Жұмыс бағдарламасы 3-12 б. Силлабус 13- 23 б. Дәрістер 24-88 б. Практикалық сабақтар 89- 92 б. ОбсөЖ және СӨЖ 93-103 б



жүктеу 3,26 Mb.
бет12/18
Дата21.02.2018
өлшемі3,26 Mb.
#10349
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

СӨЖ (3 сағ.)

Отбасындағы дұрыс емес тәрбиеге 3 жағдаят, дұрыс тәрбиеге 3 жағдаят құрастырыңыз. Жағдаяттарды шешуде өз курстастарыңызбен талқылап, өз ойларыңызды білдіріңіз. 2-3 СӨЖ сабақтарында , ата-аналарыңызға және оқушыларға арнап тренинг қарастырыңыз. Әртүрлі мәліметтерді қолданып, отбасы тәрбиесінің қателіктерін анықтау:

1-ші қателік – енді жақсы көрмеуге ант беру.

2-ші қателік - немқұрайлылық.

3-ші қателік – тым қаталдық.

4-ші қателік – балаларды еркелетпеу керек.

5-ші қателік – зорлық көрсету арқылы берілген рөл.

6-ші қателік – ақша беріп сатып алу.

7-ші қателік – «Наполеондық жоспар».

8-ші қателік – мейірімділіктің аздығы.

9-ші қателік - өзінің көңіл күйіне байланысты тәрбие беру.

10-ші қателік – тәрбиеге уақыттың аздығы.

1.Ата-ананың үйлесімділік ережесін және ата-ананың махаббат формуласын жазып алу.

2. «Отбасын әлеуметтендіру қызметі» атты тақырыпта баяндама дайындау.



Әдістемелік нұсқаулар:

Отбасы тәрбиесінің фактоларының классификациясымен танысып, олардың ең маңыздысын анықтау қажет. Ата-аналармен керекті жұмыс формаларын таңдап алып, оларды тәжірибеде қолданылуын айту. Отбасындағы дұрыс және дұрыс емес тәрбиесіне әсер ететін факторлардың себептерін анықтап, олардың бала дамуына тигізетін әсерін көрсету. Ата-аналардың білімдерін көтеру жолдары туралы әңгіме қылу. Ата-аналарға балалардың берген кеңестерін жазып алу.


9 тақырып: Отбасындағы тәрбиенің мазмұны. 1 сем

1. Отбасындағы дене және еңбек тәрбиесі

2. Адамгершілік тәрбие беру мазмұны, әдістері.

3. Отан -отбасынан басталады.



ОБСӨЖ 2(сағат) Отбасындағы жыныстық тәрбие

  1. Балаларға жыныстық тәрбие берудегі проблемалар, зерттелу жәйі.

  2. Жыныстық тәрбие берудің әдістері және формалары.

СӨЖ 3(сағат)

Сынып сағатарының сценарийлерін құру, көрсетілген тақырыптардың біріне баяндама жазу:



  1. Отбасындағы бала тәрбиесінде дене тәрбиесін ұйымдастырудың әдістері мен формалары.

  2. Еңбек тәрбиесі жайында А.С.Макаренконың ойлары.

  3. Отбасындағы адамгершілік тәрбие беру туралы педагогтардың ой-пікірлері.

  4. Адамгершілік тәрбие мен жыныстық тәрбиенің байланысы.



Әдістемелік нұсқаулар:

Баланың жан-жақты тұлға болып дамуында отбасы тәрбиесінің түрлерінің кешенді түрде іске асу жолдарының қажеттілігін көрсету, Барлық бағыттағы тәрбиенің бір-бірімен тығыз байланысты екендігін және олардың әртүрлі іс-әрекет арқылы іске асу жолдарын мысалдар келтіру арқылы көрсету.

Негізгі әдебиеттер: №1,3,4,5,6

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6 және т.б.

10 тақырып: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі.

1. Отбасының рөлдік құрылымы. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі.

2. Ата-аналардың рөлдік функцияларының өзгеруі. Қазіргі қазақстандық отбасының рөлдік құрылымдары.

3. Әйелдердің отбасылық және өндірістік рөлдерді меңгерудегі түрлі жағдайлар.

4. Ата-ананың балаға деген махаббаты. Бала тәрбиесіндегі ана махаббатының маңыздылығы.

ОБСӨЖ 2 (сағат) Әртүрлі тәрбие стиліндегі ата-ана типтері.


  1. Ата-аналар тәрбиесінің стилдері.

  2. Т.А.Куликова бойынша ата-ана типтері.

  3. Отбасындағы әлеуметтік құрылымды қабыл ету.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,8,9,11.

Қосымша әдебиет: № 1,2,3,4,5,7.



СӨЖ 3 (сағат)

Бала тұлғасының қалыптасуына әке-шешенің және ата - әженің тәрбиелік ықпалы. Көркем әдебиеттерден және белгілі адамдардың өмірінен мысалдар келтіру. Мысалы: (А.Пушкин, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және Ш.Уәлиханов ұлы тұлғалар өмірлерінен).



Әдістемелік нұсқаулар:

Ата-аналар отбасы – болашақ бақытты отбасын құрудағы шешуші фактор.

Бала тұлғасын әлеуметтендіру, ата-ананың және отбасы мүшелерінің бала тәрбиесіндегі рөлдері, адам өмірінде отбасының маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Ананың тәрбиедегі рөлі, әйелдің отбасылық және өндірістік рөлдерін қатар атқаруы, отбасындағы ер адамның қайраттылық және әйелдің нәзіктік тәрбиелерінің іске асулары

11 тақырып: Ата-ана беделі. 1 сағат семинар.

1. Педагог – ғалымдардың еңбектерінде ата-аналар беделі туралы пікірлер.

2. Ата-ана беделінің түрлері, оның маңызды компоненттері.

3. Ата-аналардың жалған бедел түрлері.

ОБСӨЖ (2 сағат) А.С.Макаренконың бедел түрлері туралы ой- пікірлері.


  1. А.С.Макаренконың еңбектеріндегі бедел түрлері.

  2. Жалған бедел түрлері.

  3. Тақырып бойынша сынып сағатын талдау.

  4. Педагогикалық жағдаяттарды шешу және саралау.

СӨЖ (3 сағат).

Ата-аналарға арнап «Баланың ата-анаға кеңесі» жадынама немесе оқушыларға арнап сынып сағатының сценарийін әзірлеу.



Әдістемелік нұсқаулар:

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімімен танысу, бала тәрбиесіндегі шынайы беделдің алатын орнын, жалған бедел түрлеріне назар аударып, олардың бала тәрбиесіне тигізетін кері әсерін ұғыну. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін белгілеу, ОБСӨЖ сабақтарында хабарлама жасау.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,8,9,11,17,18.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,7.



12. Тақырып: «Отбасындағы қарым-қатынас түрлері және олардың бала тәрбиесіне ықпалы». Семинар 1 сағат.

  1. Ерлі-зайыптардың өзара жағымсыз қарым-қатынастарының отбасы ахуалына тигізетін кері әсері .

  2. Отбасындағы ересектермен балалардың өзара қатынасының типтік моделі, отбасында үйлесімділік қатынас орнатудың тәрбие берудегі маңызы.

  3. Отбасында аға буын , ортаңғы және жас ұрпақтың өзара қарым-қатынас жасау түрлері.

ОБСӨЖ 2 сағат

Отбасы қарым-қатынастарына әсер етуші факторлар.

Кестемен жұмыс. Отбасы қатынастарына әсер ететін факторларға сипаттама беру.

Тест бойынша өзінің қарым-қатынас стилін анықтау. Тестілеудің нәтижесі бойынша әңгімелесу.



СӨЖ 3 сағат.

Тақырып бойынша баяндама немесе хабарлама дайындау. 2-3 тренинг тақырыпқа сай дайындап, оларды ОБСӨЖ сабақ барысында өткізу.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,8,9,11,17,18.

Қосымша әдебиет: № 1,2,3,4,5.



Әдістемелік нұсқаулар:

Отбасындағы қарым-қатынастар баланың тұлға болып қалыптасуына әсер ететінін оқушы-студенттерге ұғындыру, студенттерде отбасындағы түрлі проблемалық сұрақтарды шешу дағдылары мен біліктіліктерін дамыту.

Өзара қарым-қатынастар түрлерімен танысу, жағымды эмоциялық қарым-қатынас орнату жолдарын білу.

СӨЖ-ге дайындық кезінде тәрбие әдістеріне назар аудару, оларды қолдануда балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру. Баланың тұлға ретінде қалыптасуда қарым-қатынастың рөлі мен стиліне назар аудару.


13.Тақырып. «Отбасындағы дау-дамайлар» Семинар 1 сағ.

1.Отбасындағы дау-дамайлардың себеп-салдары. Отбасындағы дау-дамайлардың түрлері.

2. Дау-дамайдың аяқталу түрлері.

3. Отбасындағы дау-дамайлардың шешілу жолдары.



ОБСӨЖ 2 сағ. Тақырып: дау-дамайларды шешуге үйренеміз.

Мақсаты: Студенттерге дау-дамайдың шығу себептерін біліп, шешуге көмектесу және дау-дамай жағдаяттарды саралауға уйрету.

1. Парақ қағазға өз өміріңде болған дау-дамайды еске түсіріп жазу, оларды талдау және олардың шешілуінің тиімді жолдарын табу керек.

Мына түсініктерді еске түсіру: дау-дамай, дау-дамайлық жағдаят, инцидент, дау-дамайды шешу.

2. Дау-дамай жағдаяттарды саралау. Дау-дамайлардың шешілу ережелерімен танысып жазып алу:

1. Дау-дамайға қатынасқан кімдер?

2. Басты келіспеушілк неде?

3. Сіздің оппонентіңіздің басты мақсаты қандай?

4. Оның мінезіндегі жағымды және жағымсыз жақтары қандай?

5. Дау-дамайдағы сіздің басты мақсатыңыз қандай?

6. Сіздің мақсатыңызбен жеке құндылықтарыңыздың арасын белгілеңіз (өзіңіздің сөзіңізде тұрасыз ба?)

7. Өзіңіз үшін құнды альтернативаны анықтаңыз, (сіз үшін не маңызды: дау-дамайда жеңіп шығу ма, әлде өз позицияңызда тұрмау ма?)

8. Егер де дау-дамайдың соңына дейін күресем десеңіз, онда бірінші дау-дамайдың шешілу әдістерін анықтаңыз. Есіңізде болсын, таңдаған әдістеріңіз тек сізді ғана қанағаттандырып қоймай, сіздің оппонентіңіздің де қалауына сай болуы керек.

9. Дау-дамайды шешудің соңында алыс және жақын перспективасын талдаңыз.

10. «Жеңіліссіз» дау-дамайды шешу әдісінің ережелерімен танысу (студенттерге дау-дамай кезінде өзіңді дұрыс ұстау ережелері жазылған 8 карточкалар беріледі.)

11. Микротоптар бойынша дау-дамай жағдаяттардың шешілуі, дау-дамайдың шешілу жолдарында табылған жолды тиімді әрі сауатты бағалау.

СӨЖ (3 сағат)

(Өзіңді таны) тестін қолдану барысында өзіңнің қарым-қатынас стиліңді тексеріп анықтау, оған қоса «Тұлғалық дау-дамай деңгейлері» атты тесті шешу. Сабақ тақырыптары бойынша бірнеше тренингтер дайындау.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттерге дау-дамайды шешу ережелерін меңгерту, дау-дамай жағдаяттарды шешуде талдау жасауды үйретіп, біліктілігін арттыру. Студенттерге болашақ мамандығында дау-дамайларды шешу мәселесі жиі кездеседі: оқушыларға, олардың ата-аналарына кеңес беру, көмек көрсету,білімін жетілдіру,құқұқтарын қорғау сияқты. Сондықтан, ОБСӨЖ сабағында бұндай сұрақтар әртүрлі аспектілерде қаралады.

Негізгі әдебиеттер:

1.В.И.Андреев Конфликтология: искусство спора, введения переговоров, разрешения конфликтов- Казань, 1992.

2.М.М.Рыбакова Конфликт и взаимодействие в педагогическом процессе- М.:1991.

3. Тізім бойынша: № 4,5,6,10,12,14,17,18.



Педагог – психологтың отбасымен жүргізетін жұмыс түрлері.

14 тақырып: Отбасын зерттеу әдістері. ОБСӨЖ (2 сағат).

1. Отбасын зерттеудегі қазіргі бағыттар, қйындықтар.

2. Отбасын зерттеу әдістері.

3. Зерттеу барысында жиналған мәліметтерді өңдеу.

4. Отбасын зерттеуде сурет әдістемесі мен тесті қолдану. Отбасы -бала көзімен.



Әдістемелік нұсқаулар:

Тесті қолдану (АБҚ) ата-аналар – балалар қатынасы, отбасын зерттеу кезінде А.Я.Варгоның және В.В.Столиннің жасаған тестері қолданылады.

Психологиялық диагностикада суретті қолдану принциптері (И.Шванцара)

Суреттік тестік түрлері: үй-ағаш-адам, автопортрет, адамның конструктивті суреті геометриялық фигуралар, отбасы суреті және т.б. Интерпретациялық суреттерін қолдануды , «Ертегі » тесті , Л. Дюсс аяқсыз ертегілерін пайдалану жолдарын меңгерту.



СӨЖ (2 сағат)

Сурет әдістемесі қолдану принциптерін конспектілеу (И. Шванцара) 74-75 бет Н.В Клюева Психолог және отбасы. Диагностика, кеңес беру, тренинг. Л.Дюсс әдістемесін қолдану. Сиқыршы отбасы туралы ертегі шығару.



Әдістемелік нұсқаулар:

Мақсаты: Отбасын зерттеуде тестік және проективті әдістемені қолданудың рөлін және ерекшелігін көрсету. ОБСӨЖ сабағында түрлі әдістемелерді қолдануды меңгеріп, тәжірибеде қолдана білу және студентердің портфолиосын әртүрлі әдістемелермен толықтыру қарастырылады.

Әдебиеттер:

Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании, әдебиеттер тізімінен №1,2,15, қосымша әдебиет №6.

15 тақырып: Ата-ананың педагогикалық мәдениетінің маңызы.



Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімдері.1сағат семинар.

  1. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті туралы түсінік.

  2. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің мәні.

  3. Ата-аналардың педагогикалық білімдерін көтеру жолдары.

СӨЖ (2сағат).

  1. Ата-аналар білімін жоғарылату мақсатында ата-аналар жиналысын дайындау және өткізу.

СӨЖ (3сағат).

Ата-аналардың психологиялық - педагогикалық білімдері бойынша бір дәріс дайындап өткізу.

Ата-аналардың білім деңгейін анықтау үшін, әдістемелер таңдап алу.


  1. В.В.Сазонов Сынып жетекшісіне көмек.

  2. Е.М.Аджиева және б. Сынып сағатының 50 сценарийі.-М.,1999-160 б.

  3. Тізімде әдебиеттер :№4,5,6,10,12. 4.



Әдістемелік нұсқаулар:

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің рөлін және ерекшеліктерін көрсету, педагогикалық мәдениетін көтерудің ең тиімді жолдарын, сонымен қатар ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін жоғарылату формасы мен әдістерін анықтау, портфолиосын әртүрлі әдістемелермен толықтыру қарастырылады.


16 тақырып: Педагогтың отбасымен жұмыс істеу моделі. 1 сағат семинар.

1. Отбасына қолдау және психологиялық көмек көрсетудің мақсаты және міндеттері.

2. Отбасымен жұмыс істеудің әдістері мен принциптері.

3. Ата-аналармен топтық жұмыс формасы.

4. Психологтың ата-аналармен жұмысының нәтижелілігінің кепілдемесі.

ОБСӨЖ (2 сағат) Тақырыбы: Ата-аналарды оқытудың тиімді әдістері.

Мақсаты: Студенттерді ата-аналарды оқытудың тиімді әдістерімен таныстырып, қолдана білуге дағдыландыру.


  1. Оқытуда тиімді әдістеріді шешудің амал тәсілдері қандай?

  2. Оқытудың тиімді әдістерін тізіп оған сипаттама беру: дискуссиялық әдіс, нақты жағдаяттарды талдау, ойын әдісі (рөлдік, іскерлік ойындар), психологиялық-педагогикалық жаттығулар, әлеуметтік-психологиялық тренингтер.

  3. Топтық дискуссиялық тақырыптарды талқылау: «Балаға қалталық ақша беру керек пе?», «Неліктен кейбір балалар жанжалдасқанда балағаттайды, себебі неде?»

  4. Отбасымен жұмыстың жеке формасы мен әдістері (тренингтер және қима материалдармен жұмыс).

Мақсаты: Студенттерге ата - аналардың психологқа қатынасу және олардан тренинг, психологиялық кеңес, психологиялық түзету әңгімесі түрінде әртүрлі көмек алу себептерін ұғындыру.

  1. (А.Адлер, Р.Дрейкурс, Х.Джайнотт) Тарихтан психологтың ата-аналармен ынтымақтастығы туралы хабарлама жасау.

  2. Балалармен қатынас жасаудың ережесі мен принциптері.

  3. Кеңес беру және жеке әңгіме өткізу әдістері. Рөлдік ойын «Психолог және шеше».

Негізгі әдебиеттер: № 3,2,13,15.

Қосымша әдебиеттер: №6.



СӨЖ (3 сағат)

Мақсаты:Мектеп пен қоғам, отбасымен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін педагог-психологтың кәсіби сапасын дамыту, отбасы тәрбиесінің қоғамның дамуымен тығыз байланыста өтетінін практикалық сабақтарда мысалдар арқылы көрсете алулары.

Отбасы тәрбиесіндегі ең өзекті бір тақырыпқа ата-аналармен әңгіме жоспарын құру.

Төмендегі жоспар бойынша ата-аналар жиналысының сценариін дайындау:


  1. Ата-аналар жиналысын өткізудің мақсаты және міндеттері. Білім беру мекемелерінде және мектептерде ата-аналар жиналысын ұйымдастырудың кемшіліктері және проблемалары.

  2. Ата-аналар жиналысының түрлері. Тақырып таңдау.

  3. Ата-аналлар жиналысының ең тиімді шарттары.

  4. Әртүрлі тақырыптағы ата-аналар жиналысының сценарилерін талқылау.

Негізгі әдебиеттер: № 1,13,15.

Қосымша әдебиеттер: «Сынып жетекшісі», «Оқушылар тәрбиесі» журналдарынан материалдар жинастыру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттерге ата - аналардың психологқа қатынасу және олардан тренинг, психологиялық кеңес, психологиялық түзету әңгімесі түрінде әртүрлі көмек алу себептерін ұғындыру.

Студенттерді ата-аналар жиналысын ұйымдастырудың және тиімді әдістерімен өткізуге дағдыландыру және білімдер жүйесімен қаруландыру. 1,2,3 сұрақтар бойынша таратылған материалдарды қолдана отырып, хабарлама жасау. «Психолог және шеше» рөлдік ойынның өткізілуіне белсене атсалысу арқылы кеңес жүргізу әдісінің мән-мағынасын түсіну.

17 тақырып: Үй иесі тәрбиесі психологиялық-педагогикалық проблема ретінде

1. Отбасылық өмірге және некеге дайындық.

2. Отбасылық өмірге дайындаудың аспектілері.

3. ЖОО-да, мектепте оқыту процесі барысында үй иесін дайындау мәселелері. Жастарға бағыт беру.

ОБСӨЖ (2сағат) Тақырып: Махаббат және неке. Өмірлік жарды қалай дұрыс таңдауға болады?

Мақсаты: Әртүрлі материалдарды қолдана отырып, студенттерге некенің беріктігіне махаббаттың ықпалын түсінуіне көмектесу. Болашақ өмірлік жарың туралы талқылау, оның қандай дәрежеде болатынын анықтау, сөйте отыра өз ойын ашық айту.


  1. Махаббатты қорғап қалу үшін, махаббат түрлері, түстері түрінде әңгіме жүргізіледі.

  2. Болашақ өмірлік жарыңды таңдауда, ескеретін пайдалы 7-8 ереже теріп жазу. Өз ойын жеткізу. Өзіңнің идеалыңды және жетістіктеріңмен кемшіліктеріңнің көрсеткіштерін жаз.

  3. «Махаббат» жайлы өлеңдердің мазмұнындағы нақыл сөздерді талдау.

  4. Тренинг.

Негізгі әдебиеттер: № 1,3,4,5,6,7,13.

Қосымша әдебиеттер: №1,2,10,11.



Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттерге отбасындағы адамгершілік негізін махаббат құрайтынын түсінуге көмек беру. Махаббат – бұл бір-біріне жақсылық жасау дегенді білдіреді, махаббат өтірік пен алдауды көтермейді, махаббатты қорғап және сақтау өте маңызды. Ерлі-зайыптыларға махаббат заңдарын және фазаларын және т.б. білу қажет екенін түсіндіру.

Махаббат жайлы өлеңдер және нақыл сөздер жинап, сынып сағатының сценариін дайындау.

Әдебиеттер:



  1. В.В.Сазонов Сынып жетекшісіне көмек атты оқу құралы.

  2. Е.М.Аджиева және б. Сынып са,атының 50 сценарийі – М.1999-160 б.

ОБСӨЖ (2 сағат)

Тақырып: Өмірлік жарды қалай дұрыс таңдауға болады?

  1. Махаббат туралы ойдың шығуы мен дамуы: тәндік және рухтық.

  2. Махаббат теориялары.

  3. Махаббат феномені және оның типтері.

СӨЖ (2сағат)

Махаббат жайлы өлеңдер және нақыл сөздер жинап, сынып сағатының сценариін дайындау.



Некені бұзатын жауыздық:

-Шамадан тыс жүктеме және дененің арықтауы;

-Қаржы жұмсау жөнінде керіс-ұрсыс;

-Өзімшілдік;

-Ата-аналардың араласуы;

-өтірік тосу;

-Маскүнемдік және нашақорлық;

-Ерлі-зайыптылардың өзін-өзі бағалауда төмен бағалауы немесе өте жоғары бағалауы, қызғаншақтық.

Отбасында бақытты сақтау үшін:

-Ешқашанда бір-біріңді мүжімеңдер;

-Бір-біріңді қайта тәрбиелеуге әуреленбеңіз;

-Бір-біріңді әжуәләмәңдәр;

-Бір-біріңді бағалауға үйреніңдер;

-Көңіл аудару белгілерін көрсетіңіз;

-Кішіпейіл болыңыз;

-Жақсылықты ғана есте ұстаңыз;

-Өзіңіздің денсаулығыңызды сақтаңыз және өзіңіздің жақындарыңыздың денсаулығын ойлаңыз.

СӨЖ (2 сағат)

1.«Отбасылық өмірде қалай бақытты болуға болады?» атты тақырыпқа шығарма жазу. Партфолио қорғау.

2. Белгілі тұлғалардың махабббат тақырыбына айтқан нақыл сөздері бойынша әңгімелесу.

«Сүю – жақсылық жасаудан басталады».



СӨЖ (2 сағат)

«Отбасылық өмірде қалай бақытты болуға болады?» атты тақырыпқа шығарма жазу. Партфолио қорғау.

1. «Әр біреуі әр бірін үйретеді» әдісті қолдана отырып Неке және отбасы заңының тарауларын реттеу.

2. Келесі сұрақтарға жауап беру:

- Отбасында, мектепте, елде бала құқығы жеткілікті түрде қорғала ма?

- Отбасыға қандай мемлекеттік көмек түрлері бар?

- Отбасылық мемлекеттік саясаттың приоритет бағыттары қандай?

- Мүгедек балаларға қандай көмек көрсетілуде?

- Жетім балаларға қандай көмек көрсетілуде?



СӨЖ (2 сағ).

ҚР бала құқығы заңы, неке және отбасы заңын конспектілеу.



Әдістемелік кепілдеме:

Тақырыпты оқуда отбасының меғмлекеттік саясатының приоритеттік бағыттары отбасы және бала құқығын қорғау заңына көңіл аудару қажет. Отбасы құқығы негізін конституциялаумен ағартушылықта, отбасы және неке заңының негізгі қағидаларын түсіндіруде болашақ мамандықтың отбасыға көмек көрсетуін түсіну.

Бұл үшін осы тақырыпқа байланысты көрсетілген әдебиеттермен танысу қажет.

Н.4.02- 05

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Бекітемін

Кафедра отырысында бекітілді

Кафедра меңгерушісі:Қонырова-Ыдрисова З.К.
ЕМТИХАН СҰРАҚТАР ТІЗІМІ
Пән: Отбасынтану пәні бойынша

Мамандығы: Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі

шифр / 050102/
1.Тақырып сұрақтары:

1. .Отбасынтану пәні, оқыту мақсаты, міндеттері, зерттелуі.

2. Отбасының қазіргі кездегі жағдайы, отбасындағы проблемалар.

3. Отбасынтану пәніеің зерттеу обьектісі, пәні.

4. Атақты педагогтардың отбасы тәрбиесі туралы ой -пікірлері

2.Тақырып сұрақтары:

1. .Неке жэне отбасы даму тарихы.

2.Отбасының қоғам дамуымен тығыз байланысы.

3.ҚР отбасының даму ерекшелігі.

3.Тақырып сұрақтары:

1. .Отбасының функциялары.

2. .Отбасының спецификалық функциялары.

3. .Отбасының спецификалық емес функиялары.

4.Отбасының жас ұрпақты әлеуметтендіру функциялары.

4.Тақырып сұрақтары:

1.Отбасының типтеріне жалпы сипаттама.

2.Қазіргі кезде кең тараған отбасы типтері.

3.Жағдайсыз отбасылар типтері.

4.Отбасының типтеріне сипаттама.

5.Тақырып сұрақтары:

1.Отбасының құқықтық негіздері.

ҚР негізгі заңнамалық құжаттарында неке және отбасы бенесі.

2. ҚР заңдарында және ООН Конвенциясында бала құқығы.

3. Отбасыға мемлекеттік жәрдем түрі.

4. ҚР әйел-аналарға әлеуметтік көмек.

6.Тақырып сұрақтары:

1. . Отбасындағы тәрбиенің принциптері және оларға сипаттама.

2. Отбасындағы тәрбие әдістері және оларды қолданужолдары.

3.Отбасындағы тәрбиеге әсер ететін сыртқы факторлар.

4. Отбасындағы тәрбиеге әсер ететін ішкі факторлар.

7.Тақырып сұрақтары:

1. Отбасындағы еңбек және дене тәрбиесінің ролі.

2. Отбасындағы эстетикалық және адамгершілік тәрбиесі.

3. отбасындағы жыныстық және дене тәрбие.

8.Тақырып сұрақтары.

1. Қазіргі қазақстандық отбасының рольдік құрылымы.

2. Бала тұлғасының қалыптасуында әкенің және ананың, әженің және атаның ролі.

3. Әйелдің отбасылық және өндірістік рольдерді қатар қолдануы.

4. Отбасында әлеуметтік құндылықтардың қалыптасуы.

9.Тақырып сұрақтары:

1.Отбасындағы қарым -қатынас түрлері, зерттеген ғалымдар.

2.Ата -аналар мен балалар арасындағы қарым - қатынас түрлері.Қарым - қатынасты анықтау жолдары.

3. Отбасындағы қарым- қатынасты жақсартуға педагог - психологтың көмек көрсету жолдары.

4.Ата - аналар беделі,бедел түрлері ,беделді қалыптастыру жолдары.

10.Тақырып сұрақтары:

1.Отбасында дау- дамайлардың түрлері, шығу себептері, дамуы.Негізгі ұғымдарға сипаттама беру, зерттеген ғалымдардың еңбектеріне тоқталу.

2.Отбасында ата- аналармен балалар арасындағы дау -дамайлар турлері, шешілі жолдары.

3.Дау- дамайларға байланысты жағдаяттарды шешу,саралау.Дау- дамайлардың шешілуіне байланысты ережелермен танысу.

4.Ажырасқан отбасындағы балаларға педагогикалық және психологиялық көмек көрсету.

11.Тақырып сұрақтары:

1. Отбасын диагностикалау және зерттеу әдістері

2.Зерттеу әдістерін таңдау,қолдану жолдары.

3.Сурет әдісін қолдану әдістемесі.

12.Тақырып сұрақтары:

1. Болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселелері.

2. Отбасылық өмірге даярлау аспектілері .

3.Отбасының қалыптасуы, некелесудегі түрлі мотивтер

4. Отбасының үйлесімділік заңдылықтары.

5.. Махаббат отбасының моральдық негізі.

6. Махаббат типтері, махаббат туралы теориялар.

7. Махаббатьы сақтап қалу тәсілдері.

13.Тақырып сұрақтары:

1. Ата- аналардың білімін жетілдіру мәселелер.

2. Ата- аналардың педагогикалық мәдениетінің мәні.

3. Ата- аналардың білімін жетілдіру формалары ,әдістері.

4. Психологтың отбасымен өзара әрекеттесу формалары, әдістері.

14.Тақырып сұрақтары:

1.Ата – аналар жиналыстарын өткізуге қойылатын талаптар.ата-аналар жиналыстарын өткізудегі кемшіліктер.

2.Ата -аналар жиналыстарын өткізу әдістемесі, түрлері, тақырып таңдау мәселелері.

3. Түрлі тақырыптағы ата аналар жиналыстарын өткізу , саралау.

15.Тақырып сұрақтары:

1. Педагогтің отбасымен жұмыс жүргізу формалары.

2. Ата- аналарға психологиялық кеңес беру.

:
«___» _________ 2012 ж. Хаттама № _____




жүктеу 3,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау