Таң ауылдық округінің әкімі Ә. Байнахатовтың 2017 жылы атқарылған жұмыстарының есебі



жүктеу 56,5 Kb.
Дата01.01.2020
өлшемі56,5 Kb.
#25786

Таң ауылдық округінің әкімі Ә.Байнахатовтың

2017 жылы атқарылған жұмыстарының есебі
Таң ауылдық округінде 235 отбасы, онда 1227 жан тұрады. 1227 жанның 682-сі, яғни 56 пайызы экономикалық белсенді халық. №118 орта мектебінде 87, ауылдық дәрігерлік емханада 19, Жаңақоныс елді мекеніндегі фельдшерлік бекетте 4, ветеринариялық пунктте 4, ауылдық мәдениет уйінде 12, ауылдық әкімі аппаратында 12, ауыл шаруашылық құрылымдарында 169, кәсіпкерлер 29, ауылдан тыс жерлерде жұмыс жасайтындар 71 адам болып отыр.

Халық негізінен ауыл шаруашылығы, соның ішінде егін егу және мал шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде күріш дақылын өсіруге басымдық берілген. Ауыл округінде 1 орта мектеп, 1 бөбекжай, мектеп жанындағы шағын орталық, 1 дәрігерлік емхана, 1 фельдшерлік бекет, мәдениет Үйі, кітапхана, пошта, АТС қалыпты жұмыс атқарып халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Ауыл бойынша 3 заңды тұлға, 19 шаруа қожалығы, 52 жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. 2017 жылы 78 азамат жұмыс іздеуші ретінде жұымыссыздыққа тіркеліп, олардың 67-і тұрақты жұмыспен қамтылса, 3-уі жастар практикасына, 7-уі ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 1 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркеуде. Ауыл округі бойынша бюджеттен төленетін әлеуметтік төлем алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайған.

Ауыл шаруашылығы саласы

Шаруашылықтар тарапынан 2017 жылы 2558 гектар күріш егіп, гектарына 59,5 центнер өнім алды. Сонымен қатар, 873 гектар ескі жоңышқа, 228 гектар жаңа жоңышқа, 41 гектар картоп, 80 гектар жаздық бидай егіліп жиналды.

Есепті мерзімде мүйізді ірі қара 1748 бас, жылқы 759 бас, уақ мал 1857 бас, түйе 36 бас және 887 құс тіркеліп есепке алынған.

Білім саласы бойынша

2017-2018 оқу жылында №118 орта мектепте 1-11 сыныптарда 255 оқушы, мектеп алды даярлық тобында 31 бала оқып, тәрбиеленуде. Балалардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына 53 мұғалім еңбек етеді. Мұғалімдердің жоғары санаттысы- 1, бірінші санатты – 19, екінші санатты–21. Міндетті оқу қоры есебінен 57 оқушы және жеке кәсіпкер тарапынан 3 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.

Сонымен қатар міндетті оқу қоры есебінен жазғы тынығу лагерлерінде - 24 бала демалып, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға 23 оқушы барып қайтты. 2017 жылы 9 мектеп бітірушінің 5-еуі ҰБТ-ге қатысып, 4 -уі мемлекеттік грант иегері атанды.

Денсаулық саласы

Күндізгі стационарда 60 адам жатып ем алған. Туылған балалар саны 29, 2015 жылмен салыстырғанда 7 балаға көбейген. Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында флюрографиялық тексеруден 720 адам өткен. Диспансерлік есепте 373 адам тұрады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ересектерге - 445866 теңгенің, балаларға 135829 теңгенің көлемінде тегін дәрі дәрмекпен қамтылды.



Мәдениет саласы бойынша

Ауылдық мәдениет Үйінде штаттық кестеге сай мамандары жеткілікті. Мәдениет Үйінде 5 үйірме жұмыс істейді, 47 мүшесі бар. 2017 жылы жоспарлы түрде 41 мәдени – шара өткізіліп, оған 6278 көрермен қатысты. 2017 жылы ақылы қызметтің жоспары 200,0 теңге 100 пайызға орындалды.



Салық салу базасы бойынша

2017 жылға салық түсімдеріне сәйкес жер, мүлік, көлік салықтары және тағы да басқа түсімдер есебінен жоспар1 404,0 мың теңге болса, ол 1675503 теңге болып, 119 пайызға артығымен орындалды.

Көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық

жұмыстарының жүргізілуі.

Көктемгі, күзгі жүргізілген көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазарту жұмыстары нәтижесінде ауыл орталығындағы 13 көше бойы, аяқсу арықтары тазартылып, 215 м3 қоқыстар тиісті орынға шығарылды. Ауылдың шығыс бетінен батыс бөлігіне қарай 2,1 шақырым аяқ су жолы қайта қазылды. Жарықтандыру орнатылған 5 көшедегі 54 жарық көзінің толық жанып тұруы қамтамасыз етілді. Ауылдық округінде Таң ауылының орталық алаңын абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 50,0 млн теңге бөлініп, 38,3 млн теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді.



«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға бағдарламасы» бойынша

Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға бағдарламасы аясында 11 жоба ұсынылған. Олардың 7-уі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 14,5 млн теңге көлемінде шағын несие алып, кәсібін жүргізуде. Осы жобалар ішінде Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында «Таң бөбегі» атты бөбекжайы пайдалануға беріліп 22 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, күріш ақтау цехы, құс асырау фермасы, мал сою пункттерінің құрылысын жүргізу үшін жер телімдері табысталған. 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. 2017 жылдың наурыз айынан бастап 12 жеке тұлға, 1 заңды тұлға кәсіпкер болып тіркелді.



«Құлан» бағдарлама аясында «Жарқынай» шаруа қожалығы 10 млн теңге несие алып, 1 бас асыл тұқымды айғыр және 24 бас жергілікті аналық жылқы малдарын сатып алып, жұмыс жасауда.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Доспанов К» жеке кәсіпкерлігі өз қаражаты есебінен 197 бас уақ мал алып, шаруашылығын жүргізіп жатыр.

Саяси ахуал

Ауылда діни ахуал тұрақты. Ауылымызда діни қызмет көрсететін «Әбжали» мешіті 1920 жылы халықтық асар күшімен құрылысы басталып, 1924 жылы пайдалануға берілген. Мешіт имамы-Жарасбаев Рүстем жоғары діни білімді, мамандығы имам хатиб. Имамға «Таң ЛТД» ЖШС арқылы айына 35 000 теңге көлемінде жалақы төленіп отыр.

Спорт саласы

Спортпен айналысушылар саны жылма-жыл көбеюде. 2017 жылы 180 адам түрлі спорттық үйірмелерге тартылып, ауылдық, аудандық спорт сайыстарына қатысып, қол күресінен, шахмат, дойбы, волейбол, футбол ойындарынан жүлделі орындар иелініп жүр.

Бокс үйірмесіне 40 бала тартылған, қазіргі таңда бокс үйірмесіне қатысып жүрген жасөспірімдер Республикалық турнирлердің жеңімпазы атанып облысымыздың намысын қорғап жүр. Сондай ақ, «Таң ЛТД» ЖШС-мен мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында 2018 жылы жаңадан спорт ғимараты құрылысы салынып пайдалануға берілетін болады.

Ауыз су мәселесі

Таң ауылдық округінде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуде проблемалық мәселелер жоқ. Ауыл тұрғындарына 24 сағат ауыз су берілуде.



2017 жылғы есеп беру кездесу кезінде ауыл тұрғындары

тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер туралы.

- «Жаңақоныс» елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету:

Орындалуы:

«Жаңақоныс» елді мекеніне ауыз су жүргізуге аудандық бюджеттен жоба сметалық құжаттарына 8,0 млн теңге қаражы бөлініп, 2018 жылы құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.



  • Ауылдағы электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы:

Орындалуы:

- Ауылдың А.Мықтыбаев көшесінің бойындағы 10 электр бағаналары ауыстырылып, 500 метр шамасында әуе сымдары жаңартылды. Қосымша алдағы уақытта ауылдың ішіндегі электр желілері кезең-кезеңімен жаңартылатын болады.


2018 жылы атқарылатын жұмыстар жоспары.

1. «Таң ЛТД» ЖШС жанынан күріш ақтайтын зауытты іске қосу.

2. Ауыл округінде абаттандыру жұмыстарын жалғастыру.

3. Жылыжай құрылысын салу.



4. «Мал сою» цехын ашу.

5. Орынбай жырау және Ш.Уәлиханов көшелерін жарықтандыру.
жүктеу 56,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау