыс шараларды талдау әдістемесі
Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау:
1) сыныбы;
2) мұғалімнің аты-жөні, тегі;
3) сабақты өткізген уақыты;
4) кесте бойынша сабақтың кезегі, ауысымы;
5) сол күн оқытушының есеп бойынша қай сабағы;
6) сабақ мақсаты;
7) сабақ типі (аралас, жаңа білімді игеру, жинақтау, білімді бекіту, қайталау);
8) оқыту әдістері, олардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкестігі;
9) оқу мотиві (интеллектуалды, әлеуметтік мәнді тікелей оятушы);
10) сабақтағы мұғалімнің мінез-құлқы (сыныппен байланысы, қызығушылығы, тапқырлығы, қайта құра білу іскерлігі, конспектке тәуелділігі);
11) мұғалімнің оқушымен өзара қарым-қатынасы (талап қоюшылығы, сыйластық, жеке психологиялық ерекшелігін есепке алуы, үйрету, табыс жағдаятын құру);
12) мұғалімнің сыртқы келбеті;
13) сабаққа жалпы баға беру (қойылған мақсатқа жетуі, сабақтың тиімділігі және оны анықтау әдістемесі, оқыту түрін қолданудың педагогикалық дәлелділігі, оқыту әдістерін мақсатқа сәйкес қолдануы, оқыту үрдісіндегі қайшылықтарды жеңуі);
14) мұғалім қызметін және оның тәжірибесін қолдануды жетілдіруі бойынша нұсқаулар.
Тәрбиелік іс-шара конспектісінің сызбасы:
- тақырыбы;
- мақсаты;
- педагогикалық міндеттері;
- өткізу формасы;
- өткізу орны;
- іс-шараның безендірілуі мен жабдықталуы;
- жұмысқа дайындық: ролдерді және тапсырмаларды оқушылар арасында бөлу;
- өткізілген тәрбиелік іс-шараның мазмұны;
- іс-шараға талдау, резюме, қорытынды, ескертулер.
Тәрбиелік шараларды талдау сызбасы:
1) іс-шараның мазмұны және мақсаты. Бұл шара сабақтағы педагогтың бастаған жұмысын жалғастыратын оқу-тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Мұнымен оқыту мен тәрбиенің байланысы тексеріледі.
2) іс-шараның өзектілігі:
- оның мазмұнының тұлға қажеттілігіне, тапсырысына, қызығушылығына және балалар ортасында болатын проблемаларға сәйкестілігі;
- балалар ұжымындағы қарым-қатынастың ары қарай дұрыс дамуын қамтамасыз етуі;
- шара мазмұнының мектептің, сыныптың алдына қойған міндеттерді шешуге бағытталғандығы.
Бұл көрсеткіш сынып жетекшісінің педагогикалық және психологиялық сауаттылығын куәландырады;
3) аталмыш шара мазмұнының сынып жетекшісінің жұмыс жүйесіндегі басқа да іс-шаралармен сабақтастығы. Шараны басқалардан бөлектеп бағалауға болмайды. Тек олармен байланыста ғана берілген шара жақсы, аралық немесе жаман қорытындыға жетуі мүмкін;
4) іс-шара мазмұнының оны өткізу түріне сәйкестігі, тәрбиелік міндеттерді оның мазмұны мен түрі арқылы шешу ерекшелігі. Мұнда сынып жетекшісінің нақты педагогикалық жағдайда бейімделе білу және жаңа шарттарда бұрынға өз тәжірибесін қолдана алу қабілеті мен зеректігі айқындалады. Яғни педагогикалық шығармашылыққа, жаңашылдыққа қабілеті және педагогикалық шешім қабылдаудағы бірегейлігі тексеріледі;
5) белсенді қабылдауды қамтамасыз ететін шараның ақпараттылығы мен эмоциялық әсерлілігі. Шараның еліктірушілігі мен қызықтыруы негізінде сынып жетекшісінің жалпы мәдениеті, оның оқушылардың қызығушылығын, жас ерекшеліктерін, талаптарын ескеру білігі туралы айтуға болады;
6) дайындық кезеңінің қысқалығы. Тек шара ғана емес, сондай-ақ оған дайындық та тәрбиелейтіндігі белгілі. Мұнда мұғалім мен оқушылырдың дайындыққа кетірген уақытының мақсатқа бағытталып, аз жұмсалуы, ал оқушылардың белсенділігінің толық болу маңызды. Іс-шараға дайындық сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетеді. Іс-шараның қалай өткендігі, оған қанша оқушы қатысқандығы туралы ақпаратты тәрбиелік шараны талдау кезінде мұғалімнің өзінен алуға болады;
7) өткізілген шараға оқушылардың қанағаттанғандығы. Бұл сынып жетекшісінің педагогтық шеберлігінің жалпы көрсеткіші. Жақсы ұйымдастырылып, өткізілген шара нәтижесінде балалар ортасында белгілі бір қайшылықтар шешіліп, оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты алып, бекітеді, іскерлік, дағдыларды, пайдалы әдеттерді меңгереді. Оқушылардың қанағаттанғандықтарын олардың көңіл-күйлері, әрекеттері, шараға қатысушыларға қатынастары арқылы білуге болады;
8) шараның жүргізілу мәдениеті, нақтылығы, жоспардың бірізділігі, кезеңге бөлінуі,оқушылардың сезімдерін еркін көрсетуі, олардың өз бетімен жұмыс жасауы.
9) шараның нәтижелілігі мен сапасын сынып жетекшісінің өзіндік бағалауы, оның өз ісіне деген талап қоюшылығын көрсетеді.
Ұжымдық шығармашылық істі талдау сызбасы:
1) тақырып атауы және өзектілігі;
2) берілген сынып оқушыларының даму деңгейіне сәйкес тәрбие мақсаты мен міндеттері;
3) дайындық кезеңіне сипаттама оның негізгі этаптары:
- сынып ұжымының, өзін-өзі басқару ұйымының, әр бір қатысушының тәрбиелік іске дайындыққа қатысу дәрежесі;
- белсенділік пен өзіндік әрекет деңгейі;
- тәрбиешінің оқушылардың қоғамдық белсенділігі мен инициативасын ынталандыру тәсілдері;
- сабаққа дайындаудағы сынып ұжымына педагогикалық басшылық жасау сипаты мен қарым-қатынас стилі;
4) ҰШІ (КТД) мазмұны мен өткізу әдісін бағалау. Оның мазмұнының қойылған тәрбиелік міндеттерге, өткізу формасына сәйкестігі;
5) оқушылардың тәрбиелік іске қатынасы: қызығушылығы, өзбетіндік әрекеті, инициативашылдығы, тәрбиешінің оқушыларды тәртіпке келтіру тәсілдері;
6) ҰШІ дайындық кезеңінде әдебиетті пайдалану сипаты;
7) ҰШІ дайындау және өткізу әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Сынып сағатын талдау сызбасы:
1) сынып сағатының тақырыбы және оның сынып жетекшісінің жалпы тәрбие жұмысының жүйесінде алатын орны.
2) сынып сағатының білімділік-тәрбиелік міндеттері, әр оқушы үшін жеке тұлғалық мәні.
3) сынып сағатын өткізуге мұғалім мен оқушылардың дайындығы:
а) шараны өткізуге мұғалім мен оқушылардың дер кезінде дайындығы;
ә) сынып сағатын дайындаудағы оқушылардың өздік әрекеті мен белсенділігі;
б) оқу-көрнекілік құралдармен жабдықтылығы.
4) сынып сағатының барысы:
а) сынып сағатының мақсатын және міндеттерін оқушылардың алдына қою мен ашудағы сынып жетекшісінің сенімділігі, анықтылығы, эмоцияналдылығы;
ә) шараны өткізу технологиясы мен мазмұны, тақырыбының сынып ұжымының даму деңгейіне сәйкестілігі;
б) сынып сағатын өткізудегі сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігі: педагогикалық мәдениеті, такт, қарым-қатынасы, сыртқы бейнесі; сынып сағатының алғашқы кезеңінде психологиялық сәйкестіліктіқұруы; оқу уақытын тиімді пайдалану; сынып жетекшісінің түзетушілік әрекеті.
5) сынып сағатының қорытындысы:
а) сынып сағатының мақсат, міндеттерге жетуі;
ә) өткізілген шараның жағымды, жағымсыз аспектілері, олардың себептері;
б) сынып сағатын дайындап, өткізу бойынша сынып жетекшісіне берілетін нұсқаулар мен қорытынды.
Сабақты талдау үлгісі
Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Содан кейін идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.
Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:
1) сабақ туралы жалпы мәлімет: күні, топ, мұғалімнің аты-жөні, оқытылған пән, сабақтың өткізілу орны, мұғалімнің оқушыларға сабақ мақсаттарын хабарлауы, қатысу мақсаты;
2) сабақтың құрылымы мен түрі: бағдарламаның мазмұнына және ғылымның даму деңгейіне сай келуі, оқушылар дүниетанымының және идеялық-саяси бағдарламаларының қалыптасуы, оқу материалының заманмен, жергілікті материалдармен, оқушылардың өмірлік тәжірибесімен сай келуі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру және дамыту, дидактикалық материалдарды қолдану, білімді жалпылау және жүйелеу, оқу процесін педагогикалық басқару тәсілдері;
3) оқыту тәсілдері мен әдістері: қолданылған әдістер жүйесі, олардың үйлесімділігі, материалдық мазмұнына, сабақ түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының орындалуына қолданылған әдістердің сәйкестігі, сабаққа қойылатын негізгі талаптардың орындалуы (тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық-гигиеналық), көрнекі құралдар мен ток пайдаланудың қажеттілігі; оқушылардың өз бетінше танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру жолдары; оқушылардың қисынды ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту; өздік жұмыстардың түрлері мен алатын орны; ұғыну процесін басқару үшін кері байланыс орнату тәсілдері, өз-өзін бақылау әдістерін қалыптастыру; оқушыларға тапсырмаларды өз ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне қарай жекешелеп беру; оқушылардың білімін бағалау; үй тапсырмасының көлемі;
4) оқушылардың іс-әрекеттері: оқытылатын материалды белсенді шығармашылық ұғыну үшін оларды қызықтыру, ынталандыру және тәртіп сақтаулары;
5) мұғалімнің іс-әрекеттері: жұмыс кезіндегі педагогикалық ұстамы, сарын, стиль, байқаушылық, тапқырлық, тіл мәдениеті, мұғалімнің оқушылар алдындағы беделі;
6) сабақ қорытындысы, тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жетуі, жоспардың орындалуы, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдануы, оқушылардың ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыру, білімнің көлемі мен сапасы, сабақтың тәрбиелік, оқыту, дамыту мәндері, басқа мұғалімдердің тәжірибесіне енгізуге болатын жаңалықтар. Оқушылар тәжірибелік дағды алатын сабақтарды талдау үшін жоғарыда айтылғандарға қоса келесі жағдайлар ескерілуі қажет:
- берілген жұмысты орындау үшін оқушылардың жұмыс орнының дайындығы (қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі);
- кіріспе нұсқаулықтың сапасы және толықтығы, оны оқушылардың қабылдауы. Оқушылардың теориядан алған біліміне сүйену;
- мұғалімнің сабақтағы іс-әрекеті (нұсқауды талдау, тәжірибені өткізу тәртібі мен жүйелілігінің нұсқауға сай келуі, тәжірибелік әдістерге жаттығулар орындау, нақты бұйымдар жасау, оқушылардың орындалатын жұмысты түсігніп орындауы, техника қауіпсіздігінің сақталуы, байқау қорытындыларын жазу, әдеттегі қателерді жөндеу, оқушылармен жеке жұмыс істеу, қорытындылау және т.б.);
- оқушылардың іс-әрекеттері (белсенділігі, тәртіп және жұмысты орындау жүйелілігі жөніндегі нұсқаудың сақталуы, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы және т.б.);
- мұғалімнің қорытындылау нұсқаулығы, оқушы өз бетінше орындаған жұмыстар, қателіктерді көре білуі, олардың себебі, олардың алдын алу және жөндеу. жолдары.
Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажет, өйткені болашақ маман бойында келесі қасиеттерді тәрбиелеу керек: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық, жылдамдық, жұмыс орнындағы жинақтық, жабдықтарға жанашырлық.
Сабақты талдаудың бұл үлгісін толығымен немесе жартылай, түрін өзгертіп те қолдануға болады.
Сабақтың комплекстік талдау схемасының үлгісі:
- оқушылардың және мұғалімнің сабаққа дайындығы (сыртқы);
- сыртқы, оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығы;
- мұғалімнің ұйымдастырушылық әрекеттері (қажеттілік бойынша);
- мұғалім сабақтың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын жоспарлап, оқушыларға бұл мақсаттарды хабарлау;
- оқушылардың іскерлік қабілеттерін және білімнің актуализациясы;
- мұғалім проблемалық оқытудың қандай әдістері қолданды (іздемпаздық, зерттеушілік, проблемалық мазмұндау);
- оқушыларды оқытудағы проблемалық әдістерін қолдану;
- оқушылардың және мұғалім іскерлігінің өзара қатынасы;
- оқушылардың өздік жұмыстарының көлемі мен мазмұны және репродуктивті және продуктивті өздік жұмыстарының өзара қатынасы;
- мұғалімнің оқушылардың даму деңгейін ескеруі;
- мұғалімнің проблемалық сұрақтарды қоюы, проблемаллық жағдаятты туғыза білуі, олардың шешімдерін көрсетуі;
- мұғалімнің проблемалық жағдаятты туғыза білу қабілетінің болуы;
- оқулықты пайдалану, оқулықпен репродуктивті және дербес ізденушілік жұмысты салыстыруы;
- проблемалық оқытудың талаптарына сәйкес көрнекі құралдарды іріктеуі;
- оқушылардың арнайы және жалпы оқу машықтарын қалыптыстыруы;
- оқушылардағы танымдық машықтарының барысы: тақырып өзектілігінің дәйектелуі, ғылыми болжам жасаумен дәлелденуі, дәлелдену жолдары (теріске шығару), шешімнің дұрыстығын тексеруі;
- оқушылар логикалық операцияларды орындай білуі;
- сабақтың әр кезеңінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту (бұл нені дәлелдейді);
- сыныптағы бүкіл оқушылар, жеке оқушылар алдындағы қиындықтар, бұл қиындықтардың себебі. Олардың алдын алу жолдары, жойылу жолдары;
- проблемалы- дамыта оқыту бойынша оқушыларға үй тапсырмасын беру. Қандай тапсырмалар ұсынылды (сабақтағы бастаған зерттеудің жалғасы, жаңа мәселені шешу, типтік емес мәселені шешу, білімдерін және машықтарын пайдалануға, білім мен машықтарын жаңа ситуацияларда қолдануға, өзіндік ұғынуға бағытталуы);
- мұғалімдерінің дара қабілеттер есебін жүргізуі. Оқушылардың қабілеттерін ескеріп дифференциалдық тапсырмаларды ұсынуы;
- оқушылар сабақтан еркіндіктерін және ой-өрістерін, танымдылық қызығушылықтарын, жадыларын, тіл мәдениетін, өзіндік машықтарын кеңейтетін тапсырмалар;
- сабақтың жалпы нәтижесі.
И қосымша
(міндетті)
Есеп беру құжаттарының дайындалу әдістемесі
Күнделік жазу бойынша нұсқаулар
Педагогикалық байқау күнделігінің құрылымы
Практикант туралы мәлімет:
аты-жөні;
мамандығы;
курс, тобы;
практиканы өту орны (мектеп, сынып);
практика мерзімі;
сынып жетекшісі;
мектеп директоры;
орынбасары;
пән бойынша әдіскер;
тәрбие жұмысы бойынша әдіскер.
Мектептің қоңырау кестесі
Сыныптың сабақ кестесі
Сынып тізімі
Сынып оқушыларының отыру реті
Сыныптың қызығушылығы мен айналысатын іс-әрекет парағы
Қосымша мәлімет:
оқушылардың денсаулығы туралы мәлімет;
отбасының әлеуметтік жағдайы;
“Қиын” оқушылар;
практика кезеңіндегі туған күндер.
Оқушылардың сабаққа қатысу есебі
Ағымдық байқаулар мен қорытындылар
Вариативті бөлім:
сынып ішіндегі өздік басқару құрылымының сипаттамасы;
сыныпқа мінездеме;
педагогикалық диагностика қорытындылары;
ата-аналар жиналысының жоспары (конспект);
білім сапасының диагностикасы.
Студент- практикантқа есіне
Студент міндеті: Мектептің жұмыс мерзімін, кестесін сақтау. Өзінің сыныбына сабақтың басталуына дейін келу, ерекше жағдайлар болмаса (сынып сабағы, қосымша сабақ, есеп беру т.с.с.) сабақ аяқталғаннан кейін шығу; өз сыныбының балаларын тосып алып, шығарып салу. Өз сыныбындағы істердің жағдайларымен таныс болу (балалардың сабақ босату себебі, қоңырау кезіндегі жағдайлар).
Мұғалімдерге, студент-практиканттарға аты-жөнін атап сөйлесу, ізет білдіру.
Оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен, студенттермен қайырымды, сыпайы болу.
Практика бойынша барлық тапсырмаларды орындау. Жоспар бойынша барлық тапсырмаларды орындау. Жоспар бойынша белгіленген уақыт мерзімінде оқытушыға есеп беру.
Жоспарда көрсетілген барлық қосымша кеңеске, сыныптық шараларға, сабақтарға қатысу.
Сабаққа келе алмай қалған жағдайда (ауырып қалу, басқа себепті жағдайлар), кешігіп қалған жағдайда алдын- ала оқытушыға студенттер арқылы мектепке хабарлау, келісімен практиканың басқарушысына себептерін түсіндіру. Өзінің сабақтағы барысы жөнінде мұғалімге ескерту.
Сынып жетекшісімен бірге мектепте болған кезде оқушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жауап беру.
Студент практиканттың соңғы күні – соңғы есеп беру күні екенін есте сақтау.
Талаптарды бұзу, тапсырманың орындалу сапасының төмендігі, практика жоспарын орындамау практиканың бағасын төмендетеді.
Студент:
- мектепте сырт және бас киіммен жүрмеу керек;
сыныпқа қоңыраудан кейін кірмеу;
сабақ кезінде сыныптан шықпау;
сабақта сөйлеспеу;
мектептен тыс шаралар (саяхат т.с.с.) кезінде балаларға басшылық жасау;
оқушылардың күнделіктері мен дәптерлерін тексеру;
мектепте немесе оның айналасында шылым шекпеу;
дөрекі қылықтар мен жат мінездер көрсетпеу;
кезекші мектеп басшылығына ескертпей сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру;
жұмыс дәптерін жоғалтпау немесе басқа біреуге бермеу керек.
Студентке рұқсат етіледі:
сынып жетекшісімен бірге оқушының отбасына баруға, мектептен тыс шараларды өткізуге;
бірнеше сыныптарды біріктіріп, сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда басқа студенттермен бірігіп өткізуге болады;
мектеп басшылығынан, мұғалімдерден, сынып жетекшісінен, оқытушыдан көмек сұрай алады.
Студенттердің үзіліссіз педагогикалық іс-тәжірибе бойынша есебі
1. Студенттің аты-жөні, оқу орны, факультеті, мамандығы, курсы.
Практикадан өткен мектебі, сыныбы.
Практика өту мерзімі.
Педагогикалық іс-тәжирибе кезінде оқу-тәрбие жұмыстарының қандай міндеттерін шешуге ат салыстыңыз?
Педагогикалық іс-тәжірибе жоспарының орындалуы. Жоспардан тыс не жасалынды?
Сыныптағы педагогикалық үдеріс жағдайы қалай зерттелінді?
Өткізілген сабақтар саны. Оның ішінде нешеуі сәтті? Нешеуі сәтсіз, қиындықпен өтті. Себебі неге?
Сабақта оқытудың қандай дәстүрлі емес түрлері, әдістері, қолданылады?
Сабақта оқушылардың танымдық әрекетінің жеке, топтық, ұжымдық түрлері ұйымдастырылды ма?
Оқу процесі барысында оқушылар танымдық әрекеттің қандай түрлерін (продуктивті, репродуктивті, жеке ізденгіштік) меңгерді?
Педагогикалық іс-тәжірибе кезінде қандай тәрбиелік міндеттер шешілді? Тәрбие жұмысының қандай түрлері балалар ұжымында іске асты? Сәтсіз ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шаралар болды ма? Оның себебі неде?
Ата- аналармен қандай жұмыс түрлері өтті?
Мұғалімнің, мектеп ұжымының қандай ғылыми зерттеу жұмыстарына қатыстыңыз? Қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз?
Іс-тәжірибе барысында оқушылардың әдебиетке құштарлығын оята алдыңыз ба? Қазақ тіліне, ана тіліне деген оқушы құрметін байқадыңыз ба? Қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруда қандай әрекеттер жасап әдістер қолдандыңыз?
Педагогикалық іс-тәжірибенің нәтижелеріне баға беру
Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытындысы тәжірибе жетекшілерімен (педагогика, психология, жеке әдістемелік кафедралардың оқытушылары) және мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып жеке бағаланады. Қажет болған жағдайда студенттер педагогикалық іс-тәжірибе есебін жеке әдістемелік кафедраның меңгерушісі тағайындалған арнайы комиссия алдында есебін қорғайды.
Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелеріне негізгі баға беру өлшемдері мыналар:
- студенттердің өз мамандығы бойынша теориялық дайындық деңгейі;
- «мұғалім-оқушылар» жүйесіндегі педагогикалық ерекшеліктерін білу;
- тұтас педагогикалық процестің ізгілендіру жағдайында тұлғалық бағдар негізінде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыра білу;
- кәсіби педагогикалық іскерліктің қалыптасуы;
- оқушының жеке тұлғасын зерттеу және тұтас оқу тәрбие жұмысын зерттеу әдістерін қолдана білу, оны жоспарлаужәне түзете білу іскерлігі;
- студенттердің кәсіби педагогикалық бағыттылық деңгейі, жаңа инновациялық әрекет жағдайында міндеттерді шешуге бағыттау, әлеуметтік белсенділігі, педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығы, балаларды жақсы көруі, педагогикалық практикаға қатынасы.
Әдебиеттер
1 Азаров Ю. П. Искусство воспитывать : Книга для учителя. – 2-е изд., испр. и доп. – М. : Просвещение, 1985. – 274 с.
2 Абдуллина О. А. Педагогическая практика студентов : учебное пособие для студентов пединститутов. – М., 1989. – 86 с.
3 Иманбекова Б. И. Тәрбиеге жетекші. – Алматы, 2004. – 125 б.
4 Сластенин В. А. Диагностика профессиональной подготовки молодежи к педагогической деятельности. – М., 1991. – 108 с.
5 Дереклеева Н. И. Классный руководитель. Основные направления деятельности. – М., 2001. – 45 с.
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………......................................3
1 Үзіліссіз практиканың жоспары..........................………………...........5
2 Үзіліссіз практиканың ұйымдастырылуы..............................................5
3 Үзіліссіз практиканың мазмұны…………….........................................7
4 Студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарына қатысуы.............................11
5 А қосымша (міндетті)..…………………………………… .................12
6 Ә қосымша (міндетті)............................................................................14
7 Б қосымша (міндетті).............................................................................15
8 В қосымша (міндетті).............................................................................17
9 Г қосымша (міндетті).............................................................................18
10 Д қосымша (міндетті)...........................................................................19
11 Е қосымша (міндетті)...........................................................................20
12 Ж қосымша (міндетті)..........................................................................24
13 И қосымша (міндетті) .........................................................................32
Әдебиеттер............................................................................................36
Достарыңызбен бөлісу: |