Орталықтандырылған сумен қамтылуы
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
АЕМ сумен қамтылуы
|
36,1
|
37,0
|
40,4
|
Ауыл тұрғындарының сумен қамтылуы
|
76,5
|
74,9
|
76,7
|
Қала тұрғындарының сумен қамтылуы
|
100,0
|
92,9
|
93,8
|
Аталмыш салада негізгі проблема су құбыры желісінің тозуы болып табылады. Осыған байланысты қажетті көлемдегі және кепілді сападағы ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сумен қамту жүйелерін жаңадан салуды жалғастыру және қолданыста барын жаңғырту қажет.
Суды бұру
2017 жылы қала тұрғындарының орталықтандырылған суды бұруға қол жетімділігі 89,3%, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 89,3%, Ақсай қаласы бойынша – 100% құрайды.
Кәріздік желілердің ұзындығы 414,2 км, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 362,3 км, Ақсай қаласы бойынша – 51,9 км құрайды. Ауыстыру қажет ететін кәріздік желілер 266 км, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 225 км, Ақсай қаласы бойынша – 41 км құрайды.
Кәріздік желілер 30 жылдан астам пайдалануда және желілердің (67%), кәріздік сорғы стансалардың (75%) жоғарғы тозу деңгейі негізгі проблемасы болып табылады.
Облыста 2 кәріздік тазалау құрылғысы жұмыс істеуде. 2015 жылы кәріздік тазарту желісі арқылы 10251 мың текше метр, 2016 жылы – 10016 мың текше метр, 2017 жылы – 9332,2 мың текше метр ағызылды. 2015 жылы - 13,2 км, 2016 жылы 4,1 км су бұру желілері ауыстырылды.
Жылумен қамту
Орал және Ақсай қалалары орталықтандырылған жылуды пайдалануда. Орал қаласының жылумен қамтуын 561 Гкал/сағ. қуаты бар қалалық ЖЭО және 19 қазандық қамтамасыз етеді, Ақсай қаласын 8 қазандық жылытады. Орталықтандырылған жылумен қамту қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 99,8%, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 99,8%, Ақсай қаласы бойынша - 100% құрайды. 2017 жылы жылумен қамту көздерінің жылу энергиясын өндіру 2015 жылмен салыстырғанда 2,2%-ке өсіп, 3,2 млн. Гкал құрады.
Саланың негізгі проблемасы 52,7% құрайтын желілердің тозуы болып табылады, оның деңгейі өткізіліп жатқан шараларға байланысты төмендеу үрдісі бар.
2015 жылы облыс бойынша 12,1 км жылу желісі, 2016 жылы – 9,4 км, 2017 жылы – 8,9 км ауыстырылды.
2017 жылы магистралдық жылумен қамту желілерінде айыру және апатты жағдайлар орын алмады (2016 жылы – 5 жағдай).
Облыстың ауылдық елді мекендерін газдандыру жалғасуда. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету 2015 жылы 92,0%-тен 2017 жылы 94,0%-ке дейін, ауыл тұрғындарын 83,9%-тен 87,7%-ке дейін ұлғайды.
32- кесте
Табиғи газбен қамтылуы
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
Облыс тұрғындарының газбен қамтылуы, %
|
92
|
93,4
|
94,0
|
Ауыл тұрғындарының газбен қамтылуы, %
|
83,9
|
86,6
|
87,7
|
Облыстың елді мекендерін газдандыруға 2015-2017 жылдары мемлекеттік бюджеттен 7,4 млрд. теңге бағытталды. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚФ өз қаражаты және бюджет қаражаты есебінен 2015 жылы – 3226,5 км, 2016 жылы - 3337,5 км, 2017 жылы 342,2 км газ құбыры салынды. 602,9 мың адамы бар 290 АЕМ табиғи газға қосылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
өз электр энергиясы өндірісімен қамтамасыз етілуі;
электр энергиясын өндіру өнеркәсібі өсімінің артуы;
халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілуінің жоғарғы үлесі;
коммуналдық шаруашылық нысандарындағы апаттардың қысқаруы.
|
электр желілері, жылу, сумен қамту және суды бұру желілерінің тозуының жоғарғы деңгейі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
электр желілері, магистралдық және жылу, сумен қамту және суды бұру желілерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу;
инженерлік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту арқылы халықтың сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.
|
өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылымының тозығы жетуі және толықтай тоқтауы.
|
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың негізгі проблемалық мәселесі болып электр, жылу, сумен қамту және суды бұру желілерінің тозығы жетуі, өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылымының жаңа желілерін салу және қалпына келтіру жұмыстарына инвестициялардың жеткіліксіздігі; өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылым жүйелеріне қызмет көрсету бойынша кәсіпорындардың материалдық-техникалық жабдықтарының жеткіліксіздігі.
Экология және жер ресурстары
Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын жүзеге асыратын мұнай-газ кешені кәсіпорындары, қазандық шаруашылықтар, автокөліктер, элеваторлар ауа бассейнін негізгі ластаушылар болып табылады, облыс бойынша стационарлық көздерден ластану көлемі 2017 жылы 41,5 мың тоннаны құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 2,5%-ке азайды. Ластаушы көздер саны 8,5%-ке артты. 2017 жылы облыстағы кәсіпорындар мен барлық стационарлық ластаушы көздерден шығатын ластаушы заттардың жалпы көлемінен ластаушы заттардың 38,5% ұсталынды және зарарсыздандырылды.
33- кесте
Атмосфераға зиянды ластаушы заттардың шығарылуы көлемінің өзгеру серпіні
|
|
Өлшем бірлігі
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 ж. 2015 ж. %-пен
|
Ластаушы заттарды шығаратын стационарлы көздер саны
|
бірлік
|
11 415
|
11 768
|
12 387
|
108,5
|
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
|
мың тонна
|
42,4
|
42,5
|
41,5
|
97,9
|
соның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындар бойынша
|
мың тонна
|
23,0
|
27,1
|
27,7
|
120,4
|
Ұсталынды және зарарсыздандырылды
|
мың тонна
|
58,7
|
79,3
|
46,9
|
79,9
|
Су ресурстарының ластануы, ағынды су қалдықтарының көлемі. Облыста ізінше жергілікті жер бедеріне жеткізетін ағынды суды тазалайтын қондырғылары, жинағыш және фильтр алаңы бар кәсіпорындар жұмыс істейді: КПО б.в., «Батыс Су Арнасы» ЖШС, «Ақсайжылуқуат» МКК, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Конденсат» ААҚ, Орал мұнай құбырлары басқармасы.
Жайық өзеніне жіберілетін 2 шартты-таза су: “Батыс Су Арнасы” ЖШС ауыз су дайындайтын станциясынан, №2 ПР – 10/35 турбинасының салқындататын жүйесінен Орал ЖЭО болып отыр.
Үш ағынды суды жинағыш, соның ішінде 2 - Орал қаласының ағынды суларын және 1 -Ақсай қаласының ағынды суын жинақтайтын орын бар.
Орал қаласының (шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік) ағынды сулары канализациялық тазалау қондырғыларында механикалық тазаланудан, қолдан жасалған тоғандарда табиғи биологиялық тазаланудан өтеді және №2 жинақтаушыға құйылады.
2017 жылы облыс бойынша өнеркәсіп төгінділері көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 7,3%-ке көбейді («Батыс Су Арнасы» ЖШС, КПО б.в., «Ақсайжылуқуат» МКК). Шығарушы ұңғымалардың жоғары сулануына байланысты ілеспе-пласт ағынды сулары көлемінің ұлғаюы есебінен «КПО б.в» тазартылған ағынды сулар төгінділері көлемінің 26%-ке өскені байқалады.
Шығарындылары бар барлық кәсіпорындармен шекті жол берілетін сұраныс нормативтерінің жобасы дайындалды, ағынды сулардың төгінділері белгіленген лимиттерге сәйкес жүргізіледі. Ағынды сулардың негізгі көлемі Орал және Ақсай қалаларында қалыптасады.
Радиациялық жағдай. Бүгінгі күнге облыс бойынша радиациялық жағдай тұрақты, облыс аудандарындағы гамма-фон сағатына 0,01-0,19 мкр/сағ құрайды. Облыста 13 кәсіпорын 73,940 ГБк жиынтық белсенділікті 116 сәулені иондайтын көздерді өз жұмыстарында қолданады. Облыс бойынша сәулені иондайтын және радиоактивті ластаушы иесіз қалған көздер табылған жоқ, уранды кен орындары жоқ.
Жер ресурстарының қалдықтармен ластануы. Облыстың қатты тұрмыстық қалдықтары полигондар мен жинағыштарға, сондай-ақ ұйымдастырылған ауыл қоқыстары үйінділеріне шығарылады.
Облыс аумағында екі ҚТҚ полигоны жұмыс істейді: Орал және Ақсай қалаларында. Сонымен қатар, облыста 318 әртүрлі елді мекеннің қоқыс немесе қалдықтарды орналастыратын орындар бар. Олардың бір бөлігінде (247) жерге орналастыру құжаттары бар, қалғанында (71) белгіленген тәртіпте рәсімделген жерге орналастыру құжаттары жоқ.
Жергілікті кәсіпорындардың экономикалық ынталылығы мен техникалық деңгейінің төмен болуы және қажетті жабдықтардың болмауы салдарынан, облыста пайда болатын ҚТҚ-ның 1,7% (2017 жылғы мәлімет бойынша) өңделіп, қайта пайдаланылады.
Жаңа ҚТҚ полигондары құрылысына ТЭН, ЖСҚ жасалынды.
Қалдықтарды жинау және өңдеудің, сондай-ақ энергияны сақтау және экологиялық таза технологиялардың өсу қарқыны орын алып отыр.
Облыста жеке кәсіптегі 14 кәсіпорын жұмыстануда («Талап» АҚ, «Антей» ЖШС, «Тұранпромресурс» ЖШС, ЖК «Губер», ЖК «Глухова», ЖК «Куксова», ЖК «Борисова», «ГаммаРеал» ЖШС, «Арктур» ЖШС, ЖК «ВТС-Уральск», ЖК «Үсенов», «Мега-Жазира» ЖШС). Қызмет түрі: макулатура, картон және өзге де қағаз қалдықтар түрлерін қабылдау, полиэтилен қалдықтарын, автокөліктің пайдаланған майларын және сұйықтарын, ауа сүзгілерін, жағармай сүзгілерін, резиналарды (автошиналар), аккумуляторлар, сынапқұрамды шамдар мен құрылғыларды жинау. Шикізат Ресей Федерациясының шекаралас аудандарына өткізіледі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018-2022 жылдарға арналған шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және өңдеу бойынша іс-шаралар кешені бекітілді.
Сонымен қатар, 2020 жылға дейінгі тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді енгізу бойынша төрт Жол картасы бекітілді (Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандары және Орал қаласы).
2015-2017 жылдары табиғатты қорғау шараларына облыстық бюджеттен 492,8 млн. теңге бағытталды (2015 ж. – 128,5 млн. теңге, 2016 ж. - 178,0 млн. теңге, 2017 ж. – 186,3 млн. теңге).
Облыстық бюджет қаражаты есебінен Көшім өзенінің жағалауын тереңдету бойынша жұмыстар жүргізілуде (251,9 млн. теңге).
Орман шаруашылығы
Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 216,8 мың га құрайды (01.01.2016 ж.– 216,7 мың.га, 01.01.2017 ж.– 216,8 мың.га).
Өткізілген орман орналастыру жұмыстары нәтижесінде мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 216851 га құрады, оның ішінде орманмен қамтылған ауданы - 89510 га. 2017 жылы мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы өзгермеген, мемлекеттік орман қоры аумағында орын алған орман өрттерінің нәтижесінде орманмен жабылған алқаптың ауданы 92 га кеміді және 2018 жылдың 1 қаңтарына 89418 га құрады (мемлекеттік орман қорының орман алқабынан 41%).
Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемін молайту мақсатында 2017 жылы ағаш егу жұмыстары мемлекеттік орман қоры аумағында 250 га аумақта, жол жиектерінде орман жолақтарын құру 100 га, ағаш егу арқылы құм тоқтату жұмысы 150 га аумақта жүргізілді. Мемлекеттік орман қорында біржылдық орман екпелердің жерсінуі 47,6% құрайды. Елді мекендерді көгалдандыру мақсатында және орманды қайта қалпына келтіру шараларына 3377 мың дана ағаш көшеттері мен орман егілімдері өсірілді.
Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын нығайтылуда. 2015-2017 жылдар аралығында 1 өрт сөндіру машинасы, 8МТЗ тракторы, 12 УАЗ автокөлігі, 1 ВАЗ автокөлігі, 2 ГАЗ жүк автокөлігі алынды.
Екпелердің жоспарлы жерсінуіне қол жеткізу мақсатында топырақ дайындау шараларының сапасын арттыру бойынша, өсіріліп отырған ағаштардың түрлерін көбейту, жергілікті жерлерге бейімделген ағаш түрлерін өсіру шаралары атқарылуда.
2017 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 557,5 га құрайтын 17 орман өртіне жол берілді, оның ішінде орманмен қамтылғаны - 405,7 га (2016 ж. – 3,6 га аумақта 2 өрт оқиғасы болды).
Орманды өрттен қорғау мақсатында ұзындығы 2000 км минералды орман жолақтарын орналастыру және 7300 км қашықтыққа күту жұмыстары жүргізілді. Орман орам соқпақтарын кесу, тазалау жұмыстары 97 км және өрт қауіпіздігіне арналған және орман шаруашылығы жолдарын жөндеу жұмыстары 70 км қашықтықта жүргізілді.
Орман өртін алдын алу мақсатында 3 өрт бақылау мұнараларын орнату жүргізілуде.
Экология бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен табиғатты қорғау шараларын сақтау;
жыл сайын тазалау құрылымдарын кеңінен қолдану арқылы тұрақты көздерден шығарындыларды азайту;
орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерін өрт сөндіру құралдарымен және техникаларымен жабдықтау.
|
табиғи-климаттық шарттар – ыстық, құрғақшылық орман өрттеріне әкеледі;
облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамту мәселесі бойынша Ресей Федерациясына тәуелділігі;
облыста жинақталған тұрмыстық қалдықтар көлемінің өсуі;
көптеген полигондардың және ауылдық ҚТҚ орындарының санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес болмауы;
орман шаруашылығы саласында мамандардың жетіспеуі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
өңірдің ірі кәсіпорындарымен ресурс үнемдегіш және экологиялық таза технологияларды пайдалануы;
қайталама өңдеуді және қалдықтарды өңдеуді енгізу, ҚТҚ өңдеу бойынша салаға бизнесті тарту;
орман өрттерін болдырмау үшін бақылауды күшейту, уақытылы сөндіру мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің әуеден бақылау жүйесіне енгізу;
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарын орман шаруашылығы жұмыстарына тарту.
|
экологиялық жағдайдың күрт төмендеуі, өзеннің түбін құм басуы, жағасының шайылуы, жағалаудағы өсімдіктердің деградацияға ұшырауы және биологиялық алуан түрліліктің азаюы;
орман өрттері салдарынан орманмен қамтылған алқаптың қысқаруы;
орман шаруашылығы саласында еңбекақының төмен болуы, білікті мамандардың жұмыстан шығып кетуі.
|
Маңызды экологиялық мәселелер:
Жайық, Деркөл, Шаған өзендерінің және Шалқар көлінің экожүйесін сақтау, облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамту нысандарын қайта құру және қалпына келтіру;
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, өңдеу және залалсыздандыру, жер ресурстарының ластануының алдын алу, ресурс үнемдегіш технологияларды енгізу;
Орал қаласында кәріздік тазалау құрылғыларын қайта құру, ағынды суларды тазалау тиімділігін арттыру.
Орман шаруашылығындағы мәселелер:
ауа райы жағдайына (құрғақшылық және ауаның жоғары температурасы, сонымен қатар облыс өзендеріне жайылма кезеңнен қорек келмеуі) байланысты орман өсімдіктерінің төмен өсімі (65%); орман өрті, оның себепшісі адамның іс-әрекеті және табиғи фактор болып келеді.
Жер ресурстары
Облыстың жалпы жер аумағы 15133,9 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6607 мың га (жалпы жер алаңынан 43,7%), елді мекендердің жерлері – 2323,6 мың га (15,3%), өнеркәсіп, көлік және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер – 40,1 мың га (0,3%), орман қорының жерлері – 216,7 мың га (1,4%), су қорының жерлері – 76,0 мың га (0,5%), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 12,4 мың га (0,1%), қосалқы жер – 4394,2 мың га (29%), Ресей Федерациясының қорғаныс қажеттілігі үшін жалға берілген жер 1463,7 мың га (9,7%).
Ауыл шаруашылығы алқаптары 12774,8 мың га құрайды, оның ішінде егістік – 588,9 мың га, шабындық – 1022,1 мың га, жайылым – 10173,5 мың га.
Жалпы жер алқабының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6607 мың га құрайды, бұл жаңа шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қосымша жерлерді беру есебінен 2015 жылмен салыстырғанда 14,8%-ке ұлғайды. Шаруа қожалықтарына 5448,2 мың га жер берілген, бұл 2015 жылғы деңгейден 583,5 мың га көп.
2017 жылы орман қорының аумағы 216,9 мың га құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 0,9 мың га артты, бұл орман шаруашылық орналастыру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде елді мекен жерлерінен 0,1 мың га, босалқы жер қорынан 0,8 мың га жерлерін беру есебінен.
Босалқы жер қоры 4394,2 мың га құрады, жерлерді басқа санаттарға ауыстыру есебінен 2015 жылмен салыстырғанда 853,9 мың га азайды.
Елді мекен жерлері 2323,6 мың га құрады.
Облыс бойынша 2012 жылдан бастап жоспарлы түрде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау және мемлекеттік меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп келеді.
Аталған кезең бойынша 1375,6 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталып, оларға келесі шаралар қабылданды:
1. 940,5 мың га немесе 68,4% мемлекет меншігіне қайтарылды, оның ішінен 496,8 мың га немесе 52,8% ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді;
2. жегілікті атқарушы органдардың жүргізілген жұмыстары нәтижесінде 326,2 мың га (23,7% пайдаланылмаған жерлер) жер учаскелерінің иелері жерлерін пайдалануға кірісті;
3. 108 мың га (7,9%) жер учаскелерінің иелеріне тиісті әкімшілік шара қолдануда;
4. Иесіз мүлік есебіне 0,9 мың га жер учаскелері тіркелді.
34 – кесте
Пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне
қайтару және түгендеу
мың га
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
Пайдаланылмайтын жерлердің анықталған алаңы
|
346,0
|
206,1
|
137,3
|
олардың ішінде мемлекет меншігіне қайтарылғаны
|
286,7
|
133,2
|
52,5
|
оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына тартылғаны
|
152,2
|
38,7
|
21,6
|
Жер ресурстары бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
жергілікті атқарушы органдармен ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жыл сайын жер беру;
ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер алаңын ұлғайту.
|
жерді пайдаланудың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;
ауыл шаруашылығы жерлерін ауыспалы егіс және жайылым айналымдарын қолданбай пайдалану.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
өсімдік шаруашылығын және мал шаруашылығын дамыту;
ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту;
жерлерді пайдаланудың сапасын жақсарту.
|
пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарудың ұзақ мерзімді рәсімделуіне байланысты мемлекетке уақытылы қайтармау;
жер пайдаланушылардың жерді ұтымсыз пайдалануынан топырағы тозған жерлер алаңының өсуі;
суармалы жерлердің азаюы.
|
Жайылымдардың әлсіз суландырылуы, аймақтың суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етудің төмен мүмкіндігі, агроқұрылымдарда ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларының болмауы, пайдаланылмаған жерлерді қайтару және әрі қарай олардың ауылшаруашылық айналымына тартудың ұзақ рәсімделуі осы саланың негізгі мәселелері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |