ТағзЫМ
10
Сенбі, 30 желтоқсан 2017 жыл
Әлібек Байжанұлы
Сәтбаев өткен ғасырдың
алпысыншы жылдары
Қызылорда облысының
Қазалы ауданынан
келіп, Оралдағы ауыл
шаруашылығы инсти
тутына оқуға түседі.
Көзкөргендердің айтуын
ша, ол оқуда озат болуы
мен қатар қоғамдық
жұмысқа да белсене ара
ласып, жоғары ұйымдас
тырушылық қасиеттерімен
ерекшеленеді.
Өзінің ақкөңілділігімен, көп-
шілдігімен бірден көзге түсіп, ай-
наласындағыларды баурап ала-
тын ол институттың бірінші кур-
сынан бастап, достарын көркем-
өнерпаздар үйірмесіне тартады.
Өзі де скрипкада шебер ойнап,
көпшіліктің көзайымына айнал-
ды. Педагогтар қауымы мен сту-
денттік орта біраз уақыт «Қызыл-
орданың шалғай ауылында өс-
кен бұл жігіт скрипкада ойнауды
қайдан үйренген?» деп таңқалып,
таңдай қағып жүреді. Спортты
жанындай жақсы көрген Әлібек
Байжанұлы салауатты өмір сал-
тын насихаттап, футболдан, во-
лейболдан жарыстар ұйымдас-
тырып, жігіттерді жігерлендіріп,
әр кез алда болуға жетеледі.
Үзеңгілес достарының айтуын-
ша, ол сол кезеңдегі студенттік
құрылыс отрядтарынан да қалыс
қалмай, отряд командирі болып,
құрылыс басшыларымен, өз жо-
ра-жолдастарымен де ортақ тіл
табыса білген.
Іскерлігімен, шебер ұйымдас-
тырушылық қабілетімен танылған
Әлібек Байжанұлы институтты
тәмамдағаннан кейін облыстық
комсомол комитетінде жауапты
қызметтер атқарады. Сол кезден
бастап Қызылорданың тумасы
болғанымен, Батыс Қазақстан өңі-
рінің төл түлегіндей болып кет-
кен ол өмірінің соңғы сәтіне дейін
бар ғұмырын өңіріміздің эконо-
Жұртқа жасаған
жақсылық көп еді...
Қазыбай БОЗЫМОВ,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор:
– Ең алғаш Әлібек Байжанұлымен «Локомотив» депосында жұмыс жасап
жүріп кездестім. Он жылдан кейін қызмет бабымен тағы жүздестік. 1982 жыл-
дан бастап Әлібек Байжанұлымен отбасымызбен жақсы араласа бастадық.
Ол кісінің өмірге деген көзқарасы мықты еді. Қай жерге де тез бейімделіп,
сол елдің мәдениетін, дәстүрін тез қабылдап алатын. Ағамыз Ақжайықтың
аруымен отау құрды. Аллаға шүкір, қазір ұл-қызынан тараған немере-
жиендері өсіп келеді. Әлақаңның жақсы қасиеті көп еді. Бірнеше музыкалық
аспапта ойнай алатын. Сөйлегенде айналасын ұйытып, шешен сөйлейтін.
Өзі қазақтың дана сөздерін, асыл сөздерді жинап жүретін-ді. Спортты ере-
кше жақсы көрді. Өмірінің соңғы күндеріне дейін волейбол, үстел теннисі-
мен айналысты. Біраз жыл аудан басқарды, облыстық деңгейдегі басшылық
қызметтерді атқарды. Бірақ қарапайымдылығын жоғалтқан жоқ. Ел басқа-
руда да өзінің іскерлігімен, ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығымен
ерекше көзге түсті. Көпшіліктің арасында беделі жоғары болды. Ақжайық
ауданын басқарған жылдары сол ауданда заман талабына сай жаңа мектеп-
лицей салып, жас ұрпақтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысты.
Ағамыз Жайық жұрты, Сыр елінің сырласындай болып кетіп еді. Өзінің
туып-өскен ортасы, кластастарының 20 жылдық, 40 жылдық кездесулерін
ұйымдастыруға да үлгеріп, осындай тағылымды шараларға белсенді атсалы-
сып жүретін. Облыстық мәслихаттың депутаты болған жылдары жер туралы
заң дайындалған кезде жақсы ұсыныстар берді. Ауыл шаруашылығын
дамытуға, соның ішінде өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығын
асылдандыруға көп көңіл бөліп еді. Облыстың экономикасына қатысты
бағдарлама, жоба жасағанда өмірлік тәжірибесін ұтымды пайдалана білетін.
Әлі де берері мол азамат еді. Біз ағамыздың жасаған толайым істерін, оның
қарапайым да жарқын бейнесін әр кез сағынышпен еске аламыз.
Қуанышбай ТӨЛЕБАЕВ,
еңбек ардагері:
– Әлібек Байжанұлы – елдің құрметіне бөленген адам. Ол – рухани
байлықты, бақ пен берекені ортамызға әкелген азаматтың бірі. Кіндік
қаны тамған жері Сыр өңірі болса, өз еңбегімен өркендеп, өскен елі – Ақ
Жайық. Ол Ақ Жайыққа студент кезінен-ақ тез сіңісіп кетті. Осы елдің ұл-
қыздарымен дос-жаран болды. Қай салада да заман талабына сай абырой-
мен еңбек етті. Мен Әлібек Байжанұлының екі қасиетін айрықша атар едім.
Бірінші, іскерлігі, екіншісі, адамгершілігі. Оған қоса, өнерге бір табан жақын
еді. Қазақтың қара өлеңін айтып, дәстүрімізді жаңғыртып жүретін азамат
еді. Өзгелерге үлгі боларлықтай өнегелі өмір сүрді. Аудандарды басқарған
кезінде де кемеңгерліктің үлгісін көрсете білді. Оның ұл-қызы да қазір әке
жолын жалғап, абыройлы еңбек етіп жүр. Егер ол арамызда жер басып
жүрсе, алдағы қаңтар айының екінші жұлдызында 70 жасқа толар еді...
Сағынтай БИСЕНҒАЛИЕВ,
ақын:
– Әлекең Ақжайық ауданын басқарған жылдары нарықтық
экономиканың өтпелі кезең еді. Осындай жоқтан бар жасауға тура
келген тұста Тайпақ ауылындағы әлдеқашан жабылып, иесіз қалған екі
бірдей балабақша ғимаратынан жаңа үлгідегі білім ошағы – мектеп-гим-
назия ашуға ұйытқы болып, жүдеу көңілімізді бір жадыратып тастаған
болатын. Аудан орталығында саябақ ашуға бастама көтеріп, оған бар-
ша тұрғынды жұмылдыруы да көпшілікке үлгі боларлық сауапты іс еді.
Бұрын бос жатқан сол саздақ жер қазір ауылымыздың жасыл желек
көмкерген ең көрікті демалыс орнына айналды. Ол кісі чапаевтықтар
мен тайпақтықтарды бір-бірін жатырқамай «мидай» араласып кетуіне
бар күшін салды. Осы мақсатта ашылған аудандық ұлт аспаптар оркес-
трі қазіргі күнде халықтық атағын алып, ел рухын көтеріп жүр. Әлекең
мен сияқты тракторшы ақынның «Кешігіп келген көктем атты» кіта-
бын шығаруға көмектесіп, шығармашылығымның он жылдығын атап
өтуге қолдау көрсеткенін ерекше атап өткім келеді. Ол кісі ұлт рухын
көтеруге үлес қосты. Абзал ағамыздың аманында алғыс сезімімізді
білдіріп жүргенімізбен, аяқ астынан арамыздан кетіп қалады деп ойла-
мап едік. Ағамыздың жасап кеткен жарқын істерін Жұбан елі әрдайым
сағынышпен еске алады.
микасы мен мәдениетінің өркен-
деуіне арнады. Еңбек жолында
талай асуларды бағындырған
Әлібек Байжанұлының ерен ең-
бегі еленіп, бірталай мемлекет-
тік марапаттарға ие болды. При-
урал (аупарткомның екінші хат-
шысы), Ақжайық (аудан әкімі)
аудандарын басқарып, бірнеше
облыстық басқармалардың бас-
шысы қызметін абыроймен ат-
қарды. Ал кешегі Кеңес одағы та-
рап, елді жұмыссыздық жайлап,
қаржы тапшылығынан еңбекақы,
зейнетақы және өзге де әлеумет-
тік төлемақылар айлап кешікті-
рілген қиын-қыстау жылдары
халық саны жағынан да, жер кө-
лемі жағынан да ірі аудан – Ақжа-
йық ауданын басқару ол кісіге
де оңай болмағаны айдан анық.
Сондай қиын кезеңде де, ол ха-
лықтың жағдайын жасап, жұрт-
шылықтың алғысына бөленген.
Әлібек ағайдың достарының
бірі Самат Оспанов: «Әлекеңнің
жан жары Жаңыл мен ұл-қызына
деген ықылас-ілтипаты ерек-
ше еді. Әлі есімде, қазіргі Орал
педколледжін
аралап,
жас-
тық шағымызды еске алып жүр-
генімізде Әлекең тұра қалып
«Осыдан 40 жыл бұрын анау
баспалдақтың жанынан Жаңыл-
ға бір көргеннен ғашық болып
едім» деп айтқан болатын. Бұл
да көп нәрсені аңғартса керек.
Дос туралы көп айтуға болады,
өйткені, ол айтуға тұрарлық, ел-
жұртқа қадірлі азамат бо-
лып еді. Жаның жәннаттың тө-
рінде, топырағың торқа болсын,
қайран дос!» деп еске алады.
Әлібек Сәтбаев 2013 жылы
«Жиған-терген» атты жинақ кітап
жарыққа шығарады. Осы кітап-
тың кіріспесінде «Біреулер тиын,
біреулер пошта маркаларын, бі-
реулер шырпының қораптарын
немесе футболкалар жинайды.
Әйтеуір әркімнің ынтасы ауған,
тек өзі сүйетін әуестігі болады.
Ең маңыздысы осы әуестік, қо-
ғамға пайдалы дүниеге айналса
қандай ғанибет! Ғұламалардың,
даналардың, көрнекті қоғам қай-
раткерлерінің, әр түрлі халықтың
ұшқыр ойынан туған мақал-мә-
телдерін масақ тергендей жинап,
бастырып, әлеуметке ұсынып
отырмын» деп жазылған. Осының
өзінен-ақ ол кісінің әдебиетке,
халық даналығына ерекше жақын
екенін айқын аңғаруға болады.
Әлібек Байжанұлының мағыналы
сөздерді жинауына 1994-95 жыл-
дары «Егемен Қазақстан» газетін-
де ұдайы жарияланған «Оймақ-
тай ой» атты айдар түрткі бо-
лыпты. Кейіннен ол тойда, қонақ-
тықта естіген асыл сөздерді де
қойын дәптеріне түртіп алып
жүреді. Бірнеше жыл бойы жи-
налған мыңнан астам қазақтың
асыл сөздері топтастырылған кі-
тап туралы өңірімізге танымал
ақын Айтқали Нәріков, әдебиет-
ші Абат Қыдыршаев халықтың
дана сөздерін жинақтап, оқыр-
манға ұсынған авторға ризашы-
лықтарын білдірген. Осы кітапта
Қорқыт бабаның: «Өмір барда
өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір
жоқ, тозбас темір жоқ – бәрі де
өледі, ұмыт болады, тек мәңгі
бақи өлмейтін, ұмытылмайтын
нәрсе – адамның өмірінде істеген
игілікті ісі» деген сөздері марқұм
Әлібек Байжанұлының өзіне ар-
нап айтылғандай екен. Өйткені,
осы мақаланы жазу барысында
сөйлесіп, тілдескен жандардың
бәрі де ол кісі туралы әдемі ес-
теліктер айтып беріп еді.
Ғалым ҚУАН
Аудандық мәдениет, тілдерді
дамыту, дене шынықтыру және
спорт бөлімі мен аудандық «Шұ-
ғыла» қоғамдық-саяси газетінің
редакциясы бірлесе ұйымдас-
тырған шара Ғ. Қараш ескерткіші-
не гүл шоқтарын қою рәсімінен
бастау алды. Аудандық мәдениет
үйінің фойесінде ақынның шы-
Ғұмар Қараш оқулары мәреге жетті
Жәнібек ауданының
орталығында аймақтық
ІІ «Ғұмар Қараш оқулары»
шығармашылық байқауы
өтті.
ғар
машылығынан сыр шер-
тер «Жойылмаса игі еді, артта
қалған ізіміз» атты кітап көр-
месі тамашаланды.
Сахна шымылдығы қойы-
лыммен ашылды. «Ғұмар Қараш
оқуларына» аудан мектептері
мен көршілес Бөкей ордасы,
Қазталов аудандары мектеп-
терінің оқушылары қатысты.
Бірінші бөлімде байқауға қа-
тысушылар ақын өлеңдерін мә-
нерлеп оқыса, екінші бөлімде
ақынға арнауларын оқыды.
Сайыста жалпы саны жиыр-
ма төрт оқушы бақ сынады. Байқау
қорытындысында мәнерлеп оқу
бойынша Е. Ниетқалиев атындағы
ЖББОМ оқушысы Альбина Жас-
қайратова, сондай-ақ ақындық
өнер сыналған екінші бөлім бойын-
ша Қазталов ауданы, Көктерек
ЖББОМ оқушысы Нұрайна Аман-
ғалиева бас жүлдеге ие болды.
Байқау бөлімдері бойынша өзге
де жүлделі орындар мен аталым
иелері анықталып, оларға бағалы
сыйлықтар табыс етілді.
Ә. ҚУАНҒАЛИЕВА,
Жәнібек ауданы