Жұлдыз­жорамал 12 Жаңа жылды жаңа үйде қарсыламақ



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата04.01.2018
өлшемі0,51 Mb.
#6967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚҰТТЫ  БОЛСЫН!

2

Сенбі,  30  желтоқсан  2017 жыл



Бөрлі  ауданының  Березов  және  Бестау  ауылдары­

ның тұрғындарын  көшіру  аяқталды. Барлық  тұрғындар 

тұрғынжаймен  қамтылып,  тиісті  өтемақыларын  алды.  

Олар әлеуметтік  міндеттемені  орындағаны  үшін  мемлекет­

ке риза.

Қ

азір  Березов  ауылын-

да  ескі  үйлерді  бұзу 

жұмыстары  жүруде.  Яғни 

бұрынғы  тұрғындардың  көбі  ке- 

ліп,  өз  үйлерін  бұзып  әкетіп  жа- 

тыр.  Олардың  сөзіне  қарағанда, 

мемлекет  тарапынан  жасалған 

жағдай көңілдерінен шығады. Мә- 

селен,  Петр  Бубейко  өзінің  туыс-

қаны  Николай  Мельниковке  үйін 

бұзуға көмектесуде. Оның айтуын-

ша,  олар  тиісті  төлемақыларын 

алды,  ал  жаңа  қоныс  кең  әрі  жа- 

рық,  заман  талабына  сай  салын-

ған.  Владимир  Кочетков  та  мем-

лекет  тарапынан  жасалған  жағ- 

дайға  дән  риза.  Бұл  отбасыға  Ақ-

сайдан  екі  пәтер  бұйырған  екен. 

Ал  малдарын  шаруа  қожалығына 

сатып  кеткен.  Березов  ауылын-

да  60  жыл  ғұмыр  кешкен  Сайын 

Жылқайдаровқа  кезінде  кеңшар 

үй  салып  берген  еді.  Енді  міне, 

ол  да  үйін  бұзып  алуда.  Жаңа 

қоныстары  березовтықтар  үшін 

Аралталда салынған 50 үйдің бірі-

нен  бұйырды.  Жаңа  үйге  қажет 

инфрақұрылымның  бәрі  жеткі-

зілген, жер телімі бар.

–  Менің  бес  балам  бар.  Қазір 

қолымда  біреуі  тұрады.  Қалған- 

дары  үйлі-баранды.  Жағдайымыз 

жақсы.  Көшіру,  төлемақы  төлеу 

жағы  көңілімізден  шықты.  Жергі-

лікті атқарушы билік көшіруге ар-

найы  көлдік  бөліп,  тиісті  жағдай- 

ды жасады, – дейді Сайын ақсақал.

Айта  кетейік,  қазіргі  таңда  бұл 

ауылда  төлемақы  мөлшерімен  

келіспеген  екі  березовтық  бар, 

кейбір  тұрғындар  өз  талаптарын 

қойған  болатын.  Таяуда  «ҚПО  б.в.» 

компаниясы  Илья  Абаринмен 

бұл  бағытта  келіссөздер  жүргі- 

зіп,  оның  мәселесін  шешті.  Енді 

оның отбасы көшейін  деп  жатыр. 

–  Төлемақыға  қатысты  барлық 

мәселеміз  шешілді.  Бұл  мәселе 

екі жыл бойы талқыланып, бір мә-

мілеге  келдік.  Біз  Оралға  көшуге 

дайындалудамыз.  Мен  өзім  «ҚПО 

б.в.»  компаниясында  жұмыс  жа- 

саймын.  Березовта  соңғы  бес 

жылдан  бері  тұрамын.  Біз  мұнда 

жұмысқа  жақындау  болу  үшін 

Оралдан  көшіп  келдік.  Жеке  шар- 

уашылығымызды  жолға  қойып 

үлгере  қойған  жоқпыз.  Көшу  ба- 

рысындағы  кішігірім  қиындық-

тарға  мойыйтын  кісі  біз  емес.  Қа- 

былданған  шешімге  біз  бек  ра- 

зымыз.  Қазір  қыстың  кезі  болған-

дықтан  негізі,  тезірек  көшіп  ал- 

ған  жөн, – дейді И. Абарин. 

Березов  ауылынан  зейнеткер 

Рая  Меңдіғалиева  да  қоныс  аудар-

ған  болатын.  Бұл  кісі  бұрындары 

коммуналдық  баспанада  тұрған-

ды.  Ол  үй  өртеніп  кеткендіктен 

зейнеткер  аталмыш  баспанадан 

бас  тартып,  бұл  бағыттағы  тиіс- 

ті  құжаттарды  рәсімдеген  бола- 

тын.  Ақсай  қаласынан  зейнеткер 

Р.  Меңдіғалиеваға  да  бір  бөлме- 

лік коммуналдық баспана бөлінді. 

Бөрлі  аудандық  әкімдігінің  мә- 

ліметіне  қарағанда,  енді  алты  ай-

дан  кейін  Р.  Меңдіғалиеваның  бұ-

рын  баспанасы  болғандығы  жө- 

ніндегі бес жыл мерзім бітетіндік-

тен  ол  қазіргі  қонысын  жекеше-

лендіруге құқылы болады. 

Березов  ауылын  көшіруге  Бе-

резов  орта  мектебі  оқушылары-

ның  улануы  да  сеп  болды.  1969 

жылы салынған үшбу мектеп «ҚПО 

б.в.»  қаржысы  есебінен  күрделі 

жөнделген болатын. Бүгіндері бұл 

білім  ошағы  да  көшуге  қамда- 

нуда.  Осы  мектептің  директоры 

Жанар  Жақсығалиеваның  айтуы-

на  қарағанда,  аудан  әкімінің  қау- 

лысы негізінде Березов орта мек-

тебінің  оқушылары  бүгіндері  Об- 

лавка,  Жарсуат  мектептеріне  қо-

са,  Ақсай  қаласындағы  №6  мек-

тепте  де  оқуларын  жалғастыруда. 

Ұл-қызының  қай  мектепте  оқуын 

жалғастыратындығын  ата-аналар-

дың  өздері  таңдаған  көрінеді. 

Сондай-ақ  Аралтал  ЕЖЖ-ға  (ег-

жей-тегжейлі  жоспарлау  жобасы, 

яғни  ПДП)  қоныс  аударған  отба- 

сыларға  қатысты  оқушылар  Пу-

гачев  орта  мектебінде  оқуларын 

көлік  тасымалы  арқылы  жалғас-

тыруда.  Олар  Аралталда  жаңа  бі- 

лім  ошағы  ашылғанша  осылай 

амалдай тұрады. 

–  Аудандық  білім  бөліміне  қа- 

райтын біздің мектептің материал-

дық-техникалық  әлеуеті  керемет. 

Осы  игіліктер  енді  аудан  мектеп-

теріне  бөлініп  берілуде.  Біздің 

білім  ошағының  төрт  қызметкері 

басқа  қызметке  ауысуына  орай 

жұмыспен  қамтылды.  Қалған  мұ-

ғалімдерге заңға сәйкес күн ілгері 

жазбаша  ескерту  берілді.  Бар- 

лық  әріптестеріміз  жұмыс  орын- 

дарын  ауыстыру  үшін  Аралтал-

дағы  мектептің  ашылуын  күтуде. 

35  адамнан  құралған  біздің  пе-

дагогикалық  ұжым  бүгіндері  біз 

мұндағы  жұмысымызды  аяқтай 

келдік,  –  дейді  Березов  орта  мек- 

тебінің  директоры  Жанар  Жақсы-

ғалиева. 

Ақсай  қаласы  әкімінің  орын-

басары,  көшіру  жөніндегі  комис-

сияның  мүшесі  Алтай  Дарисов 

Березов  және  Бестау  ауылдары- 

ның  тұрғындарын  көшірудің  жай-

жапсарын  тілге  тиек  ете  келе, 

қоныс  аударудың  екінші  кезеңі  

негізінен  аяқталғандығын  айтып 

өтті.  Қос  ауылдың  тұрғындары 

Аралтал  ЕЖЖ-ға  және  Ақсай 

қаласында  арнайы  салынған  көп 

пәтерлі екі үйге қоныстанды.

– Березов және Бестау ауылда-

ры  тұрғындарының  қоныс  ауда- 

руы  Үкіметтің  қаулысымен  бекі- 

тілді.  Бұл  үрдіс  екі  кезеңмен  ат-

қарылды.  Алғашқы  кезеңді  біз  

2015  жылы  жүзеге  асырдық.  Ал 

қоныс  аударудың  екінші  кезе-

ңінде  373  отбасы  көшірілді.  Осы 

отбасылардың  100-і  Аралталдағы 

жер  үйлерге,  ал  қалғаны  «Қара- 

шығанақ-1»  ықшамауданындағы 

тоғыз  қабатты  үйлерге  қоныста-

ды.  Бүгінгі  күні  қоныс  аудару 

үдерісі  аяқталды,  барлық  тұрғын- 

ға  өтемақы  төленді.  Қоныс  ауда- 

руға  қатысты  комиссия  құрамын- 

 да  әр  саланың  мамандары,  де-

путаттар,  «ҚПО  б.в.»  компаниясы 

мен  қоғамдық  ұйымның  өкілдері,  

Бөрлі  аудандық  әкімдігінің  қыз- 

Жаңа  жылды 

жаңа  үйде  қарсыламақ

меткерлері,  ұзын  саны  15-тен  ас- 

там  кісі  жұмыс  істеді.  2018  жыл- 

дың  бірінші  қаңтарынан  бастап, 

тұрғындары  қоныс  аударған  қос 

елді  мекеннің  аумағында  тұруға 

болмайды.  Енді  бұл  аумақтар  ҚР 

Экологиялық  кодексіне  сәйкес 

санитарлық-қорғаныс  аймағы  бо- 

лып  саналады,  –  деді  А.  Дари-

сов.  Сөйте  тұра  бұрынғы  Березов 

ауылының  аумағына  кіруге  ты-

йым  салынбайды.  Айтпақшы,  бұл 

маңдағы  қорым  сүрілмейді.  Сол 

себепті  өмірден  өткен  ағайын- 

туыс,  дос-жарандарының  зира- 

тының  басына  келіп,  тағзым  ету-

ге  кім-кімнің  де  мүмкіндігі  бар. 

Ең  басты  талап,    санитарлық-қор-

ғаныс аймағында қоныстанып, тұ-

руға  болмайды. 

–  Біз  тұрғындармен  бекіткен 

келісімге  сәйкес  өтемақы  аудара- 

мыз. Ақсайға да, Аралталға да көш-

кісі  келмегендер,  өздері  қалаған 

елді  мекендерге  қоныс  аударып, 

тиесілі  өтемақыларын  алды.  Кү- 

ні  бүгін  біз  әзірше  келісімге  қол 

жеткізбеген  екі  отбасы  қалды. 

Оларға  қатысты  тиісті  шағым-құ- 

жат  түзілді,  ендігі  мәселе  сот 

арқылы  реттелмек.  Бұл  екі  отба-

сы  көңілге  қонымсыз  талап  қо- 

йып  отыр.  Біз  баспана  бөлу  мен 

өтемақы  төлеуді  белгіленген  есеп- 

қисапқа  сай  жүргіздік.  Өтемақы 

әділет  департаментінің  құрылым-

дарында  талапқа  сай  тіркеліп, 

көрсетілген  жер  теліміне,  жер 

теліміндегі  жеміс  ағаштары  мен 

шаруашылық  нысандарына  төле-

неді,  –  деп  атап  айтты  Алтай  Да-

рисов.   

Галина  САМОЙЛОВА

Суреттерді  түсірген 

Айбатыр  НҰРАШ



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау